Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Бейнеу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 қазандағы №7/71 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4626-12 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспе бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 33-бабының 1-тармағы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бейнеу аудандық мәслихатының төрағасы | А.Бораш |