Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабының 1-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қашықтықтан басқару пульті, қоректендіру блогы бар, жады модулі, Ethernet контроллері бір корпуста орналасқан процессордан және бейнетонері жоқ сымсыз байланыс модулінен тұратын, әдетте, IPTV хаттамалары бойынша телекоммуникациялық-ақпараттық "Интернет" желісі арқылы телевизиялық және мультимедиялық бағдарламаларды (цифрлық бейне-және аудиоконтентті), сондай-ақ сыртқы ақпарат жеткізгіштерден келіп түсетін (жады карталары, смартфондар, ноутбуктер және т.б.) цифрлық-бейне-және дыбыс контентті телевизордың экранында немесе мониторда көрсету үшін жады картасына арналған слотпен және HDMI, USB, RJ45 ажыратқыштармен жарақтандырылған электрондық құрылғыны (портативті медиаплеер) білдіретін телевизиялық жалғама Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1, 3 (в) және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8528 71 910 0 кіші қосалқы позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
