Сот әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдарды арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2025 жылғы 7 қарашадағы № 138 бұйрығы

      "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 3-тармағының 7) тармақшасын, 4-тармағын іске асыру мақсатында "Қазақстан Республикасы прокуратурасы органдарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы Ереженің 19-тармағының 37) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған сот әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдарды арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізу, пайдалану және сақтау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне электрондық түрде ресми жариялауға қазақ және орыс тілдерінде жіберу;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсына орналастырылуын;

      3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне, сондай-ақ Комитеттің аумақтық және оларға теңестірілген органдарына орындау үшін жолдануын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Б. Асылов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сот әкімшілігі

  Бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2025 жылғы 7 қарашадағы
№ 138 бұйрығымен бекітілген

Сот әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдарды арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізу, пайдалану және сақтау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сот әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдарды арнайы есепке мәліметтерін жүргізу, пайдалану және сақтау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) сот әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдарды арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізу, пайдалану және сақтау тәртібін айқындайды (бұдан әрі – арнайы есепке алу).

      2. Арнайы есепке алу үшін азаматтық іс бойынша азаматты әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеті шектеулі деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі негіз болып табылады.

      3. Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелерінің жауапты адамдары (бұдан әрі – Сот әкімшілігі) сот органдарының ақпараттар жүйесіне енгізілетін арнайы есепке алу мәліметтерінің уақытылығын, толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді.

      4. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органдарының басшыларына "Талдау орталығы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ТО ААЖ) арнайы есепке алу мәліметтерін қалыптастырудың уақытылы, толық және дұрыс енгізілуін қамтамасыз етеді.

2-тарау. Арнайы есепке алуды жүргізу тәртібі

      5. Арнайы есепке алуды Комитеттің аумақтық органдары "Әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамға арналған карточка" (бұдан әрі – карточка) электрондық ақпараттық есепке алу құжатының негізінде осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізеді.

      6. Карточка ТО ААЖ-де автоматты түрде Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылы 2 қаршадағы №124 бұйрығымен бекітілген "Азаматтық-құқықтық саладағы сот есептерінің нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16009 болып тіркелген) бірінші сатыдағы сотпен қаралған азаматтық іске (өтінішке) электрондық ақпараттық есепке алу құжатының 12-бөлімінің 8, 13 деректемелері негізінде қалыптасады.

      7. Адамды арнайы есепке қойғанда Комитеттің аумақтық органдары жүзеге асырады:

      1) азаматтық іс бойынша әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеті шектеулі деп тану туралы сот шешімін карточканың мәліметтерімен салыстыруды;

      2) осы адамды арнайы есепке алудың келесі түрлері бойынша тексеруді:

      сот әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдар;

      анықтаудан, тергеуден, соттан жасырынған, сондай-ақ жазасын өтеуден немесе пробациялық бақылауды жүзеге асырудан жалтарған іздестірудегі адамдар;

      хабарсыз кеткен іздестірудегі адамдар;

      атқарушылық істер жүргізу бойынша борышкерлер, мемлекет мүддесіне орай, сондай-ақ алименттер өндіріп алу, мертігуден немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан, асыраушысының қайтыс болуынан келген зиянды өтеу туралы талап қоюлар бойынша жауапкерлер болып табылатын іздестірудегі адамдар;

      туыстарымен байланысын жоғалтқан адамдар.

      Карточкадағы мәліметтердің азаматты азаматтық іс бойынша әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеті шектеулі деп тану туралы сот шешімімен сәйкессіздігі анықталған жағдайда Комитеттің аумақтық органы бір жұмыс күні ішінде Сот әкімшілігінің аумақтық бөлімшелеріне ақпарат жолдайды.

      Адамдарды әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеті шектеулі деп қайта тану дерегі анықталған жағдайда, Комитеттің аумақтық органы бір жұмыс күні ішінде тиісті шаралар қабылдау үшін, заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын прокурорға, іздестіру есебіндегі адам анықталған жағдайда – іздестіру бастамашысына ақпарат жолдайды.

      8. Арнайы есептен шығаруды ТО ААЖ-дегі "есепте тұр" деген мәртебені "есептен шығарылған" деген мәртебеге ауыстыру жолымен, растайтын құжаттарды ұсыну (салу) арқылы Комитеттің аумақтық органы хатының негізінде Комитет жүзеге асырады.

      9. Арнайы есептен шығаруға мыналар негіз болып табылады:

      1) әрекетке қабілетінің толық қалпына келуі туралы сот шешімі;

      2) адамды әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеті шектеулі деп тану туралы шешімді жою жөніндегі сот шешімі;

      3) сот шешімімен әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамның өлімі.

      10. Комитеттің аумақтық органдары тоқсан сайын 30-күні азаматтық-құқықтық саладағы сот есептерінің көрсеткіштерімен ТО ААЖ арнайы есепке алу мәліметтерімен салыстыру жүргізеді.

3-тарау. Арнайы есепке алу мәліметтерін пайдалану және сақтау тәртібі

      11. Адамды әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеті шектеулі деп тану туралы сот шешімінің қайталап шығарылуын болдырмау мақсатында, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 323-бабының тәртібінде өтініш келіп түскенде Комитеттің аумақтық органы соттың талабы бойынша арнайы есепке алу бойынша тексеру жүргізеді және бес жұмыс күнінің ішінде адамды әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеті шектеулі деп тану туралы ақпараттың бар немесе жоқ екені туралы мәліметті ұсынады.

      Әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеті шектеулі деп арнайы есепке алынған адамға қатысты талап келіп түскен жағдайда, Комитеттің аумақтық органдары азаматтық істің нөмірі және шешім шығарған сот туралы мәліметтерді соттарға хабарлайды.

      12. Сот әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдар туралы, арнайы есепке алу мәліметтерін пайдалану және сақтау тәртібі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген) бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарды арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау және күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық есебін жүргізу қағидаларымен реттеледі.

  Қағидаларына қосымша/
  Сот әрекетке қабілетсіз және әрекетке
  қабілеті шектеулі деп таныған
  адамдарды арнайы есепке
  алу мәліметтерін жүргізу,
  пайдалану және сақтау
  қағидаларына
  қосымша

      нысан

Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамға арналған карточка

1. Тегі ____________________________________________________________________________
2. Аты
____________________________________________________________________________
3. Әкесінің аты (ол болған жағдайда) ____________________________________________
4. Туған күні "__" _____ __ жыл
5. Туған жері (анықтама бойынша)
6. Жынысы (анықтама бойынша)
7. Ұлты (анықтама бойынша)
8. Жеке басты куәландыратын құжат (анықтама бойынша)
8.1 Сериясы _________________
8.2 Кіммен берілген (анықтама бойынша)
8.3 Берілген күні "__" ________ ___жыл
9. Азаматтығы (анықтама бойынша)
10. Жеке сәйкестендіру нөмірі /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/
11.Шешім қабылдаған органның атауы (анықтама бойынша)
11.1 Шешім қабылдаған күн "__" ________ ___жыл
11.2 Соттағы істің нөмірі /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/
12. Таныды (анықтама бойынша)
12.1 Жағдайы (анықтама бойынша)
12.2 Алу туралы шешім қабылдаған органның атауы (анықтама бойынша)
12.3 Алу туралы соттағы істің нөмірі /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/
12.4 Алу туралы шешім қабылдаған күн "__" ________ ___жыл
13. ҚР ҚПК 323- бабына сәйкес өтініш бойынша (анықтама бойынша)
14. Есептен алу күні "__" ________ ___жыл
14.1 Есептен алудың негізі (анықтама бойынша)
15. Қайтыс болғаны туралы куәлік немесе хабарлама берген орган (анықтама бойынша)
15.1 Қайтыс болғаны туралы куәлікті немесе хабарламаны тіркеген күн "__" ____ ___жыл
16. Карточканы қалыптастырған прокурордың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (анықтама бойынша)
____________________________________________________________________________
16.1 Карточканы қалыптастырған күн "__" ________ ___жыл
17. Мәліметтерге түзету жүргізген прокурордың тегі, аты, әкесінің аты (анықтама
бойынша)____________________________________________________________________
17.1 Түзету енгізген күн "__" ________ ___жыл
18. Ескерту
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады