Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының өңірлік инспекторы Е. Үйсімбаевтың 2024 жылғы 26 маусымдағы № 11-08/Б-1206 хаттамасы негізінде, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Маңғыстау – құм қорғаны" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) құрылсын.
Мекеменің тұрған жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы, Қызылтұран шағын ауданы, 250-үй, индекс 130400.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Маңғыстау облысы әкімдігінің 03.02.2026 № 9 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. Қоса беріліп отырған Мекеменің Жарғысы бекітілсін.
3. "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі белгіленген тәртіппен Маңғыстау облысының Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. "Маңғыстау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі жарғылық капиталында мемлекет қатысатын мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, заңды тұлғалардың тізіліміне тиісті толықтыру енгізсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
| Маңғыстау облысының әкімі | Н. Қилыбай |
| Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы "___"___________ №_____қаулысына қосымша |
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы "Маңғыстау – құм қорғаны" коммуналық мемлекеттік мекемесінің
ЖАРҒЫСЫ
Ұйымдық-құқықтық нысаны: коммуналдық мемлекеттік мекемесі (КММ)
Мемлекеттік меншік түрі: коммуналдық
Құрылтайшы: Маңғыстау облысының әкімдігі
Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Ақтөбе ауылдық округі, Ұштаған ауылы, А. Өтепбергенов көшесі, 8-үй, индекс 130408. Ақтау қаласы, 2025 жыл
1. Жалпы ережелер
1. Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Маңғыстау – құм қорғаны" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – коммуналдық мемлекеттік мекемесі) функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие, коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеме ___ жылғы "___" Маңғыстау облысы әкімдігінің шешімімен құрылды.
3. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Маңғыстау облысының әкімдігі (бұдан әрі – құрылтайшы) болып табылады.
4. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған байланысты мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады.
5. Мемлекеттік мекеменің атауы: Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Маңғыстау – құм қорғаны" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Мемлекеттік мекеменің тұрған жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы, Қызылтұран шағын ауданы, 250 ғимарат, индекс 130400.
Ескерту. 6 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 03.02.2026 № 9 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. Мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі
7. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Коммуналдық мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.
8. Мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда.
9. Мемлекеттік мекеме өзінің міндеттемелері бойынша өзінің кепілдігіндегі ақшамен жауап береді. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
10. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.
3. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
11. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні: табиғат қорғау жобаларына сәйкес экологиялық тепе теңдікті қалыпты ұстау, табиғи экожүйе мен биоәртүрлілікті сақтау және қалпына келтіру.
12. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты: табиғат қорғау жобаларына сәйкес құм сілімдерін бекіту және шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыру, сексеуіл плантацияларын күтіп-ұстау, сексеуіл тұқымдарын дайындау, ұқсату мен сақтау, өндірістік-шаруашылық қызметін жүзеге асыру болып табылады.
13. Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) шөлейттенуге қарсы күрес және құм сілімдерін бекіту іс-шараларын жүргізу;
2) елді мекендер айналасына сексеуілдің жасанды мелиорациялық жасыл екпелерін егу, күтіп ұстау және қорғау;
3) жасыл екпелер ресурстарының мүмкіншілігін арттыру, тұқымбақ жұмыстарын жүргізу;
4) жасыл аймақ аумағын күзетуді, күтіп-ұстауды, өртке қарсы жабдықтауды, зиянкестер мен аурулардан қорғауды жүзеге асыру;
5) жасыл аймақ аумағында бұзушылықтардың алдын алу мен олардың жолын кесу жөнінде шараларды қамтамасыз ету;
6) табиғат қорғау жобаларына сәйкес, жасыл аймақ құрудың өзге де бағыттарын жүзеге асыру.
14. Мемлекеттік мекемеге осы жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
15. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен нақты шектелген не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып, қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле Уәкілетті органның не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
4. Мемлекеттік мекемені басқару
16. Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды Уәкілетті орган жүзеге асырады.
17. Құрылтайшы заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік мекеме жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
2) коммуналдық мемлекеттік мекемеде қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды;
18. Уәкілетті орган заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;
2) мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
3) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
4) мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
5) мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
6) мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
7) мемлекеттік мекеме басшысының ұсынымымен мемлекеттік мекеме басшысының орынбасарын (орынбасарларын) жұмысқа қабылдайды;
8) жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;
9) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге жазбаша келісімін береді;
10) осы жарғының және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
19. Мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
20. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, Уәкілетті органға тікелей бағынады (Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
21. Мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы жарғыда айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
22. Мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.
23. Мемлекеттік мекеменің қызметті жүзеге асыруы барысында мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
3) шарттар жасайды;
4) сенімхаттар береді;
5) мемлекеттік мекеменің іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылатудың өзге де түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
6) банк шоттарын ашады;
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) Уәкілетті орган мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
9) мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалау шараларын қолданады;
10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және мемлекеттік мекеменің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерінің аясын айқындайды;
11) оған Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы жарғымен Уәкілетті орган жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі
24. Мемлекеттік мекеме мүлкін құны оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың:
1) оған меншік иесі берген мүлік;
2) өз қызметі барысында сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен құрылады.
25. Мемлекеттік мекеме дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета қаражаты бойынша бөлінген мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
26. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен мемлекеттік мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 161-бабының 2-тармағында көзделген салаларында мемлекеттік мекемелер өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.
27. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, мемлекеттік мекеменің қызметін Уәкілетті органның бюджетінен не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырады.
28. Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
29. Мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизияны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Уәкілетті орган жүзеге асырады.
6. Коммуналдық мемлекеттік мекемедегі жұмыс тәртібі
30. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
31. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Құрылтайшының шешімімен жүзеге асырылады және "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңға сәйкес аймақты тіркеу органдарында тіркеледі.
8. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
32. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысы бойынша жүргізіледі.
33. Мемлекеттік заңды тұлға, заңнамалық актілермен басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.
34. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған мемлекеттік мекеменің мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган қайта бөледі.
35. Таратылған мемлекеттік мекеменің мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы мекеменің кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.
9. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілеттіктері туралы мәліметтер
36. Мемлекеттік мекеменің филиалдар мен өкілеттіктері жоқ.