Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 қазандағы № 7/71 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 31 қазанда № 4626-12 болып тіркелді.


      29.04.2024 редакциясында

      ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 03.11.2023 жарияланды

      Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 қазандағы № 7/71 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 31 қазанда № 4626-12 болып тіркелді.

      Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Бейнеу аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейнеу аудандық мәслихатының төрағасы       А. Бораш

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау облысының жұмыспен

      қамтуды үйлестіру және әлеуметтік

      бағдарламалар басқармасы"

      мемлекеттік мекемесі

      Бейнеу аудандық мәслихатының

      2023 жылғы 23 қазандағы

      № 7/71 шешіміне 1 қосымша

Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 15.04.2025 № 28/218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Осы Бейнеу ауданында әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2023 жылғы 30 маусымдағы №523 қаулысына (әрі қарай – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;

      4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – "Бейнеу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi;

      5) әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;

      6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;

      7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

      8) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      9) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;

      10) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      11) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайын зерттеп-қарау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;

      12) цифрлық құжаттар сервисі – "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;

      13) шекті мөлшер – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;

      14) "электрондық үкімет" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "ортақ терезесі" дегенді білдіретін ақпараттандыру объектісі;

      15) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

      3. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 71-бабының 4-тармағында,  170 – бабының  3 - тармағында,  229 - бабының  3 - тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1 – тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12 - бабының  1 - тармағының 2) тармақшасында,  13 – бабының   2) тармақшасында,  17 – бабында  көзделген әлеуметтік қолдау шаралары осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен көрсетіледі.

4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, жылына бір рет) көрсетіледі, өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады.

      Ескерту. 4 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 28.04.2026 № 40/327 (01.05.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелерін жергілікті атқарушы органның ұсынуы бойынша жергілікті өкілді органдар белгілейді.

      Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек айлық есептік көрсеткіштің кемінде 2,5 еселенген мөлшерінде белгіленеді және күнтізбелік бір жылда бір рет келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні:

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған және бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға – 15 000 (он бес мың) теңге;

      2) 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі:

      барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға, жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, жетіден он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға – 110 000 (жүз он мың) теңге;

      3) 9 мамыр – Жеңіс күні:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 5 000 000 (бес миллион) теңге;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдарға – 259 500 (екі жүз елу тоғыз мың бес жүз) теңге;

      жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға – 216 250 (екі жүз он алты мың екі жүз елу) теңге;

      басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне - 216 250 (екі жүз он алты мың екі жүз елу) теңге;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға – 173 000 (бір жүз жетпіс үш мың) теңге;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға - 173 000 (бір жүз жетпіс үш мың) теңге;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн (қызметтік мiндеттерді) атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан қаза болған (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердің, партизандардың, астыртын әрекет етушiлердің, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-6 баптарында аталған адамдардың отбасыларына - 173 000 (бір жүз жетпіс үш мың) теңге;

      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе шабуылына қарсы қорғаныстың объектiлiк және авариялық командаларының өзiн-өзi қорғау топтарының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасыларына, Ленинград қаласының госпитальдары мен ауруханаларының қаза тапқан жұмыскерлерінiң отбасыларына - 173 000 (бір жүз жетпіс үш мың) теңге;

      бұрынғы КСР Одағы Қорғаныс министрлiгiнің, ішкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының әскери мiндеттілер жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлерінiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасыларына - 173 000 (бір жүз жетпіс үш мың) теңге;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына - 173 000 (бір жүз жетпіс үш мың) теңге;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына - 173 000 (бір жүз жетпіс үш мың) теңге;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына - 173 000 (бір жүз жетпіс үш мың) теңге;

      сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына – 173 000 (бір жүз жетпіс үш мың) теңге;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның, сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) - 173 000 (бір жүз жетпіс үш мың) теңге;

      1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға - 173 000 (бір жүз жетпіс үш мың) теңге;

      4) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні:

      Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен тұлғаларға – 43 250 (қырық үш мың екі жүз елу) теңге;

      асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға (балаларға) – 34 600 (отыз төрт мың алты жүз) теңге;

      5) 1 қазан – Қарттар күні:

      70 (жетпіс) жастан асқан зейнеткерлерге – 15 000 (он бес мың) теңге;

      6) 16 желтоқсан – Тəуелсіздік күні:

      "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан тұлғаларға – 216 250 (екі жүз он алты мың екі жүз елу) теңге мөлшерінде.

      Бірнеше негіз болған жағдайда мереке күндеріне және атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек бір негіз бойынша ғана тағайындалады.

      Ескерту. 5 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 28.04.2026 № 40/327 (01.05.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      6. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына, өтініштері бойынша, әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, жылына бір рет) келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) дүлей зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келгенде, осы жағдай туындаған сәттен бастап он екі айдың ішінде, өтініші бойынша, бір рет, табысын есепке алмай – 450 000 (төрт жүз елу мың) теңге;

      2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келгенде, осы жағдай туындаған сәттен бастап он екі айдың ішінде, өтініші бойынша, бір рет, табысын есепке алмай – 450 000 (төрт жүз елу мың) теңге;

      3) әлеуметтік мәні бар сырқаты (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусын тудыратын ауру) бар, мүгедектігі бойынша жәрдемақы алмайтын тұлғаларға, жылына бір рет, табыстарын есепке алмай – 100 000 (жүз мың) теңге;

      4) өтініш берген тоқсан алдындағы республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар тұлғаларға, жылына бір рет – 50 000 (елу мың) теңгеге дейін;

      5) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға, олардың жесiрлерiне, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға, тылда еңбек еткен және әскери қызмет өткерген адамдарға (мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша санаторийлік-курорттық емдеу тағайындалған осы санаттарға сәйкес келетін адамдар екі жеңілдіктің біреуін таңдауға құқылы) Қазақстан Республикасының аумағында санаторийлік-курорттық емделуге табыстарын есепке алмай, жылына бір рет, бірақ кепілдік берілген сомадан артық емес және темір жол көлігінде жол жүру құнын төлеу;

      6) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды санаторийлік-курорттық емдеуге алып жүретін адамның, уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын, санаторийлік-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың жетпіс пайызы мөлшерінде жылына бір рет, табыстарын есепке алмай, санаторийлік-курорттық ұйымда болу құнын жергілікті атқарушы органдардан өтетіп алуға құқығы бар;

      7) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді төлеуге және тұрғын үйді күтіп-ұстауға, табыстарын есепке алмай, ай сайын - нақты шығындар мөлшерінде.

      Ескерту. 6 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 28.04.2026 № 40/327 (01.05.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      7. Әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі, әлеуметтік көмекті алу үшін ұсынылатын құжаттар тізбесі, әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту, әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару негіздері Үлгілік қағидалардың 3-тарауында келтірілген.

      8. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетінде көзделген, ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган Мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек сомаларын аударады.

      Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органнан алынған әлеуметтік көмек сомаларын әлеуметтік көмек алушылардың банктік шоттарына аударады.

      9. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

      Бейнеу аудандық мәслихатының

      2023 жылғы 23 қазандағы

      № 7/71 шешіміне 2 қосымша

      Бейнеу аудандық мәслихатының күші жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тізбесі

      1. "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" Бейнеу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қазандағы №18/145 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3464 болып тіркелген).

      2. "Бейнеу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қазандағы № 18/145 "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Бейнеу аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 қарашадағы №27/227 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3720 болып тіркелген).

      3. "Бейнеу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қазандағы № 18/145 "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Бейнеу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 мамырдағы №35/285 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3886 болып тіркелген.

      4. "Бейнеу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қазандағы № 18/145 "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Бейнеу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы №56/452 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4365 болып тіркелген).

      5. "Бейнеу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қазандағы № 18/145 "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Бейнеу аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 қазандағы №11/99 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №24935 болып тіркелген).

      6. "Бейнеу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қазандағы № 18/145 "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Бейнеу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 14 ақпандағы №16/152 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №26852 болып тіркелген).

      7. "Бейнеу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қазандағы № 18/145 "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Бейнеу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 9 қыркүйектегі №22/215 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №29612 болып тіркелген).

      8. "Бейнеу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қазандағы № 18/145 "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Бейнеу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №29/265 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №31590 болып тіркелген).

      9. "Бейнеу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қазандағы № 18/145 "Бейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Бейнеу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 маусымдағы №4/46 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4581-12 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады