ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 600-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 17 қазандағы № 517/НҚ бұйрығымен бекітілген Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес, Арыс қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Түркістан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 25.03.2026 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. 2026 жылға Арыс қаласында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Арыс қаласының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы М.Асанов, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Арыс қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев жүктелсін.
4. Осы қаулы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Арыс қаласының әкімі | Қ.Маңқараев |
| Арыс қаласы әкімдігінің 2025 жылғы "_21_" __қараша__ № 741 қаулысына қосымша |
2026 жылға Арыс қаласында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын есепке алынатын аймаққа бөлу коэффициенті
Қ/с | Ауыл округ атауы | Елді мекен атауы | Аймаққа бөлу коэффиценті |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Арыс қаласы №1 | 2,10 | |
2 | Арыс қаласы №2 | 2,10 | |
3 | Арыс қаласы №3 | 2,10 | |
4 | Арыс қаласы №4 | 2,10 | |
Ақдала ауылдық округі | |||
5 | Ақдала елді мекені | 1,85 | |
6 | Пәкентай Арапов елді мекені | 1,75 | |
Байырқұм ауылдық окургі | |||
7 | Байырқұм елді мекені | 2,00 | |
8 | Жосалы елді мекені | 1,00 | |
9 | Көкжиде елді мекені | 2,00 | |
Дермене ауылдық округі | |||
10 | Дермене елді мекені | 1,85 | |
11 | Саналы елді мекені | 1,65 | |
12 | Қаражантақ елді мекені | 1,55 | |
13 | Орманды елді мекені | 1,45 | |
14 | №40 разъезд елді мекені | 0,90 | |
15 | Теміржолшы елді мекені | 1,65 | |
16 | Қызылкөпір елді мекені | 1,95 | |
Жиделі ауылдық округі | |||
17 | Жиделі елді мекені | 2,00 | |
18 | Аққала елді мекені | 1,95 | |
Монтайтас ауылдық округі | |||
19 | Монтайтас елді мекені | 1,85 | |
20 | Ақтас елді мекені | 1,45 | |
21 | Бақырша елді мекені | 1,10 | |
22 | Қабылсай елді мекені | 1,85 | |
23 | Атамекен елді мекені | 1,85 | |
24 | №42 разъезд елді мекені | 1,30 | |
25 | Тоғансай елді мекені | 1,25 | |
26 | Шағыр елді мекені | 1,75 | |
Қожатоғай ауылдық округі | |||
27 | Қожатоғай елді мекені | 1,95 | |
28 | Байтоғай елді мекені | 1,75 | |
29 | Бұлақ елді мекені | 1,00 | |
30 | Дарбаза елді мекені | 0,90 | |
31 | Шөгірлі елді мекені | 1,75 | |