Қытай Халық Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін табақты рессорларға және олардың табақтарына қатысты демпингке қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шара қолдану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 16 ақпандағы № 17 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 107-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаментінің баяндамасы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қытай Халық Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, ЕАЭО СЭҚ ТН 7320 10 кодымен сыныпталатын, жүк автомобиль көлігіне, жүк-жолаушы көлігіне, автобустарға, троллейбустарға, тракторларға, тіркемелер мен жартылай тіркемелерге, карьерлік, құрылыс және жол-құрылыс техникасын өндіруге арналған, ыстық тәсілмен өңделген табақты рессорларға және олардың табақтарына қатысты кедендік құнның 14,11, пайызы мөлшерінде демпингке қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шара қолданылсын.

      2.  Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдары ЕАЭО СЭҚ ТН кодын, сол сияқты тауар атауын басшылыққа ала отырып, осы Шешіммен көзделген демпингке қарсы баж алуды қамтамасыз етсін.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссияның Монополияға қарсы реттеу департаменті осы Шешіммен белгіленген демпингке қарсы шараны қолдану кезеңінде Еуразиялық экономикалық одақ нарығындағы табақты рессорлардың және олардың табақтары бағасының жыл сайынғы мониторингін жүзеге асырсын.

      4.  Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады