Қарақия ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 13 қаңтардағы № 1 "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін жаңа редакцияда бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 23 сәуірдегі № 116 қаулысы

      Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарақия ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 13 қаңтардағы № 1 "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін жаңа редакцияда бекіту туралы" қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін;

      Көрсетілген қаулымен бекітілген "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесінің 17-тармағы келесі мазмұндағы 36) тармақшасымен толықтырылсын:

      "36) "Ауыл ел бесігі" бағдарламалары аясында құжаттамаларды жинақтайды, қорғайды және бағдарламалар бағыты бойынша жұмыстарын жүргізеді; ".

      2. "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны ресми жариялап және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдасын;

      2) осы қаулыны Қарақия ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын.

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қолдансын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім С. Төретаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады