"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шемонаиха ауданында туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін 2026 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелері қалалар мен аудандардағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шемонаиха аудандық мәслихатының төрағасы | Г. Акулов |