"Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 мамырдағы № 103-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2026 жылғы 10 маусымдағы № 172-НҚ бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 мамырдағы № 103-НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілзін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидаларында:

      4-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) байланыс қызметтері (қалааралық телефонмен сөйлесулер, телефон үшін абоненттік төлем, пошта шығыстары, факс, электрондық пошта, интернет желісі);".

      2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына мемлекеттік және орыс тілдерінде жіберуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрі
Н. Нұржігітов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады