Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 5 желтоқсандағы № 164 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 1 маусымдағы № 60 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың 4-тармағына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссиясының Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Оларды қолдану нәтижесінде "Табиғи минералды суды қоса алғанда, қаптамадағы ауыз судың қауіпсіздігі туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 044/2017) талаптарының сақталуы ерікті негізде қамтамасыз етілетін стандарттар тізбесі және зерттеулер (сынақтар) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың "Табиғи минералды суды қоса алғанда, қаптамадағы ауыз судың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 044/2017) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттар тізбесі туралы" 2017 жылғы 5 желтоқсандағы №164 шешіміне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2021 жылғы 1 маусымдағы
№ 60 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 5 желтоқсандағы № 164 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Аталған Шешіммен бекітілген "Оларды қолдану нәтижесінде "Табиғи минералды суды қоса алғанда, қаптамадағы ауыз судың қауіпсіздігі туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 044/2017) талаптарының сақталуы ерікті негізде қамтамасыз етілетін стандарттар тізбесінде:

      а) 7-позиция мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7


5.1.9-тармақша МЕМСТ Р 54316-2011

Табиғи минералды ауыз су. Жалпы техникалық шарттар

2021 ж. 31.12 бастап қолданылады

      ";

      б) мынадай мазмұндағы 71 позициямен толықтырылсын:

      "

71


5.1.8-тармақша МЕМСТ Р 54316-2020

Табиғи минералды ауыз су. Жалпы техникалық шарттар


      ";

      в) 8-позиция мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

VI бөлімнің

27-тармағының "а" "е" тармақшалары

5.1.2-тармақша МЕМСТ Р 54316-2011

Табиғи минералды ауыз су. Жалпы техникалық шарттар

2021 ж. 31.12. дейін қолданылады

      ";

      г) мынадай мазмұндағы 81 позициямен толықтырылсын:

      "

81

VI бөлімнің 27-тармағының "а" – "ж" тармақшалары

5.1.3. тармақшалар МЕМСТ Р 54316-2020

Табиғи минералды ауыз су. Жалпы техникалық шарттар


      ";

      д) 13 және 19 позициялар алып тасталсын;

      е) 20-позициядағы "АСТ 191-2000" деген сөздер "АСТ 191-2019" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ж) 26 позиция мынадай редакцияда жазылсын:

      "

26


5.1.6. тармақша МЕМСТ Р 54316-2011

Табиғи минералды ауыз су. Жалпы техникалық шарттар

2021 ж. 31.12 дейін қолданылады

      ";

      з) мынадай мазмұндағы 261 позициямен толықтырылсын:

      "

261


5.1.7. тармақша МЕМСТ Р 54316-2020

Табиғи минералды ауыз су. Жалпы техникалық шарттар


      ";

      и) 27 және 32 позициялардағы "АСТ 191-2000" деген сөздер "АСТ 191-2019" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Зерттеулер (сынақтар) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың "Табиғи минералды суды қоса алғанда, қаптамадағы ауыз судың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 044/2017) талаптарын қолдану және орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттар тізбесінде:

      а) 31, 91 және108 позициялар алып тасталсын;

      б) мынадай мазмұндағы 2861 позициямен толықтырылсын:

      "

2861

№ 2 қосымша, 2-кесте, "22 °C кезіндегі ОМЧ" көрсеткіші

ГОСТ ISO 6222-2018

Судың сапасы. Егілетін микроорганизмдерді есептеу. Құнарлы ортаға агарланған егу кезінде колонияларды есептеу


      ";

      в) 303 позициядағы "ҚР СТ ИСО 9697-2006" деген сөздер "ҚР СТ ІSO 9697-2017" деген сөздермен ауыстырылсын;

      г) 380, 397 және 641 позициялар алып тасталсын;

      д) мынадай мазмұндағы 6791позициямен толықтырылсын:

      "

6791


ТҚНҚ Ф 14.2:4.209-05

Көк индофенол түріндегі фотометриялық әдіспен ауыз су мен табиғи сулардың сынамаларындағы аммоний иондарының массалық концентрациясын өлшеу әдісі (аттестаттау № 88-16207-021-RA.RU.310657-2017 06/30/ 2017 ж., Тіркеу нөмірі ФР.1.31.2017.28625)

тиісті мемлекетаралық стандарт әзірленіп, осы тізбеге енгізілгенге дейін қолданылады

      ";

      е) 686, 687 және 734 позициялар алып тасталсын;

      ж) мынадай мазмұндағы 7351 позициямен толықтырылсын:

      "

7351

№ 3 қосымша, 2-кесте, "22 °C кезіндегі ОМЧ" көрсеткіші

МЕМСТ ISO 6222-2018

Судың сапасы. Егілетін микроорганизмдерді есептеу. Құнарлы ортаға агарланған егу кезінде колонияларды есептеу


      ";

      з) 2-графадағы 748 позиция мынадай редакцияда жазылсын: "№ 3 қосымша, 2-кесте, "криптоспоридийлердің ооцистілері", "лямблийлердің цистілері" және "гельминт жұмыртқалары";

      и) мынадай мазмұндағы 7481 – 7483 позициялармен толықтырылсын:

      "

7481


ҚР СТ 2782-2015

Су. Санитарлық және паразитологиялық талдау әдістері


7482

Беларусь Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2008 жылғы 21 қаңтардағы №11. №108-1207 қолдану жөніндегі нұсқаулығы

Суды криптоспоридийлердің ооцистілерінің, лямблийлер цистілерінің, гельминт жұмыртқаларының бар-жоғын жинақтау негізінде зерттеу

тиісті мемлекетаралық стандарт әзірленіп, осы тізбеге енгізілгенге дейін қолданылады

7483

МУК 4.2.2314-08

Суды санитарлық және паразитологиялық талдау әдістері

тиісті мемлекетаралық стандарт әзірленіп, осы тізбеге енгізілгенге дейін қолданылады

      ";

      к) 754 позициядағы "ҚР СТ ИСО 9697-2006" деген сөздер "ҚР СТ ISO 9697-2017" деген сөздермен ауыстырылсын;

      л) мынадай мазмұндағы 7661 позициямен толықтырылсын:

      "

7661


МВИ.МН 1181-2011

Тамақ өнімдеріндегі, ауыз судағы, топырақтағы, ауылшаруашылық шикізаты мен жемдегі, орман шаруашылығындағы өнімдердегі, қоршаған ортаның басқа да объектілеріндегі МКС-АТ1315 гамма-бета-спектрометрдегі 90Sr, 137Cs и 40К көлемдік және үлестік белсенділігін, EL 1309 (МКГ-1309) типті гамма-бета спектрометрдегі 137Cs и 40К және 40K радионуклейдтердің көлемі мен үлестік белсенділігін өлшеу әдісі (14.09.2015 ж. No 896-1/2015 аттестаттау куәлігі)

тиісті мемлекетаралық стандарт әзірленіп, осы тізбеге енгізілгенге дейін қолданылады

      ";

      м) мынадай мазмұндағы 7681 позициямен толықтырылсын:

      "

7681


МВИ.МН 1181-2011

Тамақ өнімдеріндегі, ауыз судағы, топырақтағы, ауылшаруашылық шикізаты мен жемдегі, орман шаруашылығындағы өнімдердегі, қоршаған ортаның басқа да объектілеріндегі МКС-АТ1315 гамма-бета-спектрометрдегі 90Sr, 137Cs и 40К көлемдік және үлестік белсенділігін, EL 1309 (МКГ-1309) типті гамма-бета спектрометрдегі 137Cs и 40К және 40K радионуклейдтердің көлемі мен үлестік белсенділігін өлшеу әдісі (14.09.2015 ж. No 896-1/2015 аттестаттау куәлігі)

тиісті мемлекетаралық стандарт әзірленіп, осы тізбеге енгізілгенге дейін қолданылады

      ".


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады