"Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 221/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026 жылғы 14 шiлдедегi № 412/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 17 шiлдеде № 39341 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 221/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32996 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Цифрлық объектілерді аса маңызды объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 33-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 384) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған:

      1) Цифрлық объектілерді аса маңызды объектілерге жатқызу қағидалары;

      2) Цифрлық объектілерді аса маңызды объектілерге жатқызу өлшемшарттары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Цифрлық объектілерді аса маңызды объектілерге жатқызу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Цифрлық объектілерді аса маңызды объектілерге жатқызу өлшемшарттары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық
даму министрдің міндетін атқарушы
Р. Коняшкин

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрдің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 14 шілдедегі
№ 412/НҚ
бұйрығына 1-қосымша

Цифрлық объектілерді аса маңызды объектілерге жатқызу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Цифрлық объектілерді аса маңызды объектілерге жатқызу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 33-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 384) тармақшасына сәйкес әзірленді және цифрлық объектілерді аса маңызды объектілерге жатқызу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аса маңызды мемлекеттік объектілер – тұтастығының бұзылуы мемлекет қауіпсіздігіне, оған жүктелген функцияларды нақты іске асыруға теріс әсер етуі, экономикаға елеулі зиян келтіруі, мемлекетаралық қарым-қатынастарды қиындатуы мүмкін, сондай-ақ мемлекет пен қоғам үшін аса маңызы бар объектілер;

      2) аса маңызды цифрлық объектілер – бұзылуы немесе жұмыс істеуін тоқтатуы қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді және заңмен қорғалатын құпияны қамтитын өзге де мәліметтерді заңсыз жинауға және өңдеуге, әлеуметтік және (немесе) техногендік сипаттағы төтенше жағдайға немесе қорғаныс, қауіпсіздік, халықаралық қатынастар, экономика, шаруашылықтың жекелеген салалары үшін немесе тиісті аумақта тұратын халықтың тыныс-тіршілігі үшін, оның ішінде жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау инфрақұрылымы, өнеркәсіп, денсаулық сақтау, байланыс, банк саласы, көлік, гидротехникалық құрылыстар, құқық қорғау қызметі, "цифрлық үкімет" үшін елеулі теріс салдарларға алып келетін цифрлық объектілер;

      3) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      4) стратегиялық маңызы бар экономика салаларының объектілері – отын-энергетикалық пайдалы қазбаларды (көмірді, мұнайды, газды, уранды және металл кендерін) өндіру және қайта өңдеу, машина жасау, ғарыш қызметі, агроөнеркәсіптік кешен, су шаруашылығы, химия өнеркәсібі, көлік пен байланыс, электр энергиясын өндіру мен бөлу, сондай-ақ әскери-өнеркәсіптік мақсаттағы өнімдерді өндіретін салаларға жататын объектілер;

      5) стратегиялық объект – Қазақстан қоғамының орнықты дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар, оны иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің жай-күйіне әсер ететін мүлік;

      6) цифрлық объект – цифрлық технологиялар арқылы құрылған, пайдаланылатын немесе берілетін, бірегей цифрлық сипаттамаларға ие және цифрлық орта субъектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген көлемде иелену, пайдалану не билік ету құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін цифрлық ортаның ерекшеленген элементі.

2-тарау. Цифрлық объектілерді аса маңызды объектілерге жатқызу тәртібі

      3. Осы бұйрыққа 2-қосымшада көрсетілген цифрлық объектілерді аса маңызды объектілерге жатқызу өлшемшарттарының (бұдан әрі – өлшемшарттар) кемінде біреуіне сәйкес келген кезде цифрлық объектілер аса маңыздыларға жатқызылады және Ереженің 15-тармағының 385) тармақшасына сәйкес уәкілетті органның бұйрығымен бекітілетін аса маңызды цифрлық объектілер тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) енгізілуі тиіс.

      4. Уәкілетті орган жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға, аса маңызды цифрлық объектілердің, стратегиялық объектілердің, аса маңызды мемлекеттік объектілердің, стратегиялық маңызы бар экономика салалары объектілерінің меншік иелеріне (иеленушілеріне) өлшемшарттардың кемінде біреуіне сәйкес келетін бар цифрлық объектілер туралы еркін нысандағы сұрау салуды (бұдан әрі – сұрау салу) жолдайды.

      5. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, аса маңызды цифрлық объектілердің, стратегиялық объектілердің, аса маңызды мемлекеттік объектілердің, стратегиялық маңызы бар экономика салалары объектілерінің меншік иелері (иеленушілері) жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей сұрау салу негізінде цифрлық объектілерді тізбеге енгізу және (немесе) одан шығару үшін мұндай сәйкестікті негіздейтін құжаттар мен материалдарды қоса бере отырып, ұсыныстарды уәкілетті органның қарауына енгізеді.

      6. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қорғаныс, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдар және ұлттық қауіпсіздік органдары өз бастамаларымен цифрлық объектілерді тізбеге енгізу және (немесе) одан шығару үшін осындай сәйкестікті негіздейтін құжаттар мен материалдарды қоса бере отырып, ұсыныстарды осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген мерзімдерде уәкілетті органның қарауына енгізеді.

      7. Уәкiлеттi орган орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, аса маңызды цифрлық объектілер, стратегиялық объектілер, аса маңызды мемлекеттік объектілер, стратегиялық маңызы бар экономика салалары объектілері иелерінің (иеленушілерінің) ұсыныстарының негізділігін қарау және талдау үшін киберқауіпсіздік саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мамандары, сондай-ақ уәкілетті органда, ұлттық қауіпсіздік, азаматтық қорғау және қорғаныс органдарында киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты лауазымды адамдар қатарынан келісім бойынша уәкiлеттi органда комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады.

      Комиссияның құрамы уәкілетті органның тиісті актісімен бекітіледі.

      8. Комиссия ұсынылған ұсыныстарды, құжаттарды, материалдарды негізділігі мен өлшемшарттарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

      Комиссия барлық комиссия мүшелері бірауыздан келісім берген кезде:

      1) цифрлық объектілерді тізбеге енгізу туралы;

      2) цифрлық объектілерді тізбеге енгізу және (немесе) одан шығару туралы өтінімді қабылдамау туралы;

      3) осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген цифрлық объектілерді тізбеден алып тастау туралы шешім шығарады.

      9. Комиссияның шешімі мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс хаттамамен ресімделеді:

      1) отырыстың өткізілген күні мен орны;

      2) комиссияның құрамы;

      3) қаралған өтінімдердің саны;

      4) хаттамаға қосымшаларға сәйкес әрбір цифрлық объект бойынша комиссияның шешімі.

      10. Уәкілетті орган Ереженің 15-тармағының 385) тармақшасына сәйкес комиссия хаттамасы негізінде жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 тамызынан кешіктірмей тізбені қалыптастырады және тиісті актімен бекітеді.

      11. Цифрлық объектілерді тізбеге енгізу және (немесе) одан шығару туралы өтінім қабылданбаған жағдайда, уәкілетті орган тізбе бекітілген сәттен бастап бір айдан кешіктірмей тиісті орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органға, аса маңызды цифрлық объектілердің, стратегиялық объектілердің, аса маңызды мемлекеттік объектілердің, стратегиялық маңызы бар экономика салалары объектілерінің иесіне (иеленушісіне) бас тарту себептерін көрсете отырып хабарлама жолдайды.

      12. Тізбеге өзгерістер енгізуді уәкілетті орган жылына бір рет орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, аса маңызды цифрлық объектілердің, стратегиялық объектілердің, аса маңызды мемлекеттік объектілердің, стратегиялық маңызы бар экономика салалары объектілерінің меншік иелерінің (иеленушілерінің) ұсыныстары негізінде, аса маңызды цифрлық объектінің өнеркәсіптік пайдаланылуының тоқтатылуына, функционалдық мақсатының немесе тіркеу деректерінің өзгеруіне байланысты өлшемшарттарға сәйкестігін жоғалтуына не өлшемшарттардың кемінде біреуіне сәйкес келетін жаңа цифрлық объектінің анықталуына байланысты жүзеге асырады.

      13. Аса маңызды цифрлық объектілерге жатқызылған объектілердің иелеріне (иеленушілеріне) тізбе бекітілген кезден бастап бір айдан кешіктірмей уәкілетті орган цифрлық объектілерді аса маңызды цифрлық объектілерге жатқызылғаны туралы хабарлама жолдайды.

      14. Аса маңызды цифрлық объектілерге жатқызылған объектінің иесі (иеленушісі) жатқызумен келіспеген жағдайда, осы Қағидаларға сәйкес негіздеуші құжаттар мен материалдарды қоса бере отырып, цифрлық объектілерді тізбеден шығарып тастау жөнінде ұсынысты уәкілетті органның қарауына енгізуге, не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

  Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрдің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 14 шілдедегі
№ 412/НҚ
бұйрығына 2-қосымша

Цифрлық объектілерді аса маңызды объектілерге жатқызу өлшемшарттары

      1. Цифрлық объектінің аса маңызды мемлекеттік объектілердің үздіксіз пайдаланылуына ықпалы, оның жұмыс істеуі бұзылған кезде аса маңызды мемлекеттік объектінің қызметі тоқтатылатын болады.

      2. Цифрлық объектінің стратегиялық объектілердің үздіксіз және қауіпсіз пайдаланылуына ықпалы, оның жұмыс істеуі бұзылған кезде стратегиялық объектінің қызметі тоқтатылатын болады не техногендік сипаттағы төтенше жағдай қаупі туындайды.

      3. Цифрлық объектінің стратегиялық маңызы бар экономика салалары объектілерінің үздіксіз және қауіпсіз пайдаланылуына ықпалы, оның жұмыс істеуі бұзылған кезде стратегиялық маңызы бар экономика салалары объектісінің қызметі тоқтатылатын болады не техногендік сипаттағы төтенше жағдай қаупі туындайды.

      4. Жұмыс істеуінің ішінара немесе толық бұзылуы (тоқтауы) қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді және заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді заңсыз жинауға және өңдеуге, әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайға алып келуі мүмкін "цифрлық үкiмет" цифрлық объектісінің және цифрлық көрсетілетін қызметтердің орнықты жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге цифрлық объектінің әсері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады