"Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Маңғыстау – құм қорғаны" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 8 мамырдағы № 109 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2026 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысы

      Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Маңғыстау – құм қорғаны" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 8 мамырдағы № 109 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 1-тармағының бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:

      "Мекеменің тұрған жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы, Қызылтұран шағын ауданы, 250-үй, индекс 130400.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Маңғыстау–құм қорғаны" коммуналдық мемлекеттік мекемесі" Жарғысындағы 6-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік мекеменің тұрған жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы, Қызылтұран шағын ауданы, 250 ғимарат, индекс 130400.".

      2. "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі белгіленген тәртіппен Маңғыстау облысының Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Қилыбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады