Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 110 "Әулиекөл ауданының жолаушыларды тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдауға тарифтерді белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 198427 тіркелген) мынадай өзгеріс:
көрсетілген қаулының 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
Әулиекөл ауылы жолаушыларын "Сигнал дүкені" – Орталық – Аудандық аурухана – ДСУ 20" № 1 маршрутына 100 теңге мөлшерінде тариф белгіленсін, "Әулиекөл – Аманқарағай – Әулиекөл" № 2 маршрутына әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауға Аманқарағай және Әулиекөл ауылдарының ішінде 100 теңге, Аманқарағай және Әулиекөл ауылдарының арасында 150 теңге тариф белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Ж. Таукенов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Әулиекөл аудандық
мәслихатының төрағасы
________ Д. Қойшыбаев
