"Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын әзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру және мониторингтеу қағидалары;
2) елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларының үлгілік нысаны бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 11 қарашадағы № 958 қаулысымен бекітілген |
Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын әзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру және мониторингтеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын әзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру және мониторингтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын әзірлеу, келісу, бекіту, іске асыру және мониторингтеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ірі тапсырыс берушілер – кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды өндіру құқығына ие жер қойнауын пайдаланушылар; квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері; қуаты аз табиғи монополия субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері; жүйе түзуші кәсіпорындар;
2) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өнеркәсіп саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіру мен өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
3. Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын (бұдан әрі – бағдарламалар) ірі тапсырыс берушілер өздерінің сатып алуындағы елішілік құндылық үлесін арттыру мақсатында үш жыл мерзімге әзірлейді.
2-тарау. Бағдарламаларды әзірлеу тәртібі
4. Бағдарламалар мынадай бағыттарды көздейді:
1) тауарларды сатып алудағы елішілік құндылық үлесін арттыру;
2) өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау, жасасу және орындау;
3) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін дамыту;
4) өзге бағыттар.
5. Бағдарламалардың әрбір бағыты бойынша ірі тапсырыс берушілердің нақты іс-қимылын, сондай-ақ осындай субъектілерге қатысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалатын жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын және нақты нысаналы көрсеткіштері бар өзге де іс-шараларды қамтитын іс-шаралар жоспарлары көзделеді.
6. Бағдарламаларды ірі тапсырыс берушілер:
1) соңғы үш жыл ішінде тауарларды сатып алудағы елішілік құндылықтың нақты үлесі бойынша көрсеткіштер (егер қызметті жүзеге асыру мерзімі кемінде үш жылды құраса, қызметті жүзеге асырудың барлық кезеңі үшін нақты көрсеткіштер ұсынылады);
тауарларды сатып алудағы елішілік құндылық үлесі бойынша нысаналы көрсеткіштерді белгілеу үшін жоспарланған сатып алуларға талдау жүргізу жолымен бағдарлама мерзімі кезеңінде елішілік құндылық үлесінің жоспарлы көрсеткіштері;
2) ірі тапсырыс берушілердің сұранысына және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының өндіріс көлеміне:
кепілдендірілген сатып алу шарттары бойынша нысаналы индикаторларды белгілеу үшін – шығарылатын өнімді жеткізу;
офтейк-келісімшарттар бойынша нысаналы индикаторларды белгілеу үшін – өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының өндірісті кеңейтуі және/немесе жаңаларын құруы;
келісімшарттық сатып алу шарттары бойынша нысаналы индикаторларды белгілеу үшін – офсеттік саясат қағидаттарында тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізу мүмкіндігі тұрғысынан жүргізілген талдау негізінде әзірлейді.
7. Нысаналы индикаторлар:
1) сатып алынатын тауарлардағы елішілік құндылық үлесі (бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылар үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар мен лицензиялар бөлінісінде сатып алынатын тауарлардағы елішілік құндылық үлесі бойынша нысаналы индикаторлар жеке белгіленеді);
2) өнеркәсіпті сандық және ақшалай көріністе дамытуға бағытталған, жасалатын және орындалған шарттардың саны бойынша белгіленеді.
Нысаналы индикаторларды белгілеу кезінде бағдарламалар бекітілгенге дейін жасалған өнеркәсіпті дамытуға бағытталған, қолданыстағы шарттар ескеріледі.
8. Бағдарламалар Заңның 8-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес бекітілетін үлгілік нысан бойынша әзірленеді.
9. Бағдарламаларға ірі тапсырыс берушінің немесе тиісті мемлекеттік органның бастамасы бойынша елішілік құндылықты дамыту жөніндегі өзге де бағыттар енгізілуі мүмкін.
3-тарау. Бағдарламаларды келісу және бекіту тәртібі
10. Ірі тапсырыс берушілер әзірлеген бағдарламалар уәкілетті органға келісуге жіберіледі.
11. Қуаты аз табиғи монополия субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерінің бағдарламалары табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның жазбаша келісімін алғаннан кейін уәкілетті органға келісуге енгізіледі.
12. Табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган және уәкілетті орган бағдарламаларды нысаналы индикаторлардың негізділігі мен өзектілігі, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі іс-шаралардың болуы тұрғысынан қарайды.
13. Табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бағдарламаларды олар келісуге келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде келіседі.
Уәкілетті орган бағдарламаны келісуді ол келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Бағдарламаларды тиісті мемлекеттік органдармен келісу белгіленген мерзім шегінде міндетті түрде жүзеге асырылады.
14. Мыналар:
1) тауарларды сатып алудағы елішілік құндылық үлесі бойынша төмендетілген нысаналы индикаторлар;
2) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өтінімдер санын негізге алғанда өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау, жасасу жөніндегі сәйкес келмейтін индикаторлар;
3) шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі іс-шаралардың болмауы тиісті мемлекеттік органдардың бағдарламаларды келісуден бас тартуы үшін негіз болып табылады.
15. Бағдарламаларды келісуден бас тартылған жағдайда ірі тапсырыс беруші бас тартуды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бағдарламаларды пысықтайды және олар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде пысықталған бағдарламаларды қарайтын тиісті мемлекеттік органдарға оларды келісуге қайта ұсынады.
16. Осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген бағдарламаларды келісуден бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда тиісті мемлекеттік органдар ірі тапсырыс берушіге бағдарламаларды келісу туралы хабарлама жібереді.
17. Бағдарламаларды ірі тапсырыс берушілер бағдарламаларды іске асыру жоспарланған кезеңнің алдындағы 1 желтоқсанға дейін бекітеді.
18. Бағдарламаға:
1) тиісті мемлекеттік органмен келісу бойынша ірі тапсырыс берушінің;
2) ірі тапсырыс берушімен келісу бойынша тиісті мемлекеттік органның бастамасы бойынша 1 мамырға дейін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуі мүмкін.
4-тарау. Бағдарламаларды іске асыру және мониторингтеу
19. Ірі тапсырыс берушінің бағдарламаларда көзделген нысаналы индикаторларға қол жеткізу процесі іске асыру болып табылады.
20. Бағдарламалардың мониторингі бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты жинау, жүйелеу, талдау және қорыту болып табылады.
21. Бағдарламалардың мониторингін уәкілетті орган осы Қағидалардың 23-тармағына сәйкес ірі тапсырыс берушілер ұсынатын есептер негізінде жыл сайын 15 наурызға дейін жүргізеді.
22. Бағдарламаларды мониторингтеу:
1) бағдарламаларды іске асырудың ағымдағы жай-күйі туралы ақпаратты жыл сайын алуды;
2) бағдарламалардың нысаналы көрсеткіштерін уақтылы өзектілендіруді қамтамасыз етеді.
23. Ірі тапсырыс берушілер бағдарламалардың іске асырылуы туралы есепті уәкілетті органға мынадай тәртіппен ұсынады:
1) осы Қағидалардың 7-тармағының 1) тармақшасы бойынша:
жер қойнауын пайдаланушылар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 374 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17063 болып тіркелген) Жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсыну қағидаларына сәйкес нысан бойынша;
квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері, жүйе түзуші кәсіпорындар және қуаты аз табиғи монополия субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі орынбасарының – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 25 қазандағы № 331 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8923 болып тіркелген) ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту жөніндегі ақпаратты беру нысандары бойынша есептер;
2) осы Қағидалардың 7-тармағының 2) тармақшасы бойынша:
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 8 маусымдағы № 325 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28451 тіркелген) Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау және жасасу қағидаларында көзделген өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттардың орындалу барысы туралы есепке сәйкес нысан бойынша;
3) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін нысанға сәйкес және растайтын құжаттармен (өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттардың электрондық көшірмелері, электрондық шот-фактуралар, тауарларды қабылдау-беру актілері) қоса нысаналы индикаторлар мен іс-шаралардың нақты орындалуы туралы есеп.
24. Бағдарлама шеңберіндегі міндеттемелерді орындалды деп тану бағдарламаларда көзделген нысаналы индикаторларға қол жеткізілген кезде жүзеге асырылады.
25. Кепілді сатып алу шарттарын, офтейк-келісімшарттарды және (немесе) келісімшарттық сатып алу шарттарын жасасуды және олар бойынша міндеттемелерді орындауды қоса алғанда, бағдарламаларда көзделген іс-шаралардың орындалуын растау бағдарламаны орындалды деп танудың міндетті шарты болып табылады.
26. Бағдарламалардың орындалу фактісін уәкілетті орган бағдарламалардың жыл сайынғы мониторингінің қорытындылары бойынша осы Қағидалардың 23-тармағына сәйкес ұсынылған, бағдарламаларда көзделген барлық іс-шаралардың орындалуы және қол жеткізілген көрсеткіштер туралы мәліметтерді қамтитын есептердің негізінде растайды.
27. Осы Қағидалардың 23-тармағында белгіленген тәртіппен есеп уақтылы ұсынылмаса және (немесе) мүлдем ұсынылмаса, бағдарлама орындамады деп саналады.
28. Бағдарламалар орындамалған жағдайда мұндай орындамауға ірі тапсырыс беруші кінәлі болмаған жағдайларды қоспағанда, ірі тапсырыс берушіге Заңның 61-1-бабында көзделген шаралар қолданылады.
Бағдарламаның орындалмауына ірі тапсырыс беруші кінәлі болмаса және ол еңсерілмейтін күш мән-жайларының, яғни төтенше және осы жағдайларда тойтаруға болмайтын мән-жайлардың (дүлей құбылыстар, ұрыс қимылдары, төтенше жағдай) салдарынан орындалмаған болса, осындай жағдайларға байланысты орындалмаған бағдарлама шеңберінде міндеттемелер орындалды деп саналады.
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 11 қарашадағы № 958 қаулысымен бекітілген |
Елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларының үлгілік нысаны
1. Ағымдағы жағдай
1. Ірі тапсырыс берушілердің сатып алынатын тауарлардағы елішілік құндылық көрсеткіштерінің ағымдағы жағдайын сипаттау, оның ішінде 1-кестеге сәйкес.
1-кесте
№ | Көрсеткіш | Соңғы 3 жылдағы нақты көрсеткіштер | |||||
______ жыл | ______ жыл | _____ жыл | |||||
мың теңге | ЕІҚ үлесі, % | мың теңге | ЕІҚ үлесі, % | мың теңге | ЕІҚ үлесі, % | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 | ТЖҚ сатып алудың жалпы көлемі, оның ішінде: | ||||||
1.1 | тауарлар | ||||||
1.2 | жұмыстар | ||||||
1.3 | көрсетілетін қызметтер | ||||||
2. Елішілік құндылық үлесін арттырудағы проблемалық мәселелерді сипаттау.
2. Іс-шаралар жоспары
Тауарларды сатып алудағы елішілік құндылық үлесін арттыру бойынша
2-кесте
№ | Іс-шараның атауы | Іске асыру мерзімі | Өлшем бірлігі | Нысаналы көрсеткіштер | Ескертпе | ||
______ жыл | ______ жыл | ______ жыл | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Тауарларды сатып алудағы елішілік құндылық үлесін арттыру (%) | |||||||
Қазақстандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алудың жалпы көлемін ұлғайту (млн теңге) | |||||||
1.1 | 1-ші іс-шара | ||||||
1.2 | 2-ші іс-шара | ||||||
… | ... іс-шара | ||||||
2. Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау, жасасу бойынша
3-кесте
№ | Іс-шараның атауы | Іске асыру мерзімдері | Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттар жасасу жөніндегі нысаналы көрсеткіштер | Ескертпе | |||||
_____жыл | _____жыл | _____жыл | |||||||
саны | млн теңге | саны | млн теңге | саны | млн теңге | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Кепілдендірілген сатып алу шарттары | |||||||||
1.1 | 1-ші іс-шара | ||||||||
1.2 | 2-ші іс-шара | ||||||||
… | ... іс-шара | ||||||||
Офтейк-келісімшарттар | |||||||||
2.1 | 1-ші іс-шара | ||||||||
2.2 | 2-ші іс-шара | ||||||||
2.3 | 3-ші іс-шара | ||||||||
Келісімшарттық сатып алу шарттары | |||||||||
3.1 | 1-ші іс-шара | ||||||||
3.2 | 2-ші іс-шара | ||||||||
3.3 | 3-ші іс-шара | ||||||||
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін дамыту бойынша
4-кесте
№ | Іс-шараның атауы | Іске асыру мерзімі | Ескертпе | ||
_____ | _____ жыл | ____ жыл | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | 1-ші іс-шара | ||||
2 | 2-ші іс-шара | ||||
… | 3-ші іс-шара | ||||
Өзге бағыттар бойынша
5-кесте
№ | Іс-шараның атауы | Іске асыру мерзімі | Ескертпе | ||
______ жыл | ______ жыл | ______ жыл | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | 1-іс-шара | ||||
2 | 2-іс-шара | ||||
… | ... іс-шара | ||||
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары
6-кесте
№ | Қолдау шарасы | Іске асыру мерзімі | Шараның сипаттамасы | Жауапты органдар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1.1 | ||||
1.2 | ||||
… |
