Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Арыс қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 21 қарашадағы "2026 жылға Арыс қаласында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" № 741 қаулысына мынандай өзгеріс енгізілсін:
1) көрсетілген қаулының кіріспесі мынандай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 600-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 17 қазандағы № 517/НҚ бұйрығымен бекітілген Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес, Арыс қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Арыс қаласының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Арыс қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Арыс қаласының әкімі | Қ. Маңқараев |