Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 50-бабының 6-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму болжамын әзірлеу қағидалары, мерзімдері, құрылымы мен мазмұны, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
С. Жұманғарин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және ирригация министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2025 жылғы 28 мамырдағы № 41 Бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму болжамын әзірлеу қағидалары, мерзімдері, құрылымы мен мазмұны, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму болжамын әзірлеу қағидалары, мерзімдері, құрылымы мен мазмұны, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 50-бабының 6-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму болжамын әзірлеу тәртібін, мерзімдерін, құрылымы мен мазмұнын, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ашық бюджеттердің интернет-порталы – бюджеттік есептілікті, шоғырландырылған қаржылық есептілікті, азаматтық бюджетті, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін орналастыруды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді жария талқылауды қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;
2) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары – Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспары, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы және мемлекеттік органдардың даму жоспарлары, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарлары, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарлары;
3) ұзақ мерзімді даму болжамы (бұдан әрі – Ұзақ мерзімді болжам) – салық-бюджет саясатын қалыптастыру үшін экономикалық, макроэкономикалық көрсеткіштердің және мемлекеттік қаржының болжамды жай-күйін айқындайтын құжат және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу кезінде қаржылық қамтамасыз етілуін айқындау кезінде қолданылады;
4) бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган – бюджет саясаты, оның ішінде бюджет жүйесін дамыту саласында, мемлекеттік қаржыны басқару және кірістерді болжау, экономикалық саясат, инвестицияларды тарту саясаты, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, мемлекеттік инвестициялық жобалар, бюджетаралық қатынастар, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш, мемлекеттік активтерді басқару, Бюджет кодексінде белгіленген құзыреттер шегінде гранттар тарту және пайдалану саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган – бюджетті атқару, республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, бюджеттен тыс қорлардың атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
3. Ұзақ мерзімді болжам он жылдық кезеңге 3 (үш) жылда бір рет орталық уәкілетті және басқа да мемлекеттік жоспарлаудың қатысушылары ұсынатын деректер негізінде әзірленеді.
4. Ұзақ мерзімді болжамды бюджеттік саясат жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп мемлекеттік басқарудың республикалық деңгейінде әзірлейді, Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдайды және ресми интернет-ресурста, оның ішінде бюджеттік саясат жөніндегі орталық уәкілетті органның ашық бюджеттердің интернет-порталында жариялануға тиіс.
5. Ұзақ мерзімді болжам бюджетті нақтылау және түзету кезінде нақтыланбайды және түзетілмейді.
2-тарау. Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму болжамын әзірлеу тәртібі мен мерзімдері
6. Бюджеттік саясат жөніндегі орталық уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп ұзақ мерзімді болжамды әзірлеуді жүзеге асырады.
7. Орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдар жетекшілік ететін саладағы Ұзақ мерзімді болжам көрсеткіштерінің есептеулерін әдіснамалық қамтамасыз етуге сәйкес 3 (үш) жылда бір рет жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 15 сәуірінен кешіктірмей бюджеттік саясат бойынша орталық уәкілетті органға Ұзақ мерзімді болжам бөлімдерінің құрылымына, нысандарына, ақпарат пен көрсеткіштер тізбесіне сәйкес Ұзақ мерзімді болжам бөлімі көрсеткіштерінің болжамын және ақпаратты осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша ұсынады.
Бюджеттік саясат жөніндегі уәкілетті орган Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурста жарияланған қажет болған жағдайда болжамды деректерді пайдаланады.
Орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдардан көрсеткіштердің болжамы берілмеген жағдайларда бюджеттік саясат жөніндегі уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімде болжамдық көрсеткіштердің өзіндік бағасын қолданады.
8. Бюджеттік саясат жөніндегі орталық уәкілетті орган жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 15 мамырынан кешіктірмей алдағы жоспарланатын кезеңге арналған Ұзақ мерзімді болжам көрсеткіштерінің нұсқалық болжамын әзірлейді және оны бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік мүлік жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
9. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, мемлекеттік мүлік жөніндегі орталық уәкілетті орган Ұзақ мерзімді болжам көрсеткіштерінің нұсқа болжамы негізінде жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 20 мамырынан кешіктірмей бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік кредиттерді өтеудің, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдердің және мемлекеттік сектордың борыштық міндеттемелердің нұсқа болжамын жібереді.
10. Бюджеттік саясат жөніндегі орталық уәкілетті орган жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 1 маусымынан кешіктірмей алдағы жоспарланатын кезеңге арналған бюджеттік параметрлердің нұсқалық болжамын қоса алғанда, Ұзақ мерзімді болжам көрсеткіштерінің нұсқалық болжамын әзірлейді және республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) қарауына енгізеді.
11. Бюджеттік саясат жөніндегі орталық уәкілетті орган мүдделі орталық атқарушы органдармен бірлесіп жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 15 шілдесіне дейінгі мерзімде:
1) бюджеттік инвестициялар бойынша мемлекеттік шығыстардың және экономикалық өсуге мемлекеттік шығыстардың әсерін бағалауды жүргізеді;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 қазандағы № 93 бұйрықпен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24908 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторингін жүргізу және түзету әдістемесін ескере отырып, нәтижелер көрсеткіштерінен және олардың себептерінен ауытқулар туралы ақпаратты, таңдалған мақсаттардың, нысаналы индикаторлардың, саладағы нәтижелер көрсеткіштері міндеттерінің шынайылығын талдауды қалыптастырады.
12. Бюджеттік саясат жөніндегі орталық уәкілетті орган жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 1 тамызынан кешіктірмей Ұзақ мерзімді болжам жобасын қалыптастырады және Комиссияның қарауына енгізеді.
13. Ұзақ мерзімді болжам жобасы Комиссия мақұлдағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметінің қарауына енгізіледі.
14. Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдаған Ұзақ мерзімді болжам жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей ресми интернет-ресурста, оның ішінде бюджеттік саясат жөніндегі орталық уәкілетті органның ашық бюджеттердің интернет-порталында жарияланады.
3-тарау. Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму болжамының құрылымы мен мазмұны
15. Ұзақ мерзімді болжам мынадай бөлімдерден тұрады:
1) Қазақстан Республикасының алдыңғы онжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары;
2) экономикаға әсер ететін факторларды ескере отырып, экономика салаларындағы ағымдағы ахуал (Ұзақ мерзімді болжамды қалыптастыру сәтінде) және үрдістерді талдау;
3) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының сыртқы және ішкі жағдайларының, оның ішінде әлемдік экономика мен Қазақстан Республикасы экономикасының өсу болжамдарын, әлемдік тауар нарықтарындағы негізгі экспорттық тауарлардың бағаларын қоса алғанда, халықаралық қаржы ұйымдарының деректері бойынша нұсқалары;
4) ұзақ мерзімді кезеңге арналған елдің әлеуметтік-экономикалық даму тәуекелдері;
5) Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді кезеңге арналған даму болжамының нұсқалары және ұзақ мерзімді кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму тәуекелдерін ескере отырып және жүргізіліп жатқан инвестициялық саясатпен, экономика салалары бойынша саясатпен, өңірлік саясатпен, мемлекеттік активтерді басқару саясатымен, мемлекеттік қолдау шараларымен байланыстыра отырып, жетекшілік ететін салалар мен аяларды дамытудың сыртқы және ішкі жағдайларының өзгерістерін ескеретін басқа нұсқалары;
6) ұзақ мерзімді кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық саясатты іске асырудың негізгі бағыттары мен шаралары;
7) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму болжамы көрсеткіштерінің болжамы;
8) ағымдағы салық-бюджет саясатының орнықтылығын бағалауды, барлық болашақ өзгерістердің салдарын бюджетке әсерін бағалауды, мемлекеттік секторың борышын бағалауды қамтитын мемлекеттік қаржының тұрақтылығын бағалау;
9) бюджет қаражатын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын қаржыландырудың өзге де көздерін пайдаланудан жетекшілік ететін салалар мен салаларды нақты және (немесе) күтілетін әлеуметтік-экономикалық әсерді бағалауды, нәтижелер көрсеткіштерінен және олардың себептерінен ауытқулар туралы ақпаратты, таңдалған мақсаттардың, нысаналы индикаторлардың, жетекшілік ететін саладағы және аядағы нәтижелер көрсеткіштерінің міндеттерінің шынайылығын талдауды қамтитын әлеуметтік-экономикалық әсерді бағалау;
10) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша ұзақ мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік қаржы және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры параметрлерінің болжамы.
4-тарау. Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму болжамын әзірлеуді мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі
16. Ұзақ мерзімді болжамды әзірлеу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы ұсынылатын ақпараттың толықтығын, сапасын және дұрыстығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ Ұзақ мерзімді болжамды әзірлеудің белгіленген мерзімдерін сақтауға бағытталған.
17. Өзара іс-қимыл жасау ақпарат жинау және алмасу, белгіленген нысандар мен мерзімдерге сәйкес болжамды деректерді ұсыну және келісу, консультациялар мен кеңестер өткізу, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және уәкілетті органның ашық бюджеттердің интернет-порталында уәкілетті органның ашық бюджеттердің интернет-порталды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
18. Ұзақ мерзімді болжамды әзірлеу кезінде орталық атқарушы органдардың және басқа да мемлекеттік ұйымдардың қызметін әдіснамалық басқаруды және үйлестіруді бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
19. Ұзақ мерзімді болжам көрсеткіштерінің есептеулерін әдіснамалық қамтамасыз етуді осы Қағидаларда белгіленген Ұзақ мерзімді болжамды әзірлеу тәртібіне сәйкес құзыреті бойынша тиісті орталық уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
20. Ұзақ мерзімді болжамның мемлекеттік қаржы параметрлерінің есептеулерін әдіснамалық қамтамасыз етуді бюджеттік саясат жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму болжамын әзірлеу қағидалары, мерзімдері, құрылымы мен мазмұны, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібіне 1-қосымша |
Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму болжамының болжамды параметрлерін есептеу үшін қажетті ақпараттың тізбесі
Р/с | Бөлімдердің атауы | Жауапты орындаушы |
1 | 2 | 3 |
1. | Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың қорытындылары | ҰЭМ |
1.1 | Елдің алдыңғы онжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы | ҰЭМ |
1.2 | Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму болжамының есептік және болжамды деректерінің алшақтықтарын талдау | ҰЭМ, Қаржымині |
1.3 | Экономиканыңн салаларындағы ағымдағы ахуал мен және үрдістері талдау | ҰЭМ, Қаржымині |
2. | Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму болжамы | ҰЭМ, ӨҚМ, КМ, ЭМ, АШМ, СИМ, ЦДИАӨМ, Еңбекмині, МАМ, ТСМ, ДСМ, ҒЖБМ, ОАМ, СІМ, Қаржымині, ЭТРМ, СРИМ |
2.1 | Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі шарттарының нұсқалары | ҰЭМ |
2.2 | Ұзақ мерзімді кезеңге елдің әлеуметтік-экономикалық даму тәуекелдері | ҰЭМ |
2.3 | Ұзақ мерзімді кезеңге Қазақстан Республикасының даму болжамының нұсқалары | ҰЭМ, ӨҚМ, КМ, ЭМ, АШМ, СИМ, ЦДИАӨМ, Еңбекмині, МАМ, ТСМ, ДСМ, ҒЖБМ, ОАМ, СІМ, Қаржымині, ЭТРМ, СРИМ |
2.4 | Ұзақ мерзімді кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық саясатты іске асырудың негізгі бағыттары мен шаралары | ҰЭМ, ӨҚМ, ЭМ, АШМ, КМ, ТСМ, ЦДИАӨМ, СИМ, МАМ, ЭТРМ, СРИМ |
бюджет-салық саясаты | ҰЭМ, Қаржымині | |
инвестициялық саясат | ҰЭМ | |
экономика салаларын дамыту | ҰЭМ, ӨҚМ, ЭМ, АШМ, КМ, ТСМ, ЦДИАӨМ, СИМ, МАМ | |
өңірлік саясат | ҰЭМ, | |
мемлекеттік активтерді басқару саясаты | ҰЭМ, | |
кәсіпкерлікті дамыту | ҰЭМ | |
3. | Мемлекеттік қаржының тұрақтылығы | ҰЭМ, Қаржымині |
3.1 | Мемлекеттік қаржының тұрақтылығын бағалау | ҰЭМ, Қаржымині |
3.2 | Әлеуметтік-экономикалық әсерді бағалау | ҰЭМ, ӨҚМ, КМ, ЭМ, АШМ, СИМ, ЦДИАӨМ, Еңбекмині, МАМ, ТСМ, ДСМ, ҒЖБМ, ОАМ, СІМ, ЭТРМ, СРИМ |
4 | Ұзақ мерзімді кезеңге мемлекеттік қаржы жай-күйінің болжамы | ҰЭМ, Қаржымині, Еңбекмині, ДСМ |
4.1 | Республикалық бюджеттің негізгі параметрлері | ҰЭМ, Қаржымині |
4.2 | Мемлекеттік бюджеттің негізгі параметрлері | ҰЭМ, Қаржымині |
4.3 | Кепілдендірілген және нысаналы трансферттің мөлшері, мұнайдың "кесімді" бағасы | ҰЭМ |
4.4 | Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының негізгі параметрлері | ҰЭМ, Қаржымині, Еңбекмині, ҰБ (келісу бойынша) |
4.5 | Шоғырландырылған бюджеттің негізгі параметрлері | ҰЭМ |
5 | Ұзақ мерзімді кезеңге мемлекеттік сектордың борыштық міндеттемелерінің көрсеткіштері | ҰЭМ, Қаржымині, СИМ |
1-нысан
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандар
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысандар интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz./memleket/economy
Әкімшілік нысандардың атауы: (мемлекеттік органның атауы) бойынша _____ жылдары арналған Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму болжамы параметрлерін есептеуге қажетті көрсеткіштер тізбесі
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысандардың индексі: 1-ПДП
Кезеңділік: үш жылда бір рет
Есепті кезең: 20__-20__ жылдары
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысандарды ұсынатын адамдар тобы: орталық мемлекеттік органдар және ұйымдар
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысандарды ұсыну мерзімі: үш жылда бір рет жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 15 сәуірге дейін
БСН:
Жинау әдісі: электронды түрде
___ жылдарға арналған Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму болжамы параметрлерін есептеуге қажетті көрсеткіштер тізбесі
Р/с № | Көрсеткіштер | Жауапты орындаушы | 1- жоспарла-натын жылдың алдындағы ағымдағы жылы | Болжанатын кезең жылы | Болжамды параметрлердің негіздемесі (негізгі жобалар мен шараларды белгілеу) | |||||||||
1-ші | 2-ші | 3-ші | 4-ші | 5-ші | 6-ші | 7-ші | 8-ші | 9-ші | 10-ші | |||||
Бағалау | Болжам | |||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
1. | ЖІӨ, миллиард теңге | ҰЭМ | ||||||||||||
2. | ЖІӨ-нің нақты өзгеруі, алдыңғы жылға қарағанда %-бен | ҰЭМ | ||||||||||||
3. | ЖІӨ, миллиард АҚШ доллары есептелген бағам бойынша | ҰЭМ | ||||||||||||
4. | СҚП бойынша ЖІӨ, ағымдағы халықаралық доллармен | ҰЭМ | ||||||||||||
5. | Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ, АҚШ доллары есептелген бағам бойынша | ҰЭМ | ||||||||||||
6. | Мұнай экспорты, мың тонна | ЭМ | ||||||||||||
7. | Шикізаттық емес тауарлар экспорты, миллиард АҚШ доллары | СИМ, ӨҚМ, АШМ, ЭМ, ДСМ, Қаржымині | ||||||||||||
8. | Негізгі капиталға инвестициялар, миллиард теңге | ҰЭМ, СИМ | ||||||||||||
9. | Негізгі капиталға НКИ инвестициялар, алдыңғы жылға қарағанда %-бен | ҰЭМ, СИМ | ||||||||||||
10. | Тікелей шетелдік инвестициялар, есеп айырысу бағамы бойынша миллиард АҚШ доллары | СІМ | ||||||||||||
11. | Есеп айырысу бағамы, АҚШ долларына қатысты теңге | ҰЭМ | ||||||||||||
12. | Мұнайдың әлемдік бағасы (Brent маркасы), жылына орташа есеппен бір баррелі үшін АҚШ доллары |
ҰЭМ | ||||||||||||
13. | Металдар бағасының индексі, алдыңғы жылға қарағанда %-бен |
ҰЭМ | ||||||||||||
14. | Инфляция, кезең соңындағы %-бен |
ҰЭМ | ||||||||||||
Өндіріс әдісімен ЖІӨ болжамы (НКИ) | ||||||||||||||
15. | Ауыл шаруашылығының өнімі (көрсетілетін қызметтері), алдыңғы жылға қарағанда %-бен | АШМ | ||||||||||||
16. | Өсімдік шаруашылығының өнімі, алдыңғы жылға қарағанда %-бен | АШМ | ||||||||||||
17. | Астық (күрішті қосқанда) және бұршақ тұқымдас дақылдарды өңделгеннен кейiнгi салмағында жалпы жинау, мың тонна | АШМ | ||||||||||||
18. | Мал шаруашылығының өнімі, алдыңғы жылға қарағанда %-бен | АШМ | ||||||||||||
19. | Орман шаруашылығының өнімі (көрсетілетін қызметі), алдыңғы жылға қарағанда %-бен | ЭТРМ | ||||||||||||
20. | Балық аулау және акваөсіру, алдыңғы жылдың тиісті кезеңіне, % | АШМ | ||||||||||||
21. | Өнеркәсіп, алдыңғы жылға қарағанда %-бен | ҰЭМ, ӨҚМ, ЭМ, АШМ, ДСМ, Қаржымині | ||||||||||||
22. | Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру, алдыңғы жылға қарағанда %-бен | ҰЭМ, ЭМ, ӨҚМ | ||||||||||||
23. | Көмір өндіру, алдыңғы жылға қарағанда %-бен* | ӨҚМ | ||||||||||||
24. | Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі, жылына миллион тонна, оның ішінде: | ЭМ | ||||||||||||
1 ірі кен орны | ||||||||||||||
2 ірі кен орны | ||||||||||||||
3 ірі кен орны | ||||||||||||||
қалғандары | ||||||||||||||
25. | Мұнай және газ конденсатын өндіру, алдыңғы жылға қарағанда %-бен | ЭМ | ||||||||||||
26. | Шикі газ өндіру, алдыңғы жылға қарағанда %-бен | ЭМ | ||||||||||||
27. | Темір кендерін өндіру, алдыңғы жылға қарағанда %-бен | ӨҚМ | ||||||||||||
28. | Темір кендерін қоспағанда, кендерді өндіру, алдыңғы жылға қарағанда %-бен | ӨҚМ | ||||||||||||
29. | Өңдеу өнеркәсібі, алдыңғы жылға қарағанда %-бен | ҰЭМ, АШМ, ӨҚМ, ЭМ, Қаржымині ДСМ | ||||||||||||
30. | Тамақ өнімдерін өндіру, алдыңғы жылға қарағанда %-бен | АШМ | ||||||||||||
31. | Сусындар өндіру, алдыңғы жылға қарағанда %-бен | АШМ, Қаржымині | ||||||||||||
32. | Тоқыма бұйымдарын өндіру, алдыңғы жылға қарағанда %-бен | ӨҚМ | ||||||||||||
33. | Киім өндіру, алдыңғы жылға қарағанда %-бен | ӨҚМ | ||||||||||||
34. | Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру, алдыңғы жылға қарағанда %-бен | ӨҚМ | ||||||||||||
35. | Жиһаздан басқа ағаштан және тығыннан жасалған бұйымдарды өндіру; сабаннан және өруге арналған материалдан жасалған бұйымдарды өндіру, алдыңғы жылға қарағанда %-бен | ӨҚМ | ||||||||||||
36. | Қағаз және қағаздан жасалған өнімдерді өндіру, алдыңғы жылға қарағанда %-бен | ӨҚМ | ||||||||||||
37. | Мұнайдың өңделген өнімдерін өндіру, алдыңғы жылға қарағанда %-бен | ЭМ | ||||||||||||
38. | Химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру, алдыңғы жылға қарағанда %-бен | ӨҚМ | ||||||||||||
39. | Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру, алдыңғы жылға қарағанда %-бен | ДСМ | ||||||||||||
40. | Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру, алдыңғы жылға қарағанда %-бен | ӨҚМ | ||||||||||||
41. | Басқа топқа енгізілмеген өзге де бейметалл минералды өнімдерді өндіру, алдыңғы жылға қарағанда %-бен | ӨҚМ | ||||||||||||
42. | Металлургия өндірісі, алдыңғы жылға қарағанда %-бен, оның ішінде: | ӨҚМ | ||||||||||||
Қара металлургия, алдыңғы жылға қарағанда %-бен | ||||||||||||||
Негізгі асыл және түсті металдар өндіру, алдыңғы жылға қарағанда %-бен | ||||||||||||||
43. | Машина жасау, алдыңғы жылға қарағанда %-бен | ӨҚМ | ||||||||||||
44. | Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру, алдыңғы жылға қарағанда %-бен | ӨҚМ | ||||||||||||
45. | Жиһаз өндірісі, алдыңғы жылға % | ӨҚМ | ||||||||||||
46. | Басқа да дайын бұйымдар өндірісі, алдыңғы жылға % -бен | ҰЭМ, ЖАО | ||||||||||||
47. | Электр энергиясын өндіру, беру және тарату, алдыңғы жылға %-бен | ҰЭМ, ЭМ, ӨҚМ | ||||||||||||
48. | Сумен жабдықтау, су бұру, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою жөніндегі қызмет, алдыңғы жылға %-бен | ӨҚМ, ЭТРМ, АШМ, СРИМ | ||||||||||||
49. | Құрылыс, алдыңғы жылға %-бен | ӨҚМ, КМ, ЭМ | ||||||||||||
50. | Көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу, алдыңғы жылға %-бен | СИМ | ||||||||||||
51. | Көлік және қойма, алдыңғы жылға %-бен | КМ | ||||||||||||
52. | Ақпарат, алдыңғы жылға %-бен | МАМ | ||||||||||||
53. | Байланыс, алдыңғы жылға % | ЦДИАӨМ | ||||||||||||
Сыртқы сауда көрсеткіштері | ||||||||||||||
54. | Тауар экспорты, миллион АҚШ доллары | ҰЭМ | ||||||||||||
55. | Тауарларды импорттау, миллион АҚШ доллары | ҰЭМ | ||||||||||||
56. | Сауда балансы, миллион АҚШ доллары | ҰЭМ | ||||||||||||
Әлеуметтік саланың көрсеткіштері | ||||||||||||||
57. | Халықтың орташа жылдық саны, мың адам | Еңбекмині | ||||||||||||
58. | Жұмыс күші (15 және одан жоғары жастағы), мың адам | Еңбекмині | ||||||||||||
59. | Жұмыссыз халық (15 және одан жоғары жастағы), мың адам | Еңбекмині | ||||||||||||
60. | Жұмыссыздық деңгейі, %-бен | Еңбекмині | ||||||||||||
61. | Ең төменгі жалақы мөлшері, теңге | Еңбекмині | ||||||||||||
62. | Айлық есептік көрсеткіш, теңге | ҰЭМ | ||||||||||||
63. | Базалық зейнетақы төлемiнiң ең төмен мөлшерi, теңге | Еңбекмині | ||||||||||||
64. | Ең төмен зейнетақы мөлшері, теңге | Еңбекмині | ||||||||||||
65. | Ең төмен күнкөріс деңгейі, теңге | Еңбекмині |
Ескертпе:
* көмір қойыртпасын қоспағандағы мәліметтер
2-нысан
___ жылдарға арналған Ұлттық қордың болжамды параметрлерін есептеу үшін қажетті көрсеткіштер тізбесі
Р/с № | Көрсеткіштер | Жауапты орындаушы | Болжанатын кезең жылы | |||||||||
1- |
2- |
3- |
4- |
5- | 6-шы | 7-шы |
8- | 9-шы | 10-шы | |||
Болжам | ||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
1. | Ұлттық қордың соңғы есепті он сегіз жылдағы инвестициялық табысының орташа деңгейі, миллион теңге | ҰБ (келісу бойынша) | ||||||||||
2. | Жыл басында 18 жасқа дейінгі балалар саны*, мың адам | Енбекмині | ||||||||||
3. | Бір жыл ішінде 18 жасқа толатын балалар саны*, мың адам | Енбекмині |
Ескерту:
* болжамды кезеңнің 1-ші жылынан бастап өлім-жітімді, сыртқы көші-қонды есепке алмағанда деректер
3-нысан
___ жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының болжамды параметрлерін есептеу үшін қажетті көрсеткіштер тізбесі
миллиард теңге
4-нысан
___ жылдарға арналған мемлекеттік қаржы және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры параметрлерінің тізбесі
миллиард тенге
5-нысан
Мемлекеттік сектордың ______ жылдарға арналған борыштық міндеттемелерінің болжамды параметрлерін есептеу үшін қажетті қосымша көрсеткіштердің тізбесі
миллиард теңге
6-нысан
___ жылдарға арналған пайдалану бағыттары бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар болжамы
миллиард тенге
"(мемлекеттік органның атауы) бойынша ___ жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Ұзақ мерзімді даму болжамы параметрлерін есептеуге қажетті көрсеткіштер тізбесі" нысандарына қосымша |
"(мемлекеттік органның атауы) бойынша ___ жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Ұзақ мерзімді даму болжамы параметрлерін есептеуге қажетті көрсеткіштер тізбесі" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысандарды толтыру бойынша түсіндірме
(1-ПДП индексі, кезеңділік: үш жылда бір рет)
1. "___ жылдары арналған Қазақстан Республикасының Ұзақ мерзімді даму болжамы параметрлерін есептеуге қажетті көрсеткіштер тізбесі" 1-нысанды (бұдан әрі – 1-нысан) толтыру бойынша:
1-нысанның 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі;
1-нысанның 2-бағанында экономика салалары, әлеуметтік сала бойынша көрсеткіштердің атауы көрсетіледі;
1-нысанның 3-бағанында жауапты орындаушылар - салалық мәселелерге жетекшілік ететін мемлекеттік органдар көрсетіледі;
1-нысанның 4-бағанында бірінші жоспарланатын жылдың алдындағы ағымдағы жылдың бағалау мәні көрсетіледі;
1-нысанның 5-бағанында болжамды кезеңнің бірінші жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
1-нысанның 6-бағанында болжамды кезеңнің екінші жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
1-нысанның 7-бағанында болжамды кезеңнің үшінші жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
1-нысанның 8-бағанында болжамды кезеңнің төртінші жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
1-нысанның 9-бағанында болжамды кезеңнің бесінші жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
1-нысанның 10-бағанында болжамды кезеңнің алтыншы жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
1-нысанның 11-бағанында болжамды кезеңнің жетінші жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
1-нысанның 12-бағанында болжамды кезеңнің сегізінші жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
1-нысанның 13-бағанында болжамды кезеңнің тоғызыншы жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
1-нысанның 14-бағанында болжамды кезеңнің оныншы жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
1-нысанның 15-бағанында негізгі жобалар мен шараларды белгілеп болжамды параметрлердің негіздемесі көрсетіледі.
2. "___ жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Ұлттық қордың болжамды параметрлерін есептеу үшін қажетті көрсеткіштердің тізбесі" 2-нысанды (бұдан әрі – 2-нысан) толтыру бойынша:
2-нысанның 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі;
2-нысанның 2-бағанында Ұлттық қордың болжамды параметрлерді есептеу үшін қажетті көрсеткіштердің атауы көрсетіледі;
2-нысанның 3-бағанында жауапты орындаушылар - салалық мәселелерге жетекшілік ететін мемлекеттік органдар көрсетіледі;
2-нысанның 4-бағанында болжамды кезеңнің бірінші жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
2-нысанның 5-бағанында болжамды кезеңнің екінші жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
2-нысанның 6-бағанында болжамды кезеңнің үшінші жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
2-нысанның 7-бағанында болжамды кезеңнің төртінші жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
2-нысанның 8-бағанында болжамды кезеңнің бесінші жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
2-нысанның 9-бағанында болжамды кезеңнің алтыншы жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
2-нысанның 10-бағанында болжамды кезеңнің жетінші жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
2-нысанның 11-бағанында болжамды кезеңнің сегізінші жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
2-нысанның 12-бағанында болжамды кезеңнің тоғызыншы жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
2-нысанның 13-бағанында болжамды кезеңнің оныншы жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі.
3. "___ жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Ұлттық қордың болжамды параметрлерін есептеу үшін қажетті қосымша көрсеткіштердің тізбесі" 3-нысанды (бұдан әрі – 3-нысан) толтыру бойынша:
3-нысанның 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі;
3-нысанның 2-бағанында Ұлттық қор көрсеткіштерінің атауы көрсетіледі;
3-нысанның 3-бағанында жауапты орындаушылар - Ұлттық қорды басқару мәселелерге жетекшілік ететін мемлекеттік органдар көрсетіледі;
3-нысанның 4-бағанында ағымдағы жылдың алдындағы есепті жыл көрсеткіштерінің нақты мәндері көрсетіледі;
3-нысанның 5-бағанында бірінші жоспарланатын жылдың алдындағы ағымдағы жыл көрсеткіштерінің бағалау мәндері көрсетіледі;
3-нысанның 6-бағанында болжамды кезеңнің бірінші жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
3-нысанның 7-бағанында болжамды кезеңнің екінші жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
3-нысанның 8-бағанында болжамды кезеңнің үшінші жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
3-нысанның 9-бағанында болжамды кезеңнің төртінші жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
3-нысанның 10-бағанында болжамды кезеңнің бесінші жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
3-нысанның 11-бағанында болжамды кезеңнің алтыншы жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
3-нысанның 12-бағанында болжамды кезеңнің жетінші жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
3-нысанның 13-бағанында болжамды кезеңнің сегізінші жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
3-нысанның 14-бағанында болжамды кезеңнің тоғызыншы жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
3-нысанның 15-бағанында болжамды кезеңнің оныншы жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі.
4. "___ жылдарға арналған мемлекеттік қаржы және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры параметрлерінің болжамы" 4-нысанды (бұдан әрі – 4-нысан) толтыру бойынша:
4-нысанның 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі;
4-нысанның 2-бағанында мемлекеттік қаржы және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры көрсеткіштердің атауы көрсетіледі;
4-нысанның 3-бағанында жауапты орындаушылар - бюджетті қалыптастыру, Ұлттық қорды басқару мәселелеріне жетекшілік ететін мемлекеттік органдар көрсетіледі;
4-нысанның 4-бағанында бірінші жоспарланатын жылдың алдындағы ағымдағы жылдың бағалау мәні көрсетіледі;
4-нысанның 5-бағанында болжамды кезеңнің бірінші жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
4-нысанның 6-бағанында болжамды кезеңнің екінші жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
4-нысанның 7-бағанында болжамды кезеңнің үшінші жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
4-нысанның 8-бағанында болжамды кезеңнің төртінші жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
4-нысанның 9-бағанында болжамды кезеңнің бесінші жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
4-нысанның 10-бағанында болжамды кезеңнің алтыншы жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
4-нысанның 11-бағанында болжамды кезеңнің жетінші жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
4-нысанның 12-бағанында болжамды кезеңнің сегізінші жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
4-нысанның 13-бағанында болжамды кезеңнің тоғызыншы жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
4-нысанның 14-бағанында болжамды кезеңнің оныншы жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі.
5. "Мемлекеттік сектордың ______ жылдарға арналған борыштық міндеттемелерінің болжамды параметрлерін есептеу үшін қажетті қосымша көрсеткіштердің тізбесі" 5-нысанды (бұдан әрі – 5-нысан) толтыру бойынша:
5-нысанның 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі;
5-нысанның 2-бағанында мемлекеттік сектордың борыштық міндеттемелерінің болжамды параметрлерін есептеу үшін көрсеткіштерінің атауы көрсетіледі;
5-нысанның 3-бағанында жауапты орындаушылар – бюджетті қалыптастыру мәселелеріне жетекшілік ететін мемлекеттік органдар көрсетіледі;
5-нысанның 4-бағанында бірінші есепті жылдың алдындағы екінші есепті жыл көрсеткіштерінің нақты мәндері көрсетіледі;
5-нысанның 5-бағанында ағымдағы жылдың алдындағы бірінші есепті жыл көрсеткіштерінің нақты мәндері көрсетіледі;
5-нысанның 6-бағанында бірінші жоспарланатын жылдың алдындағы ағымдағы жыл көрсеткіштерінің жоспарлы мәндері көрсетіледі;
5-нысанның 7-бағанында болжамды кезеңнің бірінші жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
5-нысанның 8-бағанында болжамды кезеңнің екінші жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
5-нысанның 9-бағанында болжамды кезеңнің үшінші жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
5-нысанның 10-бағанында болжамды кезеңнің төртінші жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
5-нысанның 11-бағанында болжамды кезеңнің бесінші жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
5-нысанның 12-бағанында болжамды кезеңнің алтыншы жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
5-нысанның 13-бағанында болжамды кезеңнің жетінші жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
5-нысанның 14-бағанында болжамды кезеңнің сегізінші жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
5-нысанның 15-бағанында болжамды кезеңнің тоғызыншы жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
5-нысанның 16-бағанында болжамды кезеңнің оныншы жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі.
6. "___ жылдарға арналған пайдалану бағыттары бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар болжамы" 6-нысанды (бұдан әрі – 6-нысан) толтыру бойынша:
6-нысанның 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі;
6-нысанның 2-бағанында экономика салалары бойынша көрсеткіштердің атауы, экономиканың барлық салалары бойынша инвестициялар көрсетіледі;
6-нысанның 3-бағанында жауапты орындаушылар - салалық мәселелерге жетекшілік ететін мемлекеттік органдар көрсетіледі;
6-нысанның 4-бағанында бірінші жоспарланатын жылдың алдындағы ағымдағы жылдың бағалау мәні көрсетіледі;
6-нысанның 5-бағанында болжамды кезеңнің бірінші жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
6-нысанның 6-бағанында болжамды кезеңнің екінші жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
6-нысанның 7-бағанында болжамды кезеңнің үшінші жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
6-нысанның 8-бағанында болжамды кезеңнің төртінші жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
6-нысанның 9-бағанында болжамды кезеңнің бесінші жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
6-нысанның 10-бағанында болжамды кезеңнің алтыншы жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
6-нысанның 11-бағанында болжамды кезеңнің жетінші жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
6-нысанның 12-бағанында болжамды кезеңнің сегізінші жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
6-нысанның 13-бағанында болжамды кезеңнің тоғызыншы жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі;
6-нысанның 14-бағанында болжамды кезеңнің оныншы жылы көрсеткіштерінің болжамды мәндері көрсетіледі.
Жауапты мемлекеттік органдар ұсынатын жетекшілік ететін саланы дамытудың алдағы жоспарланатын (жоспарлы) кезеңге арналған болжамды көрсеткіштері Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында айқындалған сала бойынша нысаналы индикаторларға, міндеттер нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізуге сәйкес келуге тиіс.
Салалардың даму көрсеткіштерінің болжамына төмендеу немесе өсу факторларын, себептерін, іске асырылатын жобалар мен тапсырмаларды көрсете отырып, алдағы жоспарланатын кезеңге арналған әрбір болжамды көрсеткіштің күтілетін төмендеуі және ұлғаюы бойынша жазбаша негіздеме ұсынылады.
Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпарат халыққа түсінікті қысқаша, анық және ықшам түрде баяндалады, өйткені құжат бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның интернет-порталында жариялануға тиіс.
Ескертпе: | ||
АҚШ | – | Америка Құрама Штаттары |
АШМ | – | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
ӘМСҚ | – | "Әлеуметтік медициналық сақтандару қоры" акционерлік қоғамы |
БИН | – | бизнес-идентификациялық нөмері |
ББӘ | – | бюджеттік бағдарламалар әкімшілері |
ҒЖБМ | – | Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі |
ДСМ | – | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |
Еңбекмині | – | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
ЖАО | – | жергілікті атқарушы органдар |
ЖІӨ | – | жалпы ішкі өнім |
КМ | – | Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі |
Қаржымині | – | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі |
МӘСҚ | – | "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы |
МАМ | – | Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі |
НКИ | – | нақты көлем индексі |
ОАМ | – | Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі |
ӨҚМ | – | Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі |
СИМ | – | Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі |
СҚП | – | сатып алу қабілетінің паритеті |
СРИМ | – | Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлiгi |
СІМ | – | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлiгi |
ТСМ | – | Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі |
ҰБ | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі |
Ұлттық қор | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры |
ҰЭМ | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
ХҚҰ | – | Халықаралық қаржы ұйымдары |
ЦДИАӨМ | – | Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
ЭТРМ | – | Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі |
ЭМ | – | Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі |
Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму болжамын әзірлеу қағидалары, мерзімдері, құрылымы мен мазмұны, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібіне 2-қосымша |
1-нысан
Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму болжамы көрсеткіштерінің болжамы
Р/с | Көрсеткіштің атауы | 1-ші жоспарланатын жылдың алдындағы ағымдағы жыл | Болжанатын кезең жылы | |||||||||
1-ші | 2-ші | 3-ші | 4-ші | 5-ші | 6-шы | 7-ші | 8-ші | 9-ші | 10-ші | |||
Бағалау | Болжам | |||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
1. | ЖІӨ, миллиард теңге | |||||||||||
2. | ЖІӨ-нің нақты өзгеруі, алдыңғы жылға қарағанда %-бен | |||||||||||
3. | ЖІӨ, есептік бағам бойынша миллиард АҚШ доллары | |||||||||||
4. | Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ, есептік бағам бойынша АҚШ доллары | |||||||||||
5. | Инфляция, %-бен кезең соңында | |||||||||||
6. | Мұнайдың әлемдік бағасы (Brent қоспасы), жылына орташа есеппен бір баррелі үшін АҚШ доллары | |||||||||||
Өндіріс әдісімен ЖІӨ болжамы (НКИ) | ||||||||||||
7. | Ауыл, орман және балық шаруашылығы, алдыңғы жылға қарағанда %-бен | |||||||||||
8. | Өнеркәсіп, алдыңғы жылға қарағанда %-бен | |||||||||||
9. | Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру, алдыңғы жылға қарағанда %-бен | |||||||||||
10. | Өңдеу өнеркәсібі, алдыңғы жылға қарағанда %-бен | |||||||||||
11. | Құрылыс, алдыңғы жылға қарағанда %-бен | |||||||||||
12. | Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу, алдыңғы жылға қарағанда %-бен | |||||||||||
13. | Көлік және қоймалау, алдыңғы жылға қарағанда %-бен | |||||||||||
14. | Ақпарат және байланыс, алдыңғы жылға қарағанда %-бен | |||||||||||
Сыртқы сауда көрсеткіштері | ||||||||||||
15. | Тауар экспорты, миллион АҚШ доллары | |||||||||||
16. | Тауарларды импорттау, миллион АҚШ доллары | |||||||||||
17. | Сауда балансы, миллион АҚШ доллары | |||||||||||
Әлеуметтік саланың көрсеткіштері | ||||||||||||
18. | Халықтың орташа жылдық саны, мың адам | |||||||||||
19. | Жұмыс күші (15 және одан жоғары жастағы), мың адам | |||||||||||
20. | Жұмыссыз халық (15 және одан жоғары жастағы), мың адам | |||||||||||
21. | Жұмыссыздық деңгейі, %-бен | |||||||||||
22. | Ең төменгі жалақы мөлшері, теңге | |||||||||||
23. | Айлық есептік көрсеткіш, теңге | |||||||||||
24. | Базалық зейнетақы төлемiнiң ең төмен мөлшерi, теңге | |||||||||||
25. | Ең төмен зейнетақы мөлшері, теңге | |||||||||||
26. | Ең төмен күнкөріс деңгейі, теңге |
2-нысан
Ұзақ мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік қаржы және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры параметрлерінің болжамы
миллиард теңге
Р/с | Көрсеткіштің атауы | 1-ші жоспарланатын жылдың алдындағы ағымдағы жыл | Болжанатын кезең жылы | ||||||||||
1-ші | 2-ші | 3-ші | 4-ші | 5-ші | 6-шы | 7-ші | 8-ші | 9-ші | 10-ші | ||||
Бағалау | Болжам | ||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | |
Мемлекеттік бюджет | |||||||||||||
1. | Түсімдер | ||||||||||||
2. | ЖІӨ-ге қатысты %-бен | ||||||||||||
3. | Кірістер (трансферттерді есептемегенде) | ||||||||||||
4. | ЖІӨ-ге қатысты %-бен | ||||||||||||
5. | алдыңғы жылға қарағанда %-бен | ||||||||||||
6. | Салықтық түсімдер | ||||||||||||
7. | Салықтық емес түсімдер | ||||||||||||
8. | Капиталмен жасалатын операциялардан түсетін түсімдер | ||||||||||||
9. | Арнаулы түсімдер | ||||||||||||
10. | Трансферттердің түсімдері | ||||||||||||
11. | Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт | ||||||||||||
12. | Ұлттық қордан нысаналы трансферт | ||||||||||||
13. | Арнаулы мемлекеттік қордан берілетін трансферт | ||||||||||||
14. | Бюджеттік кредиттерді өтеу | ||||||||||||
15. | Шығыстар | ||||||||||||
16. | ЖІӨ-ге қатысты %-бен | ||||||||||||
17. | алдыңғы жылға қарағанда %-бен | ||||||||||||
18. | Тапшылық/профицит | ||||||||||||
19. | ЖІӨ-ге қатысты %-бен | ||||||||||||
20. | Мұнайға қатысты емес тапшылық/профицит | ||||||||||||
21. | ЖІӨ-ге қатысты %-бен | ||||||||||||
Республикалық бюджет | |||||||||||||
22. | Түсімдер | ||||||||||||
23. | ЖІӨ-ге қатысты %-бен | ||||||||||||
24. | Кірістер (трансферттерді есептемегенде) | ||||||||||||
25. | ЖІӨ-ге қатысты %-бен | ||||||||||||
26. | алдыңғы жылға қарағанда %-бен | ||||||||||||
27. | Салықтық түсімдер | ||||||||||||
28. | Салықтық емес түсімдер | ||||||||||||
29. | Капиталмен жасалатын операциялардан түсетін түсімдер | ||||||||||||
30. | Арнаулы түсімдер | ||||||||||||
31. | Трансферттердің түсімдері | ||||||||||||
32. | Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт | ||||||||||||
33. | Ұлттық қордан нысаналы трансферт | ||||||||||||
34. | бюджеттік алып қоюлар | ||||||||||||
35. | Арнаулы мемлекеттік қордан берілетін трансферт | ||||||||||||
36. | Бюджеттік кредиттерді өтеу | ||||||||||||
37. | Шығыстар | ||||||||||||
38. | ЖІӨ-ге қатысты %-бен | ||||||||||||
39. | алдыңғы жылға қарағанда %-бен | ||||||||||||
40. | Тапшылық/профицит | ||||||||||||
41. | ЖІӨ-ге қатысты %-бен | ||||||||||||
42. | Мұнайға қатысты емес тапшылық/профицит | ||||||||||||
43. | ЖІӨ-ге қатысты %-бен | ||||||||||||
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры | |||||||||||||
44. | Түсімдер - Барлығы | ||||||||||||
45. | мұнай секторының ұйымдарынан түсетін түсімдер | ||||||||||||
46. | Ұлттық қорды басқарудан алынатын инвестициялық кірістер | ||||||||||||
47. | республикалық меншікті жекешелендіруден түсетін түсімдер | ||||||||||||
48. | Пайдалану | ||||||||||||
49. | Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт | ||||||||||||
50. | Ұлттық қордан нысаналы трансферт | ||||||||||||
51. | Нысаналы талаптарды төлеуге арналған шығыстар | ||||||||||||
52. | Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайынғы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды жабу | ||||||||||||
53. | Ұлттық қорда қаражаттың таза жинақталуы | ||||||||||||
54. | Нысаналы талаптар, миллиард АҚШ доллары | ||||||||||||
55. | Ұлттық қордың есепті кезең соңындағы қаражаты – Барлығы | ||||||||||||
56. | ЖІӨ-ге қатысты %-бен | ||||||||||||
57. | Ұлттық қордың жыл соңына таза валюталық активтері | ||||||||||||
58. | миллиард АҚШ доллары | ||||||||||||
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры | |||||||||||||
59. | Түсімдер | ||||||||||||
60. | ЖІӨ-ге қатысты %-бен | ||||||||||||
61. | Есептелген инвестициялық кіріс | ||||||||||||
62. | Жұмыс берушілердің аударымдары | ||||||||||||
63. | Мемлекет жарналары | ||||||||||||
64. | Мемлекеттің жарналарын қоспағанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар | ||||||||||||
65. | Аударымдар мен (немесе) жарналарды төлеуді кешіктіргені үшін алынған өсімпұлдар | ||||||||||||
66. | Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу | ||||||||||||
67. | Шығыстар | ||||||||||||
68. | ЖІӨ-ге қатысты %-бен | ||||||||||||
69. | Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі қызметтерге ақы төлеу | ||||||||||||
70. | Қор активтерінен комиссиялық сыйақы | ||||||||||||
71. | Күтпеген шығыстарды жабуға арналған резервті қамтамасыз етуге арналған сома | ||||||||||||
72. | Теңгерім | ||||||||||||
73. | ЖІӨ-ге қатысты %-бен | ||||||||||||
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры | |||||||||||||
74. | Түсімдер | ||||||||||||
75. | ЖІӨ-ге қатысты %-бен | ||||||||||||
76. | Қорды басқарудан түскен инвестициялық кіріс | ||||||||||||
77. | Әлеуметтік аударымдар | ||||||||||||
78. | Активтерді сенімгерлік басқарудан алу | ||||||||||||
79. | Шығыстар | ||||||||||||
80. | ЖІӨ-ге қатысты %-бен | ||||||||||||
81. | Әлеуметтік төлемдер | ||||||||||||
82. | Қызметті қамтамасыз етуге аударған комиссиялық сыйақы | ||||||||||||
83. | Қаржы құралдарын сатып алу | ||||||||||||
84. | Теңгерім | ||||||||||||
85. | ЖІӨ-ге қатысты %-бен | ||||||||||||
Шоғырландырылған бюджет | |||||||||||||
86. | Түсімдер | ||||||||||||
87. | ЖІӨ-ге қатысты %-бен | ||||||||||||
88. | мұнай | ||||||||||||
89. | мұнайға қатысты емес | ||||||||||||
90. | Шығыстар | ||||||||||||
91. | ЖІӨ-ге қатысты %-бен | ||||||||||||
92. | Шоғырландырылған баланс | ||||||||||||
93. | ЖІӨ-ге қатысты %-бен | ||||||||||||
94. | Мұнайға қатысты емес баланс | ||||||||||||
95. | ЖІӨ-ге қатысты %-бен | ||||||||||||
Мемлекеттік сектордың борыштық міндеттемелері | |||||||||||||
96. | Мемлекеттік борыш | ||||||||||||
97. | ЖІӨ-ге қатысты %-бен | ||||||||||||
98. | Үкіметтік борыш | ||||||||||||
99. | ЖІӨ-ге қатысты %-бен | ||||||||||||
100. | ішкі | ||||||||||||
101. | сыртқы | ||||||||||||
102. | Жергілікті атқарушы органдардың борышы | ||||||||||||
103. | ЖІӨ-ге %-бен | ||||||||||||
104. | Мемлекет кепілдік берген қарыз | ||||||||||||
105. | ЖІӨ-ге %-бен | ||||||||||||
106. | Экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемелер | ||||||||||||
107. | ЖІӨ-ге қатысты %-бен | ||||||||||||
108. | Мемлекет кепілгерлігі | ||||||||||||
109. | ЖІӨ-ге қатысты %-бен | ||||||||||||
110. | Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышы | ||||||||||||
111. | ЖІӨ-ге қатысты %-бен | ||||||||||||
112. | ішкі | ||||||||||||
113. | сыртқы | ||||||||||||
114. | Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер | ||||||||||||
115. | ЖІӨ-ге қатысты %-бен | ||||||||||||
116. | Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер | ||||||||||||
117. | ЖІӨ-ге %-бен | ||||||||||||
Бюджеттік қағидалардың көрсеткіштері | |||||||||||||
118. | Мұнайды кесу бағасы, барреліне АҚШ доллары | ||||||||||||
119. | Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің барынша ықтимал мөлшері | ||||||||||||
120. | Республикалық бюджет шығыстарының өсу қарқыны бойынша шек | ||||||||||||
Ескертпе: | |||||||||||||
АҚШ | – | Америка Құрама Штаттары | |||||||||||
ӘМСҚ | – | "Әлеуметтік медициналық сақтандару қоры" акционерлік қоғамы | |||||||||||
ЖІӨ | – | жалпы ішкі өнім | |||||||||||
МӘСҚ | – | "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы | |||||||||||
НКИ | – | нақты көлем индексі | |||||||||||
Ұлттық қор | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры |