Агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу бойынша бір деңгейдегі жергілікті бюджеттердің бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасау қағидаларын, агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің іске асырылуы туралы есептілікті жасау мен ұсыну тәртібін және агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 мамырдағы № 29 бұйрығы.

      "Агломерацияларды дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 04.11.2025 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу бойынша бір деңгейдегі жергілікті бюджеттердің бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасау қағидалары, агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің іске асырылуы туралы есептілікті жасау мен ұсыну тәртібі және агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің мазмұнына қойылатын талаптар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін жіберуді және ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Ұлттық
экономика министрі
2025 жылғы 16 мамырдағы
№ 29 Бұйрықпен бекітілген

Агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу бойынша бір деңгейдегі жергілікті бюджеттердің бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасау қағидалары, агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің іске асырылуы туралы есептілікті жасау мен ұсыну тәртібі және агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің мазмұнына қойылатын талаптар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу бойынша бір деңгейдегі жергілікті бюджеттердің бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасау қағидалары, агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің іске асырылуы туралы есептілікті жасау мен ұсыну тәртібі және агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің мазмұнына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) "Агломерацияларды дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу бойынша бір деңгейдегі жергілікті бюджеттердің бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасау тәртібін, агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің іске асырылуы туралы есептілікті жасау мен ұсыну тәртібін және агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің мазмұнына қойылатын талаптарды айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) агломерация – астанадан немесе республикалық маңызы бар қаладан немесе облыстық маңызы бар қаладан және олардың айналасында орналасқан, Заңда айқындалған өлшемшарттарға сәйкес келетін елді мекендерден тұратын жергілікті жүйе.

      2) тиісті саланың орталық уәкілетті органы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген талаптарда республикалық мүлікке қатысты құқықтарға ие орталық атқарушы орган немесе орталық атқарушы органның ведомствосы. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мүлікке қатысты құқықтарды өзге мемлекеттік органдарға берген жағдайларда "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының тиісті саланың уәкілетті органы туралы қағидалары осындай мемлекеттік органға қолданылады.

2-тарау. Агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу бойынша бір деңгейдегі жергілікті бюджеттердің бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасау тәртібі

      3. Агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу бойынша бір деңгейдегі жергілікті бюджеттердің бір-бірімен өзара қарым-қатынасы облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар (аудандық маңызы бар қалалар) әкімдерінің өтінішхаты бойынша агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісім негізінде жүзеге асырылады және жаңа объектілер салу арқылы агломерацияны дамыту мақсаттарына жол беріледі.

      4. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар (аудандық маңызы бар қалалар) әкімдерінің өтінішхаты тиісті агломерация аумағында жоспарланып отырған жобалар ескеріле отырып, тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 дейін ұсынады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 04.11.2025 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісім Заңның 10-бабында белгіленген талаптар ескеріліп жасалады.

      6. Келісімге өзгерістер және/немесе толықтырулар қажет болған жағдайда тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 дейін ұсынады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 04.11.2025 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мәселелерді бірлесіп шешудің бастамашысы астананың, республикалық маңызы бар қаланың және елді мекендері агломерацияға кіретін облыстың жергілікті атқарушы органдары болады.

      8. Бастамашы өзара қарым-қатынастар туралы келісімнің жобасын және мәселені бірлесіп шешу қажеттігінің негіздемесін астананың, республикалық маңызы бар қаланың және елді мекендері агломерацияға кіретін облыстың басқа да жергілікті атқарушы органдарына жібереді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 04.11.2025 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің жобасы тиісті саланың орталық уәкілетті органына, сондай-ақ агломерацияларды дамыту жөніндегі уәкілетті органның қарауына жіберіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 04.11.2025 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Тиісті саланың орталық уәкілетті органы 10 жұмыс күні ішінде келісетіндігі туралы хатты немесе ескертулері болған жағдайда оларды негіздемелерін көрсете отырып жібереді.

      11. Бастамашы ескертулерді алған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды жою жөнінде шаралар қабылдайды не қабылдамау негіздемелері бар хатты тиісті саланың орталық уәкілетті органына жібереді.

      12. Агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің жобасын алған астананың, республикалық маңызы бар қаланың және елді мекендері агломерацияға кіретін облыстың жергілікті атқарушы органдары оны агломерация жөніндегі жергілікті кеңестің отырыстарында қарайды және агломерация аумағында объектілер салу үшін жер учаскесін беру туралы шешім қабылдайды.

      13. Қарау қорытындысы бойынша агломерацияға кіретін жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары бір ай мерзімде агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімге қол қояды.

      14. Тараптар міндеттемелерін орындап, агломерация жөніндегі жергілікті кеңес жасайтын қорытынды есептілікті бекіткеннен кейін Келісім орындалған болып есептеледі.

      15. Жергілікті атқарушы органдар агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімді іске асыру бойынша жасайтын есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуы туралы есеп облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органына жылына бір рет беріледі.

      16. Келісімнің орындалуын бақылауды агломерациялар жөніндегі жергілікті кеңес жүзеге асырады.

3-тарау. Агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің іске асырылуы туралы есептілікті жасау және ұсыну тәртібі

      17. Есептілік құрылымы мыналарды:

      1) келісім шеңберінде іске асырылған іс-шаралар тізбесін;

      2) жобалардың құны мен қуатын;

      3) олардың іске асырылу мерзімі мен орнын;

      4) қол жеткізілген нәтижелер туралы ақпаратты;

      5) объектілерді жергілікті атқарушы органның коммуналдық меншігіне беру туралы ақпаратты қамтиды.

      18. Келісім тараптары есептілік үшін деректерді жинауға және беруге жауапты адамды (немесе құрылымдық бөлімшені) тағайындайды.

      19. Агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің іске асырылуы туралы есептілік осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша агломерацияларды дамыту жөніндегі уәкілетті органға жыл сайын 25 желтоқсаннан кешіктірілмей электрондық түрде беріледі.

      20. Есептіліктің көшірмесі тиісті саланың орталық уәкілетті органына ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей электрондық түрде жіберіледі.

      21. Агломерацияларды дамыту жөніндегі уәкілетті орган есептілікті алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде оның осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізеді.

      22. Кемшіліктер анықталған жағдайда ескертулерді есептілік алынған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде жою мерзімімен пысықтауға қайтарылады.

      23. Келісілген есептілікті агломерацияларды дамыту жөніндегі уәкілетті орган келісімге қатысушыларға 10 жұмыс күні ішінде жібереді және жергілікті атқарушы органдардың ресми сайтында жариялайды.

4-тарау. Агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің мазмұны

      24. Агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімде:

      1) бірлескен жобаның сипаттамасы;

      2) жобаны іске асыруға жауаптылықты бөлу;

      3) орындалу мерзімдері;

      4) келісім негізінде агломерацияны дамыту мақсатында іске асырылған объектілерді мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аумағында объект іске асырылған жергілікті атқарушы органның коммуналдық меншігіне беру мерзімдері;

      5) агломерациялардың тізбесінде және құрамында айқындалған агломерациялар аумағында жаңа объектілердің салынуын қаржыландыру шарттары;

      6) жергілікті агломерация кеңесінің 20 адамнан аспайтын сандық құрамы;

      7) жергілікті агломерация кеңесін қалыптастыру тәртібі, оның ішінде құрамына кандидатураларды іріктеу мәселелері қамтылады.

      Жергілікті агломерация кеңесінің құрамы Заңның 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес бекітілетін жергілікті агломерация кеңесі туралы ережеге сәйкес қалыптастырылады;

      8) жергілікті агломерация кеңесінің отырысын өткізу тәртібі, оның ішінде оның кезеңділігі қамтылады.

      Жергілікті агломерация кеңесінің отырыстары тоқсанына бір реттен сиретпей өткізіледі.

      25. Келісімге жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары қол қояды.

  Қосымша Агломерация
аумағындағы жергілікті маңызы
бар мәселелерді бірлесіп шешу
бойынша бір деңгейдегі
жергілікті бюджеттердің бір-бірімен өзара қарым-қатынас
жасау қағидалары, агломерация
аумағында жергілікті маңызы
бар мәселелерді бірлесіп шешу
туралы келісімнің іске
асырылуы туралы есептілікті
жасау және ұсыну тәртібі және
агломерация аумағындағы
жергілікті маңызы бар
мәселелерді бірлесіп шешу
туралы келісімнің мазмұнына
қойылатын талаптар
Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/activities/198?lang=ru

      Әкімшілік нысанның атауы: "Агломерация аумағында жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімді іске асыру туралы есеп".

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): СР-1

      Жиілігі: жыл сайын

      Есепті кезең: ____________20___жыл

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: облыстардың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері).

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті жылдан кейінгі 25 желтоқсанға дейін.

      Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)/Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН):



      Жинау әдісі: электронды түрде

Агломерация аумағында жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімді іске асыру туралы есеп

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 04.11.2025 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1

2

3

4

5

6

Келісім шеңберінде іске асырылған іс-шаралар тізбесі

Жобалардың құны мен қуаты
(мың теңге)

Оларды іске асыру мерзімі мен орны

Қол жеткізілген нәтижелер туралы ақпарат

Объектілерді жергілікті атқарушы органның коммуналдық меншігіне беру туралы ақпарат

1)






      Телефон ______________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ____________________________________

      Орындаушы ___________________________________ _______________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға

      ______________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы

      Мөрге арналған орын (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды

      қоспағанда)

  "Агломерация аумағында
жергілікті маңызы бар
мәселелерді бірлесіп шешу
туралы келісімді іске
асыру туралы есеп" әкімшілік
деректерін жинауға арналған
нысанға қосымша

"Агломерация аумағында жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімді іске асыру туралы есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Агломерация аумағында жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімді іске асыру туралы есеп" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысанға басшы не оның міндетін атқарушы тұлға тегі мен аты-жөнін көрсете отырып қол қояды.

      3. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      4. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі;

      5. Нысанның 2-бағанында келісім шеңберінде іске асырылған іс-шаралардың тізбесі көрсетіледі;

      6. Нысанның 3-бағанында жобалардың құны мен қуаты көрсетіледі;

      7. Нысанның 4-бағанында оларды іске асыру мерзімі мен орны көрсетіледі;

      8. Нысанның 5-бағанында қол жеткізілген нәтижелер туралы ақпарат көрсетіледі;

      9. Нысанның 6-бағанында объектілерді жергілікті атқарушы органның коммуналдық меншігіне беру туралы ақпарат көрсетіледі.

      Нысанды толтырудың ұқсас схемасы нысанның барлық жолдарын толтырған кезде сақталады.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады