"Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Бейнеу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 қазандағы № 7/71 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2025 жылғы 15 тамыздағы № 32/242 шешімі

      Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Бейнеу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 қазандағы №7/71 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4626-12 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспе бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 33-бабының 1-тармағы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейнеу аудандық мәслихатының төрағасы А.Бораш

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады