Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 16 ақпандағы № 17 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 16 наурыздағы № 29 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 5 наурыздағы тапсырмасының негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Қытай Халық Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін табақ рессорларына және оларға арналған табақтарға қатысты демпингке қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шара қолдану туралы" 2021 жылғы 16 ақпандағы № 17 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2021 жылғы 16 наурыздағы
№ 29 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 16 ақпандағы № 17 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Мынадай мазмұндағы 31-тармақпен толықтырылсын:

      "31. Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаменті:

      қосымшаға сәйкес "Чусовск металлургия зауыты" акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасына табақ рессорлары мен оларға арналған табақтарды жеткізуді жүзеге асырудың ұсынылған тәсілдерін (бұдан әрі – ұсынылған тәсілдер) қабылдасын;

      ұсынылған тәсілдердің сақталуын мониторингтеуді жүзеге асырсын;

      "Чусовск металлургия зауыты" акционерлік қоғамы ұсынылған тәсілдерді сақтамаған жағдайда, Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 11-тармағына сәйкес осы Шешіммен белгіленген демпингке қарсы шараны қайта қарауды жүргізу туралы мәселені қарасын.

      2. Мынадай мазмұндағы қосымшамен толықтырылсын:

  "Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2021 жылғы 16 ақпандағы
№ 17 шешіміне
ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасына табақ рессорлары мен оларға арналған табақтарды жеткізуді жүзеге асырудың ҰСЫНЫЛҒАН ТӘСІЛДЕРІ

      1. Жүргізудің басталуы – табақ рессорлары мен оларға арналған табақтарды (бұдан әрі – тауар) қазақстандық кәсіпорындар – "СарыарқаАвтоПром" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, "СемАЗ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің және "Hyundai Trans Auto" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қытайлық маркалы көлік құралдарының өндірісінде (аталған қазақстандық ұйымдар қатысатын) пайдалануын қамтамасыз ету мақсатында тауарды қытайлық бренд ұстаушының сертификаттау рәсімдерін жүргізуді демпингке қарсы шара қолданыла басталған күннен бастап 2 айдан кешіктірмей бастау.

      2. Қазақстандық тұтынушыларға қажетті тауарлар түрлерінің өндірісін игеру (қазақстандық тұтынушылардың мұндай түрлердегі тауарды сатып алуының болжамды көлеміне қарамастан).

      3. Тауарды Қазақстан Республикасына қазақстандық тұтынушылардың өтінімдеріне сәйкес оларға тікелей, сондай-ақ ресми дилерлер арқылы, соның ішінде "Автосельмаш" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "ВИС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "Сариев и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "СВС-Транс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "ТехБизнес" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы, бірақ бұлармен шектелмей жеткізуді жүзеге асыру.

      4. Қазақстан Республикасындағы қоймаларда тауардың түр-түрінің және қазақстандық тұтынушыларға қажетті көлемде (100 атауға дейін) болуын қамтамасыз ету.

      5. Жеткізуді Қазақстан Республикасындағы ресми дилерлер арқылы да, тікелей қазақстандық жеткізушілерге де жүзеге асырған кезде тауарға ашық, бәсекелі және негізді баға белгілеу принциптерін, соның ішінде тауар бағасының шикізат құнына және өңдеуге жұмсалатын шығындарға тәуелділігін көздейтін формулалық баға белгілеу механизмдерін қолдану арқылы сақтау.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады