"Қазақстан Республикасыдағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару турлалы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 27 бабына және 10-1-бабының 7-тармағына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Атырау қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 19 қарашадағы № 08-4/606-И хатына сәйкес, Кеңөзек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кеңөзек ауылдық округінің Тасқала елді мекенінде мүйізді ір қара мал арасында инфекциялық ринотрахеит ауруының пайда болуына байланысты Кеңөзек ауылдық округі аумағында шектеу шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Кеңөзек ауылдық округі әкімі | Е. Өтешқалиев |