"Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 11 қыркүйектегі № 3/626 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес "Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) Мекемені Алматы қаласының әділет органдарында қайта тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес Алматы қаласы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды

  Алматы қаласы әкімдігінің
2025 жылғы "___" ____________
№ _____қаулысына 1 қосымша

"Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылым және түрғын үй инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Алматы қаласының аумағындағы тұрғын үй қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінде қауіпті құрылғыларды, газ тұтыну жүйелерін және газ жабдықтарын қауіпсіз техникалық пайдалану және қала тұрғындарының жайлы тұруы үшін қауіпсіз ортаны қалыптастыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Құрылтайшысы Алматы қаласының әкімдігі.

      2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларына, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Басқарма өз құзыретіндегі мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. "Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі. Жұмыс уақыты бес тәуліктік.

      8. Басқарманың орналасқан жері: 050021, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Достық даңғылы, 85.

      9. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері

      12. Мақсаттары:

      1) қала аумағында тұрғындардың өмір сүру жағдайларының сапасын арттыру;

      2) тұрғын үйді жаңғырту;

      3) халықтың тұрғын үйге ұқыпты қарауын қалыптастыру және тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша тұрғындардың белсенділігін арттыру;

      4) лифт, газ және қазандық жабдықтарын пайдалану мәселелеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      5) мұқтаж азаматтарға тұрғын үйлерді бөлу мәселелеріндегі толық айқындылық және ашықтылық;

      6) қала аумағында санитарлық жағдайды жақсарту;

      13. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі;

      заңнамаға сәйкес өкілеттілік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар;

      Қазақстан Республикасы заңнамасына және осы Ережеге сәйкес өз құзыреті шегінде Басқарманың бұйрықтарымен және басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдау;

      мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан және жеке тұлғалардан қажетті ақпаратты сұрау және алу;

      тексерулер жүргізу кезінде тексерілетін объектіге бару;

      тексеру жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұрау, тексеруге қатысты құжаттардың түпнұсқаларымен танысу;

      жергілікті бюджет қаражаты есебінен ерекше метеожағдайлар кезеңінде қосымша ресурстар (мамандандырылған техника, жол жұмысшылары) тарту;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      2) міндеттері:

      Алматы қаласының бюджетінен Басқармаға бөлінген ақша қаражатын оңтайлы және тиімді пайдалану және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды қамтамасыз ету;

      заңнамамен қарастырылған жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету;

      тұрғын үй қорына түгендеуді өз бетінше не ұйымдарды тарта отырып жүргізуді қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 172 бұйрығымен бекітілген Ақпаратты электрондық нысанда қалыптастыру, өңдеу, сондай-ақ орталықтандырылған түрде жинау және сақтау, оның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу қағидаларына сәйкес(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20245 болып тіркелген) (бұдан әрі - Ережелер), қорытынды мәліметтерді толтыра отырып, жұмыс істеп тұрған көппәтерлі тұрғын үйлерді есепке алуды жүзеге асыру;

      кондоминиум объектісін басқару нысандары және кондоминиум объектісін басқару субъектілері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің тізілімін жүргізуді жүзеге асыру;

      кондоминиум объектісін басқару субъектілерінің және көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушылардың тізілімін жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастыра отырып жүргізуді жүзеге асыру;

      тексеру жүргізу кезінде тексеріліп жатқан объектінің белгіленген жұмыс тәртібіне кедергі жасамау.

      14. Функциялары:

      1) мемлекеттік қызметтер көрсету;

      2) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      3) петицияларды қарау;

      4) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды анықтау;

      5) Алматы қаласының құрылыс саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын әлеуметтік объектілерді салу, реконструкциялау және сейсмикалық күшейту жөніндегі жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қатысу;

      6) қаланың тұрғын үй қорын жаңғырту бойынша бағдарламаны іске асыру;

      7) аула аумақтарын абаттандыру бойынша қалада жүргізілетін жұмыстарды үйлестіру;

      8) Алматы қаласының аумағында дератизациялау жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау;

      9) халықтың және кондоминиум объектілерін басқару органдарының арасында тұрғын үй заңнамасының мәселелері бойыншша ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

      10) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін сақтау бойынша меншік иелерінің жауапкершілігін көтеруге бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізу;

      11) пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқару нысанын таңдау, ағымдағы және жинақ шоттарын ашу рәсімін сақтау;

      12) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалау құжаттарына сәйкес оны күтіп-ұстау және жөндеу бойынша жұмыстарды уақтылы орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

      13) жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жобалау ұйымын анықтауға және жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға конкурс өткізуге бақылауды жүзеге асыру;

      14) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстардың сапасына бақылауды жүзеге асыру;

      15) тұрғын үй саласын дамыту бойынша азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық орнату;

      16) тұрғын үй саласын дамыту және ұсынылатын қызметтер сапасын жақсарту бойынша әлемдік озық тәжірибені енгізу;

      17) әлеуметтік инфрақұрылым объектілерде қауіпті техникалық құрылғыларды есепке алуды және есептен шығаруды жүзеге асыру;

      18) әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қолданылатын қауіпті техникалық құрылғылардың (қысыммен жұмыс істейтін жүккөтергіш механизмдерді, қазандықтарды және түтіктерді) қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру;

      19) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      20) тұрмыстық баллондарды және газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      21) жеке кәсіпкерлердің, ұйымдардың қауіпті өндірістік объктілерді, техникалық құрылғыларды пайдаланұға байланысты қызметінің және/немесе қызметінің жекелеген түрлерінің сот шешімінсіз адамдардың өміріне және/немесе денсаулығына қатер төндіретін ерекше жағдайларда үш күннен аспайтын мерзімге, көрсетілген мерзімде сотқа міндетті түрде талап-арыз бере отырып, тоқтата тұру немесе тыйым салу;

      22) ұлттық стандарттарға сәйкес мүгедектерге арналған лифтілерді, эскалаторларды, траволаторлар мен көтергіштерді пайдалануды, оларға техникалық қызмет көрсетуді, техникалық куәландыруды, техникалық диагностикалауды, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды техникалық куәландыруды жүргізуге мемлекеттік қадағалау жүргізу;

      23) әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде авариялық жағдайлардың алдын алуға және жоюға бағытталған профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру;

      24) өз құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірге қауіпті техникалық құрылғылардың аварияларын (апаттарын) тергеуге қатысу;

      25) мемлекеттік қызметтерді одан әрі оңтайландыру және автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізу;

      26) мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалар шеңберінде тұрғын үй алған азаматтарға құқық белгілейтін құжаттарды рәсімдеу;

      27) тұрғын үй сертификаттарын беру бойынша мемлекеттік қызмет стандарты талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;

      28) тоқсанына кемінде бір рет жалға алушылардың жалға берілетін тұрғынжайды мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізуді жүзеге асыру;

      29) мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде салынған пәтерлерді Басқарманың теңгеріміне тіркеу;

      30) қаржы ұйымдарына банктік біліктілікті тексеру үшін жолдама беруді жүзеге асыру;

      31) сотта, сондай-ақ мемлекеттік органдарда, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда Басқарманың қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен Басқарма мүддесін білдіру;

      32) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңында қарастырылған шарттарда және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіпте Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншігіне тұрғын үйлерді беруді жүзеге асыру;

      33) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау шартын ресімдеу;

      34) "мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру" мемлекеттік қызметін көрсету;

      35) көппәтерлі тұрғын үйді техникалық тексеруді ұйымдастыру;

      36) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін өткізу тізбесін, кезеңдерін және кезектілігін белгілеу;

      37) кондоминиум объектісін басқару органы берген, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін өткізуге шығыстар сметасын келісу;

      38) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау бойынша комиссияларға қатысу;

      39) кондоминиум объектісінде және кондоминиум объектісіне қарасты аумақта пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуын бақылау;

      40) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері өтініштер берген кезде кондоминиум объектілерін басқару бойынша тексерулер жүргізу;

      41) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ережелерін бұзу туралы актілер жасау;

      42) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-үстау ережелерін бұзуды жою бойынша орындалуы міндетті ұйғарымдар (ұсыныстар) енгізу, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау;

      43) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері өтініш берген кезде кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі есептің болуын тексеруді жүргізу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      44) кондоминиум объектісінің жалпы мүлкін күтіп-ұстау ережелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қабылданған шешімдер мен ұйғарымдардың орындалуын бақылау;

      45) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексіне сәйкес тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінде қауіпті техникалық құрылғылардың, газ тұтыну жүйелерінің және газ жабдықтарының техникалық пайдалану қауіпсіздігі саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша жұмыстарды жүргізу;

      46) тұрғын үй бағдарламалары әкімгерінің (тапсырыс берушінің) қызметін атқару;

      47) қала аумағының санитарлық жағдайын жақсарту мәселелері бойынша мекемелер мен ұйымдардан келіп түсетін ақпарат пен өзге де материалдарға талдау жүргізу;

      48) қаланы санитарлық тазалау және көріктендіру бойынша қалалық кеңестер өткізу үшін материалдар дайындау;

      49) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, құзырет шегінде қала аумағында қауіпсіз өмір сүру және адамның тіршілік әрекеті үшін көше-жол желісін санитарлық тазалау бойынша қалалық көріктендіру қызметтерінің жұмысына мониторинг жүргізу және үйлестіруді жүзеге асыру;

      50) қала аумағын тазарту мен тиісті санитарлық жағдайын жүзеге асыратын ұйымдарға жәрдемдесу және үйлестіру;

      51) өз құзыреті шегінде аудан әкімдері аппаратының, жеке және заңды тұлғалардың қала аумағында санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстардың орындалу барысын үйлестіру;

      52) аудан әкімдері аппаратының және қала аумақтарын санитарлық тазалау жөніндегі мердігерлік ұйымдардың қызметіне мониторинг жүргізу;

      53) объектілер мен кешендердің ведомстволық бағынысты аумағында салу (реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту және күрделі жөндеу) көзделетін объектілерге мониторингті жүзеге асыру;

      54) қала аумағында тұрғындардың өмір сүруі үшін жайлы және қауіпсіз орта құру;

      55) санитарлық тазалау және көріктендіру бойынша жалпықалалық сенбіліктер мен маусымдық (көктемгі-күзгі) іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      56) мамандандырылған коммуналдық жинау техникасы паркін жаңарту бойынша жоспарлар мен құжаттамаларды дайындау;

      57) мемлекет пен азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғау мақсатында сот органдарына талап қою құқығымен Басқарма мен жергілікті атқарушы органның мүдделерін іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен сот органдарында қорғау;

      58) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Алматы қаласының әкіміне материалдар дайындау;

      59) Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 1083 бабына сәйкес мүлікті (тұрғын жай) иесіз қалған деп тану жөніндегі өтінішпен сот органдарына жүгіну;

      60) Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 242 бабына сәйкес жылжымайтын мүлікке мемлекеттік құқықты тіркейтін органға иесіз қалған мүлікті (тұрғын жайды) қабылдау туралы өтініштерді беру;

      61) жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысушысы болады;

      62) жергілікті атқарушы органның атынан мемлекеттің жауапкершілігі шектеулі серіктестікті басқару қатысушы ретінде қатысу құқықтарын жүзеге асыру;

      63) мемлекеттің қатысуымен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жұмыс үстеуі мен басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыру және жүргізу;

      64) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің алған таза табысын бөлу туралы шешімнің уақтылы қабылдануы және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне арналған дивидендтерді (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің таза табысының бір бөлігін) жалғыз қатысушы шешім қабылдаған күннен бастап он күн ішінде аудару; 65) қатысушылардың жылдық жалпы жиналыстарын өткізу кезінде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің таза табысының бір бөлігіне жергілікті атқарушы органмен белгіленген мөлшерде дивидендтерді (табыстау) төлеуге бағыттау үшін шаралар қабылдау;

      66) жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақша енгізу жолымен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына салымды, сондай-ақ коммуналдық мүлікті, оның ішінде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына қатысу үлестерін енгізуді жүзеге асырады;

      67) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер қатысушыларының жалпы жиналысына жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директорлар кеңесіне (байқау кеңесіне) тағайындау үшін кандидатура ұсыну және жергілікті атқарушы органдарымен бірге жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің директорлар кеңесінің (байқау кеңестерінің) құрамын қалыптастыру;

      68) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің Басқармаға жүктелген өзге де қызметтерді жүзеге асыру.

3. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      15. Басқармамен басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      16. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.

      17. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады.

      18. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) Басқарманың атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;

      3) шарттар жасайды;

      4) сенімхаттар береді;

      5) іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлердің қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқуы және басқа да қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатуы бойынша Басқарманың тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

      6) банк шоттарын ашады;

      7) Басқарманың қызметкерлерінің міндеттерін анықтайды;

      8) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және аталған шараларды қабылдауы үшін жеке жауапкершілікте болады;

      9) Басқарманың қызметкерлерін заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      10) Басқарманың қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте марапаттау шараларын қолданады және тәртіптік жазалар тағайындайды;

      11) өзінің құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

      12) Басқарманың құрылымын және Басқарманың бөлімдері туралы ережені бекітеді;

      13) Басқарманы мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда таныстырады;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      19. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4. Басқарманың мүлкі

      20. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      21. Басқарманың мүлкі, оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Басқармада бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Басқарманы қайта ұйымдастыру, тарату және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады, Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен, сот шешімімен.

      Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1) Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Алматы тазалық" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

      2) "Алматы тұрғын үй" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      3) "Салттық қызметтер көрсетудің арнаулы комбинаты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

  Алматы қаласы әкімдігінің
2025 жылғы __________
№ ___ қаулысына 2 қосымша

Алматы қаласы әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізбесі

      1. "Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2022 жылғы 1 маусымдағы №2/245;

      2. "Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2024 жылғы 26 сәуірдегі №2/279 қаулысының 1-тармағының 13) тармақшасы;

      3. "Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2024 жылғы 14 маусымдағы №2/345 қаулысының 1-тармағының 14) тармақшасы;

      4. "Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2022 жылғы 1 маусымдағы №2/245 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2025 жылғы 1 шілдедегі № 3/471.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады