"Қазақстан Республикасыдағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару турлалы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 27 бабына және 10-1-бабының 7-тармағына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Атырау қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 23 қаңтардағы № 08-4/47-И хатына сәйкес, Кеңөзек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кеңөзек ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 19 қарашадағы № 633 шешімімен округ аумағында белгіленген шектеу шаралары ветеринариялық іс-шаралар кешені толықтай жүргізілуіне байланысты тоқтатылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Кеңөзек ауылдық округі әкімі | Е. Өтешқалиев |
