БҰЙЫРАМЫН:
"Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау, мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету, іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 28 маусымдағы № 59 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау, мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету, іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларында:
34-9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдаудың ең ұзақ мерзімі "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасының ерекшеліктеріне байланысты 20 (жиырма) жылға дейін;"
34-14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34-14. "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдаудың орындылығын өнім берушіні іріктеу жөніндегі конкурстық рәсімдер жарияланғанға дейін тиісті бюджет комиссиясы мақұлдауға тиіс.
Бұл ретте бастапқы және соңғы кезеңдерді (айды, жылды) қоса алғанда, мемлекеттік міндеттемелерді орындаудың жоспарланатын мерзімін міндеттемелерді орындау мүмкіндігі үшін тапсырыс беруші белгілейді.
Жобаны ББӘ тиісті бюджеттік комиссияның қарауына жіберген кезде конкурс жарияланған кезде бірдей мемлекеттік міндеттемелерді төлеу бойынша жылдық сомалардың ең жоғары шектері белгіленеді. Тиісті бюджет комиссиясының қарауынсыз қабылданатын мемлекеттік міндеттемелердің бекітілген жылдық сомаларын ұлғайтуға жол берілмейді";
34-15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын::
"Жүргізілген мемлекеттік сатып алудың қорытындылары бойынша ББӘ бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мәселесін тиісті бюджеттік комиссияның қарауына шығару үшін "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы бойынша құжаттар топтамасын жібереді.
"Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарттарға қол қою арқылы жүзеге асырылады.";
34-18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34-18. "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобаларын қаржыландыру және "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша инвестициялық шығыстарды өтеуге бағытталған "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекет міндеттемелерін орындау көлемі "толық бітіріп берілетін" құрылыс объектісін салу және (немесе) реконструкциялау құнынан аспауға тиіс.
"Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы бойынша мемлекеттің міндеттемелеріне тартылатын қарыз қаражаты "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы бойынша объектілерді құруға (реконструкциялауға) пайдаланылады.
"Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау бойынша есепке конкурстық өтінім берілген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі + (плюс) 2 (екі) пайыздық тармағына белгілеген базалық мөлшерлеме қабылданады.";
34-27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34-27. Қаржы-экономикалық модельді әзірлеу кезінде мынадай болжам қолданылады:
1) жоба мемлекеттік қолдау болмаған/болған кезде жүзеге асырылады;
2) жоба коммерциялық көздерден қарыз алудың нарықтық құны (пайыздық мөлшерлеме) бойынша не жеңілдікпен қарыз алумен қаржыландырылады;
3) қаржылық қолдау шаралары.
Бұл ретте мемлекеттік міндеттемелерді орындауды көздейтін "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау көзделмейді.
Қаржы-экономикалық модель шеңберінде жобаның таза келтірілген құны (бұдан әрі – базалық NPV) есептеледі."
Мемлекеттік міндеттемелерді кейіннен орындай отырып, әлеуетті өнім берушінің меншікті қаражаты есебінен "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы іске асырылған және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35238 болып тіркелген) айқындалған бағалық емес өлшемшарттар балдарының саны тең болған жағдайда осы Қағидаларға сәйкес қаржы-экономикалық модельдің ең жақсы шарттарын ұсынған конкурсқа қатысушы жеңімпаз болып танылады.
Қаржы-экономикалық модельдің ең жақсы шарты – тапсырыс беруші жеткізушіге салынған және пайдалануға берілген "толық бітіріп берілетін" құрылыс объектісі үшін төлеуге тиіс төлемдердің таза ағымдағы құнының ең аз мәні.
Бұл ретте тапсырыс берушіден өнім берушіге төленетін төлемдердің таза келтірілген құны формула бойынша есептеледі:

мұндағы:
Pi – i-ші төлем сомасы;
r – жылдық дисконттау мөлшерлемесі;
Жылдық дисконттау мөлшерлемесі конкурстың барлық қатысушылары үшін бірыңғай болып табылады және "дисконттау мөлшерлемесі (базалық мөлшерлеме) + 2%" тең. Бұл ретте есептеулерде төлемдер валютасымен көрсетілген елдің орталық банкінің есептік мөлшерлемесі (базалық мөлшерлемесі) пайдаланылады.
di – i-ші төлемнің нақты күні;
d1 – конкурс жеңімпазын анықтау күні (конкурстың барлық қатысушылары үшін бірыңғай болып табылады).
Егер жобаның базалық NPV теріс болған жағдайда, "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасының коммерциялық тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында өтеудің базалық қаржы-экономикалық моделіне өнім берушінің шығындарын өтеуді және "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің белгіленген лимиттерін "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы заңнама ережелерін сақтай отырып кіріс алуды, пайда мен шығындар арақатынасын, институционалдық схеманы және "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасының басқа да ерекшеліктерін енгізу арқылы кеңейтілген қаржы-экономикалық модель әзірленеді.";
34-29-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"34-29. "Меншік және/немесе қарыз қаражатын қоса алғанда, өнім берушінің қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасын жоспарлау сатысында "толық бітіріп берілетін" құрылыс объектісін құру кезіндегі инвестициялардың болжамды мөлшері мынадай формула бойынша өнім берушінің барлық шығыстарының сомасы ретінде айқындалады:";.
34-31-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) өзге де операциялық шығындар, оның ішінде: заттай нормалар немесе материалдық қорлар, "толық бітіріп берілетін" құрылыс объектісін іске қосу және оның жұмыс істеуі үшін қажетті салалық шығыстар ескеріледі.";
148-тармақтың 2) тармақшасының жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жаңа объектілерді құруға (салуға) не қолда бар объектілерді реконструкциялауға бағытталған Инвестицияларды жүзеге асыру кезінде Инвестициялардың ҚЭН құрамында құрылыстың есептік құны, жерге орналастыру жобасы немесе жер-кадастрлық жоспар ұсынылатын "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобаларын қоспағанда, ЖСҚ-ға ведомстводан тыс кешенді сараптаманың қорытындысы (қажет болған жағдайда жер меншік иелерінің шығындарын есептеуді қоса бере отырып алынатын алқаптардың түріне байланысты ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісінің шығындары), техникалық шарттар ұсынылады.".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономика салаларын дамыту және инвестициялық жобаларды мониторингтеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыру үшін жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
С. Жумангарин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
