Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 11 қыркүйектегі № 3/626 "Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: 1-қосымшада:
14-тармақ мынадай мазмұндағы 67-1) тармақшамен толықтырылсын: "67-1) Алматы қаласының коммуналдық меншік объектілерін реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болып табылады.".
2. Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Алматы қаласының әкімі | Д. Сатыбалды |
