Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы екінші Лу Бань шеберханасына жабдықтар беру туралы хат алмасу нысанындағы келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 28 тамыздағы № 696 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы екінші Лу Бань шеберханасына жабдықтар беру туралы хат алмасу нысанындағы келісімнің жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы екінші Лу Бань шеберханасына жабдықтар беру туралы хат алмасу нысанындағы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 28 тамыздағы
№ 696 қаулысымен
мақұлданған
Жоба

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі

Саясат Нұрбек мырзаға

      Жоғары мәртебелі Саясат Нұрбек мырза,

      Осымен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің атынан достық консультациялар арқылы Тараптар төмендегілер туралы келісімге келгенін растаймын:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің сұратуына сәйкес Қытай Халық Республикасының Үкіметі Қазақстандағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында орналастырылатын екінші Лу Бань шеберханасына коллаборативті роботтар технологияларын қолдану бойынша оқу залын және ауылшаруашылық мақсаттағы дрондар технологиялары бойынша оқу залын салу үшін қажетті жасанды интеллектіні қолдану саласындағы интеграцияланған инновациялық оқу платформасы, ауылшаруашылық өсімдіктерін қорғауға арналған дрондар, ұшу симуляторы сияқты жалпы құны 3,35 миллион юань болатын жабдықтарды тегін негізде беруге келісім береді.

      2. Қытай тарапы жабдықтарды тасымалдау және жеткізу, Қытай Халық Республикасының "Қорғас" өткізу пункті арқылы Қазақстан Республикасындағы өткізу пунктіне дейін жеткізу жауапкершілігін көтереді, сондай-ақ ақаусыз жеткізілетін жабдыққа бір жылға сапа кепілдігін береді.

      3. Қазақстан тарапы жоғарыда көрсетілген оқу залдарын салу үшін үй-жай беру, үй-жайды жөндеуді және Тараптармен келісілген орналастыру схемасына сәйкес қайта жоспарлауды қамтамасыз ету, электрмен жабдықтауды және коммуникациялық байланысты қоса алғанда, базалық инфрақұрылым жағдайларын ұсыну, жабдықтарды пайдалану үшін құжаттаманы ресімдеу, жүктерді кедендік тазарту, оларды өткізу пунктіне келгеннен кейін қабылдау, тасымалдау және сақтау, жеткізілетін жабдықтарды, сондай-ақ Қытай техникалық мамандары үшін қажетті ақылға қонымды көлемдегі тауарларды кедендік баждардан, салықтардан және алымдардан босату, Қазақстан аумағында Қытай мамандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жабдықтар жеткізілгеннен кейін оларды пайдалануды, басқаруды және техникалық қызмет көрсету қамтамасыз ету, жоғарыда көрсетілген міндеттемелерді орындаумен байланысты барлық шығыстарды қамтамасыз ету жауапкершілігін көтереді.

      4. Тараптардың осы Келісімді іске асыру үшін жауапты уәкілетті органдары:

      Қазақстан тарапынан: Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі;

      Қытай тарапынан: Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі.

      5. Жоғарыда көрсетілген жабдықтар келгеннен кейін Тараптар жабдықтардың сапасын, санын, техникалық сипаттамаларын және моделін бірге растайды және оны қабылдау-тапсыру актісіне қол қояды.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі жоғарыда баяндалғандармен келіскен жағдайда, осы хатты және Жоғары Мәртебелі Сіздің жауап хатыңызды Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы екінші Лу Бань шеберханасына жабдықтар беру туралы хат алмасу нысандағы келісім деп санауды құрметпен ұсынуды мәртебе санаймын.

      Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Жоғары Мәртебелі, Сізге өзімнің жоғары құрметімді білдіргім келеді.

      Аса құрметпен,

      Қытай Халық Республикасының
Қазақстан Республикасындағы
Төтенше және Өкілетті Елшісі
(қолы)
      2025 жылғы "__" ______

      Қытай Халық Республикасының
Қазақстан Республикасындағы

Төтенше және Өкілетті Елшісі

Хань Чуньлинь мырзаға

      Жоғары мәртебелі Хань Чуньлинь мырза,

      Мен сіздің 2025 жылғы " " мынадай мазмұндағы №__ хатыңызды алғанымды растаймын:

      "Жоғары мәртебелі Саясат Нұрбек мырза,

      Осымен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің атынан достық консультациялар арқылы Тараптар төмендегілер туралы келісімге келгенін растаймын:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің сұратуына сәйкес Қытай Халық Республикасының Үкіметі Қазақстандағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында орналастырылатын екінші Лу Бань шеберханасына коллаборативті роботтар технологияларын қолдану бойынша оқу залын және ауылшаруашылық мақсаттағы дрондар технологиялары бойынша оқу залын салу үшін қажетті жасанды интеллектіні қолдану саласындағы интеграцияланған инновациялық оқу платформасы, ауылшаруашылық өсімдіктерін қорғауға арналған дрондар, ұшу симуляторы сияқты жалпы құны 3,35 миллион юань болатын жабдықтарды тегін негізде беруге келісім береді.

      2. Қытай тарапы жабдықтарды тасымалдау және жеткізу, Қытай Халық Республикасының "Қорғас" өткізу пункті арқылы Қазақстан Республикасындағы өткізу пунктіне дейін жеткізу жауапкершілігін көтереді, сондай-ақ ақаусыз жеткізілетін жабдыққа бір жылға сапа кепілдігін береді.

      3. Қазақстан тарапы жоғарыда көрсетілген оқу залдарын салу үшін үй-жай беру, үй-жайды жөндеуді және Тараптармен келісілген орналастыру схемасына сәйкес қайта жоспарлауды қамтамасыз ету, электрмен жабдықтауды және коммуникациялық байланысты қоса алғанда, базалық инфрақұрылым жағдайларын ұсыну, жабдықтарды пайдалану үшін құжаттаманы ресімдеу, жүктерді кедендік тазарту, оларды өткізу пунктіне келгеннен кейін қабылдау, тасымалдау және сақтау, жеткізілетін жабдықтарды, сондай-ақ Қытай техникалық мамандары үшін қажетті ақылға қонымды көлемдегі тауарларды кедендік баждардан, салықтардан және алымдардан босату, Қазақстан аумағында Қытай мамандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жабдықтар жеткізілгеннен кейін оларды пайдалануды, басқаруды және техникалық қызмет көрсету қамтамасыз ету, жоғарыда көрсетілген міндеттемелерді орындаумен байланысты барлық шығыстарды қамтамасыз ету жауапкершілігін көтереді.

      4. Тараптардың осы Келісімді іске асыру үшін жауапты уәкілетті органдары:

      Қазақстан тарапынан: Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі;

      Қытай тарапынан: Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі.

      5. Жоғарыда көрсетілген жабдықтар келгеннен кейін Тараптар жабдықтардың сапасын, санын, техникалық сипаттамаларын және моделін бірге растайды және оны қабылдау-тапсыру актісіне қол қояды.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі жоғарыда баяндалғандармен келіскен жағдайда, осы хатты және Жоғары Мәртебелі Сіздің жауап хатыңызды Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы екінші Лу Бань шеберханасына жабдықтар беру туралы хат алмасу нысандағы келісім деп санауды құрметпен ұсынуды мәртебе санаймын.

      Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Жоғары Мәртебелі, Сізге өзімнің жоғары құрметімді білдіргім келеді.".

      Осымен осы хат және Жоғары мәртебелі Сіздің 2025 жылғы " " № хатыңыз Қытай тарапы алған күннен бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстандағы Еуразия ұлттық университетінің базасында орналастырылатын екінші Лу Бань шеберханасына жабдықтар беру туралы хат алмасу нысанындағы келісімді құрайтынын Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан растауды мәртебе санаймын.

      Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Жоғары Мәртебелі, Өзіңізге деген зор құрметімді білдіргім келеді.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
Саясат Нұрбек
      2025 жылғы " "

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады