Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Маңғыстау – құм қорғаны" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 8 мамырдағы № 109 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының өңірлік инспекторы Е. Үйсімбаевтың 2024 жылғы 26 маусымдағы № 11-08/Б-1206 хаттамасы негізінде, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Маңғыстау – құм қорғаны" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) құрылсын.

      Мекеменің тұрған жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Ақтөбе ауылдық округі, Ұштаған ауылы, А. Өтепбергенов көшесі, 8-үй, индекс 130408.

      2. Қоса беріліп отырған Мекеменің Жарғысы бекітілсін.

      3. "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі белгіленген тәртіппен Маңғыстау облысының Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. "Маңғыстау облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі жарғылық капиталында мемлекет қатысатын мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, заңды тұлғалардың тізіліміне тиісті толықтыру енгізсін.


      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Қилыбай

О создании коммунального государственного учреждения "Маңғыстау – құм қорғаны" Управления природных ресурсов и регулирования природопользования Мангистауской области

Постановление акимата Мангистауской области от 8 мая 2025 года № 109

      В соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан, законами Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", "О государственном имуществе" и на основании протокола регионального инспектора Аппарата Правительства Республики Казахстан Уйсимбаева Е. от 26 июня 2024 года № 11-08/Б-1206, Акимат Мангистауской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Создать коммунальное государственное учреждение "Маңғыстау – құм қорғаны" Управления природных ресурсов и регулирования природопользования Мангистауской области (далее – Учреждение).

      Местонахождение Учреждения: Республика Казахстан, Мангистауская область, Мангистауский район, сельский округ Актобе, село Уштаган, улица А.Отепбергенова, 8-дом, индекс 130408.

      2. Утвердить прилагаемый Устав Учреждения.

      3. Государственному учреждению "Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Мангистауской области" в установленном порядке обеспечить регистрацию учреждения в органах юстиции и принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления.

      4. Государственному учреждению "Управление финансов Мангистауской области" внести соответствующее дополнение в Реестр государственных предприятий и учреждений, юридических лиц с участием государства в уставном капитале.


      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Мангистауской области.

      Аким Мангистауской области Килыбай Н.