Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қарағанды қаласы мен Бұқар жырау ауданы әкімдіктерінің және мәслихаттарының бірлескен ұсыныстары негізінде Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осы бірлескен қаулы мен шешімге қосымшаға сәйкес Бұқар жырау ауданы жерінің жалпы ауданы 281 гектар бөлігін қосу және әкімшілік бағынысына беру арқылы Қарағанды қаласының шекарасы (шегі) жалпы ауданы 50061 гектарға өзгертілсін.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешімге қосымшаға сәйкес Бұқар жырау ауданы жерінің жалпы ауданы 281 гектар бөлігін Қарағанды қаласына беру арқылы Бұқар жырау ауданының шекарасын жалпы ауданы 1435535 гектарға өзгертілсін.
3. Осы бірлескен Қарағанды облысы әкімдігі қаулысының және Қарағанды облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Қарағанды облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қарағанды облысының әкімі | Е. Бөлекпаев |
| Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы | Н. Кобжанов |
| Бірлескен 2026 жылғы 6 мамырдағы №28/01 Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысына және 2026 жылғы 6 мамырдағы № 392 Қарағанды облысы мәслихатының шешіміне қосымша |
Қарағанды қаласының схемалық картасы
|
|
Қарағанды қаласының жерлерінің экспликацияс
Р/с № | Жерлердің атауы | Жалпы ауданы (гектар) | оның ішінде | ||||||
ауыл шаруашылығы алқаптары | орман алқаптары | басқа да жерлер | |||||||
егістік | көп жылдық екпелер | кен орындары | шабындық | жайылымдар | |||||
1 | Қарағанды қаласының бекітілген шекарасы (шегі) | 49780 | 3511 | 1015 | 2247 | 108 | 10513 | 3223 | 29163 |
2 | Қарағанды қаласының шекарасына (шегіне) қосылатын Бұқар жырау ауданың жерінен жер көлемі | 281 | 192,7823 | 88,2177 | |||||
3 | Қарағанды қаласының шекарасы (шегі) | 50061 | 3511 | 1015 | 2247 | 108 | 10705,7823 | 3223 | 29251,2177 |
Бұқар жырау ауданының схемалық картасы

Бұқар жырау ауданының экспликациясы
№ п/п | Жерлердің атауы | Жалпы ауданы (гектар) | жалпы ауданы (гектар) | ||||||
ауыл шаруашылығы алқаптары | орман алқаптары | басқа да жерлер | |||||||
егістік | көп жылдық екпелер | кен орындары | шабындық | жайылымдар | |||||
1 | Бұқар Жырау ауданының бекітілген шекарасы (шегі) | 1439320 | 171655 | 255 | 147314 | 36483 | 976105 | 9072 | 98436 |
2 | Бұқар Жырау ауданы Тұзды ауылдық округінің жерінен Қарағанды қаласының шекарасына (шегіне) өтетін жер көлемі | 281 | 192,7823 | 88,2177 | |||||
3 | Бұқар Жырау ауданының шекарасы (шегі) | 1439039 | 171655 | 255 | 147314 | 36483 | 975912,2177 | 9072 | 98347,7823 |






