"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағы 9) тармақшасына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабының 4-тармағына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әулиекөл ауылы жолаушыларын "Сигнал дүкені" – Орталық – Аудандық аурухана – ДСУ 20" № 1 маршрутына 100 теңге мөлшерінде тариф белгіленсін, "Әулиекөл – Аманқарағай – Әулиекөл" № 2 маршрутына әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауға Аманқарағай және Әулиекөл ауылдарының ішінде 100 теңге, Аманқарағай және Әулиекөл ауылдарының арасында 150 теңге тариф белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 09.06.2026 № 102 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы қаулының орындалуын бақылау Әулиекөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Ж. Таукенов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Әулиекөл аудандық
мәслихатының төрағасы
Д. Қойшыбаев
