"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
2. "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны ресми жариялап және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдасын;
2) осы қаулыны Қарақия ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын.
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қолдансын.
3. Қарақия ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 25 маусымдағы № 156 "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін жаңа редакцияда бекіту туралы" қаулысы жойылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Әкім | С. Төретаев |
| Қарақия ауданы әкімдігінің 2026 жылғы " " _______ № қаулысымен бекітілген |
"Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудан аумағында экономикалық саясатты, аудандық бюджетті жоспарлау және атқару, мемлекеттік аудандық коммуналдық меншікті басқару саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру аясында мемлекттік басқару функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөр таңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Маңғыстау облыстық Департаментінің Қарақия аудандық қазынашылық басқармасында шоттары болады.
5. "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, аудан әкімдігінің атынан азаматтық – құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес аудан әкімдігімен бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 130300 Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Досан Батыр көшесі, № 8 ғимарат.
10. Мемлекеттік органның толық атауы:
Мемлекеттік тілде: "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
Орыс тілде: государственное учреждение "Каракиянский районный отдел экономики и финансов".
11. "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы - Қарақия ауданының әкімдігі болып табылады.
12. Осы Ереже "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
13. "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
14. "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаттары мен өкілеттіктері
15. Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімінің миссиясы:
аудан аумағында экономикалық саясат, мемлекеттік жоспарлау, бюджеттің атқарылуы және аудандық коммуналдық меншікті басқару саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу және жүзеге асыру.
16. Міндеттері:
1) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы негізгі бағыттарын, стратегиялық мақсаттары мен саясаттың басымдығын қалыптастыру;
2) бюджеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу;
3) аудан бюджетін атқару барысын үйлестіруді ұйымдастыру;
4) аудандық коммуналдық мүлікті басқару.
17. Функциялары:
1) бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында функцияларды жүзеге асырады;
2) жергілікті бюджеттерді облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді;
3) облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжайды;
4) есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдаудың және бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижелерін ескере отырып:
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, аумақтарды дамыту бағдарламасының көрсеткіштеріне және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген бағалардың дерекқоры да пайдаланылады;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды;
Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін, бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды тиісті бюджет комиссиясының қарауына жібереді;
5) аудан бюджетінің жобасын жасайды және оны ауданның бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді;
6) бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіреді;
7) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, жергілікті бюджеттер бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды, бекітеді және жүргізеді;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджетке түсетін түсімдердің толық және уақтылы есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізеді;
9) артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына жауапты және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан, трансферттерден, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларынан, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, қарыздардан түсетін түсімдердің бюджетке түсуін бақылауды жүзеге асырады;
10) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджет ақшасын басқарады;
11) бюджеттік мониторингті жүзеге асырады;
12) әкімдікке, облыстың тексеру комиссиясына, облыстың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органына және Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органға аудан бюджетінің атқарылуы туралы есепті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексімен көзделген басқа да есептерді береді;
13) есепті қаржы жылына аудан бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен қоса әкімдікке және Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органға ұсынады;
14) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаларын қарайды және бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне олар бойынша экономикалық қорытынды жібереді;
15) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуына мониторингті және бағалауды жүзеге асырады;
16) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жергілікті бюджеттік инвестициялардың іске асырылуы мониторингін және оны бағалауды жүзеге асырады;
17) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттік кредит беру туралы шешім қабылдайды;
18) бірыңғай бюджеттік сыныптаманың санаттары, сыныптары және кіші сыныптары бойынша жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау 52 баптың 2 тармаққа сәйкес әзірленетін әдістеме негізінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
19) ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік бағдарлама-ларына арналған бюджет шығыстары лимиттерін қалыптастырады, атқарушы органдардың функциялары мен штаттық кестелерін талдауды жүзеге асырады;
20) аудандық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерін қарайды және келіседі;
21) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
22) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және жекешелендіру объектілерін сату қағидасына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша жұмыстарын жүргізеді;
23) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалға (жалдауға), сенімгерлік басқаруға береді;
24) аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) береді;
25) аудандық коммуналдық мүліктің пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;
26) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп береді;
27) аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;
28) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады;
29) сенімгерлікпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;
30) Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 10-шы бабымен қаралған жағдайлар мен тәртіпте мүліктерді беру бойынша жұмыс жүргізеді;
31) аудан әкімінің қолдаухаты негізінде республикалық, облыстық коммуналдық меншіктен қабылданған мүлікті беру туралы шешімдер қабылдайды;
32) мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті регламенттері мен стандарттарын, әкімшілік рәсімдерін сақтайды;
33) "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің цифрландыру бойынша тиісті шаралар қабылдайды;
34) жергілікті өзін-өзі басқарудың төртінші деңгейлі бюджеті бойынша тиісті жұмыстарды жүргізеді;
35) "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
36) "Ауыл ел бесігі" бағдарламалары аясында құжаттамаларды жинақтайды, қорғайды және бағдарламалар бағыты бойынша жұмыстарын жүргізеді;
Ескерту. 17 тармаққа өзгерістер енгізілді - Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 23.04.2026 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).18. Құқықтары мен міндеттері:
1) міндеттелген функцияларды атқару үшін мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдардан тиісті мәліметтерді сұрайды және алады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда бюджет қаражаттарын қайтаруды және қаржыландыруды тоқтатуды қамтамасыз етеді;
3) аудан бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерден, сонымен қатар, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен бюджеттің атқарылу туралы есептерді алады;
4) жеке және заңды тұлғалармен келісім-шартқа тұрады, өзара міндеттемелерінің сипаты мен шарттарын анықтайды;
5) "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзырына жататын мәселелер бойынша аудан әкімінің шешімдерінің, өкімдерінің, аудан әкімдігінің қаулыларының, сонымен қатар, аудандық мәслихаттың шешімдерінің жобаларын дайындауға қатысады;
6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің, бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
19. "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
20. "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қарақия ауданының әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
21. "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
22. "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) мемлекеттік органның атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) барлық органдарда мемлекеттік органның мүддесін қорғайды;
3) сектор меңгерушісінің және басқа да қызметкерлерінің құзырын белгілейді;
4) мемлекеттік органның мүлкіне қожалық етеді, келісім жасайды, сенімхаттар береді;
5) банкте есеп шоттар ашады;
6) барлық қызметкерлерге міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;
7) мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;
8) қызметшілерді іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, оларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
9) қызметкерлерді марапаттайды және тәртіптік шаралар қолданады;
10) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
11) облыстың жергілікті атқарушы және өкілді органдары қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылайды;
12) сыбайлас құқық бұзушылықтарға қарсы қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты;
13) заңдылықпен және осы Ережемен жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асырады.
14) "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
23. Бірінші басшы сектор меңгерушісінің өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
24. "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
"Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
25. "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне берілген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі
27. "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс уақыты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленеді.
6. "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
28. "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қарақия ауданы әкімдігінің қаулысы бойынша жүзеге асырылады.
29. "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркеледі.
7. "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
30. "Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
