Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 31.10.2025 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 40) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 31.10.2025 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің
| Министрдің м.а. | Е. Нысанбаев |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 28 бұйрығымен бекітілген |
Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидалары
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 31.10.2025 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 1-тармағының 40) тармақшасына сәйкес әзірленді және аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеуді, оларды аккредиттеуден өткізуді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін анықтайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 31.10.2025 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай негізі ұғымдар пайдаланылады:
1) аккредиттеу – аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берушінің белгілі бір салада сәйкестікті бағалау жұмыстарын орындау құзыретін ресми танитын рәсім;
2) аккредиттеу субъектісі – аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары (бұдан әрі – қауымдастық);
3) аңшылық минимумы – оқыту бағдарламасының Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының, аңшы куәлігін беру үшін білу міндетті шарт болып табылатын аң аулау кезіндегі қауіпсіздік техникасының мәселелерін қарастыратын арнайы қысқаша курсы;
4) уәкілетті орган – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган.
5) уәкілетті орган ведомствосы – уәкілетті органның бөлімшесі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 31.10.2025 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Аккредиттеуді Заңның 33-1-бабында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру құқығын растау үшін уәкілетті орган ведомствосы аккредиттеу субъектісіне жүргізеді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 23.01.2023 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Аккредиттеуді жүргізу рәсімдері:
1) аккредиттеуді жүргізу туралы хабарландыру жариялау;
2) қауымдастықтардың уәкілетті орган ведомствосына осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттарды беруі;
3) аккредиттеу материалдарын қарауы;
4) аккредиттеу туралы куәлікті беру немесе оны беруден дәлелді бас тарту.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 23.01.2023 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Аккредиттеуді жүргізу тәртібі
5. Аккредиттеу мерзімі мен оны өткізу шарттары туралы хабарландыру аккредиттеу жүргізілгенге дейін он жұмыс күн бұрын уәкілетті орган ведомствосының ресми интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 23.01.2023 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 23.01.2023 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 7-қосымшада келтірілген.
Уәкілетті орган осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актіні бекіткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 23.01.2023 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады.
Жауапты қызметкер көрсетілетін қызметті алушының өтініші тіркелген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және қолданылу мерзімдерін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды Портал арқылы берген кезде Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға баяндалған 7-қосымшада мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың Тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 31.10.2025 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 23.01.2023 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Уәкілетті орган ведомствосы өтінім түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде аккредиттеу туралы куәлікті береді немесе аккредиттеуден дәлелді бас тарту жібереді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 31.10.2025 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 7-қосымшада жазылған.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.
Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу туралы куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 31.10.2025 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу туралы куәлік осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төрт жыл мерзімге беріледі.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 31.10.2025 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Аккредиттеу туралы куәлік иеліктен шығарылмайды және үшінші тұлғаларға берілуге жатпайды.
14. Атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген жағдайда қауымдастық бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган ведомствосына аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 23.01.2023 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Қауымдастықтың аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
16. Аккредиттеу туралы куәлік өзінің қолданылуын:
1) оның қолданылу мерзімі аяқталған;
2) қауымдастықтың қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;
3) қауымдастық куәліктің қолданылуын өз еркімен тоқтату туралы өтініш берген;
4) уәкілетті орган ведомствосы Заңның 33-1-бабында көзделген қызметтің тиісті дәрежеде жүзеге асырылмауы туралы фактілерді анықтаған жағдайларда тоқтатылады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 23.01.2023 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру (кері қайтарып алу) "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 31.10.2025 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Республикалық қауымдастықтарды аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерін аккредиттеу нәтижелеріне шағымдану тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 31.10.2025 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Қағида 3-тараумен толықтырылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.09.2021 № 369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
18. Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңға (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
19. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 4-бабының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
| Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидаларына 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 31.10.2025 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Нысан |
Кімге:_______________________________________________
(аккредиттеу органы басшысының лауазымы, тегі,
аты-жөні, әкесінің аты (бар болса))
_____________________________________________________
Кімнен:______________________________________________
(лауазымы, заңды тұлғаның атауы)
Реквизиттері: _________________________________________
(БСН, байланыс телефоны, электронды мекенжайы)
_____________________________________________________
Өтініш
________________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
__________________________________________________________ аккредиттеуді сұраймын.
Жүзеге асыру үшін_______________________________________________________________
(аккредитация саласындағы жұмыс түрлері) ________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1.________________________________________________________________________
2.________________________________________________________________________
3.________________________________________________________________________
4.________________________________________________________________________
5.________________________________________________________________________
____________________ ______________________________________________________
(қолы) (лауазымы, тегі, аты-жөні, әкесінің аты (бар болса)
Күні: 20__ жылғы " ___ " ____________
Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 31.10.2025 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Нысан |
Мәліметтер нысаны
(аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары үшін)
Аңшылық минимумының бағдарламасы бойынша теориялық курс өткізу үшін жабдықталған үй-жайлар туралы мәліметтер
1) Мекенжайы:__________________________________________________________
_______________________________________________________________________
2) Үй-жайлардың сипаттамасы, жабдықтар және алаңы _______________________
_______________________________________________________________________
3) Жеке меншік құқығын растайтын құжаттың нөмірі және күні________________
өкілдіктер және (немесе) филиалдар туралы мәліметтер (бар болса)
4) Мекенжайы:__________________________________________________________
_______________________________________________________________________
5) Атауы: _______________________________________________________________
________________________________________________________________________
6) филиалды және (немесе) өкілдікті тіркеу туралы заңды және жеке тұлғалар үшін
анықтама________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы кәсіби білімі бар қызметкерлердің тиісті штатының болуы туралы мәліметтер
7) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)_________________________________________
_________________________________________________________________________
8) Лауазымы _____________________________________________________________
________________________________________________________________________
9) Осы ұйымда жұмыс істейді________________________________________________
________________________________________________________________________
(тұрақты немесе уақытша екені көрсетілсін)
10) Жұмыс өтілі:__________________________________________________________
________________________________________________________________________
(мамандығы және атқаратын қызметі көрсетілсін)
11) Оқу орнының атауы_____________________________________________________
_________________________________________________________________________
12) Оқу жылдары __________________________________________________________
_________________________________________________________________________
13) Диплом бойынша біліктілігі_______________________________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
14) Диплом бойынша мамандығы_____________________________________________
_________________________________________________________________________
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында арнайы әдебиеттің, аңшылық минимумы бойынша әдістемелік материалдардың, көмекші құралдар мен экспонаттардың
15) Атауы: ________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
16) Өлшем бірлігі: __________________________________________________________
__________________________________________________________________________
17) Саны: _________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Веб-сайттың болуы туралы мәліметтер
18) Атауы: ________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
19) Өлшем бірлігі __________________________________________________________
__________________________________________________________________________
20) Саны __________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
21) Ескертпе _______________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Қауымдастық құрылтайшыларында мүшелерінде аңшылық шаруашылығын жүргізу, азаматтарды аңшылық минимумына оқыту бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер
22) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)__________________________________________
__________________________________________________________________________
23) Лауазымы ______________________________________________________________
__________________________________________________________________________
24) Осы ұйымда жұмыс істейді________________________________________________
__________________________________________________________________________
(тұрақты немесе уақытша екені көрсетілсін)
25) Жұмыс өтілі:____________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(мамандығы және атқаратын қызметі көрсетілсін)
26) Оқу орнының атауы______________________________________________________
_________________________________________________________________________
27) Оқу жылдары ___________________________________________________________
__________________________________________________________________________
28) Диплом бойынша біліктілігі_______________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
29) Диплом бойынша мамандығы_____________________________________________
__________________________________________________________________________
Қауымдастық құрамында аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің болуы туралы мәліметтер
30) Қоғамдық бірлестіктердің атауы ___________________________________________
__________________________________________________________________________
31) Саны__________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
32) Мекенжайы:____________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Берілген ақпараттың дұрыстығын растаймын және теріс мәліметтер бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жайында хабардармын.
Ақпараттық жүйелерде болатын заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтініш берілген күн 20___ жылғы "__" ___________
_________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы
Мәліметтер нысаны
Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 31.10.2025 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидаларына 4-қосымша |
Ескерту. 4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 31.10.2025 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Нысан |
Елтаңба Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу туралы куәлік
№ _____ | 20 ___жылғы " __ " ___________ |
"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 40) тармақшасына сәйкес
__________________________________________________________________
(аккредиттеу органының атауы)
__________________________________________________________________
__________________________________________мекенжайында орналасқан мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға аккредиттеледі:
1) аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аңшылық шаруашылығын, аңшылық ит өсіруді, аң-құстарды өсіруді дамыту жөніндегі қызметін үйлестіру;
2) аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің мүддесін мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес және халықаралық ұйымдарда білдіруді;
3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді және басқа да құжаттарды дайындауға қатысу;
4) жануарлар дүниесi объектілерінің мониторингіне және есебін алуға қатысу;
5) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар әлемі объектілерін алып қою квоталарын бөлу;
6) аң аулауға пайдаланылатын аушы жыртқыш құстарды тіркеу мен есепке алуды жүргізу;
7) өз филиалдары мен өкілдіктері арқылы аңшы куәлігін беру, белгіленген нысан бойынша аң аулаушының берілген куәлігі туралы есептемені уәкілетті органға ұсыну;
8) бекітіп берілген аңшылық алқаптарында аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің санын есепке алуды жүргізуге қатысуды, аңшылық шаруашылығының субъектілері ұсынған деректерді талдау мен жалпылауды және жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимитін дайындау үшін уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне ұсынымдар енгізу;
9) жануарлар дүниесiнің өсiмiн молайтуды ұйымдастыруды;
10) аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссияларға қатысу;
11) аушы жыртқыш құстар мен аңшылық иттерді пайдалана отырып, аң аулаудың ұлттық түрлерін дамытуды ұйымдастыруды;
12) Жарғыда көзделген және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.
Куәлік 20 ___ жылғы " _ " _________дейін жарамды.
Аккредиттеу органының басшысы __________ _________________________________
(қолы) (тегі, аты-жөні, әкесінің аты (ол бар болса))
| Мөрдің орны |
Сериясы ___________ №_________________________
Берілген күні 20_____ жылғы "_____"
Елтаңба Балық аулаушылар және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу туралы куәлік
Ескерту. 5-қосымша алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 31.10.2025 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
| Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидаларына 6-қосымша |
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 31.10.2025 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Кімге: _________________________________________
(аккредиттеу органы басшысының лауазымы, тегі,
аты-жөні, әкесінің аты (бар болса))
_______________________________________________
Кімнен: ________________________________________
(лауазымы, заңды тұлғаның атауы)
Реквизиттері: ___________________________________
(БСН, байланыс телефоны, электронды мекенжайы)
_______________________________________________
Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу туралы куәлікті қайта рәсімдеуге Өтініш
Аккредиттеу туралы куәлікті қайта рәсімдеп беруді сұраймын.
_______________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
берілген _______________________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
Жүзеге асыру үшін _______________________________________________
(аккредитация саласындағы жұмыс түрлері)
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
мына (дай) негіздеме (лер) бойынша:
1) атауының өзгеруі;
2) заңды мекенжайының өзгеруі
Өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркеледі:
1. ____________________________________________________________
2. ____________________________________________________________
3. ____________________________________________________________
4. ____________________________________________________________
5. ____________________________________________________________
Байланыс телефондары __________________ E-mail__________________
Қосымша: ________ парақ (та) 1 данада ___________
____________________________________________ ______________
тегі, аты-жөні, әкесінің аты (ол бар болса)) қолы
_____________20____жыл ______________________
Мөрдің орны
(жеке кәсіпкерлер
болып табылатын
тұлғаларды қоспағанда)
| Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидаларына 7-қосымша Нысан |
Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 31.10.2025 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1. | Көрсетілетін қызмет берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті |
2. | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
Барлық кіші түрлері бойынша: |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 3 (үш) жұмыс күн |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған). |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу туралы куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту береді Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды. |
6. | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8. | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің қауымдастығын аккредиттеу кезінде: |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10. | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген, өзге де талаптар |
1) Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай тұғырнамасы – www.gov.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігі "деген бөлімде" қызметтер "деген кіші бөлімде:"; Порталда; |
| Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидаларына 8-қосымша Нысан |
Хабарлама
Ескерту. Қағида 8-қосымшамен толықтырылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.09.2021 № 369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 31.10.2025 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Берілді ___________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)
Осы арқылы Мемлекеттік мекеме
_______________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы) Сіздің [өтініш күні] № [өтініш нөмірі]
өтінішіңізді қарап, Сізге келесі құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы хабарлайды
____________________________________________________________
__________________(құрылымдық элементті көрсету)
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 28 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19960 болып тіркелген) Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидаларына сәйкес осы хабарламаны Портал арқылы алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Сізге мынадай құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы хабарлайды:
Портал:
1. ___________________________________________
2. ___________________________________________
3. ___________________________________________
Жоғарыда көрсетілген құжаттар көрсетілген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, өтінішті
одан әрі қарауға дәлелді бас тарту жіберіледі.
__________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті беруші басшысының лауазымы)
________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті беруші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Хабарламаны жіберу күні мен уақыты: 20_ жылғы "___" ________ "__" сағат "__" мин.
