Қарағанды облысының Қарағанды қаласы мен Бұқар жырау ауданының шекарасын (шегін) өзгерту туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2026 жылғы 6 мамырдағы № 28/01 бірлескен қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының 2026 жылғы 6 мамырдағы № 392 шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қарағанды қаласы мен Бұқар жырау ауданы әкімдіктерінің және мәслихаттарының бірлескен ұсыныстары негізінде Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Осы бірлескен қаулы мен шешімге қосымшаға сәйкес Бұқар жырау ауданы жерінің жалпы ауданы 281 гектар бөлігін қосу және әкімшілік бағынысына беру арқылы Қарағанды қаласының шекарасы (шегі) жалпы ауданы 50061 гектарға өзгертілсін.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешімге қосымшаға сәйкес Бұқар жырау ауданы жерінің жалпы ауданы 281 гектар бөлігін Қарағанды қаласына беру арқылы Бұқар жырау ауданының шекарасын жалпы ауданы 1435535 гектарға өзгертілсін.

      3. Осы бірлескен Қарағанды облысы әкімдігі қаулысының және Қарағанды облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Қарағанды облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Бөлекпаев
      Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы Н. Кобжанов

  Бірлескен 2026 жылғы 6 мамырдағы
№28/01
Қарағанды облысы әкімдігінің
қаулысына және
2026 жылғы 6 мамырдағы № 392
Қарағанды облысы мәслихатының
шешіміне қосымша

Қарағанды қаласының схемалық картасы



 


 

Қарағанды қаласының жерлерінің экспликацияс

Р/с №

Жерлердің атауы

Жалпы ауданы (гектар)

оның ішінде

ауыл шаруашылығы алқаптары

орман алқаптары

басқа да жерлер

егістік

көп жылдық екпелер

кен орындары

шабындық

жайылымдар

1

Қарағанды қаласының бекітілген шекарасы (шегі)

49780

3511

1015

2247

108

10513

3223

29163

2

Қарағанды қаласының шекарасына (шегіне) қосылатын Бұқар жырау ауданың жерінен жер көлемі

281





192,7823


88,2177

3

Қарағанды қаласының шекарасы (шегі)

50061

3511

1015

2247

108

10705,7823

3223

29251,2177

Бұқар жырау ауданының схемалық картасы

     


Бұқар жырау ауданының экспликациясы

№ п/п

Жерлердің атауы

Жалпы ауданы (гектар)

жалпы ауданы (гектар)

ауыл шаруашылығы алқаптары

орман алқаптары

басқа да жерлер

егістік

көп жылдық екпелер

кен орындары

шабындық

жайылымдар

1

Бұқар Жырау ауданының бекітілген шекарасы (шегі)

1439320

171655

255

147314

36483

976105

9072

98436

2

Бұқар Жырау ауданы Тұзды ауылдық округінің жерінен Қарағанды қаласының шекарасына (шегіне) өтетін жер көлемі

281





192,7823


88,2177

3

Бұқар Жырау ауданының шекарасы (шегі)

1439039

171655

255

147314

36483

975912,2177

9072

98347,7823


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады