Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 1100 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 желтоқсанда № 12479 болып тіркелді.

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 79-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына электрондық түрдегі ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
А. Рау

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі міндетін атқарушының
2015 жылғы 25 қарашадағы
№ 1100 бұйрығымен
бекітілген

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 10.04.2020 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Өнеркәсіпті қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларының, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты емтихан комииссиялары мүшелерінің емтихан тапсыруының осы Қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Азаматтық қорғау туралы"Қазақстан Республикасы Заңының 79-бабының 8-тармағына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және аталған заңды тұлғалардың өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларының, сондай-ақ тұрақты емтихан комиисиялары (бұдан әрі - ТЖЕК) мүшелерінің емтихан тапсыру тәртібін анықтайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.04.2026 № 156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Емтихан тапсыру өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы білімін бағалау үшін жүргізіледі.

      3. Емтихан тапсыратын адамның таңдауы бойынша емтихан тапсыру үш жылда бір рет мемлекеттік немесе орыс тілдерінде тестілеу нысанында жүзеге асырылады.

      4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 30.09.2025 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2) емтихан тапсырушы адам – заңды тұлғаның басшысы немесе тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссия мүшелері;

      3) алып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 09.03.2023 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4) өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғаның басшысы (бұдан әрі – заңды тұлғаның басшысы) – өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын заңды тұлғаның бірінші басшысы, технологиялық процеске басшылық етуді жүзеге асыратын, техникалық мәселелер бойынша, өндіріс бойынша бірінші басшының орынбасары, сондай-ақ бас инженер, бас инженердің орынбасары, өнеркәсіптік қауіпсіздікке жауапты құрылым басшысы;

      5) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      6) аумақтық департамент - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты және бақылау, қадағалау функцияларын іске асыратын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі;

      7) тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссия мүшелері – заңды тұлға тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссия құрамына енгізген адам.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 31.05.2021 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 09.03.2023 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.09.2025 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      5. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларының, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің білімін тексеру мемлекеттік мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және осы Қағидаларға сәйкес аумақтық департаменттер (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 30.09.2025 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      6. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) емтиханды тапсыру үшін "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz (бұдан әрі – портал) веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті жолдайды.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.04.2026 № 156 (12.07.2026 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес белгіленеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Өтініш заңды тұлғаның басшысы лауазымға тағайындалғаннан немесе ТЖЕК құрамына енгізілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей және кезекті емтихан тапсыруды өткізу күніне дейін 45 (қырық бес) жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырылады.

      Өтінішті қарастырудың жалпы мерзімі және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 09.03.2023 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.04.2026 № 156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар мен мәліметтерді олар келіп түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, не болмаса оны алмастыратын тұлғаға жібереді, ол жауапты орындаушыны тағайындайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 15.04.2025 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      8-1-тармақ алып тастау көзделген - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 29.09.2026 № 365 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8-1. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.

      Ескерту. Қағида 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      9-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 29.09.2026 № 365 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Жауапты орындаушы өтінішті тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде онда көрсетілген мәліметтердің толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушы мәліметтерді толық көрсетпеген жағдайда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тартуды дайындайды және оны көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оның орнын ауыстыратын адамның ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтініште көрсетілген толық мәліметтерді көрсеткен жағдайда, жауапты орындаушы өтінішті тіркеген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға емтиханды қабылдауды жүзеге асыратын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық актілер тізімімен емтихандарды тапсыру күні туралы хабарламаны жібереді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орнын ауыстырған адамның ЭЦҚ қойылған хабарламаны көрсетілетін қызмет алушының жеке кабинетіне жібереді.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 31.05.2021 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.04.2026 № 156 (12.07.2026 бастап күшіне енеді) бұйрықтарымен.

      10. Тесттерді өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган әзірлейді. Тест сұрақтарының саны жүз сұрақты құрайды. Бір тест сұрағына жауап беру нұсқаларының саны төрт, біреуі дұрыс. Тесттерді орындау уақыты жүз жиырма минуттан аспайды.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 30.09.2025 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10-1. Тестілеуді өткізу кезінде техникалық жарақтандыру бойынша ең төменгі техникалық талаптар осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес жазылған.

      Ескерту. Қағида 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 09.03.2023 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Тестілеу уақытында емтихан тапсырушы адамдарға басқа адамдармен сөйлесуге, материалдармен алмасуға, қағаз және электрондық тасығыштағы ақпараттарды пайдалануға, байланыс құралдарын пайдалануға, бөлмеден шығуға болмайды.

      12. Тест құрамының 70 (жетпіс) пайызына және одан көп бөлігіне дұрыс жауап болғанда емтихан тапсырылған деп есептеледі. Егер емтиханның нәтижесі белгіленген шекті деңгейінен кем болған жағдайда, емтихан тапсырылмады деп есептеледі.

      13. Емтихан аяқталғаннан кейін емтихан тапсыратын адамға тестілеуден өткен күні сұрақтар бойынша дұрыс жауаптардың саны және әрбір сұрақ бойынша жауаптардың нақты нәтижелері көрсетілген хаттама беріледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Емтихан нәтижесі осы Қағиданың 4-ші Қосымшасына сәйкес нысан бойынша сертификатпен рәсімделеді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 15.04.2025 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Сертификат кезекті емтихан тапсырғанға дейін сақталады.

      16. Емтиханды тапсыра алмаған адамдар қайтадан емтихан тапсырады. Емтиханды қайтадан тапсыру бір рет және бір айдан кешіктірмей жүргізіледі.

      17. Емтиханды қайта тапсыра алмаған адамдар еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымынан шеттетіледі.

      Ұйым басшысына емтиханнан өту нәтижелері қоса берілген хабарлама жіберіледі.

      18. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оның орнындағы адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады және портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жолданады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

      Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапты қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 09.03.2023 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.04.2026 № 156 (12.07.2026 бастап күшіне енеді) бұйрықтарымен.

      18-1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты үш жұмыс күні ішінде "цифрлық үкімет" операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.

      Ескерту. Қағида 18-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 09.03.2023 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.04.2026 № 156 (12.07.2026 бастап күшіне енеді) бұйрықтарымен.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      19-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 29.09.2026 № 365 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) күн ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген өтініш берушіге ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Егер Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Өнеркәсіптік қауіпсіздікті
декларациялайтын заңды
тұлғалар басшыларымен,
сондай-ақ аталған заңды
тұлғалардың тұрақты жұмыс
істейтін емтихан комиссиялары
мүшелерімен емтихан
тапсыру қағидаларына
1-қосымша
Нысан

[Заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, бизнес сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]

  [Мемлекеттік органның атауы]
  Басшысына

      Өтініш нөмірі: [Нөмірі]

      Өтініш күні: [Күні]

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларының, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің білімін тексеруге
ӨТІНІШ

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.04.2026 № 156 (12.07.2026 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 79-бабы 8-тармағының талаптарына сәйкес сізден басшылардан және тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінен өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша емтихандар қабылдауыңызды сұраймын

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы, өнеркәсіптік саласы, қызмет саласы)

      1. ___________________________________________________________________

      2. ___________________________________________________________________

      3. ___________________________________________________________________

      4.___________________________________________________________________

      (Емтихан тапсырушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, лауазымы)

      Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық емес мәліметтерді бергені үшін жауаптылық туралы хабардармын.

  ____________________________
  [Тегі, аты, әкесінің аты
  (бар болса), электрондық
  цифрлық қолтаңба]



      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-қосымшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 29.09.2026 № 365 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
     

  Өнеркәсіптік қауіпсіздікті
декларациялайтын заңды
тұлғалар басшыларымен,
сондай-ақ аталған заңды
тұлғалардың тұрақты жұмыс
істейтін емтихан комиссиялары
мүшелерімен емтихан
тапсыру қағидаларына
2-қосымша
Нысан

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.04.2026 № 156 (12.07.2026 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

"Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларының, сондай-ақ көрсетілген заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің емтихан тапсыруы" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті беруші

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

-

3

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

"Цифрлық үкімет" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал).

4

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

15 (он бес) жұмыс күні

5

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электрондық (толық цифрландырылған)

6

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Сертификат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе оның орнын ауыстыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрi - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі және сақталады.

7

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

8

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, түскі үзіліспен.
2) портал - техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.

10

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсетуден бас тартады.

11

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсы;
2) www.egov.kz порталда.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: "1414", +7 (800) 080 7777.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 29.09.2026 № 365 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Өнеркәсіптік қауіпсіздікті
декларациялайтын заңды
тұлғалар басшыларымен,
сондай-ақ аталған заңды
тұлғалардың тұрақты жұмыс
істейтін емтихан комиссиялары
мүшелерімен емтихан тапсыру
қағидаларына 3-қосымша
Нысан

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 30.09.2025 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


Мемлекеттік органның
атауы




Наименование государственного
органа

___________ қаласы


город _____________

      Мерзімі: [Берілген күні] жыл [Ұйымның атауы] Номері: [Құжаттың нөмірі] [Мекенжайы]

ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ



      [Мемлекеттік органның атауы], Сіздің [Мерзімі] жылғы № [Құжаттың кіріс нөмірі] өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлайды: [Бас тартудың негіздемесі] [Қол қоюшының лауазымы] [қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)] ]

  Өнеркәсіптік қауіпсіздікті
декларациялайтын заңды
тұлғалар басшыларымен,
сондай-ақ аталған заңды
тұлғалардың тұрақты жұмыс
істейтін емтихан комиссиялары
мүшелерімен емтихан
тапсыру қағидаларына
3-1-қосымша
нысан

Тестілеуді өткізу кезінде техникалық жарақтауға қойылатын ең төменгі техникалық талаптар

      Ескерту. Қағида 3-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 09.03.2023 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда көзделген - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.04.2026 № 156 (12.07.2026 бастап күшіне енеді) бұйрықтарымен.

      1. Тестілеуді өткізу кезінде емтихан тапсыратын тұлғалар жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну арқылы сәйкестендіруден өтеді

      2. Тестілеуге кіргізу кезінде қол немесе рамалық типтегі металл іздегіштер пайдаланылады. Металл іздегіштерді тестілеуге кіргізу кезінде қолдану тестілеуді өткізу барысында емтихан тапсыратын тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың ғимаратқа байланыс құралдарын, электрондық-есептеу техникасын, фото-, аудио- және бейнеаппаратураны, анықтамалық материалдарды, жазбаша жазбаларды және ақпаратты сақтау мен берудің өзге де құралдарын алып кіруіне жол бермеу мақсатында жүзеге асырылады.

      3. Тестілеуді бастау үшін емтихан тапсыратын тұлға биометриялық сәйкестендіру арқылы жеке басын растауы қажет.

      4. Тестілеу залдары жұмыс станцияларымен (процессор — кемінде Intel Core i3, жедел жад — кемінде 4 Гб), үй-жайларды ауа баптау жүйелерімен, диспенсермен, күту залымен жабдықталуы тиіс.

      5. Әрбір жұмыс станциясы тестілеу процесінің бейнежазбасын жүргізу үшін веб-камералармен жабдықталуы тиіс.

      6. Тестілеу залдары заманауи цифрлық бейне және аудиобақылау жүйесімен жабдықталуы тиіс.

      Тестілеуді өткізудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында өткізу пункттеріндегі аудиториялар жалпы бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі.

      7. Әрбір тестілеу залында басып шығару мүмкіндігі бар принтер орнатылуы тиіс.

      8. Әрбір тестілеу залы басқарылатын коммутатормен және жергілікті желімен жабдықталуы әрі киберқауіпсіздік талаптарына сәйкес болуы тиіс.

  Өнеркәсіптік қауіпсіздікті
декларациялайтын заңды
тұлғалар басшыларымен,
сондай-ақ аталған заңды
тұлғалардың тұрақты жұмыс
істейтін емтихан комиссиялары
мүшелерімен емтихан тапсыру
қағидаларына 4-қосымша
  Нысан

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 30.09.2025 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 
Мемлекеттік органның
атауы




Наименование государственного
органа

________ қаласы


город _______

СЕРТИФИКАТ № ____ ______________________________ Заңды тұлғаның атауы

      20__ жылғы "___" __________

      [Мемлекеттік органның атауы] Қазақстан Республикасының Заңдарымен және нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының көлемінде емтихан қабылдады:

      _______________________________________________________________

      ______________________________________________________________________________________________________________________________

р/с № №

Емтихан тапсырушының Т.А.Ә.

Лауазымы

Білімі

Нәтиже (тапсырды, тапсырмады, келген жоқ)

1





2





3





4





      Қолданылу мерзімі 20__ жыл "___" ____________ дейін

      ______________________________________________________

      Қол қоюшының лауазымы Т.А.Ә. (болған жағдайда)




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады