"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 662/НҚ бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19982 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде:

      мынадай мазмұндағы үшінші жолмен толықтырылсын:

      "

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

      ";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

58

0201010

Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу


МАМ

"Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20256 болып тіркелді.

      ";

      мынадай мазмұндағы 121-1-тармақпен толықтырылсын:

      "

120

0203005

Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу

Еңбекші көшіп- келушіге рұқсатты беру

Еңбекмині

"Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 123 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27595 болып тіркелді.

121

Еңбекші көшіп- келушіге рұқсатты ұзарту

121-1

Еңбекші көшіп- келушіге рұқсатты кері қайтарып алу

      ";

      139-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

139

00301002

Мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды есепке қою немесе қайта есепке алу


МАМ

"Масс-медиа саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 17 қазандағы № 488-НҚ бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35283 болып тіркелді.

      ";

      140-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

140

00301003

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке қою


МАМ

"Ақпарат саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 30 қазандағы № 502-НҚ бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35316 болып тіркелді.

      ";

      мынадай мазмұндағы 336-1, 336-2, 336-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "

336

00603005

Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықты актілерге және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілердегі гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын қайта бастау.

Қорғанысмині

"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 10 шілдедегі № 322 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20957 болып тіркелді.

336-1

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу.

Қорғанысмині

336-2

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтату.

Қорғанысмині

336-3

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының телнұсқасын беру.

Қорғанысмині

      ";

      мынадай мазмұндағы 340-1-тармақпен толықтырылсын:

      "

338

00603007

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің объектілеріне және (немесе) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне тиесілі аумақта орналасқан санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғау аймақтары бойынша қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділерінің нормативтік құжаттама жобаларының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру

Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың шекті жол берілетін шығарындылары мен шекті жол берілетін төгінділерінің нормативтік құжаттамасының жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу.

Қорғанысмині

"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 10 шілдедегі № 322 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20957 болып тіркелді.

339

Санитариялық қорғау аймағының, санитариялық-қорғау аймағының нормативтік құжаттамасының жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу.

Қорғанысмині

340

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу.

Қорғанысмині

340-1

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының телнұсқасын беру.

Қорғанысмині

      ";

      мынадай мазмұндағы 343-1, 343-2, 343-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "

343

0603010

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру

санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын қайта бастау

ҰҚК

"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 29/қе бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28566 болып тіркелді.

343-1

санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу

ҰҚК

343-2

санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтату

ҰҚК

343-3

санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының телнұсқасын беру

ҰҚК

      ";

      мынадай мазмұндағы 345-6, 345-7, 345-8, 345-9-тармақтармен толықтырылсын:

      "

345-6

00603013

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғау аймақтары бойынша қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділерінің нормативтік құжаттама жобаларының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру

қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділерінің нормативтік құжаттамасының жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу

ҰҚК


345-7

санитариялық қорғау аймағының, санитариялық-қорғау аймақтарының нормативтік құжаттамасының жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу

ҰҚК

345-8

санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу

ҰҚК

345-9

санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының түпнұсқасын беру

ҰҚК

      ";

      мынадай мазмұндағы 434-1-тармақпен толықтырылсын:

      "

434-1

000706

Лауазымнан шеттетiлген күдіктілерге, айыпталушыларға және сотталушыларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеу


Еңбекмині


      ";

      448, 449 және 450-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "

448

00802001

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру

Лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаларды беру

ОМ

"Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 483 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30833 болып тіркелді

449

Лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу

ОМ

450

Қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу

ОМ

      ";

      463, 464-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "

463

00803004

Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану

Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану

ОАМ

"Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің. 2023 жылғы 28 шiлдедегі № 230 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33219 болып тіркелді

464

Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану туралы куәліктің телнұсқасын беру

ОАМ

      ";

      507, 508-тармақтар алып тасталсын;

      522, 523, 523-1-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "

522

00903008

Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немее) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беру

Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру

МАМ

"Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 188 бұйрығы Нормативтік құқықтық актілері мемлкеттік тіркеу тізілімінде № 20926 болып тіркелді.

523

Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру

МАМ

523-1


Лицензияны қайта ресімдеу

МАМ

      ";

      мынадай мазмұндағы 534-1, 534-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "

534-1

00903018

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеу және (немесе) сараптау жөніндегі тұлғаларды аккредиттеу

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеу және (немесе) сараптау жөніндегі тұлғаларды аккредиттеу

ҰЭМ

"Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау мен іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілері мемлкеттік тіркеу тізілімінде № 36281 болып тіркелді.

534-2

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеу және (немесе) сараптау жөніндегі тұлғаларды аккредиттеу туралы куәлікті қайта рәсімдеу

ҰЭМ

      ";

      557-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

557

00906008

Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу


ӨҚМ

"Қазақстанда шығарылған өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 15 маусымдағы № 342 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілері мемлкеттік тіркеу тізілімінде № 28504 болып тіркелді.

      ";

      мынадай мазмұндағы 665-3, 665-4-тармақтармен толықтырылсын:

      "

663

01202003

Арнаулы су пайдалануға рұқсат

Тікелей жерүсті су объектісінен су ресурстарын алу

СРИМ


664

Жерасты суларын алу

СРИМ

665

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды, сондай-ақ құрылыс қызметін жүргізу кезінде дренаждық суларды немесе ілеспе алынған жерасты суларын пайдалану

СРИМ

665-1

Тазартылған сарқынды суларды жерүсті су объектілеріне, жер қойнауына, сарқынды суларды жинақтағыштарға және жергілікті жер бедеріне ағызу

СРИМ

665-2


Жерүсті су ағынын реттеу

СРИМ

665-3


Арнаулы су пайдалануға рұқсатты ұзарту

СРИМ

665-4


Арнаулы су пайдалануға рұқсатты қайта рәсімдеу

СРИМ

      ";

      мынадай мазмұндағы 696-1-тармақпен толықтырылсын:

      "

696

01204015

Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу

Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері қауымдастығын аккредиттеу

ЭТРМ

"Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 28 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19960 болып тіркелді.

696-1

Балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу

      ";

      696-1-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 696-2-тармақпен толықтырылсын:

      "

696-2

01204015-1

Ресурстық тексеруді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды аккредиттеу


ЭГТРМ


      ";

      697-тармақ алып тасталсын;

      718-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

718

01205011

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларының, сондай-ақ көрсетілген заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің емтихан тапсыруы


ТЖМ

"Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Рес-публикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 1100 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12479 болып тіркелді.

      ";

      758-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

758

01301002

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдықтарын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін кредиттеу және лизинг кезінде қаржы институттарының сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау

АШМ

"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлкеттік тіркеу тізілімінде № 17741 болып тіркелді.

      ";

      мынадай мазмұндағы 791-1-тармақпен толықтырылсын:

      "

791-1

01301034

Сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау


АШМ


      ";

      792-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

792

01302001

Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру

Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия алу

АШМ

"Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензия беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 302 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21364 болып тіркелді.

792-1

Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу

АШМ

      ";

      923-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

791-1

01601004

Салықтық есептілікті ұсынуын тоқтата тұру, қайта бастау


Қаржымині

"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20955 болып тіркелді.

      ";

      931-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

931

01601012

Салықтарды, төлемақыларды және (немесе) өсімпұлдарды төлеу бойынша кейінге қалдыруды (бөліп төлеуді) ұсыну


Қаржымині

"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20955 болып тіркелді.

      ";

      1036-тармақ алып тасталсын;

      1047-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1047

01801001

Авторлық құқық пен сабақтас құқық объектілерін, тауар белгілерін географиялық нұсқамаларды, қызмет көрсету белгілері мен тауарлардың шығарылған жерлерінің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу


Қаржымині

"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20955 болып тіркелді.

      ";

      1141-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1141

02101002

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін келісу


МАМ

"Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20256 болып тіркелді.

      ";

      1154-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1154

02201013

Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау


АШМ

"Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелді.

      ";

      1155-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1155

02201014

Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу


АШМ

"Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелді.

      ";

      1162-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1162

02201021

Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру туралы


АШМ

"Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелді.

      ";

      мынадай мазмұндағы 1162-1-тармақпен толықтырылсын:

      "

1162-1

02201022

Жер учаскесінің топырақ бонитетінің балын айқындау


АШМ


      ";

      мынадай мазмұндағы 1162-2-тармақпен толықтырылсын:

      "

1162-2

02201023

Құрылысты пайдалануға бергеннен кейін бұрын жалға берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру


АШМ


      ";

      мынадай мазмұндағы 1162-3-тармақпен толықтырылсын:

      "

1162-3

02201024

Ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесін ресімдеу


АШМ


      ";

      1183-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1183

02303001

Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру


МАМ

"Теле, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 101 бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20296 болып тіркелді.

      ";

      1184-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1184

02303002

Отандық теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру


МАМ

"Масс-медиа саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 17 қазандағы № 488-НҚ бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35283 болып тіркелді.

      ";

      1185-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1185

02303003

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою, қайта есепке қою, куәлігін беру


МАМ

"Масс-медиа саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 17 қазандағы № 488-НҚ бұйрығы. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35283 болып тіркелді.

      ";

      мынадай мазмұндағы 1331-тармақпен толықтырылсын:

      "

1331

03105004

Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну


ОАМ


      ";

      мынадай мазмұндағы жаңа тараумен толықтырылсын:

      "

Қоғамдық маңызы бар көрсетілетін қызметтер

032. Әлеуметтік бағыт

03201. Мәдениет және ақпарат саласындағы қоғамдық маңызы бар көрсетілетін қызметтер

1332

03201001

Азаматтық қоғамды, мәдениетті және ақпараттық ортаны дамыту

Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылын дамыту

МАМ, ЖАО


1333

Азаматтық белсенділікті дамыту

МАМ, ЖАО

1334

Коммерциялық емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету

МАМ, ЖАО


1335

Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру

МАМ, ЖАО


1336

Мәдениетті қолдау және насихаттау

МАМ, ЖАО


1337

Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану

МАМ, ЖАО


1338

Кинематографияны дамыту

МАМ, ЖАО


1339

Дін саласында профилактикалық жұмыстар жүргізу

МАМ, ЖАО


03202. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қоғамдық маңызы бар көрсетілетін қызметтер

1340

03202001

Экологиялық қауіпсіздікті және табиғатты ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету

Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қалпына келтіру

ЭТРМ, ЖАО


1341

Ормандарды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи ресурстарды басқару

ЭТРМ, ЖАО


1342

Тиімді экологиялық мониторинг пен экологиялық бақылауды қамтамасыз ету

ЭТРМ


033. Экономикалық бағыт

03301. Көлік саласындағы қоғамдық маңызы бар көрсетілетін қызметтер

1343

03301001

Халыққа көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастыру және дамыту

Қоғамдық көліктің жұмысын ұйымдастыру

КМ, ЖАО


1344

Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол бойындағы сервис объектілерін дамыту

КМ, ЖАО, "ҚазАвтоЖол" ҰҚ АҚ


1345

Теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау

КМ, ЖАО


1346

Теміржол вокзалдарының қызметін ұйымдастыру

КМ, ЖАО


1347

Азаматтардың авиациялық қызметтерге қажеттіліктерін қанағаттандыру

КМ, ЖАО, жеке компаниялар


03302. Өнеркәсіп және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы қоғамдық маңызы бар көрсетілетін қызметтер

1348

03302001

Өнеркәсіптің, құрылыстың және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың тұрақты дамуын қамтамасыз ету

Тау-кен металлургия кешенін дамыту

ӨҚМ


1349

Машина жасау

ӨҚМ


1350

Көмір, химия, жеңіл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі

ӨҚМ


1351

Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру

ӨҚМ


1352

Қатты пайдалы қазбалар бөлігінде жер қойнауын пайдалану

ӨҚМ


1353

Тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық

ӨҚМ, ЖАО


03303 Отын-энергетика кешенін дамыту саласындағы қоғамдық маңызы бар көрсетілетін қызметтер

1354

03303001

Халықты отын-энергетикалық ресурстармен қамтамасыз ету

Мұнай өнімдерін өндіру

ЭМ, "ҚазМұнайГаз" ҰҚ АҚ


1355

Газ және газбен жабдықтау

ЭМ, ҰЭМ ТМРК, БҚДА, "ҚазТрансГаз Аймак" АҚ, ЖАО


1356

Электр энергетикасы және электрмен жабдықтау

ЭМ, ҰЭМ ТМРК, БҚДА, "КЕGОC" АҚ, Энергия өндіруші, Энергия беруші ұйымдар, ЖАО


1357

Жылумен жабдықтау

ЭМ, ҰЭМ ТМРК, БҚДА, "КЕGОC" АҚ, Энергия өндіруші, Энергия беруші ұйымдар, ЖАО


03304. Бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы қоғамдық маңызы бар көрсетілетін қызметтер

1358

03304001

Адал бәсекелестікті қамтамасыз ету және дамыту

Адал бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу

БҚДА


1359

Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және тергеу, жолын кесу

БҚДА


1360

Экономикалық шоғырлануды реттеу

БҚДА


      ".

      2. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      2) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялауды және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық даму
министрінің міндетін атқарушы
Р. Коняшкин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады