БҰЙЫРАМЫН:
1. "Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 28 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19960 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидалары бекітілсін";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидалары
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 1-тармағының 40) тармақшасына сәйкес әзірленді және аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеуді, оларды аккредиттеуден өткізуді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін анықтайды.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда мынадай негізі ұғымдар пайдаланылады:
1) аккредиттеу – аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берушінің белгілі бір салада сәйкестікті бағалау жұмыстарын орындау құзыретін ресми танитын рәсім;
2) аккредиттеу субъектісі – аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары (бұдан әрі – қауымдастық);
3) аңшылық минимумы – оқыту бағдарламасының Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының, аңшы куәлігін беру үшін білу міндетті шарт болып табылатын аң аулау кезіндегі қауіпсіздік техникасының мәселелерін қарастыратын арнайы қысқаша курсы;
4) уәкілетті орган – жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган.
5) уәкілетті орган ведомствосы – уәкілетті органның бөлімшесі.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады.
Жауапты қызметкер көрсетілетін қызметті алушының өтініші тіркелген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және қолданылу мерзімдерін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды Портал арқылы берген кезде Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға баяндалған 7-қосымшада мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың Тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.";
Қағиданың 10, 11 және 12 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Уәкілетті орган ведомствосы өтінім түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде аккредиттеу туралы куәлікті береді немесе аккредиттеуден дәлелді бас тарту жібереді.
11. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 7-қосымшада жазылған.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.
Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу туралы куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
12. Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу туралы куәлік осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төрт жыл мерзімге беріледі.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру (кері қайтарып алу) "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылады.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Республикалық қауымдастықтарды аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерін аккредиттеу нәтижелеріне шағымдану тәртібі";
көрсетілген Қағидаларға 1, 2 және 4-қосымшалардың оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияларда жазылсын:
3 және 5-қосымшалар алып тасталсын;
6-қосымша 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
7-қосымша 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
8-қосымша 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі |
Е. Нысанбаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Кімге: _________________________________________
(аккредиттеу органы басшысының лауазымы, тегі,
аты-жөні, әкесінің аты (бар болса))
_______________________________________________
Кімнен: ________________________________________
(лауазымы, заңды тұлғаның атауы)
Реквизиттері: ___________________________________
(БСН, байланыс телефоны, электронды мекенжайы)
_______________________________________________
Аңшылар және аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу туралы куәлікті қайта рәсімдеуге Өтініш
Аккредиттеу туралы куәлікті қайта рәсімдеп беруді сұраймын.
_______________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
берілген _______________________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
Жүзеге асыру үшін _______________________________________________
(аккредитация саласындағы жұмыс түрлері)
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
мына (дай) негіздеме (лер) бойынша:
1) атауының өзгеруі;
2) заңды мекенжайының өзгеруі
Өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркеледі:
1. ____________________________________________________________
2. ____________________________________________________________
3. ____________________________________________________________
4. ____________________________________________________________
5. ____________________________________________________________
Байланыс телефондары __________________ E-mail__________________
Қосымша: ________ парақ (та) 1 данада ___________
____________________________________________ ______________
тегі, аты-жөні, әкесінің аты (ол бар болса)) қолы
_____________20____жыл ______________________
Мөрдің орны
(жеке кәсіпкерлер
болып табылатын
тұлғаларды қоспағанда)
"Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1. | Көрсетілетін қызмет берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті |
2. | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) |
Барлық кіші түрлері бойынша: |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 3 (үш) жұмыс күн |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған). |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу туралы куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту береді Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды. |
6. | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8. | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің қауымдастығын аккредиттеу кезінде: |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10. | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген, өзге де талаптар |
1) Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай тұғырнамасы – www.gov.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігі "деген бөлімде" қызметтер "деген кіші бөлімде:"; Порталда; |
Хабарлама
Берілді ___________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)
Осы арқылы Мемлекеттік мекеме
_______________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы) Сіздің [өтініш күні] № [өтініш нөмірі]
өтінішіңізді қарап, Сізге келесі құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы хабарлайды
____________________________________________________________
__________________(құрылымдық элементті көрсету)
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 28 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19960 болып тіркелген) Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидаларына сәйкес осы хабарламаны Портал арқылы алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Сізге мынадай құжаттарды ұсыну қажеттілігі туралы хабарлайды:
Портал:
1. ___________________________________________
2. ___________________________________________
3. ___________________________________________
Жоғарыда көрсетілген құжаттар көрсетілген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, өтінішті
одан әрі қарауға дәлелді бас тарту жіберіледі.
__________________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті беруші басшысының лауазымы)
________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті беруші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Хабарламаны жіберу күні мен уақыты: 20_ жылғы "___" ________ "__" сағат "__" мин.
