Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 17 маусымда № 36281

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізілетін.

      "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1 және 2-тармақтарына, 20-бабының 5), 6), 11), 11-1), 11-2), 11-4), 11-6) тармақшаларына, 26-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасына және 27-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс (аукцион) және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мониторингін жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Тиісті саланың орталық уәкілетті мемлекеттік органдары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары, мемлекеттік әріптестер және Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы жүзеге асыратын мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жоспарланатын және іске асырылатын жобалары туралы, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталын пайдалану арқылы ақпараттық қамтамасыз ету қағидалары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттер тізбесін қалыптастыру және жариялау қағидалары;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе олардың көлемін ұлғайту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іріктеу қағидалары;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына жатқызу өлшемшарттары;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеуді, сондай-ақ олардың сараптамасын жүзеге асыратын тұлғаларды аккредиттеу қағидалары;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тәуекелдерін бөлу және бағалау әдістемесі;

      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің әртүрлі кезеңдерінде туындайтын тәуекелдердің болжамды тізбесі;

      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құнын айқындау әдістемесі;

      10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау әдістемесі;

      11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталын пайдалану қағидалары;

      12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес Халықаралық қаржы институттарының қатысуымен ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын әзірлеуді үйлестіру және қорытындылар беру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы секторын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрықтың 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының 6) тармақшасын қоспағанда, осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 16 маусымдағы
№ 52 Бұйрыққа
1-қосымша

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс (аукцион) және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мониторингін жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс (аукцион) және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мониторингін жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс (аукцион) және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мониторингін жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүргізу және бағалау мәселелерін қоса алғанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) алдын ала есептеулер – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің келулер және кетулер бөлігі бойынша есептеулер, сондай-ақ кіріс деректері мен жол берулер көздерін көрсете отырып, тиісті нысандағы пайда мен залалдарды есептеу;

      2) жеке бастамашы – Заңда және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашы болған әлеуетті жекеше әріптес;

      3) жергілікті салалық мемлекеттік органдар – өзінің құзыреті шегінде тиісті салады (аяда) жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын жергілікті мемлекеттік органдар;

      4) жоспарлау кезеңіндегі уәкілетті тұлға (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға мүдделі мемлекеттік орган, мемлекеттік мекеме, мемлекеттік кәсіпорын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы мемлекетке тікелей немесе жанама түрде тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестік, акционерлік қоғам;

      5) коммерциялық жабу – Заңның 45-бабына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу;

      6) қаржылық жабу – әлеуетті жекеше әріптестің немесе жекеше әріптестің жеке немесе заңды тұлғалармен, олардың бірлестіктерімен инвестициялық кезеңде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін қажетті қарыз қаражатын тартуға келісімдер, шарттар жасасуы және олар бойынша қаржыландыруды алудың қолжетімділігі;

      7) салалық мемлекеттік органдар – мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;

      8) тізілім – жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының тізілімі.

      3. Бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың қаражатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ конкурстық құжаттамаға қажетті сараптамаларды жүргізуді, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеуді қаржыландыруға бөлу осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      4. Жоспарланатын және іске асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары туралы ақпараттық қамтамасыз ету Заңның 15-бабының 1-тармағына сәйкес бекітілетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттер тізбесін қалыптастыру және жариялау қағидаларын қоса алғанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жоспарланатын және іске асырылатын жобалары туралы ақпараттық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің веб-порталын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

      5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, осы Қағидалар концессия мен сервистік келісімшарттарды қоса алғанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының барлық түрлеріне қолданылады.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына, мемлекеттік әріптеске, жекеше әріптеске қатысты көзделген нормалар тиісінше сервистік келісімшартқа, концессияға, концессия шартына, концедентке, концессионерге бірдей дәрежеде қолданылады.

      6. Осы Қағидалар Бағдарламалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде жекеше әріптесті айқындаудың тиісті тәртібімен реттелмеген бөлігінде не егер ол өзгеше белгілемесе, Бағдарламалық мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру кезінде қолданылады.

2-тарау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау тәртібі

1-параграф. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың жалпы ережелері

      7. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына орталық мемлекеттік органдар және (немесе) жергілікті атқарушы органдар (мемлекеттік бастама) немесе әлеуетті жекеше әріптес (жеке бастама) бастамашылық жасайды.

      8. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жоспарлау кезінде бір мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының кезеңдерін бірнеше мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бөлуге жол берілмейді.

      Уәкілетті тұлғалар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша техникалық, қаржылық, заңдық шешімдерді қалыптастыруға кешенді тәсілді қамтамасыз етеді.

      9. Мемлекеттік бастама бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру конкурс негізінде жекеше әріптесті айқындау жолымен жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жеке бастама бойынша іске асыру конкурс негізінде жекеше әріптесті айқындау не тікелей келіссөздер жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей өзгеше белгіленбесе, осы Қағидалардың конкурстарды және (немесе) конкурстық құжаттаманы реттеу бөлігіндегі ережелері аукциондарға және (немесе) аукциондық құжаттамаға қолданылады.

      10. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жоспарлау сатысында уәкілетті тұлғалар жобаны басқару сапасын қамтамасыз ету үшін қажет болған жағдайда ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандарын, тәуелсіз сарапшыларды, жобалау, инжинирингтік және басқа да компанияларды, мүдделі және уәкілетті мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерін тарту арқылы Ведомствоаралық жобалау тобын құрады.

      Ведомствоаралық жобалау тобын құру туралы, сондай-ақ оның құрамын өзгерту туралы шешім мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталында тиісті шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде орналастырылады.

      11. Ведомствоаралық жобалау тобы:

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру тетіктері бойынша ұсыныстар мен бастамаларды зерделейді;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іріктеу, бағалау, басымдылығын айқындау, жүзеге асыру тәсілі, конкурс түрі, жер учаскелерін бөлуге, инженерлік желілерге қосуға байланысты мәселелер бойынша ұсынымдар қалыптастырады;

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың орындылығы не орындылығының болмауы туралы хаттамаға қол қою арқылы ұсынымдар қабылдайды;

      жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша маркетингтік және өзге де зерттеулердің нәтижелерін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша конкурстық құжаттаманы әзірлеу үшін қажетті есептеулер мен материалдарды зерделейді;

      конкурстық құжаттамаға енгізу үшін ұсыныстар қалыптастырады;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жоспарлау кезеңінен бастап мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу кезеңіне дейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын дайындауға тартылған адамдардың есептерін тыңдайды;

      келісуші уәкілетті органдар мен ұйымдардан ескертулер алу шамасына қарай оны келісу және сараптау процесі барысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын пысықтау жөнінде ұсыныстар енгізеді. Бұл ретте сараптама немесе келісу қорытындылары бойынша қорытындыларда Ведомствоаралық жобалау тобы үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын басқару жөніндегі ұсынымдар болса, көрсетіледі;

      осы Қағидаларда көзделген мерзімдер мен рәсімдердің сақталуын қадағалайды.

      12. Уәкілетті тұлғалар және өзге де мүдделі тұлғалар Заңның 26-бабының 6-тармақшасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мамандарды оқыту, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу және ұсынымдар әзірлеу үшін Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығын тартады.

      13. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыруға мүдделі қаржылық және өзге де ұйымдар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын әзірлеуге және талқылауға қатыса алады, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бұзылған жағдайларда тартылатын қарыздар, көзделетін төлемдер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету схемасы және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыруға байланысты өзге де мәселелер бойынша ұсыныстар енгізе алады.

      14. Кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жоспарлауға тарту, жоспарлау процесінің ашықтығын арттыру мақсатында уәкілетті тұлғалардың жоспарланған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы туралы мүдделерін білдіру бойынша сұрау салуды өзінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталында орналастыруына жол беріледі.

      Жоспарланған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы туралы мүдделерін білдіру бойынша сұрау салуда уәкілетті тұлғаның байланыс деректері, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының негізгі параметрлері мен талаптары, сондай-ақ ұсыныстар берудің түпкілікті мерзімдері қамтылады.

      15. Конкурсты ұйымдастырушы жекеше әріптесті айқындау бойынша жабық конкурс өткізу туралы шешім қабылдаған жағдайда жоспарланған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы туралы ақпарат жарияланбайды. Қызығушылық танытатын сұрау салу конкурсты ұйымдастырушы алдын ала айқындаған әлеуетті жекеше әріптестерге жазбаша түрде жолданады.

      16. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын талқылауға әлеуетті жекеше әріптестерді тарту мақсатында дөңгелек үстелдер, кездесулер, road-show (таныстырылымдар), networking (салалық конференцияларға және форумдарға, көрмелерге қатысу), инвестициялық маркетинг және басқа да қажетті іс-шаралар өткізілуі мүмкін.

      17. Конкурсты ұйымдастырушы келіп түскен ұсыныстарды жинақтайды және қажет болған жағдайда уәкілетті тұлғаның әлеуетті жекеше әріптестердің әрқайсысымен, оның ішінде жалғыз әлеуетті жекеше әріптеспен келіссөздер жүргізуі жолымен бәсекелестік диалогын ұйымдастыра алады.

      Бәсекелестік диалогы әрбір мүдделі әлеуетті жекеше әріптестердің, оның ішінде жалғыз әлеуетті жекеше әріптестің мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық, қаржылық, заңдық және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының басқа да қажетті параметрлері, мемлекеттік қолдау шаралары, үздік конкурстық өтінімді айқындау өлшемшарттары бойынша оңтайлы шешімдер және өзге де шешімдер қалыптастыру үшін ұйымдастырылады.

      18. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша бәсекелестік диалогының нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша бәсекелестік диалогының нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді.

      Бәсекелестік диалогына қатысушылар оны жүргізу барысында алынған ақпараттың құпиялылығын сақтайды.

      19. Уәкілетті тұлғалар бәсекелестік диалогының қорытындыларын, Ведомствоаралық жобалау тобының жұмыс нәтижелерін ескере отырып, сондай-ақ Заңның талаптарын ескере отырып, конкурстық құжаттаманы әзірлейді.

      20. Конкурстық құжаттама жобасын немесе бизнес-жоспарды талқылауға мүдделі мемлекеттік органдар, сарапшылар және мүдделі тұлғалар тартылуы мүмкін.

2-параграф. Мемлекеттік бастама негізінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау

      21. Мемлекеттік бастаманы іске асыру шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау Заңның 10-бабының 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың орындылығы туралы экономикалық қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.

      22. Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларын жүргізу Бюджет кодексінің 149-бабының 9-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      23. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына ерекше маңызды жобаның өлшемшарттарына сәйкес келетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың орындылығы туралы экономикалық қорытынды берген кезде 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын және экономикалық қорытындыны Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығына жібереді және бұл туралы уәкілетті тұлғаны хабардар етеді.

      24. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығы Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей осы жобаларды әзірлеуге қатысу туралы ұсынысты халықаралық қаржы институттарына жібереді және қажет болған жағдайда, әзірленуі халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп жүзеге асырылатын ерекше маңызды жобалардың алдын ала тізбесін қалыптастыру мақсатында өзара консультациялар, келіссөздер жүргізеді.

      Егер бірнеше халықаралық қаржы институттары бір жоба бойынша әзірлеуге қызығушылық танытса, бюджеттен ең аз шығындармен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын әзірлеуді қаржыландыру шарттарын ұсынған халықаралық қаржы институты таңдалады. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын әзірлеуді қаржыландыру шарттары тең болған кезде өзінің қызығушылығын басқалардан бұрын растаған халықаралық қаржы институты таңдалады.

      25. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығы Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күніне дейінгі мерзімде бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға әзірленуі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп жүзеге асырылатын ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының алдын ала тізбесін, сондай-ақ халықаралық қаржы институты әзірлеуге қызығушылық танытпаған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін жібереді.

      26. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган Заңның 19-бабының 4-2) тармақшасына сәйкес ерекше маңызды жобалардың, оның ішінде әзірленуі халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп жүзеге асырылатын ерекше маңызды жобалардың тізбесін бекіту немесе толықтыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын қабылдауға бастамашылық жасайды, сондай-ақ ерекше маңызды жобалардың тізбесіне қосылмаған жобалар бойынша құжаттаманы конкурстық құжаттаманы одан әрі әзірлеу үшін уәкілетті тұлғаларға жібереді.

      27. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган халықаралық қаржы институттарының қатысуымен ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын әзірлеуді үйлестіру және қорытынды беру қызметтерін көрсету үшін осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес халықаралық қаржы институттарының қатысуымен ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын әзірлеуді үйлестіру және қорытынды беру қағидаларына сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығын тартады.

3-параграф. Конкурс өткізу жолымен жеке бастаманы іске асыру шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау

      28. Конкурс өткізу арқылы жеке бастаманы іске асыру шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау әлеуетті жекеше әріптес әзірлеген конкурстық құжаттаманың ақпараттық парағының жобасына мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың жеке бастамасы туралы өтінішті қабылдаған уәкілетті тұлғаның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.

      29. Жеке бастама бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың қажеттігі туралы қорытындыны уәкілетті тұлға мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін жоба әлеуметтік-экономикалық міндеттер тізбесіне сәйкес келген кезде, сондай-ақ тиісті салада (аяда, өңірде) тауарларға, жұмыстарға ,көрсетілетін қызметтерге қажеттілік болған және осы қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған бұрын бастамашылық жасалған өзге де жобалар болмаған кезде шығарады.

      30. Конкурстық құжаттаманың ақпараттық парағының жобасын жеке бастама кезінде жеке бастамашы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді.

      Жеке бастамашының ақпараттық парағының жобасы жеке бастамашының конкурстық құжаттаманың ақпараттық парағының жобасын және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын әзірлеуге жұмсаған шығындарының мөлшері мен өтеу тәртібі туралы ақпаратты қамтиды.

      Өтінішті жасаудың дұрыстығын, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың жеке бастамасы туралы өтініш жіберілетін уәкілетті тұлғаны айқындау бөлігінде жеке бастамашы қамтамасыз етеді.

      31. Осы Қағидалардың 33-тармағында белгіленген мерзімде кемшіліктер анықталған немесе ақпарат толық болмаған жағдайда уәкілетті тұлға жеке бастамашыға ұсынылатын ақпараттық парақтың жобасына ескертулерін, ұсынымдары мен талаптарын жібереді және жеке бастамашымен келісу бойынша көрсетілген құжатты пысықтау мерзімін белгілейді.

      Егер жеке бастамашы Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігіне сәйкес белгіленген мерзімде ақпараттық парақтың пысықталған жобасын ұсынбаған жағдайда, уәкілетті тұлға теріс қорытынды жібереді.

      32. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру қажеттігінің жоқ екендігі туралы қорытынды шығарылған жағдайда, ақпараттық парақтың жобасы негізделген қорытынды қоса беріле отырып, жеке бастамашыға жеке бастама туралы өтініш қарауға қабылданған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

      33. Жеке бастама бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру қажеттігі туралы қорытынды шығарылған жағдайда, уәкілетті тұлға жеке бастама туралы өтініш қарауға қабылданған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде осы өтінішті, ақпараттық парақтың жобасын және іске асыру қажеттігі туралы қорытындыны тиісінше бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.

      34. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қағидалардың 33-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ақпараттық парақта берілген ақпаратты кешенді бағалауды жүзеге асырады және уәкілетті тұлғаға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке бастаманы іске асыру шеңберінде ақпараттық параққа экономикалық қорытынды жібереді.

      35. Оң экономикалық қорытынды Қағидалардың осы тарауының 6-параграфына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын әзірлеу бойынша рәсімдерге көшу үшін негіз болып табылады.

4-параграф. Тікелей келіссөздер жүргізу арқылы жеке бастаманы іске асыру шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау

      36. Тікелей келіссөздер жүргізу арқылы жеке бастаманы іске асыру шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау Қағидалардың 9-параграфында белгіленген тәртіппен әлеуетті жекеше әріптес әзірлеген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының бизнес-жоспарына жекеше әріптесті айқындау бойынша тікелей келіссөздерге бастамашылық жасауға өтінімді (бұдан әрі – тікелей келіссөздерге бастамашылық жасауға өтінім) қабылдаған уәкілетті тұлғаның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.

5-параграф. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлауды бюджет қаражатынан қаржыландыру

      37. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау шеңберінде:

      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеу, сондай-ақ экономикалық сараптаманы қоспағанда, осы Қағидалардың 2-тарауының 6-параграфында көзделген сараптамаларын жүргізу үшін уәкілетті тұлғалардың аккредиттелген ұйымдарды;

      2) әзірленуі халықаралық қаржы институттарын тарту арқылы жүзеге асырылған ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасының сараптамасын қоспағанда, конкурстық құжаттамаға экономикалық сараптаманы жүзеге асыру үшін бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың аккредиттелген ұйымдарды;

      3) әзірленуі халықаралық қаржы институттарын тарту арқылы жүзеге асырылған ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын әзірлеуді үйлестіруді жүзеге асыру үшін бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығын тартуы бюджет қаражатынан қаржыландырылады.

      38. Консультациялық сүйемелдеу, сондай-ақ экономикалық сараптаманы қоспағанда, осы Қағидалардың 2-тарауының 6-параграфында көзделген сараптамаларды жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді қаржыландыру бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады, олар консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер тізбесінің негізінде қаржы жылы ішінде бюджеттік бағдарламалардың әртүрлі әкімшілері арасында бөлінуі тиіс.

      39. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеуді, сондай-ақ экономикалық сараптаманы қоспағанда, осы Қағидалардың 2-тарауының 6-параграфында көзделген сараптамаларды жүргізуді бөлінетін бюджеттік бағдарламалар қаражаты есебінен қаржыландыру процесі мынадай негізгі кезеңдерді:

      1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеуді, сондай-ақ экономикалық сараптаманы қоспағанда, осы Қағидалардың 2-тарауының 6-параграфында көзделген сараптамаларды жүргізуді қаржыландыруға өтінімдер беруін;

      2) бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер тізбесін қалыптастыруды және бекітуді;

      3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ экономикалық сараптаманы қоспағанда, осы Қағидалардың 2-тарауының 6-параграфында көзделген сараптамаларды жүргізуді, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеуді қаржыландыруды қамтитын іс-шаралар кешенін білдіреді.

      40. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына немесе жеке бастамашының ақпараттық парағына мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың орындылығы туралы экономикалық қорытындыны алғаннан кейін бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеуді, сондай-ақ экономикалық сараптаманы қоспағанда, осы Қағидалардың 2-тарауының 6-параграфында көзделген сараптамаларды жүргізуді қаржыландыруға арналған өтінімдерді ұсынады.

      41. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыруға арналған өтінімде мыналар:

      1) салалық сараптаманың оң қорытындысы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді қоса алғанда, консультациялық сүйемелдеуге арналған техникалық тапсырма жобасы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын әзірлеудің немесе түзетудің, сондай-ақ экономикалық сараптаманы қоспағанда, осы Қағидалардың 2-тарауының 6-параграфында көзделген сараптамаларды жүргізудің құнын есептеу қоса берілген инвестициялық ұсыныс;

      2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың қажеттігі туралы қорытынды, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді қоса алғанда, техникалық тапсырма жобасы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын әзірлеудің немесе түзетудің, сондай-ақ экономикалық сараптаманы қоспағанда, осы Қағидалардың 2-тарауының 6-параграфында көзделген сараптамаларды жүргізудің құнын есептеу қоса берілген жеке бастамашы әзірлеген ақпараттық парақтың жобасы қамтылады.

      Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын әзірлеуге немесе түзетуге бөлінген қаражаттың игерілу кезеңі бір жылдан асуы мүмкін, бірақ тиісті бюджет комиссиясының ұсынысында айқындалған мерзімнен аспайды.

      42. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган инвестициялық ұсынысқа немесе ақпараттық парақтың жобасына оң экономикалық қорытындының негізінде және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің лимиттерін ескере отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ экономикалық сараптаманы қоспағанда, қажетті сараптамалар жүргізуге қорытындылар қалыптастырады және республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

      43. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган инвестициялық ұсынысқа немесе ақпараттық парақтың жобасына оң экономикалық қорытындының негізінде және бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті орган белгілеген облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер лимиттерін ескере отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ экономикалық сараптаманы қоспағанда, қажетті сараптамаларды жүргізуге қорытындылар қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

      44. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджет комиссиялары мақұлдаған, инвестициялық ұсыныста қамтылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастырады.

      45. Әрбір мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша атауын және қаржыландыру сомасын қамтитын бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтердің тізбесін бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы бекітеді, дайындауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.

      46. Мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын атқарушы орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ экономикалық сараптаманы қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сараптамаларды жүргізуді қаржыландыруға арналған өтінімді бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.

      47. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді қаржыландыруға арналған өтінімде мынадай негізгі мәліметтер:

      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының атауы;

      2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісі туралы ақпарат;

      3) көрсетілетін қызметтердің, сараптамалардың түрлері және олардың мәлімделетін құны қамтылады.

      48. Өтінімге мыналар да:

      1) мынадай негізгі мәліметтер:

      көрсетілетін қызметтерді тартудың мақсаты мен міндеттері;

      қызметтерді ұсынуға қойылатын жалпы талаптар, оның ішінде келісу және сараптама нәтижелері бойынша алынған ұсынымдарға сәйкес құжаттаманы пысықтау, қажет болған жағдайда конкурс жеңімпазымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарын нақтылау бөлігінде;

      қызметтер көрсету мерзімі;

      қызметтер көрсетудің тікелей нәтижелерінің көрсеткіштері (индикаторлары) көрсетілуге тиіс қызметтер көрсету бойынша техникалық тапсырманың жобасы;

      2) көрсетілетін қызметтердің мәлімделетін жалпы құнының негіздемесі;

      3) қызметтерді тартудың қажеттігін негіздейтін өзге де мәліметтер қоса беріледі.

      49. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган кейіннен республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеу және осы Қағидалардың 2-тарауының 6-параграфында көзделген сараптамаларды жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге арналған өтінімді бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қарауына енгізеді.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсетуге және осы Қағидалардың 2-тарауының 6-параграфында көзделген сараптамаларды жүргізуге арналған өтінімді бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

      Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджет комиссиялары мақұлдаған әрбір мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді қаржыландыру көлемі бойынша бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастырады.

      50. Тиісті бюджет комиссиясы қарау нәтижелері бойынша бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтердің тізбесін, сондай-ақ әрбір жоба бойынша қаржыландырудың түрлері мен көлемін айқындайды.

      51. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтердің тізбесі әрбір жоба бойынша атауын және қаржыландыру сомасын қамтиды.

      52. Тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламалар қаражатының қалған сомасына тізбелерге өзгерістер және (немесе) толықтыруларды қалыптастыру, тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізу және бекіту осы параграфта белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      53. Тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеуді, сондай-ақ экономикалық сараптаманы қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сараптамаларын жүргізуді қаржыландыруға бөлінген бюджет қаражаты қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайларда бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тиісті бюджетті соңғы нақтылауға дейін бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылмаған бөлігін қайтаруды қамтамасыз етеді.

      54. Пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған бюджет қаражатын қайтару кейіннен түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізе отырып, белгіленген тәртіппен әзірленген және қабылданған тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу туралы бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығына немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының шешіміне өзгерістер енгізу туралы бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның бұйрығы немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде тиісті бюджет комиссияларының тиісті шешімінсіз бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның тиісті бюджеттік бағдарламаларын қалпына келтіру арқылы жүзеге асырылады.

      55. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын әзірлеуді немесе түзетуді, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеуді, экономикалық сараптаманы қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сараптамаларын жүргізуді қаржыландыруға тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінген бюджет қаражаты қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайларда, бюджеттік бағдарлама әкімшісінің тиісті бюджетті нақтылаудан кейін бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылмаған бөлігін тиісінше бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға қайтаруына жол берілмейді.

      56. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтердiң тiзбесiнің негізінде конкурстық құжаттаманы әзірлеу немесе түзету үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын аккредиттелген заңды тұлғаларды тартуды қамтамасыз етеді.

      57. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын әзірлеуге немесе түзетуге, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеуге арналған шарт бойынша өнім берушінің міндеттемелеріне тиісті сараптамаларды жүргізу нәтижелері бойынша ескертулер мен ұсыныстар туындаған жағдайда, өнім берушінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді міндетті түрде пысықтауы, оның ішінде жобаның экономикалық сараптамасын жүргізу кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шарттың жалпы құны шегінде күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жобаны пысықтауға қайтаруы туралы талап енгізіледі.

      58. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджет саясаты жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеу бойынша іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне дейін ұсынады.

      59. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасына экономикалық сараптама жүргізуді қаржыландыру бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      60. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасына сараптамалар жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге арналған шартты жасасады.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен Заңның 20-бабының 11-6-тармақшасына сәйкес аккредиттелген заңды тұлғалармен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасына сараптамалар жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттарды жасасады.

      61. Халықаралық қаржы институттарының қатысуымен ерекше маңызы бар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын әзірлеуді үйлестіруді қаржыландыру бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      62. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығымен халықаралық қаржы институттарықатысатын ерекше маңызы бар Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын әзірлеуді үйлестіру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шартты жасасады.

      Халықаралық қаржы институттары қатысатын ерекше маңызы бар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын әзірлеуді үйлестіру бойынша көрсетілетін қызметтер халықаралық қаржы институттары, уәкілетті тұлға және Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығы арасында конкурстық құжаттаманы әзірлеуге және қажет болған жағдайда жекеше әріптесті айқындаудың конкурстық рәсімдерін сүйемелдеуге келісім жасалған жағдайда бюджет қаражатынан төленеді.

6-параграф. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын, оның ішінде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде әзірлеу, келісу, сараптау, сондай-ақ бекіту

      63. Конкурстық құжаттама, оның ішінде оған тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде (бұдан әрі – конкурстық құжаттама) қазақ және орыс тілдерінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптары ескеріле отырып, осы Қағидалардың осы параграфында белгіленген тәртіппен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ерекшелігі ескеріліп, өзге де тілдерде әзірленеді.

      64. Конкурстық құжаттама Заңның 37-бабының 2-тармағына сәйкес мынадай ақпаратты:

      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы туралы мынадай жалпы мәліметтерді;

      жобаның атауын;

      конкурсты ұйымдастырушының атауын;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің қысқаша сипаттамасын;

      жобаны іске асыру орнын;

      институционалдық және пайдалану кезеңдерінің қысқаша мазмұнын;

      кезеңдерге бөлінген жобаны іске асыру мерзімін;

      инвестициялардың болжамды сомасын қамтитын жобаның паспортын;

      2) мыналарды:

      біліктілікке өтінім беру тәртібін;

      әлеуетті жекеше әріптестердің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарға қойылатын талаптарды;

      үздік конкурстық өтінімді айқындау өлшемшарттарының сипаттамасын;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының параметрлері көрсетілуі тиіс валютаны (валюталарды) және салыстыру және бағалау мақсатында бірыңғай валютаға келтіру үшін қолданылатын валюта (валюталар) бағамын көрсетуді;

      конкурстық өтінімді ұсыну тіліне қойылатын талаптарды;

      әлеуетті жекеше әріптестің конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін өзінің конкурстық өтінімін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығына нұсқауды;

      конкурстық өтінімнің мазмұнын, конкурстық өтінімдерді ұсыну тәсілін, орнын, мерзімін және қолданысын, сондай-ақ конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізу шарттарын;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасының мазмұны бойынша түсіндірмелер алу тәсілдерін;

      конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу рәсімдерін, орнын, күнін және уақытын;

      конкурстың елеулі шарттарын, яғни келіссөздер барысында өзгерістер енгізуге жол берілмейтін шарттарды қоса алғанда, конкурстық шарттарды;

      3) әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалары бар, сондай-ақ үлгілік жобалар, үлгілік жобалау шешімдері немесе қайта қолданылатын жобалар негізінде іске асырылатын жобалар бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін не мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының сипаттамасын қамтитын ақпараттық парақты қамтиды.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес әзірленеді.

      Ақпараттық парақ осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес әзірленеді;

      4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын қамтиды.

      65. Жеке бастамашы жеке бастаманы іске асыру шеңберінде Қағидалардың 35-тармағында көзделген экономикалық қорытындыны алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті тұлғаға мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын жібереді.

      Уәкілетті тұлға жеке бастамашы әзірлеген ақпараттық парақтың және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобалары негізінде осы Қағидалардың 64-тармағына сәйкес конкурстық құжаттаманың жобасын әзірлейді және осы Қағидаларда көзделген тәртіппен одан әрі келісуге және сараптамаға жібереді.

      66. Конкурстық құжаттаманы тиісті саланың уәкілетті органы салалық сараптауға тиіс.

      Электрондық цифрлық қолтаңба арқылы конкурстық құжаттаманы куәландыруға қойылатын талап конкурстық құжаттаманың барлық қажетті келісулері мен сараптамаларынан өткен кезде, сондай-ақ конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталында конкурстық құжаттаманы орналастырған кезде қолданылады.

      Конкурстық құжаттамаға салалық сараптаманы республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша салалық орталық мемлекеттік органдар не жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жергілікті салалық мемлекеттік органдар енгізілген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүргізеді. Сараптама нәтижелері бойынша салалық қорытынды (оң немесе теріс екендігі көрсетіледі) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді және мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталында орналастырылады.

      Жергілікті салалық мемлекеттік органдар құны төрт миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша салалық қорытындының көшірмесін тиісті саланың орталық мемлекеттік органдарына жібереді.

      67. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының іске асырылу мерзімдері, орындылығы, көлемі, құны және іске асыру тетігі, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу бойынша танылған жағдайда, оң салалық қорытынды, ескертулер болған кезде – теріс салалық қорытынды дайындалады.

      Конкурстық құжаттама оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде салалық сараптамаға қайта жіберілуге тиіс.

      68. Салалық қорытындыға мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасын қолдана отырып, салалық орталық не жергілікті мемлекеттік органның бірінші басшысы не тиісті бұйрықты қоса бере отырып, оны алмастыратын адам қол қояды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталы арқылы ұсынылады.

      69. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша конкурстық құжаттамада көзделген технологиялық, техникалық шешімдерді, оның ішінде іске асыру графигін бағалау "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 59-бабының талаптарына сәйкес келісу шеңберінде жүргізіледі.

      Егер мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы ақпараттық жүйелер құруды және мемлекеттік міндеттемелер қабылдауды көздейтін болса, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган жобаның конкурстық құжаттамасының жобасын келісу кезінде бағдарламалық қамтылымды мемлекеттік меншікке қабылдаудың орындылығы мәселесін қарайды.

      Егер мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бірнеше салалық мемлекеттік органның жауаптылық саласын қозғаса, аталған салалық мемлекеттік органдар салалық сараптама үшін осы тармақтың талаптарына сәйкес дайындалатын конкурстық құжаттаманың тиісті салалық сараптамаларының қорытындыларын қосымша ұсынады.

      70. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы табиғи монополиялар салаларына тиесілі болған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға олар келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мынадай мәселелерді қараумен келісуге жібереді:

      1) табиғи монополиялар саласына жататын тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде конкурстық құжаттама ережелерінің қолданыстағы Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі;

      2) конкурстық құжаттаманың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының жобалау алдындағы немесе жобалау құжаттамасы болған жағдайда тарифтер қалыптастырудың экономикалық, қаржылық, техникалық және басқа да параметрлеріне сәйкес келуі;

      3) конкурсқа қатысушылар конкурстық өтінімнің құрамында ұсынатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тариф белгілеуге байланысты құжаттарының тізбесін келісу;

      4) конкурстық құжаттаманың тариф белгілеуге байланысты елеулі шарттарын келісу;

      5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тариф қалыптастырумен байланысты мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына енгізілетін ережелер мен қосымшалар бөлігінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын келісу;

      6) жұмыс істеп тұрған мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін жаңғырту немесе реконструкциялау кезінде – іске қосылған негізгі құрал-жабдықтардың өтімділік құнының қазіргі деңгейінің капитал құрушы шығындар есебінен ұлғаюына немесе сақталуына қол жеткізу және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде әзірленген және іске асырылатын іс-шаралар жоспарларына негізделген нормативтік шығындарды азайту және (немесе) болған жағдайда нормативтен жоғары шығындарды жою;

      7) көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бойынша шығыстар, өндірістік шығындарды азайту;

      8) көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі, көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемін ұлғайту және (немесе) сапасын арттыру;

      9) тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) қалыптастыру тәртібі және көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтің шекті деңгейі;

      10) қарыз алу және қарыз ресурстарын өтеу схемасы мен шарттары;

      11) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері – Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді төлеу болжамының көрсеткіштерін ескере отырып, пайданың (кірістіліктің), тартылған активтерге пайданың, көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) өсу болжамы шеңберінде субъектілердің көрсетілетін қызметтеріне тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелерінің) деңгейіндегі қолма-қол ақшаның дисконтталған ағымдарының ішкі нормалары.

      Конкурстық құжаттаманы келісу келісім туралы немесе әрбір қаралатын мәселе бойынша келіспеу себептері немесе конкурстық құжаттаманы пысықтау бойынша талаптар көрсетіле отырып, келіспеу туралы хат түрінде ресімделеді.

      71. Жекеше әріптестердің мемлекеттік функцияларды іске асыруын қамтамасыз етуді көздейтін республикалық жобалар бойынша конкурстық құжаттама мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталы арқылы монополияға қарсы органға бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласына қатысты бөлігінде келісуге жіберіледі.

      Монополияға қарсы орган конкурстық құжаттама қарауға қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейін мерзімде мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталы арқылы конкурстық құжаттаманы келісу немесе негіздемелерді көрсете отырып, келісуден бас тарту туралы хат жібереді.

      72. Конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталы арқылы республикалық не жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға келісуге жібереді.

      73. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган құзыретіне кіретін мәселелер бойынша республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын келісуді, оның ішінде мынадай:

      1) инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекеттің кепілгерлігін немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қаржыландыру үшін тартылатын қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктерді беру.

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекет кепілгерлігін беруді көздейтін конкурстық құжаттаманы келіскен кезде конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс шеңберінде беруге ұсынған мемлекет кепілгерлігінің көлемін келіседі;

      2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін республикалық меншікке қабылдау немесе қолданыстағы республикалық меншік объектісін беру;

      3) шығындарды өтеу және кірістер алу көздерін төлеуге, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша бірлесіп қаржыландыруға республикалық бюджеттен қаражат бөлу мәселелерін қараумен жүргізеді.

      74. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган және (немесе) өзге де мемлекеттік орган өз құзыретіне сәйкес жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын келісуді мынадай:

      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін коммуналдық меншікке қабылдау немесе қолданыстағы коммуналдық меншік объектісін беру;

      2) шығындарды өтеу және кірістер алу көздерін төлеуге, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша бірлесіп қаржыландыруға жергілікті бюджеттен қаражат бөлу мәселелерін қараумен жүргізеді.

      75. Бюджетті атқару жөніндегі орталық не жергілікті уәкілетті органның конкурстық құжаттаманы келісу мерзімі келіп түскен күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайды.

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық не жергілікті уәкілетті органның конкурстық құжаттаманы келісуі мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

      Келісуден бас тартқан жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық не жергілікті уәкілетті орган келіспеу себептерін не конкурстық құжаттаманы пысықтау бойынша талаптарды көрсетеді.

      76. Конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталы арқылы конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде, сондай-ақ оған қоса берілетін материалдарды бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға не мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға келісуге жібереді.

      Конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде жаңа редакцияда жазылған конкурстық құжаттамаға тиісті салыстырма кесте енгізілетін өзгерістердің негіздемесімен қоса беріледі.

      77. Конкурстық құжаттама жобасын келісуге жіберу туралы хатта тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), лауазымын, телефонын және электрондық пошта мекенжайын (мекенжайларын) қоса алғанда, әзірлеушінің және (немесе) жеке бастамашының деректері қамтылады.

      78. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган не мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган конкурстық құжаттама, оның ішінде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны және салалық қорытындыларды сараптама жүргізу үшін Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығына немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын заңды тұлғаларға жібереді, сараптама егер жоба техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей болып табылса, осы ұйымға конкурстық құжаттама ұсынылған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде, ал қалған жобалар бойынша – конкурстық құжаттама ұсынылған күннен бастап 16 (он алты) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Бұл ретте инвестициялық ұсыныстың және мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың орындылығы туралы бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның не мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның экономикалық қорытындысының көшірмесі қоса беріледі.

      79. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның не мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның конкурстық құжаттаманы қарауының жалпы мерзімі сараптаманы есепке алғанда, техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайды, ал қалған жобалар бойынша – конкурстық құжаттама ұсынылған күннен бастап 26 (жиырма алты) жұмыс күнінен көп емес.

      80. Конкурстық құжаттама бойынша жетіспейтін және (немесе) қосымша ақпарат ұсыну қажет болған жағдайда Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығы немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын сараптаманы жүргізуге уәкілетті заңды тұлғалар құжаттар топтамасының келіп түскені туралы хабарланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде (бірақ бір реттен артық емес) бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органды не мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органды бір мезгілде хабардар ете отырып, тиісті сұрау салуларды конкурсты ұйымдастырушыға жібереді.

      81. Жетіспейтін және (немесе) қосымша ақпаратты не қосымша мерзімдердің қажеттігі туралы хабарламаны конкурстық құжаттаманы әзірлеуші бір мезгілде сұрау салуды жіберген ұйымды хабардар ете отырып, сұрау салу келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жібереді.

      Бұл ретте жетіспейтін және (немесе) қосымша ақпаратты берудің қосымша мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспауға тиіс.

      82. Сұрау салу жіберілген күннен бастап және қажетті ақпарат берілгенге дейін сараптама жүргізу мерзімдері тоқтатыла тұрады.

      Конкурстық құжаттаманы әзірлеуші сұратылған ақпаратты белгіленген тәртіппен ұсынбаған жағдайда конкурстық құжаттама қаралмайды және теріс қорытынды жіберіледі.

      83. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган не мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығы не жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлға жүргізетін сараптама негізінде конкурстық құжаттаманы келісу не келісуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және әзірлеушіге бас тарту себептерін не конкурстық құжаттаманы пысықтау бойынша талаптарды көрсете отырып, тиісті хат жібереді.

      84. Конкурстық құжаттама сараптамасының қорытындысы:

      конкурстық құжаттаманың паспортын;

      конкурстық құжаттаманың Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бағалауды;

      ақпараттық парақты немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін бағалауды, оның ішінде жекеше әріптеске ұсыну жоспарланатын мемлекеттік қолдау шаралары мен шығындарды өтеу және кірістерді алу көздерін бағалауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 149-бабының 2-тармағына сәйкес жылжымалы негізде үш жылдық кезеңге белгiленетін нормативтік құқықтық актілермен белгіленген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер лимитi шегінде мемлекеттік міндеттемелер қабылдау мүмкіндігін;

      конкурстық құжаттама шарттарын бағалауды;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын бағалауды;

      конкурсты ұйымдастырушыға, ведомствоаралық жобалық топқа, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстық комиссияға, өзге де мүдделі тұлғаларға:

      конкурстық құжаттаманың сапасын арттыру;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын басқару сапасын арттыру;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының іске асырылу тиімділігін қамтамасыз ету және тәуекелдерді басқару бойынша ұсынымдарды қамтиды.

      85. Конкурстық құжаттаманың, оның ішінде оған тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезіндегі сараптаманың нәтижесі оң қорытынды, пысықтау қажеттігі туралы немесе теріс қорытынды болып табылады, ол мынадай бөліктерден тұрады:

      1) сараптама қорытындысының кіріспе бөлігі сараптаманың атауы мен жүргізу күні туралы мәліметтерді, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы туралы жалпы ақпаратты қамтиды;

      2) сараптама қорытындысының негізгі (талдамалық) бөлігінде осы Қағидаларға сәйкес жүргізілген бағалау нәтижелері көрсетіледі;

      3) қорытынды бөлікте сараптама қорытындылары бойынша әзірленген тұжырымдар мен ұсынымдар жазылады.

      86. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасы сараптамасының оң қорытындысы жиынтығында төменде көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келген жағдайда ұсынылады:

      1) құжаттардың толық топтамасының ұсынылуы, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың құрылымы мен мазмұнының осы Қағидалардың 64-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігі;

      2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін стратегиялық алғышарттардың болуы және түпкілікті нәтижелердің мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының мақсаттарына сәйкестігі;

      3) таза дисконтталған табыс (Net present value – NPV), кірістіліктің ішкі нормасы (internal rate of return – IRR) көрсеткіштерінің оң мәндері;

      4) экономикалық таза дисконтталған табыстың (Economic net present value – ENPV) және кірістіліктің экономикалық ішкі нормасының (economic internal rate of return – EIRR) оң көрсеткіштерінің болуы.

      87. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасы сараптамасының теріс қорытындысы мынадай өлшемшарттардың біріне сәйкес келмеген жағдайда:

      1) осы Қағидалардың 86-тармағы бірінші бөлігінің 1)-4) тармақшаларында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі;

      2) осы Қағидалардың 82-тармағында көзделген жағдайда ұсынылады.

      88. Конкурстық құжаттама құрамындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын бағалау мыналарды:

      1) шарт жобасының Заңның 46-бабына сәйкестігін талдауды;

      2) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес шарт жобасын талдауды;

      3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға сыртқы жағдайлар өзгерістерінің әсерін бағалауды қоса алғанда, мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің тәуекелдерін талдауды;

      4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің қызметіне мемлекеттік қолдау көрсету шараларын, көлемін және шарттарын, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің шығындарын өтеу және кірістер алу құрамын талдауды;

      5) тараптардың жауапкершілігін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде туындауы ықтимал дауларды қарау шарттарын талдауды;

      6) конкурстық құжаттама құрамындағы шарт жобасы бойынша тұжырымдар мен ұсынымдарды;

      7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер болған жағдайда, жоба бойынша төлемдер графигін талдауды қамтиды.

      89. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган не мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган конкурстық құжаттаманы келіседі және Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығы немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын сараптама жүргізуге уәкілетті заңды тұлғалар жүргізген конкурстық құжаттама сараптамасының қорытындысын конкурсты ұйымдастырушыға жібереді.

      90. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығы жүргізген, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша ұсынуды конкурстық құжаттамаға енгізу мүмкіндігі туралы ұсынымдарды қамтитын конкурстық құжаттама сараптамасының оң қорытындысы болған және бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган конкурстық құжаттаманы келіскен жағдайда, уәкілетті тұлға мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мәселесін республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін өтінімді бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға хабарлама жібереді.

      91. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын сараптама жүргізуге уәкілетті заңды тұлғалар жүргізген, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша жергілікті бюджеттен шығыстарға әкеп соғатын бір немесе бірнеше мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуды, жекеше әріптестің шығындарын өтеу және кірістер алу көздерін енгізу мүмкіндігі туралы ұсынымдарды қамтитын конкурстық құжаттама сараптамасының оң қорытындысы болған жағдайда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мәселесін тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады.

      92. Ұлттық валютаның шетел валютасының бағамына қарай өзгеруі, бірақ институционалдық схема мен техникалық шешімдердің өзгеруіне әкеп соқпайтындай өзгеруі себебінен мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құруға бағытталған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының сметалық құны ұлғайған жағдайда, түзетілген құжаттар таза дисконтталған кіріс (Net present value – NPV) көрсеткіштерінің оң мәнін, кірістіліктің ішкі нормасын (Іnternal rate of return – IRR) және экономикалық таза дисконтталған кірістің (Economic Net Present Value – ENPV) оң көрсеткіштерінің және кірістіліктің экономикалық ішкі нормасының (Economic internal rate of return – EIRR) болуын растау бөлігінде бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысына және Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығының не мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның сараптамасына және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы айқындайтын сараптама жүргізуге уәкілетті заңды тұлғаның сараптамасына жіберіледі.

      Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның қорытындыларын ұсыну және Қағидалардың осы тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар бойынша сараптама мерзімі 10 (он) жұмыс күнінен аспайды.

      93. Осы Қағидалардың 78-92-тармақтары әзірленуі халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп жүзеге асырылатын ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қолданылмайды.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығы бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға халықаралық қаржы институттарын тарта отырып әзірленген ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына қорытындыны оны бекіту бойынша ұсыныммен бірге жібереді.

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіту және жекеше әріптесті конкурстық іріктеуді өткізу үшін, халықаралық қаржы институттарын тарта отырып әзірленген конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде, Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығының қорытындысын, салалық сараптамалардың нәтижелерін, алынған келісімдерді және оған қоса берілетін өзге де материалдарды уәкілетті тұлғаға жібереді.

      94. Уәкілетті тұлға осы мәселені тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға (республикалық жобалар бойынша) немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға (жергілікті жобалар бойынша) өтінім жібереді.

      95. Қажетті келісімдер мен сараптамалар, оның ішінде тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі алынғаннан кейін конкурстық құжаттама конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшысының не оны алмастыратын адамның не ол уәкілеттік берген адамның бұйрығымен (шешімімен) бекітіледі.

      Аукциондық құжаттаманы бекіту кезінде тиісті бюджет комиссиясының шешімі талап етілмейді.

      96. Конкурстық құжаттаманың қолданылу мерзімі бекітілген күнінен бастап 3 (үш) жылдан аспайды.

      97. Бекітілген конкурстық құжаттама өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, жобаны іске асыру графигін қозғамайтын конкурс өткізу графигінің өзгерістерін қоспағанда, осы параграфқа сәйкес сарапталуға және келісілуге тиіс.

7-параграф. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің институционалдық жобасының қаржылық-экономикалық негіздемесін әзірлеу

      98. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының қаржылық-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі – ҚЭН) әзірлеу, түзету, сараптау, сондай-ақ бекіту Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Жекеше әріптес конкурс тәсілімен айқындалған жағдайларда уәкілетті тұлға конкурстық құжаттаманы дайындағанға дейін Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 149-бабының 9-тармағына сәйкес белгіленген тәртіппен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесіне сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді және конкурстық құжаттаманың құрамында заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджет саясаты жөніндегі орталық не жергілікті уәкілетті органның экономикалық қорытындысын ұсынады.

      99. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясының (институционалдық мемлекеттік-жекешелік әріптестік) жарғылық капиталына қатысу үшін мемлекеттік бюджеттен ақша бөлу Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 149-бабының 9-тармағына сәйкес белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік әріптестің не жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясына қатысуын тоқтату шарттары мен тәртібі мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында айқындалады.

3-тарау. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты (аукционды) және тікелей келіссөздерді өткізу тәртібі

1-параграф. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу

      100. Жекеше әріптесті конкурс тәсілімен айқындау екі кезеңдік рәсімдер пайдаланыла отырып та жүргізіледі.

      Конкурс Заңның 31-бабына сәйкес жабық болуы мүмкін.

      101. Конкурсты ұйымдастырушы жекеше әріптесті айқындау үшін конкурстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады.

      Комиссия төрағасы конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшысы болып табылады (егер конкурсты ұйымдастырушы жергілікті атқарушы орган болса – облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімінің орынбасарынан төмен емес).

      Комиссия хатшысы құрылымдық бөлімше басшысының орынбасарынан төмен емес конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылады.

      102. Комиссия құрамына бюджет саясаты жөніндегі, бюджетті атқару жөніндегі орталық не жергілікті (жобаның іске асырылу деңгейіне байланысты) уәкілетті органдардың өкілдері (республикалық деңгейде іске асырылатын жобалар бойынша құрылымдық бөлімшенің басқарма басшысынан төмен емес, жергілікті деңгейде іске асырылатын жобалар бойынша құрылымдық бөлімше басшысынан төмен емес), Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері енгізіледі.

      Егер мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы мемлекеттік міндеттемелерді көздемесе, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның өкілін Комиссия құрамына енгізу міндетті емес.

      Конкурсты ұйымдастырушы жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан көп пайызы мемлекетке тікелей немесе жанама түрде тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар болған жағдайларда Комиссия құрамына тиісті саланың уәкілетті органының өкілі (өкілдері) де қосылады.

      Комиссия құрамына өзге де мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдері енгізілуі мүмкін.

      Конкурсты ұйымдастырушы Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      103. Комиссия мыналарды:

      1) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамамен ресімделетін біліктілік іріктеу нәтижелері бойынша әлеуетті жекеше әріптесті конкурсқа қатысушы деп тану туралы шешім қабылдауды;

      2) біліктілік іріктеуден өткен конкурсқа қатысушылардың конкурстық өтінімдерін қарауды;

      3) үздік конкурстық өтінімді айқындауды;

      4) конкурстық өтінімі үздік деп танылған әлеуетті жекеше әріптеспен не жалғыз әлеуетті жекеше әріптеспен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарын нақтылау жөнінде келіссөздер жүргізуді;

      5) өтініш берушіні жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп тануды;

      6) конкурсты өткізілмеген деп тануды;

      7) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу үшін қажетті, оның ішінде осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      104. Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді.

      Комиссияның шешімі дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Осы Комиссияның кез келген мүшесі Комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда ерекше пікір білдіреді, оны Комиссия отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Комиссияның жұмыс органына жібереді және хаттамаға қоса беріледі.

      Комиссияның отырысына Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, Комиссияның отырысы заңды болып есептеледі.

      Комиссия отырыстарының хаттамаларына Комиссия мүшелері, сондай-ақ Комиссияның хатшысы қол қояды.

      Отырыста Комиссияның төрағасы не ол болмаған кезеңде оны ауыстыратын адам болмаған жағдайда Комиссияның отырысы өткізілмейді.

      105. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу мынадай дәйекті іс шараларды орындауды көздейді:

      1) конкурсты ұйымдастырушының мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталында жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама орналастыруы;

      2) конкурсты ұйымдастырушының мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталында конкурстық құжаттаманы орналастыруы;

      3) конкурсты ұйымдастырушыға қалыптастырылған және жіберілген сұрау салулар бойынша конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру, талқылау және түзету;

      4) біліктілік іріктеуін жүргізу;

      5) әлеуетті жекеше әріптестің конкурстық өтінімді енгізуі, сондай-ақ конкурстық өтінімді қамтамасыз етуі. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашылық жасаған әлеуетті жекеше әріптес конкурсқа қатысуға өтінім беруге және өтінімді қамтамасыз етуге міндетті;

      6) Комиссияның конкурстық өтінімдерді қарауы;

      7) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарын нақтылау бойынша келіссөздердің тиісті хаттамасын ресімдей отырып, конкурстық өтінімі үздік деп танылған әлеуетті жекеше әріптеспен комиссияның келіссөздер жүргізуі;

      8) конкурсты ұйымдастырушының мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын бюджетті атқару жөніндегі орталық не жергілікті уәкілетті органға, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға келісуге жіберуі;

      9) конкурс жеңімпазын айқындау;

      10) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мәселесін тиісті бюджет комиссияларының қарауына шығару.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер болмаған жағдайда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мәселесін тиісті бюджет комиссияларының қарауына шығару талап етілмейді.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелердің жоқ екендігін бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті орган тиісті хат ресімдей отырып растайды;

      11) уәкілетті тұлға жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі шығарылғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде әрбір қабылданған міндеттеменің көлемі туралы ақпаратты (мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдауды көздейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша) қоса отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің әрбір жеке жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеп, енгізеді.

      Мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың нәтижелері, сондай-ақ жекеше әріптесті айқындау бойынша жабық конкурстың нәтижелері туралы мәліметтерді конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде орналастырады.

2-параграф. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама және конкурстық құжаттаманың көшірмесін ұсыну

      106. Техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарламаны конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталында және өзінің ресми интернет-ресурсында конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталатын күнге дейін кемінде күнтізбелік 60 (алпыс) күн бұрын, ал жекеше әріптесті айқындау бойынша қайталама конкурс өткізу кезінде – кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын қазақ және орыс тілдерінде орналастырады. Конкурсты ұйымдастырушы және Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығы конкурсты өткізу туралы ақпаратты өзге де ақпарат көздерінде де қосымша орналастыра алады.

      Қалған жобалар бойынша – конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталатын күнге дейін кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын, ал жекеше әріптесті айқындау бойынша қайталама конкурс өткізу кезінде – кемінде 15 (он бес) күнтізбелік күн бұрын.

      Бұл ретте көрсетілген мерзімдер мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталында хабарлама алғаш жарияланған күннен бастап есептеледі.

      Конкурс өткізілмеген деп танылған жағдайда қайталама конкурс сараптамалар мен келісулер өткізілместен, бұрын бекітілген конкурстық құжаттаманың негізінде, бірақ конкурс өткізілмеген деп танылған кезден бастап күнтізбелік бір жылдан кешіктірілмей өткізіледі.

      107. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы ақпарат мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы туралы, біліктілік іріктеуді өткізу және конкурстық өтінімдерді ашу күні, уақыты мен тәртібі туралы мәліметтерді қамтиды.

      108. Конкурсты ұйымдастырушы жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарламаны орналастырумен бір мезгілде жүктеуге еркін қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталында конкурстық құжаттаманы орналастырады.

      109. Конкурстық құжаттаманы жүктеген әлеуетті жекеше әріптестердің деректері мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша конкурстық құжаттаманы алғандар журналында мынадай мәліметтер: конкурстық құжаттаманы алған тұлғаның атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі және байланыс деректері, құжаттарды жүктеу уақыты мен күні көрсетіле отырып, автоматты режимде тіркеледі.

      110. Конкурстық құжаттаманы алған тұлғалар қажет болған жағдайда конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен жүгінеді.

      Сұрау салулар конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмейтін мерзімде, ал қайталама конкурс өткізу кезінде – конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірілмей жіберіледі. Егер конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі 45 (қырық бес) күнтізбелік күннен кем болса, конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада әлеуетті жекеше әріптестердің конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы сұрау салуларын қабылдаудың шекті мерзімін жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап кемінде 15 (он бес) күнтізбелік күн деп белгілейді.

      Конкурсты ұйымдастырушы сұрау салу келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оған жауапты мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталында сұрау салу келіп түскен тұлғаны көрсетпей орналастырады, сондай-ақ конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген барлық әлеуетті жекеше әріптеске сұрау салудың қаралғаны және жауаптың орналастырылғаны туралы хабарлама жібереді.

      111. Әлеуетті жекеше әріптестерден ұсыныстар түскен жағдайда конкурсты ұйымдастырушы қажет болған жағдайда бәсекелестік диалогын ұйымдастырады.

      Бәсекелестік диалогы мүдделі әлеуетті жекеше әріптестердің әрқайсысының қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының техникалық, қаржылық, заңдық және өзге де қажетті параметрлері, мемлекеттік қолдау шаралары, жекеше әріптесті іріктеу өлшемшарттары бойынша оңтайлы шешімдер және өзге де шешімдер қалыптастыру үшін ұйымдастырылады.

      Бәсекелестік диалогының нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бәсекелестік диалогының нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді.

      Бәсекелестік диалогының қатысушылары оны өткізу барысында алынған ақпараттың құпиялылығын сақтайды.

      112. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар конкурсты ұйымдастырушының бастамасы бойынша немесе әлеуетті жекеше әріптестің сұрау салуына жауап ретінде енгізіледі.

      Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірілмейтін мерзімде, ал жекеше әріптесті айқындау бойынша қайталама конкурс өткізілетін жағдайда – күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмейтін мерзімде конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы хабарлайды.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталында конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап конкурстық өтінімдерді беру мерзімі ішінде өзгертілген конкурстық құжаттама орналастырылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар жобасын осы Қағидалардың 2-тарауының 6-параграфында белгіленген тәртіппен сараптамаларға және келісуге жібереді.

      113. Конкурсты ұйымдастырушы бекіткен оған енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескерілген конкурстық құжаттама бекітілген күнінен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталында орналастырылады және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген әлеуетті жекеше әріптестерге жіберіледі.

      Өзгертілген конкурстық құжаттама орналастырылған күннен бастап өтінімдерді беру мерзімін конкурсты ұйымдастырушы кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күнге, ал қайталама конкурс кезінде - кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күнге мерзімге қайта бастайды.

      Әлеуетті жекеше әріптестер енгізілген өтінімдерін кері қайтарып алады және өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген конкурстық құжаттамаға сәйкес қайта енгізеді.

      Ашу күніне қабылданған конкурстық өтінімдер өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген конкурстық құжаттамаға сәйкес қаралады.

      114. Конкурсты ұйымдастырушы Заңның 37-бабының 6-тармағына сәйкес конкурстық құжаттаманы түсіндіру үшін әлеуетті жекеше әріптестермен кездесу өткізеді.

      Бұл ретте конкурсты ұйымдастырушы осы кездесу барысында ұсынылған конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы сұрау салуларды олардың көзін көрсетпей, сондай-ақ осы сұрау салуларға жауаптарды қамтитын хаттаманы қалыптастырады.

      Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы хаттаманы қалыптастырған және оған қол қойған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей оны Комиссияға, сондай-ақ конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген әлеуетті жекеше әріптестерге жібереді.

      115. Егер конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша әлеуетті жекеше әріптестермен кездесу әлеуетті жекеше әріптестердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің конкурстық құжаттамада белгіленген кездесу өткізілетін күн мен уақытта келмеуі себебінен өтпесе, конкурсты ұйымдастырушы көрсетілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұл туралы Комиссияны хабардар етеді.

3-параграф. Біліктілік іріктеу

      116. Әлеуетті жекеше әріптес өзінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін конкурсты ұйымдастырушыға осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес әлеуетті жекеше әріптестер біліктілік талаптарына сәйкестіктерін растау үшін ұсынатын құжаттар тізбесін (бұдан әрі – біліктілік пакеті) мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталында жеке кабинетте орналастыру арқылы жібереді.

      Біліктілік пакетін беру мерзімі конкурстық құжаттамада айқындалады және конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталатын күнге дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмей аяқталады.

      117. Әлеуетті жекеше әріптес ұсынған біліктілік пакеттерін қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушы оларды толықтығы және осы Қағидаларға 10-қосымшаға және конкурстық құжаттамаға сәйкестігі тұрғысынан бағалайды.

      Біліктілік пакетінің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті жекеше әріптестерге біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды толықтыру немесе ауыстыру туралы ұсыныс жібереді. Әлеуетті жекеше әріптес біліктілік пакетінің құжаттарын тиісті ұсынысты алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей ауыстырады немесе толықтырады.

      118. Біліктілік пакеттерін қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні өткен соң, конкурсты ұйымдастырушы Комиссияға біліктілік іріктеудің алдын ала нәтижелерін жібереді.

      Комиссия Заңның 32-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті жекеше әріптестерді жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдей отырып, конкурсқа қатысушылар деп таниды.

      Конкурсты ұйымдастырушы жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталында орналастырады және Комиссия шешімі қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде әлеуетті жекеше әріптестерге жібереді.

      119. Біліктілік пакетіндегі құжаттар мен ақпараттың өзектілігі мен анықтығын әлеуетті жекеше әріптес қамтамасыз етеді.

      120. Біліктілік пакетіндегі ақпараттың немесе құжаттардың анық еместігін Комиссия, конкурсты ұйымдастырушы немесе уәкілетті мемлекеттік органдар жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізудің кез келген сатысында анықтайды.

      Әлеуетті жекеше әріптестің біліктілік пакетінің құрамында анық емес ақпарат беру фактісін анықтаған тұлғалар мұндай факт анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы анық емес ақпарат беру фактісін растайтын құжаттарды хабарламаға қоса бере отырып, конкурсты ұйымдастырушыны және бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органды хабардар етеді.

      Конкурсты ұйымдастырушы осындай факт анықталған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат берген әлеуетті жекеше әріптесті жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап қояды.

      121. Конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті жекеше әріптесті жосықсыз қатысушы деп тану туралы соттардың шешімдерін бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталы арқылы хабарлама жібере отырып, осындай шешімдер күшіне енген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталында орналастырады.

      122. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган заңды күшіне енген соттардың шешімдері негізінде жосықсыз қатысушылардың тізілімін қазақ және орыс тілдерінде қалыптастырады және жүргізеді және мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталында орналастырады.

      Жосықсыз қатысушы оны жосықсыз қатысушы деп тану туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап 3 (үш) жыл өткен соң тізілімнен шығарылады.

4-параграф. Конкурстық өтінімдерді қарау

      123. Конкурстық өтінім әлеуетті жекеше әріптестің конкурстық құжаттамада белгіленген талаптармен және шарттармен келісімін білдіру нысаны болып табылады.

      Конкурстық өтінім конкурстық құжаттамада белгіленген нысан бойынша ресімделеді.

      124. Конкурстық өтінімдер конкурстық құжаттамада айқындалған тәртіппен оларды ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталы арқылы енгізіледі.

      125. Белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсынылған конкурстық өтінімдер конкурстық өтінімдерді тіркеу журналында тіркелмейді және конкурс шеңберінде қаралмайды.

      126. Әлеуетті жекеше әріптес енгізілген конкурстық өтінімге конкурстық өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі өткенге дейін өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады немесе оны кері қайтарып ала алады.

      127. Әлеуетті жекеше әріптестің конкурстық өтінімі мынадай:

      1) әлеуетті жекеше әріптес бұрын жекеше әріптесті айқындау бойынша осы конкурсқа қатысуға конкурстық өтінім берген;

      2) конкурстық өтінім жекеше әріптесті айқындау бойынша осы конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін келіп түскен жағдайларда қабылданбауы тиіс.

      128. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімге сәйкес келеді.

      129. Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті жекеше әріптес өзінің:

      1) өзінің конкурстық өтінімін конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін кері қайтарып алмайтынына не өзгертпейтініне және (немесе) толықтырмайтынына;

      2) өзін жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп айқындаған жағдайда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасатындығына кепілдік ретінде енгізеді.

      130. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді қамтамасыз ету мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша болжамды инвестициялар құнының оннан бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.

      131. Әлеуетті жекеше әріптес, егер ол екі кезеңдік рәсім пайдаланылатын жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың бірінші кезеңіне қатысса, конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.

      132. Әлеуетті жекеше әріптес конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін таңдайды:

      1) конкурстық құжаттамада көзделген шотқа енгізілетін кепілдікті ақшалай жарна;

      2) банк кепілдігі.

      Әлеуетті жекеше әріптестің конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаға тұтастай не оның бір бөлігін талап ету құқығының үшінші тұлғаларда туындауына алып келетін әрекеттер жасауына жол берілмейді.

      Осы Қағидалардың 133-тармағында көрсетілген әрекеттерді қоспағанда, конкурсты ұйымдастырушының әлеуетті жекеше әріптес енгізген кепілдікті ақшалай жарнаны пайдалануына жол берілмейді.

      133. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде:

      1) әлеуетті жекеше әріптес конкурстық өтінімді конкурстық өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін кері қайтарып алғанда не өзгерткенде және (немесе) толықтырғанда;

      2) конкурстың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасудан жалтарғанда қайтармайды.

      134. Осы Қағидалардың 133-тармағында көзделген жағдайлардың бірі басталған кезде конкурстық өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджеттің кірісіне есепке жатқызылады.

      135. Конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті жекеше әріптеске ол енгізген конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған:

      1) осы әлеуетті жекеше әріптес өзінің конкурстық өтінімін конкурстық өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;

      2) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайтарады. Аталған жағдай жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуетті жекеше әріптестерге қолданылмайды;

      3) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайтарады. Аталған жағдай конкурстың жеңімпазы деп айқындалған жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

      4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты күшіне енген;

      5) әлеуетті жекеше әріптестің конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімі өткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайтарады.

      136. Конкурстық өтінімдерді қарауды және іріктеуді Комиссия конкурстық құжаттамада белгіленген үздік конкурстық өтінімді айқындау өлшемшарттарын, оның ішінде мынадай өлшемшарттарды:

      1) конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік міндеттемелерді төлеу көлемінен аспайтын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді төлеу көлемін;

      2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді төлеу мерзімін;

      3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін тартуға жататын жекеше әріптес қаражатының көлемін;

      4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін салу, құру, реконструкциялау, жаңғырту және (немесе) пайдалану мерзімдерін (айлар, жылдар);

      5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты объектісінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін;

      6) жергілікті қамту үлесі бойынша ақпаратты;

      7) іске асырылған жобалардың тәжірибесін (мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының объектісіне ұқсас объектілерді салу, құру, реконструкциялау, жаңғырту және (немесе) пайдалану тәжірибесінің болуы (дербес не қатысушы ретінде өзге тұлғалармен бірлесіп);

      8) білікті мамандардың болуын;

      9) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген қызметті жүзеге асыру кезінде өндірілетін тауарларға, орындалатын жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге арналған шекті бағаларды (тарифтерді), осындай бағаларға (тарифтерге) үстемеақыларды;

      10) жекеше әріптес өзіне қабылдайтын тәуекелдерді ескере отырып жүзеге асырады.

      137. Конкурстық құжаттамада осы Қағидалардың 136-тармағында көрсетілген әрбір өлшемшартқа қатысты мынадай параметрлер белгіленеді:

      1) өлшемшарттың бастапқы сандық мәні;

      2) өлшемшарттың бастапқы мәнінің азаюы немесе ұлғаюы;

      3) жекеше әріптесті айқындау өлшемшарттарының маңыздылығын ескеретін салмақ коэффициенті.

      Жекеше әріптесті айқындау өлшемшарттарын бағалау тәсілдері конкурстық құжаттамада белгіленеді.

      138. Хатшы мен Комиссия мүшелері біліктілік іріктеу нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті жекеше әріптестердің конкурстық өтінімдерін конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімде Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісінің қатысуымен қарайды.

      Конкурсты ұйымдастырушы кворум болмаған жағдайда немесе Комиссия төрағасының немесе оны алмастыратын адамның шешімімен конкурстық өтінімдерді ашуды өткізу уақыты мен күні туралы мәселе бойынша конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізуге жол береді.

      Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және олар туралы конкурстық құжаттаманы алған әлеуетті жекеше әріптестерге, сондай-ақ Комиссия мүшелеріне, бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органды немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарды қоса алғанда, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталы арқылы, сондай-ақ орындылығы болған кезде өзге де тәсілдермен дереу хабарланады.

      139. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық өтінімдерін қарау кезінде:

      1) конкурсты ұйымдастырушы осы конкурс бойынша, оның ішінде:

      комиссия құрамы;

      конкурстық құжаттаманы алған әлеуетті жекеше әріптестердің саны;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталының конкурстық өтінімдерді тіркеудің электрондық журналында тіркелген конкурстық өтінімдерді белгіленген мерзімде ұсынған әлеуетті жекеше әріптестер туралы ақпаратты қалыптастырады;

      2) келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша конкурстық өтінімдерді ашу хаттамасы ресімделеді.

      140. Комиссия конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті жекеше әріптестердің конкурстық өтінімдерін қарайды.

      Егер бір ғана конкурстық өтінім ұсынылған жағдайда, конкурс жеке бастама негізінде өткізілетін жағдайларды қоспағанда, Комиссия осы өтінімді осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қарайды.

      Конкурс жеке бастама негізінде өткізілген жағдайда, жеке бастамашының өтінімінен басқа, біліктілік іріктеуден өткен әлеуетті жекеше әріптестердің өзге де өтінімдері болмаған кезде конкурс өткізілмеген болып есептеледі.

      141. Комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық өтінімдерін қарау кезінде:

      1) конкурстық өтінімдерді толықтығы және тиісінше ресімделуі тұрғысынан зерделейді;

      2) конкурсқа қатысушыларға конкурстық өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың конкурстық өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірмелер беру туралы сұрау салулар жібереді;

      3) конкурстық өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында Комиссия тиісті мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға қажетті ақпарат беру туралы сұрау салулар жібереді.

      Конкурстық өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау шеңберінде енгізілген конкурстық өтінімнің мазмұнын өзгертуге немесе толықтыруға жол берілмейді.

      Комиссияның жұмыс органы конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашқан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша конкурстық өтінімдерді алдын ала қарау хаттамасын жасайды.

      Конкурстық өтінімдерді алдын ала қарау хаттамасында:

      конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес конкурстық өтінімдер берген әлеуетті жекеше әріптестердің тізбесі;

      өтінімдері ресімдеу бөлігінде конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті жекеше әріптестердің тізбесі;

      конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес ұсынылуы және (немесе) сәйкес келтірілуі қажет құжаттардың тізбесі;

      10 (он) жұмыс күнінен аспайтын құжаттарды ұсыну мерзімі қамтылады.

      Конкурстық өтінімдерді алдын ала қарау хаттамасы мүдделі тұлғаларға жіберіледі. Хаттаманы орналастыру туралы хабарлама бір мезгілде біліктіліктен өткен әлеуетті жекеше әріптестерге жіберіледі.

      Әлеуетті жекеше әріптес хаттамада белгіленген мерзімнен кешіктіріп ұсынған құжаттама қабылданбайды.

      Конкурстық өтінімдерді алдын ала қарау хаттамасының талаптарын орындау барысында енгізілген конкурстық өтінімнің мазмұнын өзгертуге және (немесе) толықтыруға жол берілмейді;

      4) конкурстық құжаттамада белгіленген үздік конкурстық өтінімді айқындау өлшемшарттарына сәйкес конкурстық өтінімдерді бағалайды;

      5) үздік конкурстық өтінімді айқындайды.

      142. Конкурстық өтінімдерді Комиссия отырысын өткізбей қарауға жол берілмейді.

      143. Комиссия конкурстық өтінімі үздік деп танылған әлеуетті жекеше әріптеспен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарын нақтылау бойынша келіссөздер жүргізеді.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлғалар мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері арасындағы келіссөздер процесінде консультациялық қызметтер көрсете алады.

      144. Комиссия келіссөздер жүргізуге дайындық кезеңінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша ескертулер мен ұсыныстарды әлеуетті жекеше әріптеске жазбаша нысанда жібереді.

      Конкурстық комиссия келіссөздер жүргізу қорытындысы бойынша шешім қабылдайды.

      Келіссөздер барысында жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс шарттарына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      145. Егер конкурстық өтінімі үздік деп танылған әлеуетті жекеше әріптес Комиссияның ескертулері мен ұсыныстарына сәйкес конкурстық өтінімді және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартса не оның ұсыныстары жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс талаптары тұрғысынан қолайсыз болып табылса, Комиссия бұл конкурстық өтінімді қарамайды және үздік конкурстық өтінімді қайта таңдайды.

      Бұл ретте Комиссияның мұндай конкурстық өтінімді үздік деп тану туралы шешімі жойылады және осы әлеуетті жекеше әріптес конкурстың жеңімпазы болып танылмайды.

      Комиссия конкурсқа ұсынылған басқа конкурстық өтінімдердің ішінен үздік конкурстық өтінімді қайта таңдайды.

      Мұндай конкурстық өтінімдер болмаған не қалған конкурстық өтінімдер конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, конкурс өткізілмеді деп танылады.

      146. Мынадай:

      1) егер белгіленген мерзімде конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық өтінімдер түспеген жағдайда;

      2) егер барлық ұсынылған конкурстық өтінімдер не жалғыз конкурстық өтінім конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда;

      3) осы Қағидалардың 140 және 145-тармақтарында белгіленген жағдайларда конкурс өтпеді деп танылады.

      147. Конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын, оның ішінде оған тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келісуге, конкурстық өтінімді үздік деп тану туралы хаттаманың көшірмелерін қоса бере отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға не мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға, сондай-ақ табиғи ресурстар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға (табиғи монополиялар салаларында іске асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша) жібереді.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын келісу, оның ішінде оған тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде, келісу не әрбір қаралатын мәселе бойынша келіспеу себептері көрсетіле отырып, келіспеу туралы хат түрінде ресімделеді.

      148. Егер жеке бастамашы енгізбеген өтінім үздік деп танылған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасымен бір мезгілде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан күннен кешіктірмей, жеке бастамашыға мемлекеттік әріптес, жекеше әріптес және жеке бастамашы келісуі және жасасуы тиіс конкурстық құжаттаманың ақпараттық парағының жобасын және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын әзірлеуге жұмсалған шығындарды өтеу туралы үшжақты келісімнің жобасын жібереді.

      149. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының мазмұны Заңның 46-бабына сәйкес айқындалады.

      Конкурстық құжаттаманың құрамында сараптамадан өткен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының бастапқы жобасына енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар осы өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың себептері негізделе отырып, Комиссияның хаттамасында көрсетіледі.

      150. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган не мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде келіседі.

      Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын келіп түскен күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде келіседі.

      Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын келісу кезінде көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде мыналарды:

      1) тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) енгізілетін шығындарды қалыптастыруды;

      2) шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормалары, сондай-ақ нормативтік техникалық ысыраптар шегінде шығыстар баптарын қалыптастыруды;

      3) тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) қалыптастыру кезінде ескерілмейтін шығыстар тізбесін белгілеуді;

      4) инвестициялар көлемін және инвестицияланған капиталды қайтару тәртібін;

      5) тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) енгізілетін пайданы қалыптастыруды және шектеуді;

      6) негізгі құралдардың тозуын есепке жазу әдістерін қолдануды;

      7) объектіні пайдалану сапасының өлшемшарттарын;

      8) объектіні пайдалану сапасын айқындау тәртібін;

      9) үшінші тұлғаларға мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін шектеулі нысаналы пайдалануды ұсынуды;

      10) объектілерге күрделі жөндеу жүргізуді немесе жаңғыртуды қаржыландыру мерзімдерін (кезеңдерін) және көздерін;

      11) жекеше әріптестің тарифтерді қалыптастыруға және бекітуге байланысты құқықтары мен міндеттерін;

      12) табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметасында көзделетін амортизациялық аударымдар құралдарын пайдаланудың негізгі құралдары мен бағыттарына қайта бағалау жүргізуін;

      13) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша өндірілетін өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі мен сапасын бақылауды жүзеге асыруды қоса алғанда, табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылауды жүзеге асыруды айқындайтын инвестициялық бағдарламаны және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының ережелерін келіседі.

      151. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың қорытындысы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын келісулер ескеріле отырып, Комиссияның шешімімен үздік конкурстық өтінім айқындалады, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасы бекітіледі.

      Өтініш беруші жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың жеңімпазы болып танылады.

      Егер мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын мемлекеттік кепілдікпен және (немесе) мемлекеттің кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыру болжанып отырса, Комиссияның конкурс қорытындысы туралы шешімі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 141-бабының 5-тармағында көзделген рәсімдер сақтала отырып қабылданады.

      152. Комиссияның шешімі осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс қорытындысы туралы хаттамамен ресімделеді.

      153. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу мерзімі жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың қорытындысы шығарылған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайды.

      154. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органды жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары туралы олар жасалған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.

5-параграф. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі аукцион өткізу

      155. Аукцион өткізу арқылы жекеше әріптесті айқындау мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы төменде көрсетілген барлық белгілерге сай келген жағдайларда жүзеге асырылады:

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) түрінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу арқылы іске асырылады;

      мемлекеттік әріптес мемлекеттік қолдау шараларын ұсынбайды;

      мемлекеттік әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілеріне бюджеттен төлемдер болжамайды.

      156. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі аукцион өткізу бағаны (жалдау төлемін) көтеру әдісімен жүргізіледі.

      157. Егер аукциондық құжаттамада көрсетілген мерзімдерде 3 (үш) аукциондық өтінімнен кем ұсынылған және (немесе) егер аукциондық өтінімдерді қарау қорытындысы бойынша аукционға 3 (үш) әлеуетті жекеше әріптестен кем қатысуға жіберілген жағдайларда, аукцион өткізілмеген болып есептеледі.

      Аукционның күшін жою туралы ақпарат Комиссия тиісті шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталында және аукционды ұйымдастырушының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.

      158. Аукционға қатысуға жіберілген және аукционға қатысушылар ретінде тіркелген әлеуетті жекеше әріптестер аукционға қатысады.

      Аукционды ұйымдастырушы аукцион өткізілетін күнге дейін кемінде 10 (он) жұмыс күні бұрын аукционға қатысуға жіберілген әлеуетті жекеше әріптестерді аукцион өткізілетін күн, уақыт және орын туралы хабардар етеді.

      Аукцион өткізу туралы хабарламада көрсетілген мерзімдерде аукцион өткізіледі.

      159. Аукционға қатысушылардың өкілдерін тіркеу аукцион басталғанға дейін бір сағат бұрын басталып, бес минут бұрын аяқталады.

      Аукционға тіркелген қатысушылар өткізілетін аукционды аудио - және бейнежазбаға түсіре алады.

      160. Аукцион ашық нысанда аукционға қатысушылардың аукциондық құжаттамада көрсетілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты нысанасының бастапқы бағасынан бастап аукцион қадамына баға шамасы бойынша өз ұсыныстарын жариялауы арқылы өткізіледі.

      Аукцион қадамының шамасы аукциондық құжаттамада көрсетіледі және бастапқы бағаның бестен елуге дейінгі пайызын құрайды.

      Аукционға қатысушыларға тіркеу нөмірлері берілген тақтайшалар беріледі, оны кезекті баға жарияланғаннан кейін, егер олар сол соманы мәлімдеуге дайын болса, көтереді.

      161. Аукцион аукционға қатысушылардың санын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі туралы мәліметтерді, оның негізгі сипаттамаларын, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін беру шарттарын, аукционды өткізу тәртібін, бастапқы бағаны және аукцион қадамын жариялаудан басталады.

      162. Аукционды өткізу кезінде аукционға қатысушылар ағымдағы ең төменгі бағаны аукцион қадамының шамасына арттыруды көздейтін баға туралы ұсыныстар береді.

      163. Аукционды ұйымдастырушы аукцион қадамының шамасына ұлғайтылған бастапқы бағасына тең бірінші мәнді жариялайды.

      Егер бірінші мән жарияланғаннан және осы мән үш рет қайталанғаннан кейін аукционға қатысушылардың ешқайсысы өзінің тіркеу нөмірі жазылған тақтайшаны көтермесе, аукцион тоқтатылады және өткізілмеген деп танылады.

      164. Аукционға қатысушылар ағымдағы ең төменгі ұсыныс болмаған жағдайда аукцион қадамының шамасына қарамастан, бастапқы бағадан жоғары баға туралы ұсыныс береді.

      165. Бір тақтайша көтерілген жағдайда аукционды ұйымдастырушы өз тақтайшасын көтерген аукционға қатысушының тіркеу нөмірін атайды. Бірнеше тақтайшалар көтерілген жағдайда, аукционды ұйымдастырушы өз тақтайшасын бірінші болып көтерген аукционға қатысушының тіркеу нөмірін атайды.

      Аукцион қадамдарынан өту ведомосіне аукционды ұйымдастырушы атаған аукционға қатысушының нөмірі ғана енгізіледі.

      Әрбір келесі мәнді аукционды ұйымдастырушы ағымдағы мәнді аукцион қадамының шамасына ұлғайту арқылы тағайындайды.

      166. Ең жоғары баға ұсынған әлеуетті жекеше әріптес аукцион жеңімпазы болады.

      Аукцион нәтижелері ол өткізілген күні Комиссияның қатысып отырған мүшелері қол қоятын хаттамамен жарияланады және ресімделеді. Хаттаманың көшірмесі аукцион жеңімпазына тапсырылады.

      Аукцион өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оның нәтижелері аукционды ұйымдастырушының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.

      167. Аукционды ұйымдастырушы аукцион қорытындысы шығарылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қол қою үшін аукцион жеңімпазына мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жібереді.

      168. Аукцион жеңімпазы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қол қояды.

      Егер аукцион жеңімпазы көрсетілген мерзім ішінде аукционды ұйымдастырушыға өз тарапынан қол қойылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын ұсынбаған жағдайда, мұндай адам мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасаса алмайды.

      169. Аукционды ұйымдастырушы аукцион жеңімпазынан мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде аукцион жеңімпазына оның мемлекеттік әріптес қол қойған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының данасын жібереді.

      170. Егер мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын аукционда ұтылып қалған әлеуетті жекеше әріптес бастамашылық еткен жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасымен бір мезгілде аукцион жеңімпазына мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасымен бір мезгілде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан күннен кешіктірмей, жеке бастамашыға мемлекеттік әріптес, жекеше әріптес және жеке бастамашы келісуі және жасасуы тиіс конкурстық құжаттаманың жобасын әзірлеуге жұмсалған шығындарды өтеу туралы үшжақты келісімнің жобасын жібереді.

      171. Осы Қағидалардың 157 және 163-тармақтарында белгіленген жағдайларда аукцион өткізілмеді деп танылады.

6-параграф. Екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу ерекшеліктері

      172. Екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс жобада жаңа жылжымайтын мүлік объектілерін жобалау, тұрғызу немесе жаңа материалдық емес активті құру арқылы жаңа мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру көзделетін жағдайларда өткізіледі, сондай-ақ техникалық жағынан күрделі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін жаңғырту немесе реконструкциялау көзделетін жобаларда өткізілуі мүмкін.

      173. Екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың бірінші кезеңі әлеуетті жекеше әріптестердің техникалық ұсыныстарын жинау кезеңі болып табылады, ол мыналарды:

      1) конкурсты ұйымдастырушының инвестициялық ұсыныстың ережелерін ескере отырып, осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес техникалық тапсырманы жасауға арналған нұсқаулыққа сәйкес техникалық тапсырманы қалыптастыруын;

      2) екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарлама жариялауды көздейді;

      Конкурсты ұйымдастырушы екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурсты өткізу туралы хабарламаны Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығына техникалық тапсырманың электрондық көшірмесін жібере отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталында және өзінің ресми интернет-ресурсында біліктілік пакеттері мен техникалық ұсыныстарды қабылдау мерзімі аяқталатын күнге дейін кемінде күнтізбелік 60 (алпыс) күн бұрын қазақ және орыс тілдерінде орналастырады. Конкурсты ұйымдастырушы және Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығы конкурсты өткізу туралы ақпаратты өзге де ақпарат көздерінде де қосымша орналастыра алады.

      Бұл ретте көрсетілген мерзім мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталында хабарлама алғаш жарияланған күннен бастап есептеледі.

      Екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурс өткізу туралы хабарламада мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы туралы, әлеуетті жекеше әріптестің техникалық тапсырмаға сәйкес әзірленген техникалық ұсыныстарды, сондай-ақ біліктілік пакетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталында орналастыру күні мен уақыты туралы мәліметтер қамтылады;

      3) конкурсты ұйымдастырушының техникалық тапсырманы әлеуетті жекеше әріптестерге ұсынуын көздейді.

      Осы кезеңде конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті жекеше әріптестерге біліктілік талаптарын, сондай-ақ әлеуетті жекеше әріптестердің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарға қойылатын талаптарды да ұсынады;

      4) әлеуетті жекеше әріптестің техникалық тапсырмаға сәйкес әзірленген техникалық ұсыныстарды ұсынуын көздейді.

      Осы кезеңде әлеуетті жекеше әріптес конкурсты ұйымдастырушы солардың негізінде біліктілік іріктеу жүргізетін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды да ұсынады. Біліктілік іріктеу осы Қағидалардың 3-тарауының 3-параграфына сәйкес жүргізіледі;

      5) конкурсты ұйымдастырушының техникалық ұсыныстарды қарауын және әлеуетті жекеше әріптестермен мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің техникалық-экономикалық және пайдалану сипаттамаларына қатысты мәселелерді және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты жобасының талаптарын талқылауын, сондай-ақ конкурстың екінші кезеңінде конкурстық өтінімдерді әзірлеу мен ұсынудың күнтізбелік 30 (отыз) күннен кем болмайтын оңтайлы мерзімін талқылауын көздейді.

      Осы кезеңде конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының қаржылық, заңдық және өзге де параметрлері бойынша оңтайлы шешімдерді қалыптастыру қажет болған жағдайда, мүдделі әлеуетті жекеше әріптестердің әрқайсысының қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, бәсекелестік диалогын ұйымдастырады.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша бәсекелестік диалогының нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша бәсекелестік диалогының нәтижелері туралы хаттамамен ресімделеді.

      Бәсекелестік диалогына қатысушылар оны өткізу барысында алынған ақпараттың құпиялылығын сақтайды;

      6) конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуін және бекітуін көздейді.

      Конкурсты ұйымдастырушы конкурстың бірінші кезеңінде ұсынылған техникалық ұсыныстарды қараудың қорытындысы бойынша Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құнын, мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын және мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің шығындарын өтеу көздерін айқындау әдістемесін ескере отырып, конкурстық құжаттаманы әзірлеуді жүзеге асырады.

      Бұл ретте конкурстық құжаттамада мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру бойынша қаржылық шарттарды қамтитын конкурстық өтінімдерді ұсыну бойынша талаптар көзделеді.

      Конкурстық құжаттаманы әзірлеу осы Қағидалардың 56, 57, 63 - 92-тармақтарының талаптары сақталып жүзеге асырылады;

      7) конкурсты ұйымдастырушының жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың екінші кезеңіне қатысу мүмкіндігі туралы хабарламаларды бірінші кезеңде техникалық ұсыныстар берген, сондай-ақ біліктілік іріктеуден өткен әлеуетті жекеше әріптестерге жолдауын көздейді.

      174. Екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың екінші кезеңі мыналарды:

      1) біліктілік іріктеуден өткен әлеуетті жекеше әріптестердің конкурстық өтінімдерді енгізуін, сондай-ақ конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуін көздейді.

      Егер болжамды мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі табиғи монополиялар саласына жататын болса, әлеуетті жекеше әріптес "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының талаптарына сәйкес әзірленетін инвестициялық бағдарламаны орналастыруы қажет.

      Конкурсқа қатысушылар конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру бойынша қаржылық шарттарды қамтитын конкурстық өтінімдерді ұсынады;

      2) осы Қағидалардың 105-тармағының 6), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың жүзеге асырылуын көздейді.

7-параграф. Жекеше әріптесті анықтау жөніндегі жабық конкурсты өткізудің ерекшеліктері

      175. Конкурсты ұйымдастырушы тізбесін Заңның 19-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын объектілерге қатысты жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурстарды өткізеді.

      176. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурс мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Қағидаларда көзделген конкурстық рәсімдерге сәйкес өткізіледі:

      жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурс өткізу туралы хабарлама орналастырылмайды. Конкурсты ұйымдастырушы жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа жіберілуі мүмкін әлеуетті жекеше әріптестердің шектеулі тобын айқындап, кейіннен оларға жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурсқа қатысуға шақырулар жібереді;

      конкурсты ұйымдастырушы жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурсты өткізудің шарттары, күні, орны және уақыты туралы ақпаратты, сондай-ақ оның нәтижелері туралы мәліметтерді әлеуетті жекеше әріптестерге жазбаша нысанда жібереді;

      конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруді конкурсты ұйымдастырушы сұрау салудың мәнін көрсете отырып, бірақ сұрау салудың кімнен түскенін көрсетпей, конкурстық құжаттама берілген барлық әлеуетті жекеше әріптестердің назарына жазбаша нысанда жеткізеді;

      жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурсты өткізу барысында жасалған хаттамалар және осындай конкурстарды өткізу барысында алынған ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға және Интернет желісінде орналастырылуға жатпайды.

8-параграф. Тікелей келіссөздер негізінде жекеше әріптесті айқындау

      177. Тікелей келіссөздер негізінде жекеше әріптесті айқындау Заңның 44-бабына сәйкес технологиялар трансферін көздейтін бірегей объектілерді құруға және пайдалануға бағытталған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      178. Жекеше әріптесті айқындау бойынша тікелей келіссөздерді ұйымдастыру және жүргізу мынадай реттілікпен болатын кезеңдер арқылы жүзеге асырылады:

      1) әлеуетті жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашылық жасауы;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тікелей келіссөздер жүргізу туралы шешім қабылдауы;

      3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына берілетін бизнес-жоспардың сараптамасы;

      4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының әлеуетті тараптары арасында мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптары туралы келіссөздер жүргізу;

      5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу.

      179. Тікелей келіссөздерге бастамашылық жасау әлеуетті жекеше әріптестің уәкілетті тұлғаға тікелей келіссөздерге бастамашылық жасауға өтінім беруі арқылы жүзеге асырылады.

      180. Бұл өтінімде:

      әлеуетті жекеше әріптестің атауы және мекенжайы;

      мемлекеттік тиесілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтығы (жеке тұлғалар үшін);

      заңды тұлғалардың басшылары немесе иелері және әлеуетті жекеше әріптестің атынан өкілдік ететін тұлғалар туралы деректер;

      осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына берілетін құрылым бойынша әзірленген бизнес-жоспар қамтылады. Бұл ретте мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының қаржылық-экономикалық моделін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының бастамашысы әзірлейді және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына берілетін бизнес-жоспардың құрамында ұсынылады.

      Жекеше әріптес тікелей келіссөздер арқылы айқындалатын институционалдық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашылық жасалған жағдайларда бизнес-жоспардың құрамына мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының қаржылық-экономикалық негіздемесі енгізілуі тиіс.

      181. Жекеше әріптесті айқындау бойынша тікелей келіссөздерге бастамашылық жасауға арналған өтінім мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасуға арналған оферта болып табылады.

      182. Тікелей келіссөздерге бастамашылық жасауға арналған өтінім енгізілген уәкілетті тұлға, егер өтінім Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес келмесе, оны 5 (бес) жұмыс күніне дейінгі мерзімде әлеуетті жекеше әріптеске қайтарады.

      Егер көрсетілген мерзім өткенге дейін тікелей келіссөздерге бастамашылық жасауға арналған өтінім қайтарылмаса, ол қарауға қабылданған болып есептеледі.

      183. Тікелей келіссөздерге бастамашылық жасауға арналған өтінімді қарауға қабылдаған уәкілетті тұлға күнтізбелік 70 (жетпіс) күнге дейінгі мерзімде өтінімді тікелей келіссөздерге бастамашылық жасау бөлігінде оның заңнама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарауды жүзеге асырады, оның ішінде:

      1) келіп түскен өтінімді нақтылау және (немесе) талқылау мақсатында әлеуетті жекеше әріптестен қосымша материалдар сұратады және (немесе) хаттаманы (хаттамаларды) ресімдеумен алдын ала келіссөздер жүргізеді;

      2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталында тікелей келіссөздер жүргізуге арналған өтінімді қарауға қабылдау туралы хабарлама жариялайды, Қағидалардың 176-тармағында белгіленген тәртіппен мүдделі тұлғалармен жобаны ашық талқылауды жүргізеді;

      3) қажет болған жағдайда жобаны іске асырудың орындылығын, сондай-ақ ұсынылып отырған мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің бірегейлігін және технология трансферінің қолайлылығын айқындау үшін мүдделі уәкілетті органдарды, техникалық және өзге де консультанттарды тартады.

      Тікелей келіссөздер жүргізуге арналған өтінімді қарау барысында ұсынылған өтінімді нақтылау және (немесе) талқылау қорытындысы бойынша әлеуетті жекеше әріптес оны түзете немесе кері қайтарып ала алады.

      184. Тікелей келіссөздер жүргізуге арналған өтінімді қарауға қабылдау туралы хабарлама мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталында осы өтінімді қарауға қабылдау күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде орналастырылады.

      Тікелей келіссөздерге бастамашылық жасауға арналған өтінімді қарауға қабылдаған уәкілетті тұлға орындылығы болған кезде өзге ақпарат көздеріне орналастыру арқылы тікелей келіссөздер жүргізуге арналған өтінімді қарауға қабылдау туралы ақпараттың таралуын қосымша қамтамасыз етеді.

      185. Тікелей келіссөздер жүргізуге арналған өтінімді қарауға қабылдау туралы хабарламада мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының мақсаттары мен міндеттері, мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің негізгі техникалық-экономикалық параметрлері, тиімділіктің негізгі өлшемшарттары (қуаты, өнімділігі, халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруы және тапшылықты азайтуы), жоспарланып отырған іске асыру мерзімдері көрсетіледі.

      Тікелей келіссөздер жүргізуге арналған өтінімді қарауға қабылдау туралы хабарламада кемінде 45 (қырық бес) күнтізбелік күн мерзімі және мүдделі тұлғалардың ұсыныстары мен ескертулерін беру және қарау тәртібі де көрсетіледі.

      186. Тікелей келіссөздер жүргізуге арналған өтінімді қарауға қабылдау туралы хабарламаға ұсыныстар және (немесе) ескертулер болған кезде тікелей келіссөздерге бастамашылық жасауға арналған өтінімді қарауға қабылдаған уәкілетті тұлға жоба бойынша ықтимал балама шешімдерді анықтау үшін келіп түскен ұсыныстарды және (немесе) ескертулерді ашық талқылауды жүргізеді.

      Ашық талқылаулар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашылық жасаған әлеуетті жекеше әріптестің, ұсыныстар және (немесе) ескертулер енгізген адамдардың, уәкілетті тұлғаның міндетті түрде қатысуымен өткізіледі. Ашық талқылауға қатысуға техникалық сарапшылар, консультанттар, тиісті мемлекеттік органдардың өкілдері, өзге де мүдделі тұлғалар шақырылуы мүмкін.

      Ашық талқылауларды жүргізу регламентін уәкілетті тұлға бекітеді және ол бекітілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталында жарияланады, сондай-ақ жобаға бастамашылық жасаған әлеуетті жекеше әріптеске атаулы түрде жіберіледі.

      187. Осы Қағидалардың 183-тармағында айқындалған тәртіппен өтінімді қарау нәтижелері бойынша тікелей келіссөздерге бастамашылық жасауға арналған өтінімді қарауға қабылдаған уәкілетті тұлға әлеуетті жекеше әріптеске оң немесе теріс қорытынды жібереді.

      188. Бастамашылық жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамаға сәйкес келген, бірегейлігі расталған, технология трансферінің орындылығы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың орындылығы расталған жағдайда оң қорытынды шығарылады.

      Пайдалану барысында тікелей келіссөздерге бастамашылық жасауға арналған өтінімді беру сәтінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер өндірілетін объектілер бірегей болып танылады.

      189. Оң қорытынды үшін Қағидалардың 188-тармағында аталған қандай да бір негіздеме бойынша растау болмаған кезде теріс қорытынды шығарылады.

      Әлеуетті жекеше әріптес теріс қорытынды алған кезде жобаны пысықтап, оны 2-тараудың 3 және 4-параграфтарына сәйкес тікелей келіссөздер жүргізуге немесе жеке бастаманы іске асыру жөніндегі конкурсты өткізуге арналған жаңа өтінім беру жолымен іске асыруға бастамашылық жасай алады.

      190. Тікелей келіссөздерге бастамашылық жасауға арналған өтінімді қарау нәтижесі бойынша оң қорытынды шығарылған жағдайда, тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне әлеуетті жекеше әріптеспен тікелей келіссөздер жүргізу туралы ұсыныс енгізеді.

      191. Қазақстан Республикасының Үкіметі әлеуетті жекеше әріптеспен тікелей келіссөздер жүргізу туралы шешім қабылдаған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті жекеше әріптестің Заңның 32-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді жүргізеді.

      192. Тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы жекеше әріптесті айқындау бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – Тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссия) қалыптастырады.

      Тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияның төрағасы тікелей келіссөздерді ұйымдастырушының бірінші басшысы не ол уәкілеттік берген тұлға болып табылады.

      Тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияның хатшысы тікелей келіссөздерді ұйымдастырушының құрылымдық бөлімше басшысының орынбасарынан төмен емес өкілі болып табылады.

      Тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияның құрамына тиісті саланың орталық уәкілетті органдарының құрылымдық бөлімше басшысының орынбасарынан төмен емес өкілдері енгізіледі.

      Тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияның құрамына өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері енгізілуі мүмкін.

      193. Тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссия:

      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарды, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын мақұлдауды не пысықтауға жіберуді;

      2) тікелей келіссөздердің нәтижелері туралы шешім қабылдауды;

      3) тікелей келіссөздер жүргізу үшін қажетті өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      194. Тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияның шешімдері осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді.

      Хаттамаға отырысқа қатысқан Тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері қол қояды.

      Тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияның шешімі дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған Тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.

      Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда, осы Комиссияның кез келген мүшесі ерекше пікір білдіреді, ол тікелей келіссөздерді ұйымдастырушыға Комиссия отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жіберіледі және Тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияның жұмыс органы хаттамаға қоса береді. Бұл ретте Комиссия отырысының хаттамасында ерекше пікірдің бар екендігі туралы белгі қойылады және ерекше пікірді енгізудің түпкілікті мерзімі көрсетіледі.

      Тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияның отырысы, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болады.

      Отырыста Тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссия төрағасы не ол болмаған кезеңде – оны алмастыратын адам болмаған жағдайда Комиссия отырысы өткізілмейді.

      195. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына берілетін бизнес-жоспарға тікелей келіссөздерді ұйымдастырушының бірінші басшысы не оны алмастыратын адам, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашылық жасаған әлеуетті жекеше әріптестің бірінші басшысы, сондай-ақ өзге де мүдделі уәкілетті тұлғалар қол қояды.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспар, сондай-ақ оған қоса берілетін қосымшаларды және материалдарды тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы мынадай келісулер мен сараптамаларға жібереді:

      1) жоба табиғи монополиялар салаларына тиесілі болған жағдайда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспар енгізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарды келісу, табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу.

      Бұл ретте табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаны және мыналарды:

      тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) енгізілетін шығындарды қалыптастыруды;

      шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларын, сондай-ақ нормативтік техникалық шығындар шегінде шығыстар баптарын қалыптастыруды;

      тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) қалыптастыру кезінде ескерілмейтін шығыстар тізбесін белгілеуді;

      инвестициялар көлемін және инвестицияланған капиталды қайтару тәртібін;

      тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) енгізілетін пайданы қалыптастыруды және шектеуді;

      негізгі құралдардың тозуын есепке жазу әдістерін қолдануды;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалану сапасының өлшемшарттарын;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалану сапасын айқындау тәртібін;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін шектеулі нысаналы пайдалануды үшінші тұлғаларға беруді;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне немесе оның бөліктеріне күрделі жөндеу жүргізуді немесе жаңғыртуды қаржыландыру мерзімдері (кезеңдері) мен көздерін;

      жекеше әріптестің тарифтерді қалыптастыруға және бекітуге байланысты құқықтары мен міндеттерін;

      табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметасында көзделген амортизациялық аударымдар құралдарын пайдаланудың негізгі құралдары мен бағыттарына қайта бағалау жүргізуді;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша өндірілетін өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі мен сапасын бақылауды жүзеге асыруды қоса алғанда, табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылауды жүзеге асыруды көздейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының ережелерін келіседі.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарды келісу әрбір қаралатын мәселе бойынша келіспеу себептері көрсетіле отырып, келіспеу не келісу туралы хат түрінде ресімделеді;

      2) жекеше әріптестердің мемлекеттік функцияларды іске асыруды қамтамасыз етуін көздейтін республикалық жобалар бойынша бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласына жататын бөлігінде – монополияға қарсы органмен келісу, ол бизнес-жоспар қарауға қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бизнес-жоспарды келісу туралы немесе негіздемелерді көрсете отырып, келісуден бас тарту туралы хат жібереді;

      3) тиісті саланың уәкілетті органының салалық сараптама жүргізуі.

      Орталық уәкілетті органдар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспардың салалық сараптамасының нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салалық қорытынды жасайды.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының орындылығы, іске асыру мерзімдері, көлемі, құны және іске асыру тетігі, түпкілікті және тікелей нәтижелерге қол жеткізу мәселелері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының сараптамасы нәтижесі бойынша оң немесе теріс салалық қорытынды дайындалады.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде қайта салалық сараптамаға жіберілуі тиіс.

      Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарда көзделген технологиялық, техникалық шешімдерді, оның ішінде іске асыру графигін бағалау "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкестігіне жүргізіледі.

      Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарда көзделген технологиялық, техникалық шешімдерді, оның ішінде іске асыру графигін бағалау Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттар мен нормалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жүргізіледі.

      Егер мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бірнеше салалық мемлекеттік органдардың жауаптылық саласын қозғаған жағдайда, аталған салалық мемлекеттік органдар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспардың тиісті салалық сараптамаларының қорытындыларын қосымша ұсынады;

      4) Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығы не жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлға жүргізетін сараптаманың негізінде бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның не мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға қорытынды дайындау.

      Тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға не мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға:

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспардың салалық сараптамасының оң қорытындысын (қорытындыларын);

      осы тармақта көзделген келісу нәтижелерін;

      ұсынылып отырған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарды жан-жақты және толық бағалау үшін қажетті өзге де материалдар мен мәліметтерді қоса бере отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарды жібереді.

      Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган не мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығына немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын заңды тұлғаларға мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарды және келіп түскен материалдарды сараптама жүргізу үшін жібереді.

      196. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға, оның ішінде оған тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сараптама 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

      197. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспардың, оның ішінде оған тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сараптамасын Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығы (республикалық жобалар бойынша) не облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын, сараптама жүргізуге уәкілетті заңды тұлғалар (жергілікті жобалар бойынша) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарда қамтылған ақпаратты бағалау арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мүмкіндігін айқындау мақсатында жүргізеді.

      198. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспардың, оның ішінде оған тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сараптама қорытындысы:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы қолданыстағы заңнамасы шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мүмкіндіктерін;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарда көрсетілген мемлекеттік қолдаудың түрлері мен көлемдерін көрсету, сондай-ақ жекеше әріптестің шығындарын өтеу және кірістер алу мүмкіндіктерін;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тәуекелдерін және оларды басқару бойынша шараларды;

      институционалдық шешімдерді (тараптардың өзара іс-қимыл тетіктерін, олардың жауапкершілігін және басқаларды);

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың коммерциялық тиімділігін;

      маркетингтік зерттеу нәтижелерін, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру нәтижесінде пайда болатын өнімге (тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге) сұранысты;

      ұсынылатын схема бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезіндегі мемлекеттің пайдасы мен шығындарының арақатынасын бағалауды қамтиды.

      199. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарды, оның ішінде оған тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сараптау нәтижесі мынадай бөліктерден тұратын оң не теріс қорытынды болып табылады:

      1) сараптама қорытындысының кіріспе бөлігінде сараптаманың атауы мен өткізілетін күні туралы мәліметтер, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы туралы жалпы ақпарат қамтылады;

      2) сараптама қорытындысының негізгі (талдамалық) бөлігінде осы Қағидаларға сәйкес жүргізілген бағалаудың нәтижелері көрсетіледі;

      3) қорытынды бөлігінде сараптаманың қорытындысы бойынша әзірленген тұжырымдар мен ұсынымдар баяндалады.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының бизнес-жоспары сараптамасының оң қорытындысы жиынтығында төменде көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келген жағдайда ұсынылады:

      1) құжаттардың толық топтамасының ұсынылуы, сондай-ақ бизнес-жоспардың құрылымы мен мазмұнының осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігі;

      2) жобаны іске асыру үшін стратегиялық алғышарттардың болуы және түпкілікті нәтижелердің мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының мақсаттарына сәйкестігі;

      3) таза дисконтталған табыс (Net present value – NPV), кірістіліктің ішкі нормасы (internal rate of return – IRR) көрсеткіштерінің оң мәндері;

      4) экономикалық таза дисконтталған табыстың (Economic net present value – ENPV) және кірістіліктің экономикалық ішкі нормасының (economic internal rate of return – EIRR) оң көрсеткіштерінің болуы.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының бизнес-жоспары сараптамасының теріс қорытындысы мынадай өлшемшарттардың біріне сәйкес келмеген жағдайда ұсынылады:

      1) осы Қағидалардың 199-тармағы екінші бөлігінің 1)-4) тармақшаларында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі;

      2) жіберілген қосымша сұрау салуға сәйкес қосымша және/немесе пысықталған құжаттарды сұрау салу жіберілген күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде ұсынбау.

      200. Бюджет саясаты жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы немесе жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлға жүргізетін сараптама негізінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға қорытынды дайындайды.

      201. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарды қарауының жалпы мерзімі сараптаманы ескергенде, ол енгізілген күннен бастап 40 (қырық) жұмыс күнінен аспайды.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспар бойынша жетіспейтін және (немесе) қосымша ақпаратты ұсыну қажет болған жағдайда, Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығы немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын сараптама жүргізуге уәкілетті заңды тұлғалар құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап (бірақ бір реттен артық емес) 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тиісті сұрау салуларды, сұрау салудың көшірмесін – бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарды әзірлеуші жетіспейтін және (немесе) қосымша ақпаратты не қосымша мерзімдердің қажеттігі туралы хабарламаны сұрау салу түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жібереді.

      Жетіспейтін және (немесе) қосымша ақпаратты ұсынудың қосымша мерзімі күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспауға тиіс.

      Сараптама жүргізу мерзімдері сұрау салу жіберілген күннен бастап қажетті ақпарат ұсынылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      Сұрау салуға сәйкес қажетті ақпарат уақтылы ұсынылмаған жағдайда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспар қараусыз қалдырылады және теріс қорытынды жіберіледі.

      202. Мемлекет тарапынан мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілеріне мемлекеттік қолдау шаралары және мемлекеттік бюджеттен төлемдер болмаған жағдайда, бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындылары және Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығының немесе жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаның сараптамасы талап етілмейді.

      203. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының бизнес-жоспарын жеке бастамашы тікелей келіссөздерді ұйымдастырушымен пысықтайды және тікелей келіссөздерді ұйымдастырушының бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның бұйрығымен бекітіледі және оған барлық қажетті келісулер мен сараптамалардың нәтижелерін, Тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссияның шешімдерін ескере отырып, жеке бастамашының бірінші басшысы қол қояды. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарды пысықтау мен бекітудің жалпы мерзімі барлық қажетті сараптамалар мен келісулер алынған күннен бастап екі айдан аспайды.

      Бекітілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға сараптама жүргізбестен, өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

      204. Тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспар бекітілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде бұл туралы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашы болған әлеуетті жекеше әріптесті хабардар етеді.

      205. Жеке бастамашы бекітілген бизнес-жоспарға қол қойылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде уәкілетті тұлғаға бекітілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға сәйкес әзірленген мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын жібереді.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының мазмұны Заңның 46-бабына сәйкес айқындалады.

      206. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын ұсыну мерзімін ұзарту туралы шешімді Тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссия қабылдайды.

      207. Жеке бастамашы енгізген мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасы Тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияның отырысына шығарылады.

      Келіссөздердің нәтижелері мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасы қоса беріле отырып, тараптардың уәкілетті өкілдері мен Тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері қол қоятын, осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша Тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді.

      208. Тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын, оның ішінде оған тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде Тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияның хаттамасын қоса бере отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық не жергілікті уәкілетті органға және табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға (табиғи монополиялар салаларында іске асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша) келісуге жібереді.

      209. Бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын келіп түскен күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде келіседі.

      210. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган табиғи монополиялар саласына жататын тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын ол ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде келіседі.

      211. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын, оның ішінде оған тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде келісу әрбір қаралатын мәселе бойынша келіспеу себептері көрсетіле отырып, келіспеу не келісу туралы хат түрінде ресімделеді.

      212. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын бюджетті атқару жөніндегі орталық не жергілікті уәкілетті органның және табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның келісуінің қорытындысы бойынша ұсынымдар болған кезде тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы (уәкілетті тұлға) пысықтайды және оны Тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссия бекітеді.

      Бекітілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға қайшы келетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын Тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияның хаттамасымен бекітуге жол берілмейді.

      213. Тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияның тікелей келіссөздер нәтижелері туралы шешім қабылдау қорытындысы бойынша тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы тиісті бюджет комиссияның қарауына мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мәселесін шығару үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын келісу нәтижелерін қоса бере отырып, өтінімді бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға (республикалық жобалар бойынша) немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға (жергілікті жобалар бойынша) жібереді.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер болмаған жағдайда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мәселесін тиісті бюджет комиссияларының қарауына шығару талап етілмейді.

      Бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті орган тиісті хатты ресімдей отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелердің жоқ екендігін растайды.

      214. Тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы (уәкілетті тұлға) тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі шығарылғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде әрбір қабылданған міндеттеменің көлемі туралы ақпаратты (мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдауды көздейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша) қоса отырып, әрбір жеке мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлейді.

      215. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдауы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 147-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      216. Тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы (уәкілетті тұлға) әлеуетті жекеше әріптеспен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасады.

9-параграф. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру ерекшеліктері, оның ішінде жекеше әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу тәртібі

      217. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жекелеген жобалар үшін жеке де (оның ішінде бірнеше жобаларды қамтамасыз ету үшін), индустриялық аймақтарды құру шеңберінде де жаңа өндірістер құруға, қолданыстағы өндірістерді жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған кәсіпкерлік субъектілері жобаларын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жолымен іске асырылады.

      Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құруды (реконструкциялауды) және (немесе) пайдалануды жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес жүзеге асырады.

      Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету кәсіпкерлік субъектісінің (субъектілерінің) жобасы (жобалары) аумағының шекарасына дейін жүзеге асырылады.

      Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жоспарлау және іске асыру осы Қағидалардың 218-тармағында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, мынадай:

      1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының негізгі бағыттары шеңберінде кәсіпкерлік субъектісінің (субъектілерінің) жобасын (жобаларын) іске асыру;

      2) кәсіпкерлік субъектісі (субъектілері) жобасының (жобаларының) елді мекенді дамытудың бас жоспарына сәйкестігі;

      3) кәсіпкерлік субъектісінің (субъектілерінің) жобасы (жобалары) бойынша техникалық-экономикалық негіздеме және (немесе) жобалау-сметалық құжатамасының болуы және (немесе) кәсіпкерлік субъектісінің (субъектілерінің) жобасы (жобалары) құнының кемінде жиырма пайызы көлемінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауы;

      4) кәсіпкерлік субъектісінің (субъектілерінің) жобасы (жобалары) шеңберінде жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру;

      5) кәсіпкерлік субъектісінің (субъектілерінің) жобасында (жобаларында) айлық есептік көрсеткіштің 2000000 еселенген мөлшерінен астам көлемде инвестициялардың болуы;

      6) айлық есептік көрсеткіштің 700000 еселенген мөлшерінен аспайтын көлемде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым (коммуникациялардың барлық түрлеріне) құру (реконструкциялау) ерекшеліктеріне сәйкес келетін жағдайларда жүзеге асырылады.

      218. Осы Қағидалардың 217-тармағында айқындалған ерекшеліктерге сай келетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жоспарлау және жекеше әріптесті айқындау рәсімдерінің ерекшеліктері:

      1) Ведомствоаралық жобалық топтарды құру талап етілмейді;

      2) конкурсты ұйымдастырушы жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы ақпаратты мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталында және өзінің ресми интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс өткізілетін күнге дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын орналастырады. Конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталында ақпаратты орналастырумен бір мезгілде конкурстық құжаттаманы қоса бере отырып, осы ақпаратты жобалары осы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілетін кәсіпкерлік субъектілеріне жібереді;

      3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашылық жасау тәртібіне қарамастан, бір және одан көп конкурстық өтінім болған кезде конкурс өткізілді деп есептеледі.

      219. Жекеше әріптестің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды құруға (реконструкциялауға) бағытталған инвестициялық шығындарын өтеу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша шығындарды өтеуді жоспарлау кезінде кәсіпкерлік субъектісінің (субъектілерінің) жобасы (жобалары) шеңберінде құрылған объекті пайдалануға берілгенге дейін, сондай-ақ егер кәсіпкерлік субъектісінің (субъектілерінің) жобасы (жобалары) бюджетке оң ақша ағындары мен салықтық түсімдерді генерациялауды көздемесе, инвестициялық шығындарға өтемақы төлеу көзделмейді.

10-параграф. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша коммерциялық жабу

      220. Осы Қағидалардың 216-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті тұлға Комиссияның шешімі негізінде конкурс жеңімпазымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын, ал мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдауды көздейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша – тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі, Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 149-бабына сәйкес мәслихат шешімі негізінде жасасады.

      221. Осы Қағидалардың 215-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік міндеттемелер қабылдауын тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдауы тиісінше облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихатының әрбір жеке мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша шешімі негізінде жүзеге асырылады.

      222. Мемлекет кепілгерлігін беруді көздейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты жасалғаннан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасы Бюдет кодексінің 145-бабына сәйкес кепілгерлік шарты жасалады.

      223. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын тіркеуді, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер болмаған жағдайда тіркеуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі жүзеге асырады.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер болмаған жағдайда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын тіркеу бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның (республикалық жобалар бойынша) не мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның (жергілікті жобалар бойынша) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелердің жоқ екендігі туралы растайтын хаты ұсынылған кезде тиісті бюджет комиссиясының шешімінсіз жүзеге асырылады.

      224. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың нәтижелері туралы, сондай-ақ коммерциялық жабу – мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу туралы мәліметтер мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталында жарияланады.

11-параграф. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша қаржылық жабу

      225. Егер қаржылық жабу мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты жасалғанға дейін орындалмаса, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына қаржылық жабу графигі, сондай-ақ тараптардың оны жүзеге асыру бойынша құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі қосылады.

      226. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қаржыландыру кезінде жекеше әріптесті кезең-кезеңімен (траншпен) қаржыландыру ұсынылады.

      227. Мемлекеттік әріптес, жекеше әріптес және жекеше әріптестің кредиторы (кредиторлары) арасында тікелей келісім жасасу мынадай реттілікпен болатын кезеңдерді көздейді:

      1) жекеше әріптес және (немесе) жекеше әріптестің кредиторы (кредиторлары) Заңның 47-бабына сәйкес мемлекеттік әріптеске тікелей келісімнің жобасын енгізеді;

      2) мемлекеттік әріптес тікелей келісімнің жобасын қарайды және Комиссия отырысына шығарады;

      3) Комиссия тікелей келісімнің жобасын қарайды және қажет болған жағдайда сарапшыларды тартады;

      4) Комиссия тікелей келісім тараптарының келіссөздерінің қорытындысы бойынша тікелей келісімнің түпкілікті жобасын мақұлдайды;

      5) тікелей келісімде мемлекеттік бюджеттің шығыстарына әкеп соғатын ережелер болған жағдайда, бұл мәселе тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарылады;

      6) Комиссияның және тиісті бюджет комиссиясының шешімі негізінде тікелей келісім жасасу.

      Тікелей келісімге тараптар қол қойғаннан кейін оны бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын тіркеген оның аумақтық бөлімшесі тіркеуге тиіс.

      228. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша өз құқықтарын мемлекеттік әріптестің жазбаша келісімімен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін қарыздық қаржыландыруды тарту мақсатында ғана кепілге беруіне жол беріледі.

      229. Жекеше әріптестің кредиторға мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша өз құқықтарын кепілге беруі Заңның 51-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      230. Жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген инвестициялық шығындардың өтемақысы түріндегі ақшалай түсімдер бойынша талап ету құқығын кепілмен қарыздық қаржыландыруды тартқан жағдайда, инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызу үшін шот кредитор-банкте ашылады.

      231. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызу шотынан түскен қаражат мынадай шығыс операциялары:

      1) қаржыландыру шартына сәйкес негізгі қарызды, мерзімі өткен негізгі қарызды, капиталдандырылған негізгі қарызды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін тартылған қарыз бойынша капиталдандырылған сыйақыны өтеу;

      2) кепіл ұстаушы болып табылатын кредитормен келісу бойынша жекеше әріптестің негізгі шотына қаражаттың қалған бөлігін төлеу үшін пайдаланылады.

      232. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қаржыландыру кезінде кредитордың құқығын қорғау мүддесінде инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызу шоты инвестициялық шығындардың өтемақысы түріндегі ақшалай түсімдер бойынша талап ету құқығын кепілге салу үшін пайдаланылады. Инвестициялық шығындардың өтемақысы есепке жатқызу шотын өзге мақсаттарда қолдануға жол берілмейді.

      233. Мемлекеттік әріптес жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген инвестициялық шығындардың өтемақысы түріндегі талап ету құқығын кепілге қойып қарыз қаражатын тартқан кезде инвестициялық шығындардың өтемақысы түріндегі ақшалай төлемдерді инвестициялық шығындардың өтемақысы есепке жатқызу шотына жібереді.

      234. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша бірлесіп қаржыландыру Заңның 27-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында белгіленген тәртіппен және көлемде беріледі.

      235. Бірлесіп қаржыландыру жекеше әріптестің меншікті және (немесе) қарыз қаражатына пропорционалды түрде бірыңғай төлеммен немесе транштармен төленуі мүмкін.

4-тарау. Шарттарға мониторинг жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын мониторингтеу және бағалау тәртібі

1-параграф. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру

      236. Республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша республикалық меншікке жататын мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері бойынша жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының тізіліміне деректерді енгізу үшін мемлекеттік әріптес мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары туралы мынадай мәліметтерді:

      мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің атауы мен деректемелерін;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жасалған күні, қолданылу мерзімі мен тіркеу нөмірін;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің құнын;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тізілімге енгізілген күнін (жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы мәліметтер Тізілімге енгізілген жағдайда) қамтитын ақпаратты олар тіркелген кезден бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.

      Мемлекеттік әріптес жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары туралы ақпаратты тиісті саланың уәкілетті органының мөрімен расталған немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған баспа және электрондық түрде жібереді.

      Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган Тізілімді жүргізу үшін қажетті қосымша және (немесе) жетіспейтін мәліметтерді немесе құжаттарды алу қажет болған кезде оларды мемлекеттік әріптестен, тиісті саланың уәкілетті органынан сұратады.

      Жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы мәліметтер осы тармақта белгіленген тәртіппен Тізілімге енгізіледі.

      "Аса маңызды", "өте құпия", "құпия" деген белгісі бар мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мәтіндері немесе Шарттың жария етуге жатпайтын құпия мәліметтерді қамтитын бөлімдері мен бөліктері Тізілімге енгізілуге жатпайды.

      Жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары туралы мәліметтер мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға ақпарат келіп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде электрондық түрде Тізілімге енгізілуге тиіс.

      237. Жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу заңда, Заңның 49-бабында белгіленген тәртіппен, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес жүзеге асырылады.

      Жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына ұсынылатын өзгерістер және (немесе) толықтырулар мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасы (мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына қосымша келісім) түрінде ресімделеді.

      Қосымша келісімнің жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен келісілуге тиіс.

      Мемлекеттік әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының іске асырылуын мониторингтеу және (немесе) бағалау нәтижелері бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу мақсатында мүдделі мемлекеттік органдармен қосымша келісімді келісудің қорытындысы бойынша жекеше әріптеспен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына қосымша келісім жасасады.

      Жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына пайдалану кезеңін алып тастау бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілмейді.

      Тиісті бюджет комиссиясының қарауынсыз мемлекеттік міндеттемелер мөлшерінің өзгеруіне әкеп соғатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын өзгертуге жол берілмейді.

      Заңның 46-бабының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптары елеулі болып табылады және мұндай өзгерістердің (бюджет шығыстарының ұлғаймауы, мемлекеттік кірістің ұлғаюы) оң бюджеттік тиімділігі (ақшалай түрде) жағдайында, сондай-ақ егер мұндай өзгерістер мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапалық сипаттамаларына және (немесе) көлеміне және (немесе) қолжетімділігіне қойылатын талаптарды төмендетпесе, сондай-ақ мұндай өзгерістер мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу кезінде оның талаптарында көзделген кездегі жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының экономикалық және (немесе) әлеуметтік тиімділігі сақталған не ұлғайтылған жағдайда тараптардың келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін.

      238. Егер ерекше маңызды мемелекттік-жекешелік әріптестік жобасын бойынша мемлекеттік әріптес валюталық шығындарды өтеу бойынша міндеттемелер қабылдауы және иконцессиялық шартта осындай өтемақыны есептеу тетігі, төлеу тәртібі, мерзімдері мен шарттары қамтылған жағдайда, валюталық тәуекелдерге байланысты шығыстарды өтеу бойынша (бұдан әрі – валюталық шығындарды өтеу) мемлекеттік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, қабылданған мемлекеттік міндеттемелердің сомасын жыл сайын бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға бағамдық айырма бойынша валюталық шығындарды өтеуге арналған шығыстарды қамтитын бюджеттік сұрау салуды енгізеді.

      Бағамдық айырма бойынша валюталық шығындарды өтеуге 10 (он) пайыздық тармаққа қосымша ұлғаюды ескере отырып, бюджеттік өтінімді жасау кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми ағымдағы бағамы негізінде тиісті бюджеттерді қалыптастыру шеңберінде жүзеге асырылады.

      Бағамдық айырма салдарынан валюталық шығындарды өтеу жеке бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша қаржыландырылады.

      Қағидалардың осы тармағында көзделген бағамдық айырма бойынша валюталық шығындарды өтеуге арналған шығыстарды жоспарлау мен қаржыландыру республикалық бюджет комиссиясының шешімі негізінде жүргізіледі.

      239. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының, оларға қосымша келісімдердің (бар болса) түпнұсқалары мемлекеттік әріптестің сақтауға жауапты құрылымдық бөлімшесінде арнайы бөлінген сейфте сақталады. мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оған қосымша келісімнің (қосымша келісімдердің) (бар болса) түпнұсқасын сақтауға жауапты адам мемлекеттік әріптестің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның бұйрығымен тағайындалады. Қолданылу мерзімі өткеннен кейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оған қосымша келісім (қосымша келісімдер) (бар болса) "Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 235 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33338 болып тіркелген) сәйкес архивке тапсырылады.

      240. Мемлекеттік әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оған қосымша келісім (қосымша келісімдер) (бар болса) тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығына электрондық форматта:

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оған қосымша келісімнің (қосымша келісімдердің) (бар болса) көшірмесін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын/қосымша келісімді тіркеу туралы куәліктің көшірмесімен бірге;

      қаржылық-экономикалық модельді, олар бойынша салалық және экономикалық қорытындылардың көшірмелерін қоса бере отырып, бекітілген конкурстық құжаттаманың көшірмесін немесе бекітілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарды жібереді.

      Қажетті құжаттама ұсынылмаған жағдайда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттер тізбесін қалыптастыру және жариялау тәртібін қоса алғанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жоспарланатын және іске асырылатын жобалары туралы ақпараттық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығы қалыптастыратын тізбеде көрсетілмейді.

      241. Тиісті бюджет комиссиясының қарауынсыз мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген мемлекеттік міндеттемелердің мөлшерін өзгертуге жол берілмейді.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына қосымша келісімді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі бюджеттік жоспарлау саласындағы орталық уәкілетті орган бекіткен бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету тәртібіне сәйкес тіркеуге тиіс.

      242. Жекеше әріптестің кредиторы қарыз қаражатының мақсатына сай пайдаланылуын бақылау үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің салынуын/реконструкциялануын/жаңғыртылуын/күрделі жөнделуін/ құрылуын техникалық қадағалауды жүзеге асыратын компанияны тағайындауға қатыса алады.

      243. Кезең-кезеңімен қаржыландыру кезінде мемлекеттік әріптес және техникалық қадағалауды жүзеге асыратын компания кезекті траншты беру алдында жекеше әріптестің алдыңғы траншты мақсатына сай пайдаланғанын растайды.

2-параграф. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша жекеше әріптесті ауыстыру

      244. Жекеше әріптес кредиторлар алдындағы және (немесе) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда кредитордың келісімі бойынша жекеше әріптесті ауыстыруға жол беріледі, ол мемлекеттік әріптестің жекеше әріптесті ауыстыру мақсатында конкурс өткізуі арқылы жүзеге асырылады. әріптес.

      Жекеше әріптесті ауыстыру кезінде инвестициялық ұсыныс әзірленбейді.

      245. Жекеше әріптестің міндеттемелерін тиісінше орындамауына мыналар:

      1) жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарын бұзуы;

      2) жекеше әріптестің қаржылық жағдайының нашарлауы;

      3) жекеше әріптестің оңалту және банкроттық рәсімдеріне бастамашылық жасауы жатады.

      246. Жекеше әріптесті мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша ауыстыру мемлекеттік әріптестің конкурс өткізуі арқылы жүзеге асырылады.

      Бұл ретте конкурсқа қойылатын мынадай талаптарды сақтау қажет:

      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша жекеше әріптесті ауыстыру мақсатында өткізілетін конкурстың түрі, конкурстың шарттары мен өлшемшарттары мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты жасалған жобаны іске асыру туралы шешіммен белгіленеді;

      2) жекеше әріптесті ауыстыру мақсатында конкурс өткізуге негіз болған конкурстық құжаттаманың ережелері, қайталама конкурс өткізу сәтіне жекеше әріптес нақты орындаған шарт талаптарын ескере отырып өзгертілетін осындай конкурстың ережелерін, оның ішінде өлшемшарттарының параметрлерін қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты жасалған алдыңғы конкурстың конкурстық құжаттамасының ережелеріне сәйкес келеді;

      3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген конкурс шарттарымен қатар келісім бойынша жекеше әріптесті ауыстыру мақсатында өткізілетін конкурстың шарты жекеше әріптестің кредиторымен келісілген және конкурсты өткізу үшін конкурстық құжаттамада көзделген тәртіппен және шарттарда конкурс жеңімпазының жекеше әріптес кредиторының алдындағы міндеттемелерін орындау бойынша міндеттемесі болып табылады;

      4) конкурстық құжаттама жаңа орындаушының кредиторлар алдындағы міндеттемелерін олармен келісілген тәртіппен және шарттарда орындауы бойынша талапты қамтиды.

      Жекеше әріптес ауыстырылған жағдайда шарттың талаптары жекеше әріптестің келісім бойынша конкурс өткізу сәтіне нақты орындаған міндеттемелері туралы деректердің негізінде, сондай-ақ жекеше әріптесті ауыстыру мақсатындағы конкурс жеңімпазы ұсынған ұсыныстар мен келісім талаптарымен салыстырғанда ең жақсы талаптарды қамтитын ұсыныстар ескеріліп өзгереді.

      Шартқа енгізілетін және шарт талаптарының өзгеруіне байланысты өзгерістер бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда немесе оның аумақтық бөлімшесінде тіркелуге тиіс мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына жекеше әріптесті ауыстыру туралы қосымша шартпен ресімделеді.

      247. Шарт бойынша құқықтар мен міндеттер оған өтетін жекеше әріптес Заңның 32 және 33-баптарында және конкурстық құжаттамада көзделген жекеше әріптестерге қойылатын талаптарға сәйкес келеді.

      248. Жекеше әріптесті ауыстыру жөніндегі конкурсты өткізу кезеңінде және жекеше әріптесті ауыстыру туралы қосымша шартқа қол қойылғанға дейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін басқаруды ауыстыруға жататын жекеше әріптес жүзеге асырады, ал заңды тұлға таратылған не жекеше әріптес ретінде әрекет ететін дара кәсіпкер қайтыс болған жағдайда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін басқаруды мемлекеттік әріптес айқындаған тұлға жүзеге асырады.

      249. Ауыстыруға жататын жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша құқықтары мен міндеттері жекеше әріптесті ауыстыру туралы қосымша шартта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тоқтатылады.

      Жекеше әріптесті ауыстыру туралы қосымша шарт тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын орындау барысында, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне қатысты туындаған барлық мүліктік құқықтар қабылдау-тапсыру актісі бойынша жаңа жекеше әріптеске беріледі.

3-параграф. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда тараптардың шығыстарын өтеу

      250. Қаржыландырылуы инвестициялық шығындарды өтеу түріндегі ақшалай түсімдер бойынша талап ету құқығын кепілге қою арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты мерзімінен бұрын:

      1) мемлекеттік әріптестің кінәсінен тоқтатылған жағдайда – мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында айтылған мерзім ішінде (бірақ шарт бұзылған күннен бастап күнтізбелік 270 (екі жүз жетпіс) күннен аспайтын) мемлекеттік әріптес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шотқа, мемлекеттік әріптес төлеп қойған төлемдерді шегергенде, мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құруға байланысты келтірілген және дәлелденген күрделі шығыстардың жиынтық мөлшеріне тең соманы төлейді. Мерзімінен бұрын тоқтату үшін төлем мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген өзге де төлемдерді қамтуы мүмкін;

      2) еңсерілмейтін күш мән-жайлары (дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар) салдарынан тоқтатылған жағдайда – мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында айтылған мерзім ішінде (бірақ шарт бұзылған күннен бастап күнтізбелік 270 (екі жүз жетпіс) күннен аспайтын) мемлекеттік әріптес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шотқа, мемлекеттік әріптес төлеп қойған төлемдерді шегергенде, мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құруға байланысты барлық келтірілген және дәлелденген күрделі шығыстардың жиынтық мөлшеріне тең соманы төлейді. Бұл ретте, төлемдер сомасы бастапқыда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген инвестициялық шығындар өтемақысының сомасынан аспауға тиіс. Мерзімінен бұрын тоқтату үшін төлем мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген өзге де төлемдерді қамтуы мүмкін.

      251. Қаржыландырылуы инвестициялық шығындарды өтеу түріндегі ақшалай түсімдер бойынша талап ету құқығын кепілге қою арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты жекеше әріптестің кінәсінен мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда:

      1) жобаның инвестициялық кезеңінде тоқтатылған жағдайда – мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында айтылған мерзім ішінде (бірақ шарт бұзылған күннен бастап күнтізбелік 270 (екі жүз жетпіс) күннен аспайтын) мемлекеттік әріптес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шотқа, мемлекеттік әріптес төлеп қойған төлемдерді шегергенде, мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құруға байланысты барлық шеккен және дәлелденген күрделі шығыстардың жиынтық мөлшерінің тоқсан пайызына тең соманы төлейді. Бұл ретте төлемдер сомасы бастапқыда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген инвестициялық шығындар өтемақысының сомасынан аспауы тиіс;

      2) жобаның пайдалану кезеңінде тоқтатылған жағдайда – мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында айтылған мерзім ішінде (бірақ шарт бұзылған күннен бастап күнтізбелік 270 (екі жүз жетпіс) күннен аспайтын) мемлекеттік әріптес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шотқа, мемлекеттік әріптес төлеп қойған төлемдерді шегергенде, мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құруға байланысты барлық шеккен және дәлелденген күрделі шығыстардың жиынтық мөлшерінің жүз пайызына тең соманы төлейді. Бұл ретте инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеу сомасы бастапқыда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген инвестициялық шығындар өтемақысының сомасынан аспауы тиіс.

      252. Егер қаржыландырылуы шетел валютасында тартылған және инвестициялық шығындардың өтемақысы түріндегі ақшалай түсімдер бойынша талап ету құқығын кепілге қою арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында мемлекеттік әріптестің валюталық тәуекелдерді қабылдауы көзделген жағдайда, шартта валюталар бағамын ескере отырып, осы Қағидалардың 249 және 250-тармақтарында көзделген төлемдер мөлшерін түзету тәртібі көзделуі мүмкін.

      253. Осы Қағидалардың 250, 251 және 252-тармақтарында көрсетілмеген мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша шарт мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда тараптардың шығыстарын өтеу мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

4-параграф. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері мен шарттарына мониторинг жүргізу

      254. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері мен шарттарын мониторингтеуді:

      республикалық меншікке жататын мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері бойынша – республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті орган;

      коммуналдық меншікке жататын мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері бойынша – облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

      255. Жекеше әріптес республикалық меншікке жататын мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері бойынша республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті органға, коммуналдық меншікке жататын мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері бойынша – облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына мемлекеттік меншікке байланысты мүліктік сипаттағы мынадай:

      1) мемлекеттік мүлікті қосалқы жалға беру;

      2) мемлекеттік мүлік кепілі;

      3) үшінші тұлғалардың мемлекеттік мүлікті жақсартуды жүргізуі бойынша;

      4) мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару мәмілелері бойынша есептерді ұсынады.

      256. Мемлекеттік меншікке байланысты мүліктік сипаттағы мәмілелер туралы есептер осындай мәміле жасалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылады.

      257. Мемлекеттік меншікке байланысты мүліктік сипаттағы мәмілелер туралы есеп осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

      258. Жекеше әріптес бағдарламалық қамтылымды пайдалана отырып, есепті электрондық түрде қалыптастырады, оған ұлттық куәландырушы орталық берген электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды және бағдарламалық қамтылымдағы есепті тізілім құрылымына жіберуге және енгізуге арналған сервисті пайдалана отырып, мемлекеттік мүлік тізілімі арқылы республикалық мүлікке қатысты – мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға немесе коммуналдық мүлікке қатысты – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына жібереді.

      Бағдарламалық қамтылым бағдарламалардың, бағдарламалық кодтардың, сондай-ақ оларды пайдалану үшін қажетті техникалық құжаттамасы бар бағдарламалық өнімдердің жиынтығын білдіреді.

      Мемлекеттік мүлік тізілімі арнаулы мемлекеттік органдардың жедел басқаруындағы мүлікті және мемлекеттік материалдық резервті қоспағанда, мемлекеттік мүлікті есепке алудың бірыңғай ақпараттық автоматтандырылған жүйесін білдіреді.

      259. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік-жекешелік әріптестікке берілген мемлекеттік мүліктің мақсатына сай пайдаланылуы бойынша ақпаратты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 30 қаңтарына дейінгі мерзімде жыл сайын ұсынады.

5-параграф. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын мониторингтеу және бағалау

      260. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының іске асырылуын мониторингтеу мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты жасалған сәттен бастап жүзеге асырылады және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының орындалу мониторингтеуді, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін (-лерін) мониторингтеуді қамтиды.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын мониторингтеуге қатысуы мыналар:

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру практикасы мен проблемаларын қарау нәтижелері;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асырудың табысты тәжірибесін тарату;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін қолдану аялары мен салаларын кеңейту;

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасын жетілдіру;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын сүйемелдеу;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруды ақпараттық және әдіснамалық қолдау мәселелері бойынша ұсынымдар тұжырымдала отырып, консультациялық-кеңесші орган шеңберінде жүзеге асырылады.

      261. Республикалық, коммуналдық меншікке жататын мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын мониторингтеудің міндеті мемлекеттік мүлікке залал келтіретін мақсатына сай пайдаланбау жағдайларының алдын алу болып табылады.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері мен шарттарын мониторингтеу мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің мақсатына сай пайдаланылуы бойынша ақпарат жинау және талдау жүйесін білдіреді.

      262. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын мониторингтеуді мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында айқындалған мемлекеттік әріптес жыл сайынғы негізде жүзеге асырады.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын мониторингтеу мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының іске асырылу барысы туралы ақпаратты жинаудың, талдаудың және жинақтап-қорытудың үздіксіз процесін білдіреді.

      263. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалауды жүзеге асыру үшін Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығын тартады.

      264. Осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының іске асырылуын мониторингтеу бойынша ақпарат салалық орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуына бағалау жүргізуі үшін тиісті саланың уәкілетті органының бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес қол қоюмен Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығына жыл сайын:

      осы Қағидалардың 272-тармағы 1) тармақшасының жобалары үшін есепті жылдан кейінгі жылдың 20 ақпанынан;

      осы Қағидалардың 272-тармағы 2) тармақшасының жобалары үшін есепті жылдан кейінгі жылдың 20 мамырынан кешіктірілмей;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасын бір мезгілде хабардар ете отырып, тиісті саланың уәкілетті органының бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес қол қоюмен ұсынылады.

      Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын мониторингтеу бойынша ақпаратты мемлекеттік әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында айқындалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырады және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуына бағалау жүргізуі үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығына жыл сайын:

      осы Қағидалардың 272-тармағы 1) тармақшасының жобалары үшін есепті жылдан кейінгі жылдың 20 ақпанынан;

      осы Қағидалардың 272-тармағы 2) тармақшасының жобалары үшін есепті жылдан кейінгі жылдың 20 мамырынан кешіктірілмей;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасын бір мезгілде хабардар ете отырып, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімі орынбасарынан төмен емес қол қоюмен ұсынылады.

      265. Бағалау осы Қағидалардың 264-тармағында көрсетілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының іске асырылуын мониторингтеу бойынша ақпаратты тапсыру күніне іске асырылу кезеңі күнтізбелік бір жылдан асатын барлық іске асырылып жатқан мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша, сондай-ақ есепті жыл ішінде аяқталған немесе тоқтатылған (бұзылған) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жүргізіледі.

      Есепті кезең ішінде аяқталған, тоқтатылған (бұзылған) жобалар бойынша, осы Қағидалардың 264-тармағында белгіленген мерзімде мониторинг бойынша есеп ұсынылмаған жобалар бойынша, проблемалық, оның ішінде сот процестері өтіп жатқан жобалар бойынша, сондай-ақ республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын көшпелі бағалау ұйымдастырылуы мүмкін. Көшпелі бағалаудың нәтижелері осы Қағидалардың 268-тармағында көрсетілген есепте көрсетіледі.

      266. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығы бағалауды жүргізу үшін қажетті жетіспейтін және (немесе) қосымша ақпаратты дербес сұратады және алады.

      267. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалау мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын, оның ішінде осы Қағидалардың 264-тармағына сәйкес қалыптастырылған мониторинг деректерінің негізінде талдау процесі болып табылады.

      268. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалаудың нәтижесі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын басқару сапасын жақсарту бойынша ұсынымдарды қамтитын есеп болып табылады.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалау шеңберінде, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды қамтитын талдамалық есеп дайындайды.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалау есебінің құрылымы мыналардан:

      тұжырымдары мен ұсынымдары бар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын бағалау жөніндегі жиынтық ақпараттан;

      есептің жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуді көрсететін негізгі бөлігінен тұрады. Негізгі есепте мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының атауын, құнын, мақсатын, іске асырылу кезеңін, мемлекеттік және жекеше әріптестердің атауын қамтитын әрбір мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша қысқаша ақпарат қамтылады;

      салыстырма кесте (қажет болған жағдайда) қоса беріле отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсынымдардан тұрады.

      269. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалау нәтижелері бойынша 30 қарашаға қарай өңірлердің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын басқару бойынша рейтингі (бұдан әрі – өңірлер рейтингі) қалыптастырылады, оған 265-тармақта көрсетілген жобалар кіреді және осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес есептеледі.

      270. Өңірлер рейтингі әрбір өңірдің позициялары көрсетілген, мемлекеттік-жекешелік әріптестік даму деңгейі бойынша реттелген өңірлердің тізбесін білдіреді.

      Өңірлер арасында позицияларды бөлу басқа өңірлермен салыстырғанда неғұрлым жоғары мәнге ие өңірлерге неғұрлым жоғары орындар беріле отырып, өңірлер рейтингінің мәні бойынша олардың саралануы негізінде жүзеге асырылады.

      271. Өңірлер рейтингінің мәні мынадай:

      жеке инвестициялардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерге арақатынасы – жекеше әріптестің шарт бойынша тартылған жоспарлы инвестицияларының жалпы көлемінің 096 бюджеттік бағдарлама, сондай ақ қоса жобаны қаржыландыру шеңберінде мемлекеттік міндеттемелердің жиынтық көлеміне арақатынасы;

      осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын мониторингтеу бойынша есептің Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығына уақтылы ұсынылуы;

      осы Қағидалардың 18-қосымшасына сәйкес сұратылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша құжаттар пакетін ұсынудың толықтығы өлшемшарттарын бағалау негізінде айқындалады.

      272. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруды бағалау нәтижелерін Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығы бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға жылына екі рет:

      1) мыналарды:

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша инвестициялық шығындарды өтеуді;

      инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігін;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қаржыландыру үшін тартылатын қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктерді;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын бірлесіп қаржыландыруды көздейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша 30 мамырға дейін.

      2) мыналар:

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша операциялық шығындарды өтеу;

      мемлекеттік меншіктегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақылар, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдаланғаны үшін жалдау ақысы;

      қолжетімділік үшін төлем;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалану процесінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізу;

      мемлекеттен субсидиялар;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру барысында өндірілетін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтынуына кепілдік беру;

      мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды беру;

      заттай гранттар беру;

      бюджеттен төленетін өзге төлемдер көзделетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша 30 қарашаға дейін жібереді.

      273. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығының есебі түскен күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей оны мына мүдделі тараптарға:

      мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға Тізілімге деректерді енгізу үшін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына коммуналдық меншікке жататын мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалау нәтижелерін;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың орталық және жергілікті атқарушы органдарына Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығымен ұсынымдарды пысықтау үшін жібереді.

6-тарау. Конкурстық (аукциондық) құжаттамасы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін бекітілген концессиялық жобаларды іске асыру ерекшеліктері

      274. Конкурстық (аукциондық) құжаттамасы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін бекітілген концессиялық жобалар мына ережелер ескеріле отырып, бекітілген конкурстық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады:

      1) концессиялық өтінімдерді қарауды және іріктеуді ерекше маңызы бар концессиялық жобалар бойынша Қазақстан Республикасы Премьер–Министрінің өкімімен құрылатын концессиялар жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) немесе қалған жобалар бойынша конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы жүзеге асырады.

      Конкурстың (аукционның) тиісті ұйымдастырушысы Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      Республикалық меншікке жататын концессия объектілеріне қатысты конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы болып табылады;

      2) концессионерді таңдау концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу арқылы, оның ішінде бекітілген конкурстық құжаттамаға және осы Бұйрыққа сәйкес екі кезеңдік рәсімдерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады;

      3) екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың бірінші кезеңі мыналарды:

      конкурсты ұйымдастырушының мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысының қорытындысы негізінде техникалық тапсырманы қалыптастыруын, конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуін және бекітуін;

      Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу туралы ақпарат жариялауды;

      конкурсты ұйымдастырушының екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың бірінші кезеңіне қатысуға мүдделі тұлғаларға техникалық тапсырма мен конкурстық құжаттаманы ұсынуын;

      әлеуетті концессионерлерге біліктілік іріктеуін жүргізуді;

      әлеуетті концессионерлермен техникалық тапсырманың техникалық, сапалық және (немесе) өзге де сипаттамаларына қатысты мәселелерді талқылауды;

      конкурсты ұйымдастырушының біліктілік іріктеуінен өткен конкурсқа қатысушыларға екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурстың екінші кезеңіне қатысуға шақыру жіберуін көздейді;

      4) екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын концессионерді таңдау конкурсының екінші кезеңі мыналарды:

      біліктілік іріктеуінен өткен конкурсқа қатысушылардың концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемелері не әзірленген жобалау-сметалық құжаттамасы бар конкурстық өтінімдерді ұсынуын;

      конкурсты ұйымдастырушының тиісті конкурстық өтінімдерде қамтылған концессиялық өтінімдерді сараптама жүргізу үшін бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті органға жіберуін;

      Комиссияның концессиялық өтінім бойынша сараптамалардың қорытындыларын ескере отырып, конкурсқа қатысушылар ұсынған барлық конкурстық өтінімдерді қарауын;

      Комиссияның концессиялық өтінімі үздік деп танылған конкурсқа қатысушымен концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау жөнінде келіссөздер жүргізуін және концессия шарты жобасының түпкілікті нұсқасын қалыптастыруын;

      конкурсты ұйымдастырушының концессия шартының жобасын бюджет саясаты, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға келісу үшін жіберуін;

      концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың қорытындысы бойынша Комиссияның хаттама түріндегі шешімімен ең үздік концессиялық өтінім айқындалады, ал өтінім беруші конкурстың жеңімпазы болып танылады;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдауын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде тиісінше әрбір жеке ерекше маңызды концессиялық жоба бойынша, өзге де концессиялық жобалар бойынша – тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі негізінде жүзеге асырады;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің әрбір жеке жоба бойынша мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау туралы қаулысының жобасын концедент әзірлейді және конкурс жеңімпазы айқындалған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізіледі;

      Комиссияның конкурс қорытындылары туралы шешімінің негізінде, тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын қабылдау қорытындысы бойынша (ерекше маңызды концессиялық жоба бойынша) концессия шартын келісу нәтижелері ескеріле отырып, конкурс жеңімпазымен концессия шарты жасалады;

      бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның концессия шартын тіркеуін;

      конкурстың қорытындылары туралы мәліметтер жариялауды көздейі;

      5) Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірілмейтін мерзімде, ал қайта конкурс өткізілген кезде – күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмейтін мерзімде өз бастамасы бойынша немесе әлеуетті концессионердің сұрау салуына жауап ретінде хаттама ресімдеу арқылы конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізе алады. Енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың міндетті күші болады. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін конкурстық құжаттама ұсынылған барлық әлеуетті концессионерлерге өтеусіз негізде ұсынады. Бұл ретте конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімін әлеуетті концессионерлердің конкурстық өтінімдердегі осы өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды есепке алуы үшін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн мерзімге, ал қайта конкурс кезінде кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн мерзімге ұзартады;

      6) конкурстық өтінім конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті концессионердің конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес концессиялық жобаны іске асыруға келісімін білдіру нысаны болып табылады.

      Үздік концессиялық өтінім деп танылған концессиялық өтінімді нақтылау келіссөздер арқылы жүзеге асырылады.

      Келіссөздер барысында конкурстың шарттарына, сондай-ақ концессиялық өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      Конкурстың шарттары деп концессия нысанасы, концессия мерзімдері және концессия объектісінің техникалық параметрлері түсініледі.

      Концессиялық өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамалары деп конкурсқа қатысушының атауы, конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің нысаны, конкурстық өтінімді қамтамасыз ету мөлшері түсініледі.

      Ерекше маңызды жобалар бойынша конкурсты өткізу барысында ұлттық валютаның бағамы елеулі түрде өзгерген жағдайда, конкурстың шарттарына, сондай-ақ концессиялық өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол беріледі.

      Конкурстың шарттарына, оның ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны мен мемлекеттік төлемдер бойынша, сондай-ақ концессиялық өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім келіссөздер хаттамасы мен комиссияның шешімі негізінде жүзеге асырылады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарылады.

      Конкурстың шарттарына, сондай-ақ ерекше маңызды жобалар бойынша концессиялық өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде тиісті шешімдер комиссияның хаттамалық шешімімен ресімделеді.

      Бұл ретте, конкурстық құжаттамаға қосымша келісу мен сараптама жүргізу талап етілмейді;

      7) конкурстық өтінімдерді қарауды және іріктеуді Комиссия жүзеге асырады.

      Комиссия хатшысы конкурсты ұйымдастырушыны Комиссия отырысын өткізу мерзімі, уақыты және орны туралы отырысқа дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірмей жазбаша нысанда хабардар етеді.

      Комиссия хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайды және отырыстың хаттамасын ресімдейді.

      Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашуды Комиссия конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімде, уақытта және сол жерде Комиссияның қарапайым көпшілігінің, конкурсты ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, сондай-ақ әлеуетті концессионерлердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырады.

      Конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттамаға Комиссияның кворумы болмаған жағдайда немесе Комиссия төрағасының немесе оны алмастыратын адамның шешімімен конкурстық өтінімдерді ашудың орны, уақыты мен күні туралы өзгерістер енгізуіне жол беріледі.

      Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және олар туралы конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы ұсынған барлық әлеуетті концессионерлерге, сондай-ақ Комиссия мүшелеріне, бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті органды қоса алғанда, мүдделі мемлекеттік органдарға дереу хабарланады;

      8) Комиссия отырысында:

      комиссияның жұмыс органы қатысушыларды Комиссияның құрамы, конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті концессионерлердің саны, конкурстық өтінімдерді тіркеу журналында тіркелген конкурстық өтінімдерді белгіленген мерзімде ұсынған әлеуетті концессионерлер туралы хабардар етеді,

      осы конкурс бойынша өзге де ақпаратты жариялайды;

      төрағалық етуші конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашатын адамды айқындайды;

      Комиссия хатшысы өтінімдер салынған конверттерді ашудың тиісті хаттамасын ресімдейді және әлеуетті концессионерлерді немесе олардың уәкілетті өкілдерін Комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін алатын мерзім туралы хабардар етеді;

      9) конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасына төраға және отырысқа қатысқан барлық Комиссия мүшелері, сондай-ақ Комиссия хатшысы қол қояды және әр парағына қол қояды. Көрсетілген хаттаманың көшірмесі Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі комиссияның отырысына қатысқан әлеуетті концессионерлерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне Комиссияның көрсетілген отырысынан кейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал қатыспағандарға олардың жазбаша сұрау салуы бойынша сұрау салу алынған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жіберіледі;

      10) Комиссия конкурстық өтінімдерді қарайды және конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде әлеуетті концессионерлерді конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды (конкурсқа қатысушылар деп таниды).

      Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қатысушы Комиссия мүшелері әлеуетті концессионерлерді конкурсқа қатысуға жіберу (конкурсқа қатысушылар деп тану) туралы шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей қол қояды. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға болған жағдайда сараптамалық қорытынды не Комиссия мүшесінің ерекше пікірі, сарапшының (сараптама комиссиясы мүшесінің) ерекше пікірі қоса беріледі. Бұл ретте ерекше пікірі бар Комиссия мүшесі сараптамалық қорытындының не Комиссия мүшесінің ерекше пікірінің, сарапшының (сараптама комиссиясы мүшесінің) ерекше пікірінің бар екендігі туралы белгімен хаттамаға қол қояды.

      Комиссияның хатшысы не жұмыс органы Конкурстың ресми тіркелген қатысушыларына конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманың көшірмесін Комиссияның көрсетілген отырысы өткізілген күннен кейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді;

      11) Комиссия хатшысы конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей:

      Конкурстық өтінімдерді қарау жөніндегі комиссияның отырысын өткізу күні мен уақытын Төрағамен, ал ол болмаған жағдайда Комиссия төрағасының орынбасарымен келіседі;

      Конкурстық өтінімдерді қарау жөніндегі комиссияның отырысын өткізу күні мен уақыты туралы Комиссия мүшелерін хабардар етеді;

      Комиссияның қарауына әлеуетті концессионердің конкурстық құжаттамада көзделген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды, сондай-ақ әлеуетті концессионердің конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізгенін растайтын құжаттарды ұсынады.

      Екі кезеңдік рәсімдер жүргізіле отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізілген жағдайда, әлеуетті концессионердің конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізгенін растау конкурстың екінші кезеңінде қаралады;

      12) конкурстық өтінімдерді Комиссия отырысын өткізбей қарауға жол берілмейді.

      13) Комиссия:

      әлеуетті концессионерлердің конкурстық өтінімдерін құрайтын құжаттар пакеттерінің толықтығы мен тиісінше ресімделуі тұрғысынан қарайды;

      құжаттар тізбесін толық ұсынбаған және (немесе) тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды ұсынған әлеуетті концессионерлерді айқындайды;

      конкурстық өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету мақсатында конкурстық өтінімді ұсынған әлеуетті концессионерлерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірмелерді жазбаша түрде сұрайды;

      Комиссия конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында жазбаша түрде тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты сұратады. Конкурстық комиссия концессиялық өтінімдерді ашқан сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жұмыс органы қажет болған жағдайда конкурстық комиссия біліктілік талаптарына және талап етілетін құжаттардың болмауы немесе олардың тиісті түрде ресімделуі (формальды белгілер) бөлігінде конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті концессионерлерді анықтаған жағдайда, Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттама жасайды.

      Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасында біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті концессионерлердің тізбесі, сондай-ақ конкурсқа қатысуға арналған өтінімді біліктілік талаптарына сәйкес келтіру үшін әлеуетті концессионерге біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес ұсынылуы және сәйкес келтірілуі тиіс құжаттар тізбесі қамтылуға тиіс. Комиссияның хатшысы не жұмыс органы конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасының көшірмесін әлеуетті концессионерлерге қол қойылған күні жібереді. Белгіленген мерзімнен кеш ұсынылған құжаттама қабылданбайды;

      конкурстық (аукциондық) құжаттаманың біліктілік және өзге де талаптарына сәйкес келетін әлеуетті концессионерлерді айқындайды және конкурсқа қатысушылар деп таниды;

      14) Комиссия мынадай:

      банк кепілдігі түрінде ұсынылған конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімінің жеткіліксіздігі;

      Комиссияға конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны, қатысу үшін банк кепілдігі түрінде ұсынылған конкурстық өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін конкурстың атауын, банк кепілдігі түрінде ұсынылған конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін және (немесе) өтінімді қамтамасыз ету сомасын, сондай-ақ оны ұсыну шарттарын, конкурстық өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны, пайдасына конкурстық өтінімді қамтамасыз ету енгізілетін тұлғаны анықтауға мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауынан көрінетін конкурстық өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген;

      конкурстық өтінімді қамтамасыз ету белгіленген сомадан аз мөлшерде енгізілген жағдайда, енгізілген конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп таниды.

      15) әлеуетті концессионер:

      егер ол біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса;

      егер конкурстық өтінім конкурстық (аукциондық) құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп танылса;

      егер әлеуетті концессионер "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабында белгіленген шектеулерді бұзса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді;

      16) Комиссия хатшысы:

      Комиссия отырысын өткізу күні мен уақытын Төрағамен, ал ол болмаған жағдайда Комиссия төрағасының орынбасарымен келіседі;

      Комиссия отырысын өткізудің тағайындалған күні мен уақыты туралы Комиссия мүшелерін хабардар етеді;

      17) көрсетілген Комиссия отырысында:

      Комиссия конкурстық (аукциондық) өтінімді әлеуетті концессионерлер ұсынған құжаттардың толықтығы мен тиісінше ресімделуі, сондай-ақ олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және зерделейді;

      Комиссия конкурстық (аукциондық) өтінімдерді қарау қорытындыларын шығарады;

      конкурсқа (аукционға) қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді;

      18) конкурстық (аукциондық) өтінім, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық қателер болса, конкурстық (аукциондық) құжаттаманың талаптарына сай деп танылады;

      19) Комиссия хатшысы конкурсқа (аукционға) қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілген хаттаманың көшірмесін конкурстық (аукциондық) өтінімдерді конкурстық (аукциондық) құжаттамада белгіленген мерзімде ұсынған барлық әлеуетті концессионерлерге конкурсқа (аукционға) қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманың көшірмесін олар туралы мәліметтер конкурстық (аукциондық) өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген әлеуетті өнім берушілердің мекенжайына ұсыну немесе жолдау арқылы жіберуді қамтамасыз етеді;

      20) егер конкурсқа (аукционға) қатысуға бірде-бір әлеуетті концессионер жіберілмеген жағдайларда үздік концессиялық өтінімді айқындау жүргізілмейді;

      21) Комиссия конкурстық (аукциондық) құжаттамада белгіленген күні, уақытта және орында конкурсқа қатысушылардың концессиялық өтінімдерін қарау бойынша отырыс өткізеді;

      22) конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы концессиялық өтінімдерді сараптама жүргізу үшін бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      Бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті орган концессиялық өтінім келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оны сараптама жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға жібереді.

      Концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым концессиялық өтінімдерге сараптаманы олар ұсынылған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      Бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті органның концессиялық өтінімдерді қарауының жалпы мерзімі 25 (жиырма бес) жұмыс күнін құрайды;

      23) Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған барлық конкурстық (аукциондық) өтінімдерді конкурстық (аукциондық) құжаттаманың талаптарына сәйкестігін, бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті органның концессиялық өтінім және әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау бойынша қорытындыларын ескере отырып қарайды және үздік концессиялық өтінімді айқындайды, ол туралы хаттама жасалып, оған Комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.

      Егер конкурсты (аукционды) ұйымдастырушыға белгіленген мерзімдерде конкурстық (аукциондық) өтінімдер келіп түспесе не барлық ұсынылған конкурстық (аукциондық) өтінімдер конкурстық (аукциондық) құжаттаманың талаптарына сәйкес келмесе, конкурс (аукцион) өткізілмеген деп есептеледі;

      24) Комиссия осы бұйрықта белгіленген үздік концессиялық өтінімді айқындау үшін жобаларға қойылатын өлшемшарттар негізінде концессиялық өтінімі үздік деп танылған конкурсқа қатысушымен концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау бойынша келіссөздер жүргізеді;

      25) келіссөздерді дайындау шеңберінде Комиссия концессиялық жоба мен концессия шарты бойынша ескертулер мен ұсыныстарды өтініш берушіге олар туындаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда жіберуі тиіс;

      26) конкурсты (аукционды) ұйымдастырушының келісуі бойынша конкурсқа қатысушы келіссөздерге банктерді, қаржы ұйымдарын, тәуелсіз сарапшыларды және өзге де мүдделі үшінші тұлғаларды тартады.

      Келіссөздердің қорытындылары конкурсты (аукционды) ұйымдастырушының және конкурсқа қатысушының уәкілетті тұлғалары қол қоятын хаттама түрінде ресімделеді.

      Келіссөздерді жүргізу қорытындылары бойынша комиссияның олардың нәтижелері туралы тиісті шешімі қабылданады;

      27) егер концессиялық өтінімі үздік деп танылған конкурсқа қатысушы Комиссияның ескертулері мен ұсыныстарына сәйкес концессиялық өтінімді және концессия шартының талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартса не оның ұсыныстары конкурс (аукцион) талаптары тұрғысынан қолайсыз болып табылса, Комиссия бұл концессиялық өтінімді қарамайды және концессионерді таңдау бойынша ашық конкурс (аукцион) өткізу арқылы үздік концессиялық өтінімді қайтадан таңдайды;

      28) конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы келіссөздерді жүргізу қорытындылары бойынша концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде үздік концессиялық өтінімді айқындау туралы хаттаманың, концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау бойынша Комиссия мен концессиялық өтінімі үздік деп танылған конкурсқа қатысушы арасындағы келіссөздер хаттамаларының көшірмелерін қоса бере отырып, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігін және (немесе) мемлекеттік кепілдікті беруді көздейтін концессиялық жобалар бойынша бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесін бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және табиғи монополиялар салаларында іске асырылатын концессиялық жоба бойынша табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға келісуге жолдайды.

      Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган концессия шартының жобасын 5 (бес) жұмыс күні ішінде келіседі не конкурсты (аукционды) ұйымдастырушыға ескертулерді жою жөнінде әзірленген ұсынымдарды қоса бере отырып, дәлелді ескертулерін жібереді.

      Концессия шартының жобасын келісу, оның ішінде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келісу не әрбір қаралатын мәселе бойынша келіспеу себептері көрсетіле отырып, келіспеу туралы хат түрінде ресімделеді.

      Концессиялар шарттарының жобаларын, оның ішінде оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде, сондай-ақ қосымша материалдарды:

      конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) құжаттамаға қосымшалардың электрондық көшірмесін ұсына отырып, бірінші басшының не оны алмастыратын адамның қолы қойылған титулдық бланкте жеке ілеспе хатпен ұсынады;

      конкурсты (аукционды) ұйымдастырушының бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қояды;

      конкурсты (аукционды) ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесінің басшысы әрбір парағына қол қояды.

      Бұл ретте сараптаманы жүргізу мерзімдері сұрау салу жіберілген күннен бастап қажетті ақпарат ұсынылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      Келіссөздер қорытындылары бойынша концессия шартының пысықталған жобасы бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға келісуге қайта жіберіледі.

      Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келісуі концессия шарты жобасының немесе оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік және концессияның негізгі қағидаттарына және конкурстық құжаттамаға сәйкестігі бөлігінде жүзеге асырылады;

      29) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган концессия шартының жобасын, оның ішінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде, түскен күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде келіседі.

      30) конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстың (аукционның) жеңімпазымен концессия шартын жасасады.

      Мынадай жағдайларда, егер:

      конкурстың (аукционның) жеңімпазы концессия шартын жасасудан жалтарса;

      конкурстық (аукциондық) өтінімдері үздік деп танылған конкурсқа қатысушылар Комиссияның ескертулері мен ұсыныстарына сәйкес концессиялық өтінімдерді және концессия шарттарының талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартса не олардың ұсыныстары конкурстың (аукционның) талаптары тұрғысынан қолайсыз болып табылса, шарт жасасу жүзеге асырылмайды;

      31) концессия шартын жасасу мерзімі концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың (аукционның) қорытындылары шығарылған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен аспайды;

      32) конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы (концедент) концессия шартын қазынашылық органдарында тіркеуді қамтамасыз етеді;

      33) концессия шартында белгіленген концессионер кредиторлар алдындағы және (немесе) концессия шарты бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, кредитормен келісу бойынша концессионерді ауыстыруға жол беріледі, бұл концеденттің концессия шартында көзделген тәртіппен концессионерді ауыстыру мақсатында конкурс өткізуі жолымен жүзеге асырылады.

      Концессионер ауыстырылған жағдайда, шарттың талаптары концессионердің келісім бойынша конкурс (аукцион) өткізу кезінде нақты орындаған міндеттемелері туралы мәліметтер негізінде, сондай-ақ концессионерді ауыстыру мақсатындағы конкурстың (аукционның) жеңімпазы ұсынған ұсыныстар және келісім шарттарымен салыстырғанда ең жақсы шарттарды қамтитын ұсыныстар ескеріле отырып өзгертіледі.

      Шартқа енгізілетін және осы шарттың талаптарының өзгеруіне байланысты өзгерістер бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда немесе оның аумақтық бөлімшесінде тіркелуге тиіс концессия шартына концессионерді ауыстыру туралы қосымша шартпен ресімделеді;

      34) концессия шарты бойынша ауыстырылуға жататын концессионердің құқықтары мен міндеттері шарт бойынша міндеттемелер орындалғаннан кейін концессия шарты бойынша тұлғаны ауыстыру туралы келісім жасалған кезден бастап тоқтатылады.

      Концессионерді ауыстыру туралы қосымша шарт тіркелген күннен бастап 10 (он) күн ішінде концессия объектісі жаңа концессионерге қабылдау-тапсыру актісі (бұдан әрі – Акт) бойынша беріледі.

      Акт ауыстырылуға жататын концессионердің концессия объектісіне меншік құқығының тоқтатылуына негіз және жаңа концессионердің концессия объектісіне меншік құқығының туындауына негіз болып табылады;

      35) шарт бойынша құқықтары мен міндеттері ауысатын концессионер конкурстық (аукциондық) құжаттамада белгіленген концессионерлерге қойылатын талаптарға сәйкес келеді;

      36) концессионерді алмастыру жөніндегі конкурсты өткізу сәтінде және концессионерді алмастыру туралы қосымша шартқа қол қойылғанға дейін концессия объектісін басқаруды ауыстырылуға жататын концессионер жүзеге асырады;

      37) концессиялық жобаларды іске асыру үшін концедент, концессионер және концессионердің кредиторлары арасында тікелей келісім жасасу Заңның 47-бабында және осы Қағидалардың 227-230-тармақтарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      275. Осы Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын, оның ішінде концессия шарттарын іске асыру осындай шарттарда белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

      Бұл ретте, осы Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған ерекше маңызды жергілікті концессиялық жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелер валюталық тәуекелдерге байланысты шығыстарды өтеуді қоспағанда, жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтеледі.

      Валюталық тәуекелдерге байланысты шығыстар мынадай тәртіппен бөлінеді:

      ұлттық валюта бағамының нашарлауына байланысты шығыстар концессия шарты күшіне енген күні белгіленген, бірақ кемінде 5% мөлшерінде концессионердің меншікті қаражаты есебінен жабылады;

      ұлттық валюта бағамының нашарлауына байланысты шығыстардың қалған бөлігі республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен төлемдердің жалпы сомасының тең үлестерімен жабылады.

      Ерекше маңызды концессиялық жобалар жөніндегі комиссияның және республикалық бюджет комиссиясының шешімдері валюталық тәуекелдер бойынша шығыстарды республикалық бюджеттен өтеуге негіз болып табылады.

      Коммуналдық меншікке жататын концессия объектілеріне қатысты комиссияның және тиісті бюджет комиссиясының шешімдері валюталық тәуекелдер бойынша шығыстарды жергілікті бюджеттен өтеуге негіз болып табылады.

      Егер ерекше маңызды концессиялық жобада конценденттің валюталық шығындарды өтеу бойынша міндеттемелер қабылдауы және иконцессиялық шартта осындай өтемақыны есептеу тетігі, төлеу тәртібі, мерзімдері мен шарттары қамтылған жағдайда, валюталық тәуекелдерге байланысты шығыстарды өтеу бойынша (бұдан әрі – валюталық шығындарды өтеу) мемлекеттік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, қабылданған мемлекеттік міндеттемелердің сомасын жыл сайын бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға бағамдық айырма бойынша валюталық шығындарды өтеуге арналған шығыстарды қамтитын бюджеттік сұрау салуды енгізеді.

      Бағамдық айырма бойынша валюталық шығындарды өтеуге 10 (он) пайыздық тармаққа қосымша ұлғаюды ескере отырып, бюджеттік өтінімді жасау кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми ағымдағы бағамы негізінде тиісті бюджеттерді қалыптастыру шеңберінде жүзеге асырылады.

      Бағамдық айырма салдарынан валюталық шығындарды өтеу жеке бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша қаржыландырылады.

      Қағидалардың осы тармағында көзделген бағамдық айырма бойынша валюталық шығындарды өтеуге арналған шығыстарды жоспарлау мен қаржыландыру республикалық бюджет комиссиясының шешімі негізінде жүргізіледі.

  Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын
жоспарлау, жекеше әріптесті
айқындау жөнінде конкурс
(аукцион) және тікелей
келіссөздер жүргізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік шарттарының
мониторингін жүргізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларының іске
асырылу мониторингін жүргізу
және бағалау мәселелерін
қамтитын мемлекеттік-
жекешелік әріптестік
жобаларын жоспарлау және іске
асыру қағидаларына
1-қосымша
Нысан

"_____________________________________" мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың орындылығы не орындылығының болмауы туралы хаттама

      КҮН ТӘРТІБІ: "_______________________" мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың орындылығын немесе орындылығының болмауын қарау.

      Іске асырылуы жоспарланған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы туралы ақпарат:

Жобаның атауы

Бастамашы

Жобаның болжамды құны, млн теңге

Жер учаскесінің болуы/ болмауы

Инженерлік желілерге қосылудың болуы/ болмауы

Жобалау-сметалық құжаттаманың болуы







Жобаның атауы

Сала

Жобаның болжамды құны, млн теңге

Іске асырудың басымдығы

Шешім:
орынды/орынсыз

Негіздеме








      Шешім:

      "_________________________" мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қараудың қорытындысы бойынша Ведомствоаралық жобалау тобы ШЕШТІ:

      "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабын басшылыққа ала отырып (уәкілетті тұлғаға) _____________ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын әзірлеу ұсынылды (қажет болған кезде жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеу бойынша заңды тұлғаны тарта отырып).

      Ведомствоаралық жобалау тобы мүшелерінің қолдары:

      ВЖТ Төрағасы ________________________ ТАӘ, лауазымы

      ВЖТ мүшесі __________________________ ТАӘ, лауазымы

      ВЖТ мүшесі __________________________ ТАӘ, лауазымы

      ВЖТ мүшесі __________________________ ТАӘ, лауазымы

      ВЖТ хатшысы ________________________ ТАӘ, лауазымы

      Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ВЖТ – ведомствоаралық жобалау тобы;

      ТАӘ – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).

  Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын
жоспарлау, жекеше әріптесті
айқындау жөнінде конкурс
(аукцион) және тікелей
келіссөздер жүргізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік шарттарының
мониторингін жүргізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларының іске
асырылу мониторингін жүргізу
және бағалау мәселелерін
қамтитын мемлекеттік-
жекешелік әріптестік
жобаларын жоспарлау және іске
асыру қағидаларына
2-қосымша
Нысан

"________________________________" мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша бәсекелестік диалогының нәтижелері туралы ХАТТАМА 20___жылғы "___" _________ №__

      Конкурсты ұйымдастырушы: ________________________________________

      Әлеуетті жекеше әріптес____________________________________________

      Бәсекелестік диалогын өткізу күні: 20__ жылғы "___" ___________

      Төрағалық еткен: ___________________________________________________

      Хатшы: __________________________________________________________

      КҮН ТӘРТІБІ: Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының техникалық, қаржылық, заңдық және өзге де қажетті параметрлері, мемлекеттік қолдау шаралары, мүдделі әлеуетті жекеше әріптестердің әрқайсысының қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, үздік конкурстық өтінімді және өзге де шешімдерді айқындау өлшемшарттары бойынша оңтайлы шешімдерді қалыптастыру үшін, "________________________________________" мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша

      _______________________________________ әлеуетті жекеше әріптеспен бәсекелестік диалогын жүргізу.

      Конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша бәсекелестік диалогын жүргізу нәтижелері бойынша ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Әлеуетті жеке серіктестің ұсыныстары

Шешім (қабылданады/
бас тартылады)

Қабылданатын редакция

Ұсынылып отырған ұсыныстарды қабылдау мүмкін болмаған жағдайда түсіндірме
















      Шешім:

      "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабын басшылыққа ала отырып _______________ бәсекелестік диалогының қорытындыларын ескере отырып, конкурстық құжаттаманы әзірлейді.

      Қолы:

      Конкурсты ұйымдастырушы__________________ ТАӘ, лауазымы

      Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ТАӘ – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).

  Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын
жоспарлау, жекеше әріптесті
айқындау жөнінде конкурс
(аукцион) және тікелей
келіссөздер жүргізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік шарттарының
мониторингін жүргізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларының іске
асырылу мониторингін жүргізу
және бағалау мәселелерін
қамтитын мемлекеттік-
жекешелік әріптестік жобаларын
жоспарлау және іске асыру
қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Әзірленуі халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп жүзеге асырылатын ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының алдын ала тізбесі

№ р/с

Атауы

Жобаның деңгейі (республикалық/жергілікті)

Жобаға бастамашы болған мемлекеттік орган

Халықаралық қаржы институты

1





Халықаралық қаржы институттары әзірлеуге мүдделілік білдірмеген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі

№ р/с

Атауы

Жобаның деңгейі (республикалық/жергілікті)

Жобаға бастамашы болған мемлекеттік орган

1




  Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын
жоспарлау, жекеше әріптесті
айқындау жөнінде конкурс
(аукцион) және тікелей
келіссөздер жүргізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік шарттарының
мониторингін жүргізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларының іске
асырылу мониторингін жүргізу
және бағалау мәселелерін
қамтитын мемлекеттік-
жекешелік әріптестік
жобаларын жоспарлау және
іске асыру қағидаларына
4-қосымша
Нысан

Конкурстық құжаттаманың ақпараттық парағының құрылымы

Атауы

Толтыру бойынша ұсынымдар

1. Жобаның паспорты

Жобаның атауы

жобаның толық атауы көрсетіледі

Мемлекеттік әріптес

мемлекеттік әріптестің толық атауы көрсетіледі

Конкурсты ұйымдастырушы

конкурсты ұйымдастырушының толық атауы көрсетіледі

Жобаның қысқаша сипаттамасы

жобаның мәні, оның ішінде жобаның ауқымы, жобаның қуаты, мемлекеттік-жекешелік әріптестік схемасы бойынша жобаны іске асырудан негізгі пайда алушылар көрсетіледі

Жобаны іске асыру саласы (аясы)

экономиканың саласы (аясы) көрсетіледі

Іске асыру орны

жобаны іске асыру орны көрсетіледі (мекенжайы не талаптары не орналасқан жерінің сипаттамасы)

Іске асыру мерзімдері мен кезеңдері

жобаны іске асыру мерзімдері мен кезеңдері көрсетіледі

Жобаның құны

мыналар:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ақпараттық парағы шеңберінде есеп айырысу үшін қабылданған ұлттық валютадағы және шетел валютасындағы (қажет болған жағдайда) жобаның жоспарланған жалпы құны, оның ішінде: инвестициялық шығасылар; пайдалану шығындары; өзге де шығасылар;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландырудың болжамды көздері;
мемлекеттік қолдаудың болжамды түрлері мен мөлшерлері көрсетіледі.

Жобаның мақсаттары мен міндеттері

жобаның мақсаттары мен міндеттері көрсетіледі

Жекеше әріптесті айқындаудың болжамды тәсілі

"Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес жекеше әріптесті айқындау тәсілі көрсетіледі

Байланыс деректері

әзірлеуші өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, байланыс телефоны және электрондық поштасының мекенжайы (мекенжайлары) көрсетіледі

2. Кіріспе

Жобаны іске асыру қажеттігінің негіздемесі

мыналар: 1) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру арқылы шешу жоспарланып отырған саладағы (өңірдегі) проблема;
3) әлеуетті жекеше әріптестер тарапынан мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға мүдделіліктің болуы туралы ақпарат көрсетіледі

Ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесі

экономиканың осы саласында (аясында) ұқсас мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асырудың халықаралық және/немесе қазақстандық оң тәжірибесі көрсетіледі

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі және мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің құрамына кірмейтін өзге де мүлік туралы ақпарат

мыналар:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің және мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің құрамына кірмейтін (меншік, баланс ұстаушы, шектеулер мен ауыртпалықтар), бірақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасында пайдаланылатын өзге де мүліктің құқықтық мәртебесі;
2) жобаны іске асыру барысындағы және оны іске асыру аяқталғаннан кейінгі жобаға қатысушылардың әрқайсысының мүліктік құқықтарының көлемі көрсетіледі.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін реконструкциялау, жаңғырту, күрделі жөндеу немесе дамыту кезінде оның ретроспективасы (объектінің пайдалануға берілген күні, реконструкциялау, жаңғырту, күрделі жөндеу бойынша жүргізілген жұмыстар және осы объектіге қатысты басқа да мәліметтер) қоса беріледі.
Археологиялық және мемлекет ерекше қорғайтын өзге де объектілердің жоспарланған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының мәселелері қозғалған жағдайда, осы объектілердің жай-күйі, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының оларға әсері туралы мәліметтер келтіріледі.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының табиғи монополиялар салаларына тиесілілігі

негізгі қаражатты қайта бағалау, соңғы күнтізбелік үш жылда іске асырылған инвестициялық бағдарламалар, табиғи монополиялар субъектісі қызметінің техникалық сараптамасы, объектілердің техникалық жай-күйін куәландыру туралы ақпаратты және басқа да мәліметтерді қоса алғанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестікке берілетін табиғи монополиялар субъектісінің мүліктік кешені туралы ақпарат көрсетіледі

3. Институционалдық бөлім

мыналар:
1) тараптардың өзара іс-қимыл жасау тетіктері, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының әрбір тарапының, оның ішінде үшінші тұлғалардың инвестициялық және инвестициядан кейінгі кезеңде жауапкершілігі (тараптардың өзара іс-қимыл схемасын қоса) туралы ақпарат;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы шеңберінде қызметтің болжамды түрлері, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестікке берілуі жоспарланбайтын қызмет түрлері туралы ақпарат көрсетіледі

4. Маркетингтік бөлім

мыналар:
1) экономиканың (өңірдің) саласы (аясы) проблемасының сипаттамасы;
2) сұраныстың сандық параметрлерін, оның тенденцияларын талдау және негіздеу немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы шеңберінде өндіруге жоспарланған өнімге (тауарларға/көрсетілетін қызметтерге) қажеттілікті бағалау;
3) саладағы (өңірдегі) ағымдағы ахуал ескеріле отырып және тұтынушылар санаттары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру нәтижесінде жүргізілетін өнімдердің (тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің) көлемдерін, түрлерін және бағаларын талдау;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін қажетті шикізат, материалдар, жабдықтар нарығын талдау, оның ішінде өнімнің өндірушілері мен жеткізушілері, бағалары, сапасы және жеткізу шарттары бойынша салыстырмалы талдау;
5) жобаның инвестициялық та, инвестициядан кейінгі кезеңде де тиісті біліктілігі бар мамандармен қамтамасыз етілуін талдау, сондай-ақ қажет болған жағдайда шетелдік мамандарды тартудың негіздемесі;
6) SWOT-талдау (Strengths (күшті жақтары), Weaknesses (әлсіз жақтары), Opportunities (мүмкіндіктер), Threats (қатерлер) – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде болжанатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әлеуетті күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қатерлерін айқындау және бағалау) көрсетіледі. Пайдаланылған ақпарат көздері мен маркетингтік зерттеулерді жүргізу әдістемелері жүргізілген маркетингтік зерттеулер туралы есеппен бірге міндетті түрде көрсетіледі

5. Қаржылық бөлім

мыналар:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы шеңберінде салынуы жоспарланған инвестициялар көлемі, оның ішінде: есептеулермен расталған мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін салудың болжамды құны;
2) пайдалану шығасыларының (өндірістік шығасылардың, күтіп-ұстауға арналған ағымдағы шығыстардың) есебі;
3) жобаны қаржыландыру үшін қарыз қаражатын тартудың қолайлы параметрлерін айқындау;
4) есептеулердің негіздемелері мен тарифтердің елдегі, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға ықпалы туралы мәліметтерді қоса берілген, тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға), оның ішінде табиғи монополиялар саласына жататын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) алдын-ала есептеулері;
5) егер жұмыс істеп тұрған объектілерді жаңғырту, реконструкциялау немесе күрделі жөндеу жоспарланса, мыналарды:
ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жоспарлы және нақты көлемі туралы ақпаратты;
көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) түрлері бөлінісінде қолданыстағы тарифтер мен тарифтік сметалар туралы ақпаратты;
реттелмей көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) болған жағдайда көрсетілетін түрлері мен көлемі туралы ақпаратты;
қаржылық есептілікті; тарифте ескерілетін қолданыстағы амортизациялау әдістері туралы ақпаратты;
бұрын іске асырылған инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қаржыландырудың нақты шарттары мен мөлшері туралы ақпаратты;
бұрын іске асырылған инвестициялық бағдарламалардың нақты орындалу көрсеткіштерін инвестициялық бағдарламаларда бекітілген көрсеткіштермен салыстыру туралы ақпаратты;
қол жеткізілген нақты көрсеткіштердің бекітілген инвестициялық бағдарламалардағы көрсеткіштерден ауытқуы болған жағдайда оның себептерін түсіндіруді;
субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың, болған жағдайда, дебиторлық берешектерінің деңгейін және кредиторлық берешек төлемдерін төмендету жөніндегі кешенді іс-шараларды;
болған жағдайда, нормативтік шығындарды азайту және (немесе) нормативтен тыс шығындарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қамтитын, соңғы үш жылда жұмыс істеп тұрған табиғи монополиялар субъектісі туралы ақпарат;
6) мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қажеттігі мен мүмкіндігін және жекеше әріптестің шығындарын өтеу және кірістер алу көздерін талдаудың нәтижелері, оның ішінде түрлері, көлемі, мерзімдері мен оларды ұсынудың болжамды шарттары;
7) ақша қаражатының қозғалысын есептеу және кірістер мен шығыстар туралы есеп;
8) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тиімді мерзімін анықтау;
9) дисконттау әдістерінің көмегімен жобаны талдау, оның ішінде келтірілген таза құнды есептеу (Net Present Value – NPV), ішкі кірістілік нормасы (Internal Rate of Return, IRR), дисконтталатын пайда мен шығындардың арақатынасы, дисконтталған өтелімділік мерзімі;
10) жобаның сезімталдығын талдау және шығынсыздық шектерін есептеу;
11) бюджеттің таза пайдасының, бюджеттің келтірілген таза кірісінің (мемлекеттік бюджеттің NPV), бюджеттің кірістілігінің ішкі нормасының (мемлекеттік бюджеттің IRR) көрсеткіштерін есептеу;
12) есептеулерді келтіре отырып, жобаны іске асырудың балама нұсқаларын салыстырмалы талдау көрсетіледі.
Жобаны іске асырудың балама нұсқаларын есептеу бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асыру, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларының Мемлекеттік инвестициялық жобаны іріктеу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы жеке бастама негізінде іске асырылған жағдайда, осы бөлімнің 12) тармақшасында көрсетілген салыстырмалы талдауды жеке бастама туралы өтініш енгізілген уәкілетті орган жүзеге асырады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың қаржылық-экономикалық модельдері (бұдан әрі – ҚЭМ) формулалар мен қабылданған болжамдар көрсетіле отырып жасалады.
Алдын ала есептеулер ашылатын формулалармен Microsoft Office Excel форматында жүргізіледі және қағаз және электрондық жеткізгіште ұсынылады.

6. Әлеуметтік-экономикалық бөлім

осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау әдістемесіне сәйкес әлеуметтік-экономикалық тиімділікті бағалау көрсетіледі

7. Техникалық-технологиялық бөлім

мыналар:
1) енгізілуі жоспарланатын технологиялық инновациялар болған жағдайда, олар туралы мәліметтер;
2) әзірленген жобалық-сметалық құжаттамалардың, үлгілік жобалардың, үлгілік жобалық шешімдердің және қайта қолданылатын жобалардың бар-жоғы туралы мәліметтер;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру нәтижесінде құрылатын объектінің жоспарланатын физикалық параметрлері мен техникалық сипаттамалары, оның ішінде жоспарланатын өндірістік қуаты;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін жобалаудың, салудың, құрудың, реконструкциялаудың, жаңғыртудың, күрделі жөндеудің және пайдаланудың жоспарланған мерзімдері;
5) объектiнің орналасқан жері, жер учаскесінің (учаскелерінің) сипаттамасы туралы мәліметтер, сондай-ақ қолданыстағы және/немесе жобаны іске асыруға қажетті инженерлік-көліктік инфрақұрылымдар (теміржол магистральдары, автомобиль жолдары, құбырлар, электр және жылу желілері, су құбыры, газ құбыры және басқа инфрақұрылым) туралы мәлімет көрсетіледі

8. Тәуекелдерді бөлу

осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тәуекелдерін бөлу және бағалау әдістемесіне сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тәуекелдерін бөлу және бағалау талдауы көрсетіледі

9. Жоба бойынша тұжырымдар

мыналар:
1) жоба бойынша негізгі артықшылықтар мен кемшіліктер;
2) жобаны іске асырудың оңтайлы нұсқасы;
3) жоба бойынша сыни тәуекелдер және оларды азайту шаралары көрсетіледі.

10. Қосымшалар

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ақпараттық парағында келтірілген ақпаратты растайтын және ашатын құжаттарды, графиктерді, диаграммаларды, сызбаларды, елді мекен карталарын, сондай-ақ барлық ашылатын формулаларымен Excel форматында электрондық нұсқада ұсынылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ақпараттық парағында қаралған жобаны іске асырудың әрбір нұсқасы бойынша (жобаны қаржыландыру көздері бойынша) ҚЭҚ-ты қамтитын қосымшалардан тұрады.

  Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын
жоспарлау, жекеше әріптесті
айқындау жөнінде конкурс
(аукцион) және тікелей
келіссөздер жүргізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік шарттарының
мониторингін жүргізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларының іске
асырылу мониторингін жүргізу
және бағалау мәселелерін
қамтитын мемлекеттік-
жекешелік әріптестік
жобаларын жоспарлау және
іске асыру қағидаларына
5-қосымша
Нысан

Жеке бастаманы іске асыру шеңберінде ақпараттық параққа экономикалық қорытынды

1.

Жоба бойынша жалпы ақпарат

1.1.

Жобаның атауы

1.2.

Жобаның қуаты (өлшем бірлігі)

1.3.

Іске асырылу кезеңі (жылдар)

1.4.

Пайдалану кезеңі (жылдар)

1.5.

Жобаны іске асырудың негіздемесі (мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың жеке бастамасы туралы өтінішті қабылдаған уәкілетті тұлғаның қорытындысына сәйкес)

1.6.

Қаржыландыру тетіктері мен көлемі (пайдалануға берілгенге дейінгі барлық шығындар) (мың теңге)

1)

Бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеудің (түзетудің) құны (мың теңге)

2)

Жерді сатып алудың құны (мың теңге)

3)

Нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мемлекеттік міндеттемелер лимиттерінің шегінде мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мүмкіндігі (жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік ретінде іске асырылған жағдайда)

1.7.

Бюджеттік инвестициялық саясаттың басымдықтарына сәйкестігі

1.8.

Ұсынылған құжаттаманың болуы

2.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының ережелеріне сәйкестігі

3.

Жобаны басқарудың институционалдық схемасы (жобаның іске асырылу барысындағы да, инвестициялық кезеңнен кейінгі де барлық қатысушылары туралы ақпарат, олардың өзара іс-қимылы)

4.

Түпкілікті нәтиженің өлшенетін (сандық) көрсеткіштерінің болуы

5.

Тәуекелдерді бағалау тұрғысынан жобаның іске асырылу мүмкіндігі

6.

Мемлекеттік инвестициялық жобаның құнын есептеудің негізділігі

7.

Мемлекеттік инвестициялардың қажеттілігіне қарай мемлекеттік инвестициялық жобаны іске асыру тетігін басымдықпен таңдаудың негізділігі

      Тұжырымдар: мемлекеттік инвестициялық жобаларды бюджеттен қаржыландырудың ықтимал түрі мен тәсілдерін, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобаны іске асырудың орындылығын айқындау.

  Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын
жоспарлау, жекеше әріптесті
айқындау жөнінде конкурс
(аукцион) және тікелей
келіссөздер жүргізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік шарттарының
мониторингін жүргізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларының іске
асырылу мониторингін жүргізу
және бағалау мәселелерін
қамтитын мемлекеттік-
жекешелік әріптестік жобаларын
жоспарлау және іске асыру
қағидаларына
6-қосымша
Нысан

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінің құрылымы

Атауы

Толтыру бойынша ұсынымдар

1. Жобаның паспорты

Жобаның атауы

жобаның толық атауы көрсетіледі

Мемлекеттік әріптес

мемлекеттік әріптестің толық атауы көрсетіледі

Конкурсты ұйымдастырушы

конкурсты ұйымдастырушының толық атауы көрсетіледі

Жобаның қысқаша сипаттамасы

жобаның мәні, оның ішінде жобаның ауқымы, жобаның қуаты, мемлекеттік-жекешелік әріптестік схемасы бойынша жобаны іске асырудан негізгі пайда алушылар көрсетіледі

Жобаны іске асыру саласы (аясы)

экономиканың саласы (аясы) көрсетіледі

Іске асыру орны

жобаны іске асыру орны көрсетіледі (мекенжайы не талаптары не орналасқан жерінің сипаттамасы)

Іске асыру мерзімдері мен кезеңдері

жобаны іске асыру мерзімдері мен кезеңдері көрсетіледі

Жобаның құны

мыналар:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ақпараттық парағы шеңберінде есеп айырысу үшін қабылданған ұлттық валютадағы және шетел валютасындағы (қажет болған жағдайда) жобаның жоспарланған жалпы құны, оның ішінде: инвестициялық шығасылар; пайдалану шығындары; өзге де шығасылар;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландырудың болжамды көздері;
мемлекеттік қолдаудың болжамды түрлері мен мөлшерлері көрсетіледі.

Жобаның мақсаттары мен міндеттері

жобаның мақсаттары мен міндеттері көрсетіледі

Жекеше әріптесті айқындаудың болжамды тәсілі

"Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес жекеше әріптесті айқындау тәсілі көрсетіледі

Байланыс деректері

әзірлеуші өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, байланыс телефоны және электрондық поштасының мекенжайы (мекенжайлары) көрсетіледі

2. Кіріспе

Жобаны іске асыру қажеттігінің негіздемесі

мыналар: 1) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру арқылы шешу жоспарланып отырған саладағы (өңірдегі) проблема;
3) әлеуетті жекеше әріптестер тарапынан мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға мүдделіліктің болуы туралы ақпарат көрсетіледі

Ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесі

экономиканың осы саласында (аясында) ұқсас мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асырудың халықаралық және/немесе қазақстандық оң тәжірибесі көрсетіледі

мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі және мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің құрамына кірмейтін өзге де мүлік туралы ақпарат

мыналар:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің және мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің құрамына кірмейтін (меншік, баланс ұстаушы, шектеулер мен ауыртпалықтар), бірақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасында пайдаланылатын өзге де мүліктің құқықтық мәртебесі;
2) жобаны іске асыру барысындағы және оны іске асыру аяқталғаннан кейінгі жобаға қатысушылардың әрқайсысының мүліктік құқықтарының көлемі көрсетіледі.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін реконструкциялау, жаңғырту, күрделі жөндеу немесе дамыту кезінде оның ретроспективасы (объектінің пайдалануға берілген күні, реконструкциялау, жаңғырту, күрделі жөндеу бойынша жүргізілген жұмыстар және осы объектіге қатысты басқа да мәліметтер) қоса беріледі.
Археологиялық және мемлекет ерекше қорғайтын өзге де объектілердің жоспарланған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының мәселелері қозғалған жағдайда, осы объектілердің жай-күйі, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының оларға әсері туралы мәліметтер келтіріледі.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының табиғи монополиялар салаларына тиесілілігі

негізгі қаражатты қайта бағалау, соңғы күнтізбелік үш жылда іске асырылған инвестициялық бағдарламалар, табиғи монополиялар субъектісі қызметінің техникалық сараптамасы, объектілердің техникалық жай-күйін куәландыру туралы ақпаратты және басқа да мәліметтерді қоса алғанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестікке берілетін табиғи монополиялар субъектісінің мүліктік кешені туралы ақпарат көрсетіледі

3. Институционалдық бөлім

мыналар:
1) тараптардың өзара іс-қимыл жасау тетіктері, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының әрбір тарапының, оның ішінде үшінші тұлғалардың инвестициялық және инвестициядан кейінгі кезеңде жауапкершілігі (тараптардың өзара іс-қимыл схемасын қоса) туралы ақпарат;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы шеңберінде қызметтің болжамды түрлері, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестікке берілуі жоспарланбайтын қызмет түрлері туралы ақпарат;
3) институционалдық шешімдер бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың балама нұсқаларының салыстырмалы талдауы көрсетіледі

4. Маркетингтік бөлім

мыналар:
1) экономиканың (өңірдің) саласы (аясы) проблемасының сипаттамасы;
2) сұраныстың сандық параметрлерін, оның тенденцияларын талдау және негіздеу немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы шеңберінде өндіруге жоспарланған өнімге (тауарларға/көрсетілетін қызметтерге) қажеттілікті бағалау;
3) саладағы (өңірдегі) ағымдағы ахуал ескеріле отырып және тұтынушылар санаттары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру нәтижесінде жүргізілетін өнімдердің (тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің) көлемдерін, түрлерін және бағаларын талдау;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін қажетті шикізат, материалдар, жабдықтар нарығын талдау, оның ішінде өнімнің өндірушілері мен жеткізушілері, бағалары, сапасы және жеткізу шарттары бойынша салыстырмалы талдау;
5) жобаның инвестициялық та, инвестициядан кейінгі кезеңде де тиісті біліктілігі бар мамандармен қамтамасыз етілуін талдау, сондай-ақ қажет болған жағдайда шетелдік мамандарды тартудың негіздемесі;
6) SWOT-талдау (Strengths (күшті жақтары), Weaknesses (әлсіз жақтары), Opportunities (мүмкіндіктер), Threats (қатерлер) - мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде болжанатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әлеуетті күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қатерлерін айқындау және бағалау) көрсетіледі. Пайдаланылған ақпарат көздері мен маркетингтік зерттеулерді жүргізу әдістемелері жүргізілген маркетингтік зерттеулер туралы есеппен бірге міндетті түрде көрсетіледі

5. Қаржылық бөлім

мыналар:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы шеңберінде салынуы жоспарланған инвестициялар көлемі, оның ішінде: есептеулермен расталған мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін салудың болжамды құны;
2) пайдалану шығасыларының (өндірістік шығасылардың, күтіп-ұстауға арналған ағымдағы шығыстардың) есебі;
3) жобаны қаржыландыру үшін қарыз қаражатын тартудың қолайлы параметрлерін айқындау;
4) есептеулердің негіздемелері мен тарифтердің елдегі, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға ықпалы туралы мәліметтер қоса берілген көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) алдын-ала есептеулері;
5) егер жұмыс істеп тұрған объектілерді жаңғырту, реконструкциялау немесе күрделі жөндеу жоспарланса, мыналарды:
ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) жоспарлы және нақты көлемі туралы ақпаратты;
көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) түрлері бөлінісінде қолданыстағы тарифтер мен тарифтік сметалар туралы ақпаратты;
реттелмей көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) болған жағдайда көрсетілетін түрлері мен көлемі туралы ақпаратты; қаржылық есептілікті;
тарифте ескерілетін қолданыстағы амортизациялау әдістері туралы ақпаратты;
бұрын іске асырылған инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қаржыландырудың нақты шарттары мен мөлшері туралы ақпаратты;
бұрын іске асырылған инвестициялық бағдарламалардың нақты орындалу көрсеткіштерін инвестициялық бағдарламаларда бекітілген көрсеткіштермен салыстыру туралы ақпаратты;
қол жеткізілген нақты көрсеткіштердің бекітілген инвестициялық бағдарламалардағы көрсеткіштерден ауытқуы болған жағдайда оның себептерін түсіндіруді;
субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың, болған жағдайда, дебиторлық берешектерінің деңгейін және кредиторлық берешек төлемдерін төмендету жөніндегі кешенді іс-шараларды;
болған жағдайда, нормативтік шығындарды азайту және (немесе) нормативтен тыс шығындарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қамтитын, соңғы үш жылда жұмыс істеп тұрған табиғи монополиялар субъектісі туралы ақпарат;
6) мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қажеттігі мен мүмкіндігін және жекеше әріптестің шығындарын өтеу және кірістер алу көздерін талдаудың нәтижелері, оның ішінде түрлері, көлемі, мерзімдері мен оларды ұсынудың болжамды шарттары;
7) ақша қаражатының қозғалысын есептеу және кірістер мен шығыстар туралы есеп;
8) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тиімді мерзімін айқындау;
9) дисконттау әдістерінің көмегімен жобаны талдау, оның ішінде келтірілген таза құнды есептеу (Net Present Value – NPV), ішкі кірістілік нормасы (Internal Rate of Return, IRR), дисконтталатын пайда мен шығындардың арақатынасы, дисконтталған өтелімділік мерзімі;
10) жобаның сезімталдығын талдау және шығынсыздық шектерін есептеу;
11) бюджеттің таза пайдасының, бюджеттің келтірілген таза кірісінің (мемлекеттік бюджеттің NPV), бюджеттің кірістілігінің ішкі нормасының (мемлекеттік бюджеттің IRR) көрсеткіштерін есептеу;
12) есептеулерді келтіре отырып, жобаны іске асырудың балама нұсқаларын салыстырмалы талдау көрсетіледі.
Жобаны іске асырудың балама нұсқаларын есептеу бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асыру, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларының Мемлекеттік инвестициялық жобаны іріктеу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың қаржылық-экономикалық модельдері (бұдан әрі – ҚЭМ) формулалар мен қабылданған болжамдар көрсетіле отырып жасалады.
Алдын ала есептеулер ашылатын формулалармен Microsoft Office Excel форматында жүргізіледі және қағаз және электрондық жеткізгіште ұсынылады.

6. Әлеуметтік-экономикалық бөлім

осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау әдістемесіне сәйкес әлеуметтік-экономикалық тиімділікті бағалау көрсетіледі

7. Техникалық-технологиялық бөлім

бөлімде мыналар:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру нәтижесінде құрылатын объектінің жоспарланатын физикалық параметрлері мен техникалық сипаттамалары;
2) жобаны іске асырудың таңдалған оңтайлы нұсқасының негіздемесімен техникалық-технологиялық шешімдердің сипаттамасы және салыстырмалы талдауы;
3) шикізатты, материалдарды, жабдықтарды әлеуетті жеткізушілердің көздері мен орналасқан жерлеріне, өнімді (тауарларды/көрсетілетін қызметтерді) тұтынушыларға және өңірдің географиялық ерекшеліктерін ескере отырып көлік магистральдарына жақындығына қатысты жобаның іске асырылу орнының негіздемесі;
4) қабылданған техникалық-технологиялық шешімдерді ескере отырып жобаның қуатының есептік негіздемесі;
5) жобаны іске асыру болжанатын өңірдің инфрақұрылымына жобаның әсерін бағалау;
6) таңдалған жобалық жабдықтың негіздемесі, оның ішінде бұрыннан пайдаланылып жүрген жабдықпен технологиялық үйлесімдігі (егер бұл жобаны іске асыру шеңберінде болжанатын болса), "баға-сапа" оңтайлы арақатынасы, жабдықты таңдау бойынша балама нұсқалар, инновациялық жабдықты қолдану, ноу-хауды пайдалану, жобада сапа стандарттарын пайдалану, жобаға қойылатын техникалық және технологиялық талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттар;
7) еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы нормалары;
8) қолда бар көлік кіреберістері мен құралдарын, энергиямен, жылумен, сумен жабдықтауды және кәрізді ескере отырып, жобаны іске асырудың инженерлік құрылыстармен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ қоймалық үй-жайлармен қамтамасыз етілуі;
9) жоба бойынша уақыт ішіндегі іс-шаралардың бірізділігі мен ұзақтығы графикалық түрде көрсетілген, мемлекеттік-жекешелік әріптестікке беруге ұсынылатын объектіні құру/реконструкциялау мерзімін, оны іске асыру жылдары бойынша және технологиялық кезеңдері бойынша пайдалану мерзімін көрсететін жобаны іске асыру кестесі (жоспар-кесте);
10) қоршаған ортаға әсерді бағалау туралы мәліметтер қамтылады

8. Тәуекелдерді бөлу

осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тәуекелдерін бөлу және бағалау әдістемесіне сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тәуекелдерін бөлу және бағалау талдауы көрсетіледі

9. Жоба бойынша тұжырымдар

мыналар:
1) жоба бойынша негізгі артықшылықтар мен кемшіліктер;
2) жобаны іске асырудың оңтайлы нұсқасы;
3) жоба бойынша сыни тәуекелдер және оларды азайту шаралары көрсетіледі.

10. Қосымшалар

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ақпараттық парағында келтірілген ақпаратты растайтын және ашатын құжаттарды, графиктерді, диаграммаларды, сызбаларды, елді мекен карталарын, сондай-ақ барлық ашылатын формулаларымен Excel форматында электрондық нұсқада ұсынылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ақпараттық парағында қаралған жобаны іске асырудың әрбір нұсқасы бойынша (жобаны қаржыландыру көздері бойынша) ҚЭҚ-ты қамтитын қосымшалардан тұрады.

  Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын
жоспарлау, жекеше әріптесті
айқындау жөнінде конкурс
(аукцион) және тікелей
келіссөздер жүргізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік шарттарының
мониторингін жүргізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларының іске
асырылу мониторингін жүргізу
және бағалау мәселелерін
қамтитын мемлекеттік-
жекешелік әріптестік жобаларын
жоспарлау және іске асыру
қағидаларына
7-қосымша
Нысан

Салалық қорытынды (оң не теріс екені көрсетіледі)

      1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша қысқаша ақпарат.

      1) Салалық сараптама жүргізетін салалық мемлекеттік органның атауы (құны төрт миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша не республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша орталық салалық мемлекеттік органның атау көрсетіледі) не жергілікті салалық мемлекеттік органның (жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша) атауы көрсетіледі.

      2) Жобаны іске асыру саласы (аясы) (экономика саласы (аясы) көрсетіледі).

      3) Салалық сараптама объектісі (конкурстық (аукциондық) құжаттама не мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспар көрсетіледі).

      4) Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының атауы (жоспарланған жобаның мәнін көрсететін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының атауы көрсетіледі).

      5) Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының қуаты (тиісті өлшем бірліктерінде жобаның қуаты көрсетіледі).

      6) Іске асыру орны (жобаны іске асыру орны көрсетіледі (мекенжайы не талаптары не орналасқан жерінің сипаттамасы).

      7) Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі (мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің атауы және ол туралы негізгі ақпарат көрсетіледі).

      8) Іске асыру мерзімдері мен кезеңдері (жобаны іске асыру мерзімдері мен кезеңдері жылдармен көрсетіледі).

      9) Жобаның құны (жобаның болжамды құны мың теңгемен, шығындарды өтеу және кірістер алу көздерінің жоспарланатын құны, Заңның 9, 27 және 30-баптарына сәйкес мемлекеттік қолдаудың болжамды шаралары және мемлекеттің қатысу нысандары көрсетіледі).

      10) Жобаның нәтижесі (мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тікелей және түпкілікті нәтижесі көрсетіледі).

      2. Негізгі бөлім (төменде көрсетілген кіші бөлімдердің әрқайсысы бойынша бағалау нәтижелерін (оң немесе теріс) қамтиды).

      1) Саланың одан әрі дамуына әсер ететін ағымдағы жай-күйінің проблемаларын бағалау.

      2) Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы мақсаттарының саладағы проблемаларды шешуге сәйкестігін бағалау.

      3) Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігін бағалау, оның ішінде тиісті салада (аяда, өңірде) тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктің болуын, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының болжамды түпкілікті нәтижесінің болуын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларына не актілеріне сәйкестігін көрсету.

      4) Ұсынылған схема бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың мүмкіндігі мен орындылығын бағалау.

      5) Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының техникалық күрделілігін және (немесе) бірегейлілігін бағалау.

      6) Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің "Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беруге жатпайтын объектілер тiзбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 710 қаулысымен бекітілген мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беруге жатпайтын объектілер тізбесіне тиесілілігін бағалау.

      7) Жекеше әріптестің және жекеше әріптес ұсынатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылар мүдделерінің теңгерімділігін қамтамасыз ету қағидатын негізге ала отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың балама нұсқаларын бағалау.

      8) Мемлекеттік-жекешелік әріптестікжобасын іске асыру және мұндай іске асыру болмаған жағдайларда, саладағы жағдайды бағалау.

      9) Мемлекеттік-жекешелік әріптестікжобасын іске асырудан түсетін пайданы, оның ішінде халық үшін құндылық қағидатын негізге ала отырып бөлуді бағалау.

      10) Жобаны іске асырудан экономиканың аралас салаларына (аяларына) болжамды мультипликативтік әсерді бағалау.

      11) Шығындарды өтеу мен табыс алудың, мемлекеттік қолдау мен баға шешімдерінің ұсынылатын көздерін бағалау, оның ішінде инвестициялық және операциялық шығындардың барлық құрамдауыштары бойынша баға-сапа арақатынасының оңтайлылығын бағалау.

      12) Конкурстық құжаттамада көзделген технологиялық, техникалық шешімдерді, оның ішінде іске асыру кестесін бағалау.

      13) Мемлекеттік-жекешелік әріптестікжобасын іске асыру нәтижесінде құрылатын объектінің жоспарланатын физикалық параметрлері мен техникалық сипаттамаларын бағалау.

      14) Құрылыс қызметін көздейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі құрамдауыштарының оңтайлылығына, жеткіліктілігіне және құнына қосымша бағалау жүргізіледі.

      15) Тікелей келіссөздердің негізінде жекеше әріптесті айқындау кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің бірегейлілігін және технология трансферінің орындылығын бағалау жүргізіледі.

      3. Салалық қорытындының нәтижелері бойынша тұжырымдар (тұжырымдарда жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қолдау туралы (оң қорытынды) не жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қолдамау туралы (теріс қорытынды) салалық мемлекеттік органның ұстанымы көрсетіледі).

  Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын
жоспарлау, жекеше әріптесті
айқындау жөнінде конкурс
(аукцион) және тікелей
келіссөздер жүргізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік шарттарының
мониторингін жүргізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларының
іске асырылу мониторингін
жүргізу және бағалау
мәселелерін қамтитын
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын жоспарлау
және іске асыру қағидаларына
8-қосымша
Нысан

"______________________" мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы ХАТТАМА №__ 20___жылғы "___" _________

      Конкурсты ұйымдастырушы: _________________

      КҮН ТӘРТІБІ: Біліктілік іріктеудің нәтижесі бойынша _______________ әлеуетті жекеше әріптесті конкурсқа қатысушы ретінде тану туралы шешім қабылдау.

      Әлеуетті жекеше әріптестің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін оның құжаттар тізбесін қараудың нәтижелері:

Әлеуетті жекеше әріптестің атауы, ЖСН/БСН

Комиссия мүшесінің ТАӘ

Комиссия мүшесінің шешімі

Біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмеу себептерінің толық сипаттамасы

Сәйкес келмеу себептерін негіздеу

Біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтірілуі қажет құжаттардың тізбесі

Конкурстық комиссия мүшелерінің дауыс беру күні мен уақыты















Әлеуетті жекеше әріптестің атауы, ЖСН/БСН

Комиссия мүшесінің ТАӘ

Комиссия мүшесінің шешімі

Біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмеу себептерінің толық сипаттамасы

Сәйкес келмеу себептерін негіздеу

Біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтірілуі қажет құжаттардың тізбесі

Конкурстық комиссия мүшелерінің дауыс беру күні мен уақыты








      Конкурстық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері:

      Әлеуетті жекеше әріптес _________________

      "қолдау" – _______ дауыс

      "қарсы" – _____ дауыс.

      Әлеуетті жекеше әріптес _________________

      "қолдау" - _______ дауыс

      "қарсы" - _____ дауыс.

      Дауыс берудің нәтижелері бойынша конкурстық комиссия ШЕШТІ: біліктілік іріктеуден өтті деп тану:

      _____________________ (әлеуетті жекеше әріптестің атауы)

      _____________________ (әлеуетті жекеше әріптестің атауы)

      Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда осы Комиссияның кез келген мүшесі ерекше пікір білдіреді, ол комиссия отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Комиссияның жұмыс органына жіберіледі және хаттамаға қоса беріледі.

      Конкурстық комиссия мүшелерінің қолдары:

      Конкурстық комиссияның төрағасы ___________________ ТАӘ, лауазымы

      Конкурстық комиссияның мүшесі _____________________ ТАӘ, лауазымы

      Конкурстық комиссияның мүшесі _____________________ ТАӘ, лауазымы

      Конкурстық комиссияның мүшесі _________________________ ТАӘ, лауазымы

      Конкурстық комиссияның хатшысы _______________________ ТАӘ, лауазымы

      Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ТАӘ – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).

  Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын
жоспарлау, жекеше әріптесті
айқындау жөнінде конкурс
(аукцион) және тікелей
келіссөздер жүргізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік шарттарының
мониторингін жүргізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларының іске
асырылу мониторингін жүргізу
және бағалау мәселелерін
қамтитын мемлекеттік-
екешелік әріптестік жобаларын
жоспарлау және іске асыру
қағидаларына
9-қосымша
Нысан

"_____________________________" мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарын нақтылау жөніндегі келіссөздер ХАТТАМАСЫ 20___жылғы "___" _________ №__

      № (конкурс нөмірі) күні мен уақыты

      Конкурсты ұйымдастырушы: ____________

      Конкурстық комиссияның құрамы:

ТАӘ

Ұйымдағы лауазымы

Комиссиядағы рөлі





      Конкурстық өтінімі үздік деп танылған әлеуетті жекеше әріптес

      _____________________________________________________________________

      Келіссөздер жүргізу күні: 20__ жылғы "___" ___________

      Төрағалық етті: __________________________________________________

      Хатшы: _________________________________________________________

      КҮН ТӘРТІБІ: ______________________________________ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша конкурстық өтінімі үздік деп танылған _____________________________________________ әлеуетті жекеше әріптеспен

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарын нақтылау үшін келіссөздер жүргізу.

      Конкурстық комиссия ШЕШТІ:

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарын нақтылау жөніндегі ұсыныстар

Шешім (қабылданады/ қабылданбайды)

Қабылданатын редакция

Ұсынылған ұсыныстарды қабылдау мүмкін болмаған жағдайда түсініктеме беру

1





2









      Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда, осы Комиссияның кез келген мүшесі ерекше пікір білдіреді, ол комиссия отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Комиссияның жұмыс органына жіберіледі және хаттамаға қоса беріледі.

      Конкурстық комиссия мүшелерінің қолдары:

      Конкурстық комиссияның төрағасы____________________ТАӘ, лауазымы

      Конкурстық комиссияның мүшесі_____________________ТАӘ, лауазымы

      Конкурстық комиссияның мүшесі_____________________ ТАӘ, лауазымы

      Конкурстық комиссияның мүшесі____________________ ТАӘ, лауазымы

      Конкурстық комиссияның хатшысы____________________ТАӘ, лауазымы

      Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ТАӘ – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).

  Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын
жоспарлау, жекеше әріптесті
айқындау жөнінде конкурс
(аукцион) және тікелей
келіссөздер жүргізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік шарттарының
мониторингін жүргізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларының
іске асырылу мониторингін
жүргізу және бағалау
мәселелерін қамтитын
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын жоспарлау
және іске асыру қағидаларына
10-қосымша

Әлеуетті жекеше әріптестер өздерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін ұсынатын құжаттардың тізбесі

      1) шоттарда ақшаның болуын, әлеуетті жекеше әріптестің меншік құқығы мен жылжымайтын және жылжымалы мүліктің құнын растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариат куәландырған көшірмелері;

      2) "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2, 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19-баптарына не халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалған алдыңғы толық екі жылдағы қаржылық есептіліктің түпнұсқасы. Егер әлеуетті жекеше әріптес қызметті кемінде екі жыл жүзеге асырған жағдайда, қаржылық есептілік мемлекеттік тіркелген кезден басталған кезеңге ұсынылады. Еншілес ұйымдары бар ұйымдар негізгі ұйымның қызметі бойынша қаржылық есептілікке қосымша "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына не халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасап, ұсынады. Егер әлеуетті жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсатында жеке және (немесе) заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға болып табылса, ерекше маңызы бар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қатысты, мұндай құжаттаманы осындай әлеуетті жекеше әріптестің құрылтайшысы болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұсынады.

      3) әлеуетті жекеше әріптестің бірінші басшысы немесе уәкілетті өкілі қол қойған және әлеуетті жекеше әріптестің мөрімен куәландырылған соңғы есепті күнге (соңғы қаржы жылы үшін) "Негізгі құралдар" бухгалтерлік баланс бабының таратып жазылуы;

      4) құрылған күні мен болжамды өтелуі, сондай-ақ берешектің мақсаты (не үшін берешек пайда болған), олардың құнсыздануы бойынша есептелген резервтер сомасы көрсетіле отырып, әлеуетті жекеше әріптестің бірінші басшысы немесе уәкілетті өкілі қол қойған және әлеуетті жекеше әріптестің мөрімен куәландырылған соңғы есепті күнге (соңғы қаржы жылы үшін) дебиторлық және кредиторлық берешектің таратып жазылуы. Банктік қарыздар болған жағдайда негізгі борыш пен пайыздарды өтеу кестелерімен, банктік қарыз шарттарының көшірмелерін қоса беру қажет;

      5) әлеуетті жекеше әріптестің төлем қабілеттілігі, оның мүлкіне тыйым салынбағаны, оның қаржы-шаруашылық қызметі тоқтатылмағаны, ол соңғы үш жыл ішінде, заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылмағаны туралы кепілдік хаты таратылуға жатпайды.

      Ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша әлеуетті жекеше әріптестің мұндай тұлға конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу мақсаты үшін мұндай тұлға мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тарапы болатын жаңа заңды тұлға құратыны туралы хаттың түпнұсқасы, егер конкурстың жеңімпазы мемлекеттік әріптеске осындай жаңа заңды тұлғаның міндеттемелерін орындаудың банктік кепілдіктерін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында айқындалған көлемде және шарттарда ұсынған жағдайда, егер мұндай заңды тұлға мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсатында конкурстық өтінім беру сатысында құрылмаған болса, мұндай заңды тұлға мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тарапы болатынының кепілдігі.

      6) "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағында міндетті түрде аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалар да соңғы қаржы жылындағы аудиторлық есепті ұсынады;

      7) заңды тұлға қызметін үлгілік жарғының негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға Жарғының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады. Қазақстан Республикасының бейрезиденттері мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аудармасымен нотариат куәландырған сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірмені ұсынады;

      8) тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама;

      9) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 79-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік орган электрондық нысанда берген, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін не құжатты, жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, жеке куәліктің (паспорттың) нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады;

      10) әлеуетті жекеше әріптестің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдында анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам уақытқа созылатын міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы әлеуетті жекеше әріптеске қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі бар анықтамасының түпнұсқасы. Егер әлеуетті жекеше әріптес бірнеше екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады.

      "Қазақстан Республикасында кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына сәйкес кредиттік бюро ұсынатын кредиттік есепті ұсынуға жол беріледі.

      Банк анықтамасы (не кредиттік есеп) конкурсты ұйымдастырушыға құжаттарды ұсыну күні алдындағы екі айдан бұрын берілмейді.

      Конкурсқа жай серіктестік нысанындағы жеке және (немесе) заңды тұлғалар бірлестіктері қатысқан жағдайда, жай серіктестіктің өкілі біліктілік талаптарын растау үшін осы Қағидаларда белгіленген құжаттардан басқа, қосымша мынадай құжаттарды:

      нотариат куәландырған бірлескен қызмет туралы шарттың көшірмесін;

      жай серіктестік мүшелері арасында жасалған ортақ жауапкершілік туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесін;

      жай серіктестік атынан сөйлейтін өкілге конкурс шеңберінде келіссөздер мен басқа да іс-шараларды жүзеге асыруға берілген сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.

      Егер әлеуетті жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсатында құрылған жаңа заңды тұлға болып табылған жағдайда, оның Заңның 32-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін оған қатысушылардың (акционерлердің) қажетті құжаттаманы ұсынуына жол беріледі.

      Әлеуетті жекеше әріптестер өздерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды өз қалауы бойынша ұсынады.

      Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті жекеше әріптес оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері беретін құжаттар сияқты құжаттарды не нотариат куәландырған конкурстық құжаттама тілдеріне аудармасымен бірге Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті жекеше әріптестің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттарды, сондай-ақ апостиль қойылған резиденттік сертификатын (егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе) ұсынады.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелер болған жағдайда әлеуетті жекеше әріптес ақпараттық ресурстарға және (немесе) ақпараттық жүйелерге меншік және (немесе) иелік ету құқығы туралы құжаттарды ұсынады.

  Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын
жоспарлау, жекеше әріптесті
айқындау жөнінде конкурс
(аукцион) және тікелей
келіссөздер жүргізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік шарттарының
мониторингін жүргізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларының
іске асырылу мониторингін
жүргізу және бағалау
мәселелерін қамтитын
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын жоспарлау
және іске асыру қағидаларына
11-қосымша
Нысан

"_____________________________________" мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша конкурстық өтінімдерді ашу ХАТТАМАСЫ №__ 20___жылғы "___" _________

      Күні мен уақыты

      Конкурсты ұйымдастырушы: _____________________________________

      Конкурстық комиссияның құрамы:

ТАӘ

Ұйымдағы лауазымы

Комиссиядағы рөлі





      Лоттың № (бар болса) ___________________________________________

      Лоттың атауы (бар болса) _________________________________

      Конкурсқа қатысуға өтінімдерді мынадай әлеуетті жекеше әріптестер ұсынды (өтінімдер саны):

Әлеуетті жекеше әріптестің атауы

БСН (ЖСН)/ сәйкестендіру нөмірі

Өтінім берілген күні мен уақыты (хронология бойынша)





      Конкурстық құжаттамада көзделген құжаттардың бары (жоғы) туралы ақпарат:

Әлеуетті өнім берушінің атауы БСН (ЖСН)/сәйкестендіру нөмірі

Құжаттың атауы

Болу белгісі




      Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі.

  Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын
жоспарлау, жекеше әріптесті
айқындау жөнінде конкурс
(аукцион) және тікелей
келіссөздер жүргізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік шарттарының
мониторингін жүргізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларының іске
асырылу мониторингін жүргізу
және бағалау мәселелерін
қамтитын мемлекеттік-
жекешелік әріптестік жобаларын
жоспарлау және іске асыру
қағидаларына
12-қосымша
Нысан

"_________________________" мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша конкурстық өтінімдерді алдын ала қарау ХАТТАМАСЫ 20___ жылғы "___" _________ №__

      № (конкурстың нөмірі) күні мен уақыты

      Конкурсты ұйымдастырушы: ______________________________________

      Конкурстық комиссияның құрамы:

ТАӘ

Ұйымдағы лауазымы

Комиссиядағы рөлі





      Лоттың № (бар болса) __________________________________________

      Лоттың атауы (бар болса) ________________________________

      Конкурсқа (лотқа) қатысуға ұсынылған өтінімдер туралы ақпарат (хронология бойынша): (өтінімдер саны)

Әлеуетті жекеше әріптестің атауы

БСН (ЖСН) / сәйкестендіру нөмірі

Өтінімді ұсыну күні мен уақыты (хронология бойынша)





      "Біліктілік талаптарына" және "конкурстық құжаттаманың талаптарына" сәйкестігін қарау жүзеге асырылды.

      Конкурстық комиссия мүшелерінің құжаттаманы қарау нәтижелері:

Р/с №

Әлеуетті өнім берушінің атауы, БСН (ЖСН)/ сәйкестендіру нөмірі


Комиссия мүшесінің ТАӘ**

Комиссия мүшесінің шешімі

Біліктілік талаптарына және/немесе конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмеу себептерінің толық сипаттамасы

Қабылдамау себептерінің негіздемесі

Тізбе құжаттарды әлеуетті өнім берушінің өтінімінде олар біліктілік талаптарына және/немесе конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру қажет







      Конкурсқа қатысуға қабылданбаған өтінімдер: (өтінімдер саны):

Әлеуетті жекеше әріптестің атауы

БСН (ЖСН)/ сәйкестендіру нөмірі

Ауытқудың себебі





      Біліктілік талаптарына және/немесе конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысуға өтінімдер: (өтінімдер саны)

Әлеуетті жекеше әріптестің атауы

БСН (ЖСН) / сәйкестендіру нөмірі




      Әлеуетті жекеше әріптестер біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтірген конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ұсынудың соңғы күні мен уақыты: осы хаттама веб-порталда жарияланған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кеш емес.

      Конкурстық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері:

      Әлеуетті жекеше әріптес _________________

      "Қолдағандар" - _______ дауыс

      "Қарсы" - _____ дауыс.

      Әлеуетті жекеше әріптес _________________

      "Қолдағандар" - _______ дауыс

      "Қарсы" - _____ дауыс.

      Дауыс беру нәтижелері бойынша конкурстық комиссия ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: біліктілік іріктеуінен өтті (өтті) деп тану:

      _____________________ (әлеуетті жекеше әріптестің атауы)

      _____________________ (әлеуетті жекеше әріптестің атауы)

      Комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда, осы Комиссияның кез келген мүшесі ерекше пікірін білдіреді, ол Комиссия отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Комиссияның жұмыс органына жіберіледі және хаттамаға қоса беріледі.

      Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ТАӘ – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).

  Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын
жоспарлау, жекеше әріптесті
айқындау жөнінде конкурс
(аукцион) және тікелей
келіссөздер жүргізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік шарттарының
мониторингін жүргізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларының іске
асырылу мониторингін жүргізу
және бағалау мәселелерін
қамтитын мемлекеттік-
жекешелік әріптестік жобаларын
жоспарлау және іске асыру
қағидаларына
13-қосымша
Нысан

"________________________" мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың қорытындылары туралы ХАТТАМА 20___ жылғы "___" _________ №__

      № (конкурстың нөмірі) күні мен уақыты

      Конкурсты ұйымдастырушы: _______________________________________

      Конкурстық комиссияның құрамы:

ТАӘ

Ұйымдағы лауазымы

Комиссиядағы рөлі





      Лоттың № (бар болса) __________________________________________

      Лоттың атауы (бар болса) ________________________________

      Конкурсқа (лотқа) қатысуға ұсынылған өтінімдер туралы ақпарат (хронология бойынша): (өтінімдер саны)

Әлеуетті жекеше әріптестің атауы

БСН (ЖСН) / сәйкестендіру нөмірі

Өтінімді ұсыну күні мен уақыты (хронология бойынша)





      Біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімдер туралы ақпарат (бұл ақпарат конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарау туралы хаттама болған жағдайда орналастырылады) (өтінімдер саны):

Әлеуетті жекеше әріптестің атауы

БСН (ЖСН) / сәйкестендіру нөмірі

Өтінімді ұсыну күні мен уақыты (хронология бойынша)





      Конкурстық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері:

Әлеуетті жекеше әріптестің атауы, БСН (ЖСН)/ сәйкестендіру нөмірі


Комиссия мүшесінің ТАӘ**

Комиссия мүшесінің шешімі

Біліктілік талаптарына және/немесе конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмеу себептерінің толық сипаттамасы

Қабылдамау себептерінің негіздемесі

      Конкурсқа қатысуға қабылданбаған өтінімдердің қорытынды тізілімі (өтінімдер саны):

Әлеуетті жекеше әріптестің атауы

БСН (ЖСН)/ сәйкестендіру нөмірі

Ауытқудың себебі





      Конкурсқа қатысуға жіберілген өтінімдердің қорытынды тізілімі (өтінімдер саны):

Әлеуетті жекеше әріптестің атауы

БСН (ЖСН)/ сәйкестендіру нөмірі

Ескертпе





      Осы Қағидалардың __ тармағында көзделген өлшемшарттардың салыстырмалы мәнін осы конкурсқа қатысуға ұсынылған жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға арналған барлық конкурстық өтінімдерге қолдану нәтижелері туралы ақпарат:

Р/с № (ең жақсы ұсыныстан бастап)

Әлеуетті жекеше әріптестің атауы

БСН (ЖСН)/СТН/НП

Өлшемшарттар




Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді төлеу көлемі

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді төлеу мерзімі

Жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін тартуға жататын қаражатының көлемі







      Кестенің жалғасы

Өлшемшарттар

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін салу, құру, реконструкциялау, жаңғырту және (немесе) пайдалану мерзімдері (айлар, жылдар)

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін салу, құру, реконструкциялау, жаңғырту және (немесе) пайдалану құны

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты объектісінің техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген қызметті жүзеге асыру кезінде өндірілетін тауарларға, орындалатын жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге шекті бағалар (тарифтер), осындай бағаларға (тарифтерге) үстемелер

Жекеше әріптес өзіне қабылдайтын тәуекелдер

Жергілікті қамту үлесі бойынша ақпарат

Іске асырылған жобалардың тәжірибесі (Конкурстық құжаттамада көрсетілген объектіге ұқсас объектілерді салу, құру, реконструкциялау, жаңғырту және (немесе) пайдалану тәжірибесінің болуы (дербес не қатысушы ретінде өзге тұлғалармен бірлесіп))

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын дайындауға қатысу дәрежесі









      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт жасасу талаптары бойынша келіссөздер нәтижесінде қабылданбаған әлеуетті жекеше әріптестердің тізбесі:

Әлеуетті жекеше әріптестің атауы

БСН (ЖСН)/ сәйкестендіру нөмірі

Қабылданбау себебі





      Конкурстық комиссияның шешімі:

      1. Жеңімпаз болып анықталсын: (жеңімпаздың әлеуетті жекеше әріптесінің БСН/ЖСН атауы).

      2. Мемлекеттік әріптес (атауы) мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шартты (БСН/ЖСН, жеңімпаздың әлеуетті жекеше әріптесінің атауы) жасассын.

      Немесе:

      Конкурс (жобаның атауы) мыналарға байланысты өтпеді деп танылсын _____________________ *:

      Конкурстық комиссияның шешімі:

      1. №___ лот бойынша жеңімпаз болып айқындалсын: (жеңімпаз әлеуетті жекеше әріптестің БСН/ЖСН, атауы).

      2. Мемлекеттік әріптес (атауы) (жеңімпаз әлеуетті жекеше әріптестің БСН/ЖСН атауы) мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт жасассын.

      Немесе:

      №___ лот бойынша конкурс (жобаның атауы) мыналарға байланысты өтпеді деп танылсын: _____________________ *:

      Ескертпе:

      *Мына мағыналардың бірі: "ұсынылған өтінімдердің болмауы", "екіден аз өтінімнің берілуі", "бірде-бір әлеуетті жеткізуші конкурсқа қатысуға жіберілмеген", "бір әлеуетті жеткізуші конкурсқа қатысуға жіберілген". Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ТАӘ – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).

  Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын
жоспарлау, жекеше әріптесті
айқындау жөнінде конкурс
(аукцион) және тікелей
келіссөздер жүргізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік шарттарының
мониторингін жүргізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларының іске
асырылу мониторингін жүргізу
және бағалау мәселелерін
қамтитын мемлекеттік-
жекешелік әріптестік
жобаларын жоспарлау және
іске асыру қағидаларына
14-қосымша

Техникалық тапсырманы жасауға арналған нұсқаулық

      1. Техникалық тапсырма осы Нұсқаулыққа сәйкес әлеуетті жекеше әріптестердің техникалық ұсыныстар әзірлеуі үшін екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың бірінші кезеңінде жасалады.

      Техникалық тапсырмаға уәкілетті тұлғаның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам не ол уәкілеттік берген адам қол қояды.

      2. Техникалық тапсырмада:

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының мақсаты;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің сипаттамасы;

      әлеуетті жекеше әріптестердің техникалық ұсыныстарды ұсынуының талаптары мен нысаны;

      Қазақстан Республикасының ұлттық және үкіметтік емес стандарттарының техникалық ұсыныстарын әзірлеу кезінде қолдану туралы талап (олар болған кезде);

      техникалық ұсыныстарды ұсыну мерзімі;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына (мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құруға, оны пайдалануға) жұмсалатын шығындардың алдын ала мөлшерін айқындау жөніндегі талап;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға байланысты өзге де талаптар көрсетіледі.

      3. Қажет болған жағдайда техникалық тапсырмаға:

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға байланысты тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптар;

      әлеуетті жекеше әріптестердің біліктілігі мен тәжірибесіне қойылатын талаптар;

      және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға байланысты өзге де талаптар қосылады.

      4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ерекшелігіне қарай техникалық тапсырма Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға, мемлекеттік құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының басқа да талаптарына қайшы келмеуге тиіс.

      5. Техникалық тапсырманы әзірлеу үшін уәкілетті тұлға қажет болған жағдайда сараптама комиссиясын құрады не сарапшыны тартады.

  Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын
жоспарлау, жекеше әріптесті
айқындау жөнінде конкурс
(аукцион) және тікелей
келіссөздер жүргізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік шарттарының
мониторингін жүргізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларының іске
асырылу мониторингін жүргізу
және бағалау мәселелерін
қамтитын мемлекеттік-
жекешелік әріптестік
жобаларын жоспарлау және
іске асыру қағидаларына
15-қосымша
Нысан

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспардың құрылымы

Атауы

Толтыру бойынша ұсынымдар

Жобаның түйіндемесі

1. Жобаның сипаттамасы

1.1. Жобаның мақсаттары мен міндеттері

жобаның толық атауы, жобаның мақсаттары мен міндеттері, жобаның мәні көрсетіледі

1.2. Іске асыру орны

жобаны іске асыру орны көрсетіледі

1.3. Жобаның құны және қаржыландыру көздері

жобаның құны және қаржыландыру көздері көрсетіледі

1.4. Мерзімдері мен кезеңдері іске асыру

жобаны іске асыру мерзімдері мен кезеңдері көрсетіледі

1.5. Жобаның нәтижесі

жобаның түпкілікті нәтижесі көрсетіледі

2. Жоба бастамашысының сипаттамасы

2.1. Жобаның бастамашысы

мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бастамашысының атауы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бастамашысының өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, байланыс телефоны және электрондық поштасының мекенжайы (мекенжайлары); заңды тұлғаның даму тарихы, құрылтайшылар туралы мәліметтер (жаңадан құрылған заңды тұлғалар үшін) немесе консорциумға қатысушылардың әрқайсысы туралы (егер жоба консорциумның бастамасымен болса), мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының бизнес-жоспарын әзірлеу кезіндегі заңды тұлғаның жағдайы көрсетіледі

2.2. Ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесі

жоба бастамашысының тәжірибесі көрсетіледі (экономиканың осы саласында (аясында) ұқсас жобаларды іске асырудың халықаралық және/немесе қазақстандық тәжірибесі)

2.3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі және мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің құрамына кірмейтін өзге де мүлік туралы ақпарат

мыналар:
1) "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабын қолдану негіздемесі (пайдалану барысында өтінім беру сәтінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер өндіретін объектінің бірегейлігін растау);
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің және мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің құрамына кірмейтін (меншік, баланс ұстаушы, шектеулер мен ауыртпалықтар), бірақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасында пайдаланылатын өзге де мүліктің құқықтық мәртебесі.
мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін реконструкциялау, жаңғырту және күрделі жөндеу кезінде оның ретроспективасы (объектіні пайдалануға беру күні, реконструкциялау, жаңғырту, күрделі жөндеу бойынша жүргізілген жұмыстар және осы объектіге байланысты басқа да мәліметтер) қоса беріледі.
Археологиялық және мемлекет ерекше қорғайтын өзге де объектілердің жоспарланған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының мәселелері қозғалған жағдайда, осы объектілердің жай-күйі, сондай-ақ оларға мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ықпал етуі туралы мәліметтер келтіріледі.

3. Маркетингтік бөлім

мыналар:
3.1. Ұсынылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызмет түрлері;
3.2. Нарықтың сипаттамасы және оның даму перспективалары:
- тұтынушыларды талдау:
өнімге (қызметке) қойылатын талаптар және оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері;
- бәсекелестерді талдау және сипаттау;
3.3. SWOT-талдау (Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде болжанатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің ықтимал күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін айқындау және бағалау);
3.4. Тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) өндірушілер – табиғи монополиялар субъектілері үшін баға белгілеу саясаты көрсетіледі

4. Ұйымдастыру жоспары

мыналар:
4.1. Осы жобаға құқықтық күші мен қатысы бар заңнамалық, нормативтік және басқа құжаттар;
4.2. Жобаны іске асыру кестесі;
4.2. Инвестициялық және инвестициядан кейінгі кезеңде тараптардың өзара іс-қимыл тетіктері, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының әрбір тарапының, оның ішінде үшінші тұлғалардың (тараптардың өзара іс-қимыл схемасын қоса бере отырып) жауапкершілігі туралы ақпарат көрсетіледі

5. Өндірістік бөлім

мыналар:
5.1. Кәсіпорынның географиялық жағдайы, көлік жолдары, коммуникациялардың болуы (оның ішінде жобаны іске асыру үшін қолданыстағы және/немесе қажетті инженерлік-көлік инфрақұрылымы (теміржол магистральдары, автомобиль жолдары, құбырлар, электр және жылу желілері, су құбырлары, газ құбырлары және басқа да инфрақұрылым) туралы ақпарат;
5.2. Әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалардың болуы туралы мәліметтер;
5.3. Технология (оның ішінде енгізуге жоспарланған технологиялық инновациялар туралы мәліметтер) және жабдықтың сипаттамасы;
5.4. Алаңдарға қажеттілік (мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру нәтижесінде құрылатын объектінің жоспарланатын физикалық параметрлері мен техникалық сипаттамалары, оның ішінде жоспарланатын өндірістік қуаты);
5.5. Өндірістік персоналға қажеттілік (саны, мамандануы, біліктілігі);
5.6. Өндіріс көлемі (тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер өндірісінің өндірістік циклінің сипаттамасы, жылу және электр желілерін, газ тарату жүйелерін, сондай-ақ жоба табиғи монополиялар салаларына тиесілі болған жағдайда сумен жабдықтау және кәріз желілерін дамыту);
5.7. Ауыспалы және тұрақты шығындарды есептеу көрсетіледі

6. Қаржы бөлімі

мыналар:
6.1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы шеңберінде салуға жоспарланатын инвестициялар көлемі;
6.2. Тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) елдегі, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға әсері туралы есептер мен мәліметтердің негіздемелерін қоса бере отырып, көрсетілетін, оның ішінде табиғи монополиялар саласына жататын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) алдын ала есептеулері;
6.3. Сұратылатын мемлекеттік қолдаудың шаралары мен жеке әріптестің шығындарын өтеу және кірістер алу көздері, оның ішінде сұратылатын түрлері, көлемдері, оларды беру мерзімдері мен шарттары;
6.4. Пайда мен залал туралы есептің болжамы;
6.5. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептің болжамы көрсетіледі; мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына осы бизнес-жоспарда көзделген ақпаратты растайтын және ашатын қаржы-экономикалық модельдер, графиктер, диаграммалар, суреттер және өзге де материалдар қоса беріледі

7. Жобаның тиімділігін бағалау

мыналар:
7.1. Қаржылық бағалаудың (өтелімділік, рентабельділік) қарапайым әдістері арқылы жобаны талдау;
7.2. Дисконттау әдістері арқылы жобаны талдау (таза келтірілген құн (NPV – Net present value); ішкі кірістілік нормасы (IRR-internal rate of return,);
7.3. Шығынсыздықты талдау;
7.4. Жобаның сезімталдығын талдау;
7.5. Осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау әдістемесіне сәйкес әлеуметтік-экономикалық тиімділікті бағалау көрсетіледі

8. Тәуекелдер және тәуекелді төмендететін факторлар

осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тәуекелдерін бөлу және бағалау әдістемесіне сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тәуекелдерін бөлу мен бағалауды талдау көрсетіледі

Қосымшалар

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына осы бизнес-жоспарда көзделген ақпаратты растайтын және ашатын материалдар қоса беріледі

  Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын
жоспарлау, жекеше әріптесті
айқындау жөнінде конкурс
(аукцион) және тікелей
келіссөздер жүргізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік шарттарының
мониторингін жүргізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларының
іске асырылу мониторингін
жүргізу және бағалау
мәселелерін қамтитын
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын жоспарлау
және іске асыру қағидаларына
16-қосымша
Нысан

"________________________" мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ 20___ жылғы "___" _________ №__

      Тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы: _________________________________

      Әлеуетті жекеше әріптес: __________________________________

      Тікелей келіссөздерді жүргізу күні: "___" ___________ 20__ жылдың

      Төрағалық еткен: ____________________________________________

      Хатшы: ______________________________________________________

      Конкурстық комиссияның құрамы:

ТАӘ

Ұйымдағы лауазымы

Комиссиядағы рөлі





      КҮН ТӘРТІБІ: _______________________________________________

      Сөз сөйледі:_________________________________________________

      Дауыс беру нәтижелері:

      "Қолдағандар" - _______ дауыс

      "Қарсы" - _____ дауыс

      "Қалыс қалды" - _____ дауыс

      Дауыс беру нәтижелері бойынша конкурстық комиссия ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:_______________________________________________________

      Конкурстық комиссия мүшелерінің қолдары:

      Конкурстық комиссияның төрағасы_________________ТАӘ, лауазымы

      Конкурстық комиссияның мүшесі __________________ТАӘ, лауазымы

      Конкурстық комиссияның мүшесі __________________ТАӘ, лауазымы

      Конкурстық комиссияның мүшесі __________________ТАӘ, лауазымы

      Конкурстық комиссияның хатшысы ________________ТАӘ, лауазымы

      Осы хаттамаға ерекше пікірлер қоса беріледі _____________

      (ерекше пікір білдірген Комиссия мүшелерінің ТАӘ) _____ парақта.

      Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ТАӘ – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).

  Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын
жоспарлау, жекеше әріптесті
айқындау жөнінде конкурс
(аукцион) және тікелей
келіссөздер жүргізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік шарттарының
мониторингін жүргізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларының іске
асырылу мониторингін жүргізу
және бағалау мәселелерін
қамтитын мемлекеттік-
жекешелік әріптестік
жобаларын жоспарлау және іске
асыру қағидаларына
17-қосымша
Нысан

Мемлекеттік меншікке байланысты мүліктік сипаттағы мәмілелер туралы есеп

Р/с№

Мәміле түрі (қосалқы жалдау, кепіл, жақсарту, иеліктен шығару)

Мәміленің деректемелері

Мәміленің нысанасы болып табылатын мемлекеттік мүліктің сипаттамасы мен құны

шарттың нөмірі мен күні

мәміле тараптары

мәмілені орындау мерзімдері

мәміледе көзделген төлем шарттары немесе төлемдерді енгізу тәртібі








  Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын
жоспарлау, жекеше әріптесті
айқындау жөнінде конкурс
(аукцион) және тікелей
келіссөздер жүргізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік шарттарының
мониторингін жүргізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларының
іске асырылу мониторингін
жүргізу және бағалау
мәселелерін қамтитын
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын жоспарлау
және іске асыру қағидаларына
18-қосымша
Нысан

20 _ __ жылдың қорытындысы бойынша (мерзімдері мен мазмұны бойынша) _____________ (жобаның атауы) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының іске асырылуын мониторингтеу бойынша ақпарат

Атауы

жоспар

факт

ауытқу себептері

1.

Жер учаскесінің берілген күні




2.

Инженерлік және көліктік коммуникациялармен қамтамасыз етілген күні




3.

Құрылысқа рұқсаттың және өзге де рұқсаттардың берілген күндері




4.

Қаржылық жабу күні: жобаны қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету




5.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің құны (мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін салу/реконструкциялау/күрделі жөндеу/жаңғырту құны, көрсетілетін қызметтердің құны (сервистік келісімшарттар бойынша)




6.

Инвестициялық кезеңнің басталу күні




7.

Инвестициялық кезеңнің аяқталу күні




8.

Пайдалану кезеңінің басталу күні




9.

Пайдалану кезеңінің аяқталу күні




10.

Объектінің пайдалануға берілген күні
(Мүліктік кешендер үшін әрбір объект үшін жеке-жеке көрсетіледі)




11.

Объектінің мемлекеттік меншікке қабылданған күні




12.

Жекеше әріптеске құқықтарды (пайдалану, иелену) беру күні




13.

мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінде пайдалану кезеңінде жұмыс істейтін жекеше әріптес персоналының штат саны, бірлік




14.

мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінде пайдалану кезеңінде жұмыс істейтін мемлекеттік әріптес персоналының штат саны, бірлік




15.

Объектінің қуаты
Мүліктік кешендер жағдайында әрбір объект үшін жеке-жеке көрсетіледі.

объектінің атауы




өлшем бірлік

сандық мәнде

16.

Мемлекеттік әріптестің Шарт бойынша міндеттемелерін орындауы, оның ішінде Шарттың "Мемлекеттік әріптестің құқықтары мен міндеттері" бөлімі.
Бірнеше мемлекеттік әріптес қатысқан жағдайда әрқайсысы үшін жеке-жеке көрсетіледі.

инвестициялық кезеңде:

1)
2)

n) 

1)
2)

n)


инвестициядан кейінгі/пайдалану кезеңінде:

17.

Жекеше әріптестің Шарт бойынша міндеттемелерін орындауы: оның ішінде Шарттың "Жекеше әріптестің құқықтары мен міндеттері" бөлімі.
Пайдалану кезеңінде жекеше әріптестен басқа, оператор, өзге де пайдаланушы ұйым және т.б. қатысқан жағдайда, әрқайсысы үшін жеке-жеке көрсетіледі

инвестициялық кезеңде:

1)
2)

n) 

1)
2)

n)


инвестициядан кейінгі/пайдалану кезеңінде:

1)
2)

n) 

1)
2)

n)

18.

Шартқа сәйкес жекеше әріптес қызметінің сапа көрсеткіштері, оның ішінде көрсетілетін қызметтер сапасының индикаторлары және толық пайдалануға дайын болу өлшемшарттары.
Шарттың талаптарына сәйкес тиісті есеп(-тер) қоса беріледі




19.

Тікелей нәтиженің көрсеткіштері

мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына/конкурстық құжаттамаға/жоба бойынша бизнес-жоспарға/тұжырымдамаға сәйкес толтырылады

Әрбір тармақ бойынша сандық көрсеткіштер көрсетіледі


20.

Түпкілікті нәтиженің көрсеткіштері

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына/конкурстық құжаттамаға/жоба бойынша бизнес-жоспарға/тұжырымдамаға сәйкес толтырылады

Әрбір тармақ бойынша сандық көрсеткіштер көрсетіледі


21.

Жоба мақсаттарының қол жеткізілуі/сақталуы

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына/конкурстық құжаттамаға/жоба бойынша бизнес-жоспарға/тұжырымдамаға сәйкес толтырылады

Әрбір тармақ бойынша сандық көрсеткіштер көрсетіледі


Жоба бойынша өзге де мәліметтер

22.

Жобаны іске асырудың проблемалық мәселелері, оның ішінде сот процестері, тәуекелдер

Қабылданған шешімдердің себептерінің сипаттамасы растайтын құжаттама, оның ішінде анықтамалық құжаттама беріледі

23.

Есепті кезең ішінде бұзылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша

Бұзылу негіздерінің, себептерінің, мемлекеттік әріптес қабылдаған әлеуметтік қызметтерді көрсетудің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында жобаны одан әрі іске асыру тетігіне қатысты шешімдердің егжей-тегжейлі сипаттамасы. Растайтын құжаттама, оның ішінде анықтамалық құжаттама ұсынылады

24.

Есепті кезең ішінде аяқталған жобалар және аяқталу сатысындағы (пайдаланудың соңғы жылы) жобалар бойынша

мыналар:
- қойылған мақсаттарға, міндеттерге, нәтижелерге қол жеткізудің/орындаудың егжей-тегжейлі сипаттамасы. Қол жеткізілмеген/орындалмаған жағдайда, себептері көрсетіледі.
- әлеуметтік қызметтерді (мемлекеттік-жекешелік әріптестік, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттің қызметтер көрсетуі, өзгелері) көрсетудің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында жобаны одан әрі іске асырудың таңдалған тетігі. көрсетіледі

25.

мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген өзге де есептер

Мониторинг бойынша есептің атауларын және қосымшаларын тізіп шығу талап етіледі

      Толтырылған күні: _______________________

      Салалық мемлекеттік органның мониторинг бойынша есепті толтырған жауапты

      маманының ТАӘ, лауазымы: __________________________

      (қолы, мөрі) ______________

      байланыс телефонының нөмірі: _______________________

      Мониторинг бойынша есепті толтырған салалық мемлекеттік орган басшысының

      ТАӘ, лауазымы: _______________________

      (қолы, мөрі)

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыратын жекеше әріптеспен келісу:

      Келісу күні: _______________________

      Жауапты тұлғаның/жекеше әріптес өкілінің ТАӘ, лауазымы:

      _________________________________________________

      (қолы, мөрі)

      жекеше әріптестің байланыс телефонының нөмірі _______________________

      Ескертпе:

      *Нақты мәндегі әрбір толтырылған тармаққа мониторинг бойынша есепке растайтын құжаттама қоса беріледі.

      20 _ __ жылдың қорытындысы бойынша (қаржылық көрсеткіштер бойынша)

      _____________ (жобаның атауы) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының іске

      асырылуын мониторингтеу бойынша ақпарат

Атауы


жыл

жыл

1.

Инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерліктері, мың теңге

жоспар




факт




бас тарту себебі




2.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қаржыландыру үшін тартылатын қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер, мың теңге

жоспар




факт




бас тарту себебі




3.

Мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды беру, мың теңге

жоспар




факт




бас тарту себебі




4.

Заттай гранттар, мың теңге

жоспар




факт




бас тарту себебі




"Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қаржыландыру" бюджеттік бағдарламасы шеңберіндегі мемлекеттік міндеттемелер

5.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын бірлесіп қаржыландыру, мың теңге

қабылданды




орындалды




бас тарту себебі




6.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру барысында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтынуына кепілдік, мың теңге

қабылданды




орындалды




бас тарту себебі




7.

Инвестициялық шығындардың өтемақысы, мың теңге

қабылданды




орындалды




бас тарту себебі




8.

Операциялық шығындардың өтемақысы, мың теңге

қабылданды




орындалды




бас тарту себебі




9.

Басқару үшін сыйақылар, мың теңге

қабылданды




орындалды




бас тарту себебі




10.

Қолжетімділік үшін төлем, мың теңге

қабылданды




орындалды




бас тарту себебі




11.

Жалдау ақысы, мың теңге

қабылданды




орындалды




бас тарту себебі




Шығындарды өтеудің және кірістер алудың өзге де көздері

12.

Мемлекеттік тапсырыс/Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және бюджеттен төленетін басқа да төлемдер, мың теңге

жоспар




факт




бас тарту себебі




13.

Субсидиялар, мың теңге

жоспар




факт




бас тарту себебі




14.

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді (жекеше әріптестің) өткізуден түсетін кірістер, мың теңге

жоспар




факт




бас тарту себебі




15.

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді (мемлекеттік әріптестің) өткізуден түсетін кірістер, мың теңге

жоспар




факт




Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қаржыландыру көздері

16.

Жекеше әріптестің меншікті қаражаты, мың теңге

жоспар




факт




бас тарту себебі




17.

Жекеше әріптестің қарыз қаражаты, мың теңге

жоспар




факт




бас тарту себебі




Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына салынған жеке инвестициялардың көлемі

18.

инвестициялық шығындар, жекеше әріптестің күрделі шығыстары, мың теңге

жоспар
(мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына, қаржы-экономикалық моделге сәйкес)




факт (растайтын құжаттарды (жобалау-сметалық құжаттама, орындалған жұмыстардың актілері, басқалары) ұсына отырып)




бас тарту себебі




Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде жекеше әріптестің пайдалану /инвестициядан кейінгі кезеңдегі шығыстары

19.

Операциялық шығыстар, мың теңге

жоспар
(мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына, қаржы-экономикалық моделге сәйкес)




факт (растайтын құжаттарды (жобалау-сметалық құжаттама, орындалған жұмыстардың актілері, басқалары) ұсына отырып)




бас тарту себебі




Бюджетке және бюджеттен тыс қорларға аударымдар

20.

Жекеше әріптестің жоба бойынша есепті кезеңдегі салықтық аударымдары

жоспар




факт




бас тарту себебі




21.

Бюджеттен тыс қорларға аударымдар

жоспар




факт




бас тарту себебі




      Толтырылған күні: _______________________

      Салалық мемлекеттік органның мониторинг бойынша есепті толтырған жауапты

      маманының ТАӘ, лауазымы: __________________________

      (қолы, мөрі) ______________

      байланыс телефонының нөмірі: _______________________

      Мониторинг бойынша есепті толтырған салалық мемлекеттік орган басшысының

      ТАӘ, лауазымы: _______________________

      (қолы, мөрі)

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыратын жекеше әріптеспен келісу:

      Келісу күні: _______________________

      Жауапты тұлғаның/жекеше әріптес өкілінің ТАӘ, лауазымы:

      _________________________________________________

      (қолы, мөрі)

      жекеше әріптестің байланыс телефонының нөмірі _______________________

      Ескертпе:

      *Нақты мәндегі әрбір толтырылған тармаққа мониторинг бойынша есепке растайтын құжаттама қоса беріледі.

  Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын
жоспарлау, жекеше әріптесті
айқындау жөнінде конкурс
(аукцион) және тікелей
келіссөздер жүргізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік шарттарының
мониторингін жүргізу,
мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларының іске
асырылу мониторингін жүргізу
және бағалау мәселелерін
қамтитын мемлекеттік-
жекешелік әріптестік
жобаларын жоспарлау және
іске асыру қағидаларына
19-қосымша

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын басқару бойынша өңірлердің рейтингін есептеу

      1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын басқару бойынша өңірлер рейтингінің (бұдан әрі – өңірлер рейтингі) көрсеткішін есептеу мына формула бойынша айқындалады:

     


      Ri – i-ші өңірдің қорытынды рейтингтік көрсеткіші;

      PIi – i-ші өңірдің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жеке инвестициялардың қабылданған мемлекеттік міндеттемелерге арақатынасы үшін балдар;

      Mi – i-ші өңірдің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын мониторингтеу бойынша ақпаратты Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығына уақтылы ұсынғаны үшін балдар;

      Di – i-ші өңірдің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша сұратылған құжаттар пакетін ұсынудың толықтығы үшін балдар;

      ni – i-ші өңірдің жобаларының жалпы саны.

      1) Жеке инвестициялардың қабылданған мемлекеттік міндеттемелерге арақатынасы үшін балдар мына формула бойынша айқындалады:

     


      PIi – i-ші өңірдің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жеке инвестициялардың қабылданған мемлекеттік міндеттемелерге арақатынасы үшін;

      Ij – j жобасы бойынша жеке инвестициялардың сомасы;

      GOj – бірлесіп қаржыландыруды ескергенде j жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелердің сомасы;

      BpI – мемлекеттік міндеттемелерге жеке инвестициялар сомасының салмақтық коэффициенті;

      ni – i өңіріндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының саны.

      Мемлекеттік міндеттемелері бар жобалар үшін BpI 60-қа тең. Жеке инвестициялардың мемлекеттік міндеттемелерге арақатынасы бірден асатын жобалар үшін PIi ең жоғары мөлшер 60 балды құрайды.

      Мемлекеттік міндеттемелері жоқ жобалар үшін PIi мөлшері жеке инвестициялардың көлеміне байланысты:

мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы
жеке инвестицияларының сомасы, мың теңге




0 – 1 000

0


1 001 – 10 000

10


10 001 – 100 000

20


100 001 – 500 000

40


500 000-нан астам

60


      2) Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын мониторингтеу (бұдан әрі – мониторинг) бойынша ақпаратты уақтылы ұсынғаны үшін балдар мынадай формула бойынша айқындалады:

     


      Mj – осы Қағидалардың 264-тармағының талаптарына сәйкес i-ші өңірдің j жобасы бойынша Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығына мониторингті уақтылы ұсынғаны үшін балдар;

      ni – i өңіріндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының саны.

      Әрбір j жобасына мониторингті ұсынудың нақты мерзіміне байланысты мына мәндердің бірі беріледі:

      уақтылы - 20 балл;

      белгіленген мерзімнен кейін - 10 балл;

      ұсынылмаған - 0 балл.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша:

      - осы Қағидалардың 270-тармағының 1) тармақшасы, 1 мамырдан кейін ұсынылған,

      - осы Қағидалардың 270-тармағының 2) тармақшасы, 1 қарашадан кейін ұсынылған мониторинг,

      рейтингті есептеген кезде ескерілмейді.

      3) i-ші өңірдің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша құжаттар пакетін ұсынудың толықтығы үшін балдар мына формула бойынша айқындалады:

     


      Dj – i-ші өңірдің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша сұратылған құжаттар пакетін ұсынудың толықтығы үшін балдар; 

      ni – i өңіріндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының саны.

      Әрбір j жобасына ұсынылған құжаттар пакетінің жинақылығына байланысты мына мәндердің бірі беріледі:

      құжаттардың толық пакеті - 20 балл;

      құжаттардың толық емес пакеті - 10 балл;

      ұсынылмаған – 0 балл.

      2. Өлшемшарттардың мәндерін бағалау мынадай мәліметтер негізінде жүзеге асырылады:

      1) 096 бюджеттік бағдарлама, сондай-ақ бірлесіп қаржыландыру шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелерге жеке инвестициялардың арақатынасы. Бұл ретте, жекеше әріптестің тартылған инвестициялары мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезеңінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне жұмсалуы жоспарланып отырған күрделі шығыстар (ақшалай, мүліктік) болып табылады;

      2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын мониторингтеу бойынша ақпаратты мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығына ұсынудың уақтылылығы жергілікті атқарушы органдардың Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығының атына мониторинг қоса берілген ресми ілеспе хаттары негізінде айқындалады;

      3) құжаттар пакетін ұсынудың толықтығы жергілікті атқарушы органдардың Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығының атына сұратылған құжаттар пакетін қоса бере отырып, жолданған ресми ілеспе хаттарының негізінде айқындалады. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы сұратылатын құжаттардың атауын, санын, форматын және оларды ұсыну мерзімдерін айқындайды.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 16 маусымдағы
№ 52 Бұйрыққа
2-қосымша

Тиісті саланың орталық уәкілетті мемлекеттік органдары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары, мемлекеттік әріптестер және Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы жүзеге асыратын мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жоспарланатын және іске асырылатын жобалары туралы, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталын пайдалану арқылы ақпараттық қамтамасыз ету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Тиісті саланың орталық уәкілетті мемлекеттік органдары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары, мемлекеттік әріптестер және Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы жүзеге асыратын мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жоспарланатын және іске асырылатын жобалары туралы, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталын пайдалану арқылы ақпараттық қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және тиісті саланың орталық уәкілетті мемлекеттік органдары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары, мемлекеттік әріптестер және Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы жүзеге асыратын мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жоспарланатын және іске асырылатын жобалары туралы, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталын пайдалану арқылы ақпараттық қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Ведомствоаралық жобалау тобы – Ведомствоаралық жобалау тобын қажет болған кезде уәкілетті тұлғалар ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандарын, тәуелсіз сарапшыларды, жобалау, инжинирингтік және басқа да компанияларды, мүдделі және уәкілетті мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін, кәсіпкерлік субъектілерін тарту арқылы жобаны басқарудың сапасын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жоспарлау сатысында құрады;

      2) жоспарлау кезеңіндегі уәкілетті тұлға (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға мүдделі мемлекеттік орган, мемлекеттік мекеме, мемлекеттік кәсіпорын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан астам пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестік, акционерлік қоғам;

      3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталы – мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған жинауға, өңдеуге, сақтауға, жекеше әріптесті айқындауға, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын мониторингтеуге, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған ақпараттық-коммуникациялық платформа.

      3. Уәкілетті тұлғалар мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталында орналастыру үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығына ақпарат береді, осындай ақпараттың уақтылығын, толықтығын, сапасы мен анықтығын, сондай-ақ қазақ, орыс және өзге тілдегі (қажет болған кезде) ақпарат мәтінінің теңтүпнұсқалығын қамтамасыз етеді.

      4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталында мынадай ақпарат орналастырылады:

      1) Ведомствоаралық жобалау тобын құру туралы, сондай-ақ оның құрамын өзгерту туралы шешім тиісті шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде;

      2) жоспарланып отырған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы туралы қызығушылық білдіру сұрау салуы орналастырылады.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы туралы қызығушылық білдіру сұрау салуын уәкілетті тұлғалар орналастырады;

      3) қорытынды шығарылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде конкурстық құжаттамаға салалық қорытынды;

      4) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама орналастырылады.

      Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарламаны конкурсты ұйымдастырушы орналастырады;

      5) конкурстық құжаттаманы конкурсты ұйымдастырушы орналастырады;

      6) мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың нәтижелері, сондай-ақ жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурстың нәтижелері туралы мәліметтер орналастырылады.

      Мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың нәтижелері, сондай-ақ жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурстың нәтижелері туралы мәліметтерді конкурсты ұйымдастырушы орналастырады;

      7) енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескерілген конкурстық құжаттама бекітілген күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде;

      8) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамалар біліктілік іріктеудің алдын ала нәтижелерін алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде;

      9) соттардың әлеуетті жекеше әріптесті жосықсыз қатысушы деп тану туралы шешімдері осындай шешімдер күшіне енген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      10) аукционның күшін жою туралы ақпарат Комиссия тиісті шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      11) екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландырулар;

      12) тікелей келіссөздер жүргізуге арналған өтінімді қарауға қабылдау туралы хабарлама осы өтінім қарауға қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде;

      13) ашық талқылауларды өткізу регламенті бекітілген күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде;

      14) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы ақпарат жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу күніне дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын;

      15) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың нәтижелері туралы, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу туралы мәліметтер мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын тіркеу күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде орналастырылады.

2-тарау. Тиісті саланың орталық уәкілетті мемлекеттік органдары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары, мемлекеттік әріптестер және Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы жүзеге асыратын мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жоспарланатын және іске асырылатын жобалары туралы, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталын пайдалану арқылы ақпараттық қамтамасыз ету тәртібі

      5. Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жоспарланатын және іске асырылатын жобалары туралы ақпараттық қамтамасыз етуді тиісті саланың орталық уәкілетті мемлекеттік органдары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары, мемлекеттік әріптестер және мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығы жүзеге асырады.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жоспарланатын және іске асырылатын жобалары туралы ақпараттық қамтамасыз ету мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

      6. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс (аукцион) және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мониторингін жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының 35, 36-тармақтарына сәйкес тиісінше мемлекеттік инвестициялық жобаны әзірлеген мемлекеттік орган мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың орындылығы туралы бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті органның оң экономикалық қорытындысын алған күннен бастап не жеке бастама туралы өтінішті немесе тікелей келіссөздерге бастамашылық жасауға арналған өтінімді қабылдаған уәкілетті тұлға қорытынды берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жобаны жоспарланатын және іске асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар тізбесіне қосу үшін Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығына осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес ақпаратты жібереді.

      7. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген жобалар тізбесіндегі ақпаратты өзекті ету үшін уәкілетті тұлғалар (мемлекеттік әріптестер) ай сайын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша ақпаратты, мемлекеттік міндеттемелер мен бюджеттен төленетін төлемдерді өтеу графигін қазақ және орыс тілдерінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысанда:

      республикалық жобалар бойынша – бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органды бір мезгілде хабардар ете отырып, есепті айдан кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне дейінгі мерзімде мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығына;

      жергілікті жобалар бойынша – Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының аумақтық бөлімшелерін (филиалдарын/ өкілдіктерін) бір мезгілде хабардар ете отырып, есепті айдан кейінгі айдың 5 (бесінші) күніне дейінгі мерзімде бюджет саясаты жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады. Бюджет саясаты жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ұсынылған ақпаратты жинақтайды және есепті айдан кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне дейінгі мерзімде көрсетілген ақпаратты бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органды және тиісті саланың орталық уәкілетті органын бір мезгілде хабардар ете отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығына жібереді

      8. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жоспарланатын және іске асырылатын жобалары мен мемлекеттік міндеттемелер туралы ақпаратты зерттеулер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу және тиісті жарияланымдар үшін пайдаланады.

  Тиісті саланың орталық
уәкілетті мемлекеттік
органдары, облыстардың,
республикалық маңызы бар
қалалардың және астананың
жергілікті атқарушы органдары,
мемлекеттік әріптестер
және Мемлекеттік-жекешелік
әріптестікті дамыту орталығы
жүзеге асыратын мемлекеттік-
жекешелік әріптестіктің
жоспарланатын және іске
асырылатын жобалары туралы,
оның ішінде мемлекеттік-
жекешелік әріптестік веб-
порталын пайдалану
арқылы ақпараттық қамтамасыз
ету қағидаларына қосымша
Нысан

      _______________________________ (ақпаратты ұсынудың есепті күні көрсетіледі) жағдай бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша ақпарат

Р/с №

Өңір (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана), орталық мемлекеттік орган

Мемлекеттік әріптес/тер (ұйымдардың атауы)

Конкурсты немесе тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы

Жекеше әріптес (ұйымның атауы, ЖСН/ БСН)

Жоба

Мәртебесі

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының экономика саласы (аясы) (ЭҚЖЖ)

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының деңгейі (республикалық; жергілікті)

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының атауы

Объектінің түрі

(жоспарланатын: инвестициялық ұсынысты әзірлеу/сараптау; жоспарланатын: жобаны Мәслихатқа/ ОБК-ға шығару; жоспарланатын: жобаны консультациялық сүйемелдеуге заңды тұлғаны айқындау; жоспарланатын: мүдделерін білдіруді сұрау; жоспарланатын: конкурстық құжаттаманы әзірлеу; жоспарланатын: конкурстық құжаттаманы сараптау; жоспарланатын: конкурс/ келіссөздер; іске асырылатын: қаржылық жабу; іске асырылатын: ҚМЖ; іске асырылатын: пайдалануға беру)



1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

      Кестенің жалғасы

Бастама түрі (мемлекеттік (конкурс түрі) немесе жеке

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу күні (00.00.0000)

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын қазынашылық органдарында тіркеу күні (00.00.0000)

Қосымша келісімдерді жасау және тіркеу күні (бар болса) (00.00.0000)

Жобаның қуаты

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезеңі

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын тоқтату

инвестициялық кезең

пайдалану кезеңі


басы

с оңы

басы

соңы

күні (00.00.0000)

Себептерін көрсетілген негіздеме (бұзу, қолданылу мерзімінің аяқталуы, жекеше әріптестің таратылуы, өзге де жағдайлар)

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

      Кестенің жалғасы

Келісімшарт түрі (мемлекеттік-жекешелік әріптестік, концессия, сервистік келісімшарт)

Жобаның құны, мың теңге

Заңның 27-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік әріптестің қатысу нысаны

Жобаның жалпы құны (инвестициялық және пайдалану кезеңдеріндегі шығындар)

Мемлекеттік-жекешелік объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құны

Жобаның өзгертілген құны

22

23

24

25

26

      Кестенің жалғасы

Мемлекеттік қолдау шаралары

1) инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігі;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қаржыландыру үшін тартылатын қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер
3) мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтар беру

Заттай гранттар

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын бірлесіп қаржыландыру

Тұтыну кепілдігі

27

28

29

30

      Кестенің жалғасы

Шығындарды өтеу және кіріс алу көздері, мың теңгемен

Барлық жоспар

Барлық факт

ИШӨ

жыл

...

жыл

ИШӨ жоспары
жиыны

ИШӨ факт
жиыны

Жоспар

Факт

...

...

Жоспар

Факт

Жоспар

Факт

31

32

33

34

35

36

37

38

39

40

      Кестенің жалғасы

Шығындарды өтеу және кіріс алу көздері, мың теңгемен

ОШӨ

жыл

...

жыл

ОШӨ жоспары
жиыны

ОШӨ факт жиыны

Жоспар

Факт

...

...

Жоспар

Факт

Жоспар

Факт

41

42

43

44

45

46

47

48

      Кестенің жалғасы

Шығындарды өтеу және кіріс алу көздері, мың теңгемен


БҮС


жыл

...

Жыл

БҮС жоспары жиыны

БҮС факт жиыны

Жоспар

Факт

...

...

Жоспар

Факт

Жоспар

Факт

49

50

51

52

53

54

55

56

      Кестенің жалғасы

Шығындарды өтеу және кіріс алу көздері, мың теңгемен

ҚҮТ

жыл

...

жыл

ҚҮТ жоспары жиыны

ҚҮТ факт жиыны

Жоспар

Факт

...

...

Жоспар

Факт

Жоспар

Факт

57

58

59

60

61

62

63

64

      Кестенің жалғасы

Шығындарды өтеу және кіріс алу көздері, мың теңгемен

Жалдау ақысы

жыл

...

жыл

Жалдау ақысы жиыны жоспар

Жалдау ақысы жиыны факт

Жоспар

Факт

...

...

Жоспар

Факт

Жоспар

Факт

65

66

67

68

69

70

71

72

      Кестенің жалғасы

Шығындарды өтеу және кіріс алу көздері, мың теңгемен

мемлекеттік тапсырыс/ТМККК және бюджеттен төленетін басқа да төлемдер

жыл

...

жыл

Мемлекеттік тапсырыс/ ТМККК және бюджеттен төленетін басқа да төлемдер
жиыны жоспар

Мемлекеттік тапсырыс/ ТМККК және бюджеттен төленетін басқа да төлемдер жиыны факт

Жоспар

Факт

...

...

Жоспар

Факт

Жоспар

Факт

73

74

75

76

77

78

79

80

      Кестенің жалғасы

Шығындарды өтеу және кіріс алу көздері, мың теңгемен

Субсидиялар

жыл

...

жыл

Субсидия жиыны жоспар

Субсидия жиыны факт

Жоспар

Факт

...

...

Жоспар

Факт

Жоспар

Факт

81

82

83

84

85

86

87

88

      Кестенің жалғасы

Шығындарды өтеу және кіріс алу көздері, мың теңгемен

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сату

Валюталық өтеу кезінде төленген қаражат сомасы (мың теңгемен)

жыл

...

жыл

ТЖҚ іске асыру жиыны жоспар

ТЖҚ іске асыру жиыны
факт

Жоспар

Факт

...

...

Жоспар

Факт

Жоспар

Факт

89

90

91

92

93

94

95

96

97

      Кестенің жалғасы

Жобаның санаты (мемлекеттік бюджеттен жекеше әріптестің барлық шығындарын өтеуді талап ететін; мемлекеттік бюджеттен пайдалану шығындарын өтеуді талап ететін; мемлекеттік қолдаудың қандай да бір қаржылық шараларын және мемлекеттік бюджеттен шығындарды өтеу көздерін талап етпейтін)

Жоба бойынша ауытқулар мен проблемалар

Ілеспе ұйымды қоса алғанда, жауапты адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), байланыс құралдары

Мемлекеттік серіктестің/ конкурсты ұйымдастырушының сайтына сілтеме

Жоба бойынша жаңадан құрылған жұмыс орындары

жоспар

факт

98

99

100

101

102

103

      Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ЭҚЖЖ – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші;

      ИШӨ – инвестициялық шығындардың өтемақысы;

      ОШӨ – операциялық шығындардың өтемақысы;

      ҚҮТ – қолжетімділік үшін төлем;

      БҮС – басқарғаны үшін сыйақы;

      ТМККК – тегін медициналық көмектің кепілденгірілген көлемі;

      ТЖҚ – тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 16 маусымдағы
№ 52 Бұйрыққа
3-қосымша

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттер тізбесін қалыптастыру және жариялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттер тізбесін қалыптастыру және жариялау қағидалары "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттер тізбесін қалыптастыру және жариялау тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығына мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталында орналастыру үшін ақпарат беретін уәкілетті тұлғалар осындай ақпараттың уақтылығын, толықтығын, сапасы мен анықтығын, сондай-ақ қазақ, орыс және өзге тілдегі (қажет болған кезде) ақпарат мәтінінің теңтүпнұсқалығын қамтамасыз етеді.

2-тарау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттердің тізбесін қалыптастыру және жариялау тәртібі

      3. Тиісті салалардың орталық уәкілетті мемлекеттік органдары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары негізінде, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын және халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттер тізбесін қалыптастырады.

      4. Әлеуметтік-экономикалық міндеттердің тізбесін Заңның 23-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес тиісті салалардың орталық уәкілетті мемлекеттік органдары және Заңның 25-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын 1 ақпаннан кешіктірілмейтін мерзімде бекітеді.

      5. мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттер тізбесін қалыптастыруға және бекітуге уәкілетті мемлекеттік орган бекітілген тізбені мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталында орналастыру үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығына ол бекітілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жібереді.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 16 маусымдағы
№ 52 Бұйрыққа
4-қосымша

Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе олардың көлемін ұлғайту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іріктеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе олардың көлемін ұлғайту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 27-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекет кепілгерліктерін беру немесе олардың көлемін ұлғайту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іріктеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларды пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілгерлік шартына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты шеңберінде тартылған қарыз бойынша қарыз беруші алдындағы қарыз алушының борышын толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі мемлекет кепілгерлігі болып табылады.

      Кепілгерлік бойынша міндеттемелер қарыздың негізгі сомасын және ол бойынша сыйақыны қамтиды.

      4. Мемлекет кепілгерлігі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген лимит шегінде Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 145-бабына сәйкес тиісті кезеңге мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары тізбесіне енгізілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша беріледі.

      Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекет кепілгерлігін беруді көздейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын (бұдан әрі – конкурстық құжаттама) келісу кезінде конкурстық құжаттаманы немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарды (тікелей келіссөздер бойынша) әзірлеуші ұсынған мемлекет кепілгерлігінің көлемін және мемлекет кепілгерлігін берумен байланысты конкурстық құжаттаманың елеулі талаптарын келіседі.

      Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган конкурстық құжаттаманы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарды (тікелей келіссөздер бойынша) келісудің нәтижелері бойынша Республикалық бюджет комиссиясының қарауына мемлекет кепілгерлігінің көлемін көрсете отырып, кезекті қаржы жылының лимиті шегінде мемлекет кепілгерлігі берілуі мүмкін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары тізбесінің жобасын енгізеді.

      Жекеше әріптес қызметіне мемлекеттік қолдау көрсете отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс өткізу, әлеуетті жекеше әріптестің қызметіне мемлекеттік қолдау көрсете отырып, онымен тікелей келіссөздер бойынша шарт жасасу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының шеңберінде инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігі Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттің кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіткеннен кейін жүзеге асырылады.

      5. Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражаты мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекет меншігіне міндетті түрде бере отырып, тек мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін құруға пайдаланылады.

      Мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыз қаражатын кепілгерлік шартында көзделмеген мақсаттарға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға кредит беру үшін пайдалануға жол берілмейді.

      6. Мемлекет кепілгерліктері қазірдің өзінде тартылған қарыздарды қайта қаржыландыру ретінде немесе қарыздарға қызмет көрсету үшін, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын қайтаруды қамтамасыз ету ретінде тартылатын қарыздар бойынша берілмейді.

      7. Мемлекеттік емес қарыз бойынша мемлекет кепілгерлігін бергені үшін қарыз алушыдан мемлекет кепілгерлігі сомасының екі пайызы мөлшерінде алдын ала біржолғы төлем (алым) алынады.

      8. Әлеуетті жекеше әріптес (қарыз алушы) мемлекет кепілгерлігін алу үшін конкурсты ұйымдастырушыға Заңның 20-бабының 6) тармақшасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары шеңберінде инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігін беруді көздейтін конкурстық өтінім береді.

      Тікелей келіссөздер бойынша әлеуетті жекеше әріптес (қарыз алушы) мемлекет кепілгерлігін алу үшін тікелей келіссөздерді ұйымдастырушыға 20-баптың 6) тармақшасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары шеңберінде инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігін беруді көздейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарды ұсынады.

      9. Қарыз алушы ретінде әрекет ететін қарыздар бойынша мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер адамдарға Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мынадай талаптар қойылады:

      1) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденті болу;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 141-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша белгілейтін мемлекеттің кепілгерлігімен тартылатын қарыздың қайтарымдылығын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шартының болуы;

      3) тиісті саланың уәкілетті органының оң қорытындысын ұсыну;

      4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының қаржылық сараптамасы бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның оң қорытындысын ұсыну;

      5) жекеше әріптесті айқындау туралы хаттаманың болуы;

      6) бұрын мемлекет кепілгерлігімен алынған қарыздарды не төлемдер мерзімі басталған мемлекеттік кепілдіктерді өтеу және оларға қызмет көрсету бойынша берешектің, сондай-ақ кредиторлар алдындағы өзге де мерзімі өткен берешектің болмауы;

      7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің құнына қатысты кемінде 20 (жиырма) пайызды құрайтын меншікті капиталдың болуы;

      8) төлем қабілеттілігі, таратылуға жатпауы, мүлікке тыйым салудың болмауы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы-шаруашылық қызметінің тоқтатыла тұруының болмауы;

      9) тиісті кезеңге мемлекеттің кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесіне енгізілген жобаларды іске асыруды жүзеге асыру.

2-тарау. Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе олардың көлемін ұлғайту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іріктеуді жүргізу тәртібі

      10. Конкурсты немесе тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарын нақтылау бойынша келіссөздер жүргізудің қорытындылары бойынша 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және мемлекет кепілгерлігін беру процесіне қатысушылардың талаптарына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қарау үшін талап етілетін мемлекет кепілгерлігін алуға үміткер әлеуетті қарыз алушының (конкурстық өтінімі үздік деп танылған жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысушының, тікелей келіссөздер бойынша әлеуетті жекеше әріптестің) құжаттамасын бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      11. Конкурсты немесе тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті сараптама қорытындыларын бергеннен кейін, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына қаржылық сараптама жүргізуді ұйымдастырады және күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде тиісті қорытынды дайындап, конкурсты немесе тікелей келіссөздерді ұйымдастырушыға жібереді.

      12. Конкурсты немесе тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының қаржылық сараптамасының оң қорытындысы негізінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша ақпарат дайындайды және бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді, ол мемлекет кепілгерлігін беру туралы мәселені Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

      13. Қаржылық сараптаманың теріс қорытындысын алған кезде конкурсты немесе келіссөздерді ұйымдастырушы "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Заңның 20-бабының 6) тармақшасына сәйкес бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландырудың балама көздерін қарау мақсатында келіссөздер процесін қайта бастайды.

      14. Республикалық бюджет комиссиясы жоспарланған кезеңге арналған мемлекет кепілгерлігін беру лимитінің немесе лимитінің көлемін ұлғайту шегінде әрбір мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекет кепілгерлігінің мөлшерін айқындайды.

      15. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің хаттамасынан үзіндіні алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурсты немесе тікелей келіссөздерді ұйымдастырушыға жібереді.

      16. Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің негізінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын бюджет саясаты және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келіскеннен кейін, конкурсты немесе тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы тиісті шешім қабылдау үшін қаулы жобасын әзірлейді, мүдделі мемлекеттік органдармен келіседі және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.

      17. Мемлекет кепілгерлігі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген барлық қажетті талаптар қанағаттандырылған кезде:

      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқаннан;

      2) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға тартылған республикалық бюджет қаражатының қайтарымдылығын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шарты ресімделгеннен және ұсынылғаннан;

      3) қарыз алушының мемлекет кепілгерлігін бергені үшін алдын ала біржолғы төлемді (алымды) төлегеннен кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен беріледі.

      Қарыз алушы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде сақтандыру шартын жасасады.

      18. Мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыру көлемін ұлғайту қажет болған жағдайларда:

      1) егер ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты немесе тікелей келіссөздерді өткізген кезде ескерілмеген өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілсе және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тараптары осындай өзгерістің және (немесе) толықтырудың сомасына қосымша қаржыландыру туралы бірлескен шешім қабылдаса;

      2) егер ұлғайту құрылыс жұмыстарының ұзақ мерзімділігіне және жобалау-сметалық құжаттамада ескерілмеген мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі құрылысының құнына объективті, жекеше әріптеске тәуелді емес себептердің (форс-мажорлық мән-жайлар, инфляция, дағдарыс, салық саясатының өзгеруі және басқалары) ықпал етуіне байланысты болса, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыру көлемін ұлғайту қажет болған жағдайларда Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      19. Берілген мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайтудың міндетті шарттары:

      1) жоспарланған кезеңге арналған мемлекет кепілгерліктерінің жалпы лимитінің болуы;

      2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының өзін-өзі өтеу экономикалық параметрлерінің сақталуы (оның ішінде болжамды кассалық алшақтықтардың болмауы, таза келтірілген құнның оң көрсеткішінің болуы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ішкі кірістілігі нормасының сақталуы) және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген қаржы ковенанттарының (қарыз алушының кейбір қаржылық көрсеткіштерді белгілі бір деңгейде ұстау міндеттемелері) орындалуы;

      3) жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін салуға (реконструкциялауға), құруға салатын меншікті қаражатының мөлшерін мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі құрылысының ұлғаятын құнының кемінде 20 (жиырма) пайызын құрайтын мөлшерге дейін теңбе-тең ұлғайту;

      4) мемлекет кепілгерлігі сақтандыру шарты ұсынылмастан берілген жағдайларды қоспағанда, мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту сомасына мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген республикалық бюджет қаражатының қайтарымдылығын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шартының сомасын ұлғайту болып табылады.

      20. Жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі құрылысының құнын ұлғайтуды көздейтін жобалау-сметалық құжаттаманы ведомстводан тыс кешенді сараптаудың оң қорытындысын алғаннан кейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыру көлемін және мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту қажеттігінің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлейді және тиісті саланың уәкілетті органына сараптауға және табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға (табиғи монополиялар салаларында іске асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша) келісуге жібереді.

      21. Тиісті саланың уәкілетті органының, табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның (табиғи монополиялар салаларында іске асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша) оң сараптамаларын алғаннан кейін жекеше әріптес, мыналарды:

      1) тиісті саланың уәкілетті органының қорытындысын;

      2) жобалау-сметалық құжаттаманы ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысын немесе "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге сараптамалар қорытындыларын;

      3) табиғи монополиялар салаларында іске асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның келісу хатын;

      4) мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайтудың негіздемесі болып табылатын басқа да құжаттарды қоса, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыру көлемін және мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту қажеттілігінің техникалық-экономикалық негіздемесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға сараптамаға жібереді.

      22. Бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыру көлемін және мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту қажеттілігінің техникалық-экономикалық негіздемесін сараптамадан өткізу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығын тартады.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығы сараптаманы құжаттар топтамасын алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      23. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның оң қорытындысын алғаннан кейін жекеше әріптес Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайтуды қарау үшін талап етілетін құжаттаманы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.

      24. Бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекет кепілгерлігі көлемін ұлғайтудың бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның қаржылық сараптамасының оң қорытындысының негізінде кезекті қаржы жылы лимитінің шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту туралы мәселені қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

      25. Республикалық бюджет комиссиясы мемлекет кепілгерлігін ұлғайту көлемін айқындайды.

      26. Бюджет саясаты жөніндегі уәкілетті орган Республикалық бюджет комиссиясының шешімін алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Республикалық бюджет комиссиясының шешімі хаттамасынан үзіндіні және қаржылық сараптама қорытындысының көшірмесін тиісті саланың уәкілетті органына (мемлекеттік әріптеске) жібереді.

      27. Тиісті саланың уәкілетті органы (мемлекеттік әріптес) Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің негізінде мемлекет кепілгерлігінің көлемін ұлғайту туралы тиісті шешім қабылдау үшін қаулы жобасын әзірлейді, мүдделі мемлекеттік органдармен келіседі және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.

      28. Мемлекеттік әріптес Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде қаржылық және экономикалық сараптамалардың қорытындыларын ескере отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар жобасын әзірлейді және оны бюджет саясаты және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдарға, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға (егер мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы табиғи монополиялар салаларында іске асырылса) келісуге жібереді.

      29. Бюджет саясаты және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның (егер мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы табиғи монополиялар салаларында іске асырылса) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар жобасына келісімі алынғаннан кейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелуге жататын қосымша келісім жасалады.

      30. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына қосымша келісім жасалғаннан кейін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес кепілгерлік шартына қосымша келісім жасалады.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 16 маусымдағы
№ 52 Бұйрыққа
5-қосымша

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына жатқызу өлшемшарттары

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жиынтығында ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына жатқызу өлшемшарттары:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығымен бекітілген Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10666 болып тіркелген) 9-тармағына сәйкес жауапкершілігі бірінші жоғары деңгейге жататын мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің техникалық күрделілігі;

      2) қоғамға бағытталуы (мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру арқылы қоғамдық мүддені қанағаттандыру);

      3) республикалық меншікке немесе коммуналдық меншікке жататын объектілер (қолданыстағы немесе салынуы болжанатын) бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру;

      4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру, салу, реконструкциялау немесе күрделі жөндеу құны 4 000 000 айлық есептік көрсеткіштен асады.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 16 маусымдағы
№ 52 Бұйрыққа
6-қосымша

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеуді, сондай-ақ олардың сараптамасын жүзеге асыратын тұлғаларды аккредиттеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеуді, сондай-ақ олардың сараптамасын жүзеге асыратын тұлғаларды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 11-6) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеуді, сондай-ақ олардың сараптамасын жүзеге асыратын тұлғаларды аккредиттеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аккредиттелген тұлға – Аккредиттеу жөніндегі комиссия оған қатысты аккредиттеу туралы шешім қабылдаған өтініш беруші;

      2) аккредиттеу – өтініш берушінің жобаларды консультациялық сүйемелдеу және (немесе) сараптау бойынша қызметтер көрсетуге құзыреттілігін уәкілетті органның ресми тану рәсімі;

      3) аккредиттеу туралы куәлік – тұлғаның аккредиттелгенін растайтын ресми құжат;

      4) жобалар – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары;

      5) жобаларды консультациялық сүйемелдеу және (немесе) сараптау бойынша көрсетілетін қызметтер – төмендегі көрсетілетін қызметтердің бірі немесе бірнешеуі:

      а) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын әзірлеуді қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері арасындағы келіссөздер процесінде консультациялық көрсетілетін қызметтер;

      б) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына бизнес-жоспарларға сараптамалар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасына сараптамалар жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтер;

      6) жобаларды консультациялық сүйемелдеу және (немесе) сараптау бойынша заңды тұлға (-лар) – Заңның 25-бабының 5) тармақшасында көрсетілген заңды тұлға (-лар);

      7) өтініш беруші – аккредиттеуден өтуге үміткер және аккредиттеуге өтінім берген заңды тұлға;

      8) уәкілетті орган – бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган;

      9) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

      10) "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушы кабинеті (бұдан әрі – "жеке кабинет") – "электрондық үкімет" веб-порталының электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, өтініштерді қарайтын субъектілерге жеке және заңды тұлғалардың өтініш жасау, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша көрсетілген тұлғалардың мемлекеттік органдармен ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған құрамдасы;

      11) www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру бойынша көрсетілетін қызметтерге және электрондық нысанда көрсетілетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      12) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;

      13) СР3Р халықаралық сертификаты – мынадай үш: мемлекеттік-жекешелік әріптестік негіздері (foundation), мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын дайындау (preparation), жобаларды іске асыру (execution) деңгейінің міндетті түрде болуын қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік маманының Сertified PPP Professional СР3Р халықаралық сертификаты.

      3. "Жобаларды консультациялық сүйемелдеу және (немесе) сараптау бойынша тұлғалары аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган көрсетеді.

      4. "Жобаларды консультациялық сүйемелдеу және (немесе) сараптау бойынша тұлғалары аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын талаптар осы Қағидалардың 1-қосымшасында көзделген.

2-тарау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеуді, сондай-ақ олардың сараптамасын жүзеге асыратын тұлғаларды аккредиттеу тәртібі

      5. Уәкілетті орган аккредиттеуді жүргізу үшін Аккредиттеу жөніндегі комиссияны қалыптастырады, оның құрамын және ережесін уәкілетті орган бекітеді. Аккредиттеу жөніндегі комиссияның құрамына уәкілетті органның 5 (бес) өкілі кіреді.

      6. Уәкілетті орган келіп түскен өтінімдерді қабылдауды, тіркеуді, олардың жинақылығын тексеруді, толық жинақы өтінімдерді алдын ала қарауды және аккредиттеу туралы куәліктердің қолданылу мерзімі мен өзектілігін бақылауды қамтамасыз етеді.

      7. Аккредиттеуді жүргізу тәртібі мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) аккредиттеуден өтуге үміткер тұлға (бұдан әрі – өтініш беруші) уәкілетті органға электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеуге арналған өтінімді портал арқылы электрондық түрде жібереді.

      Өтінімге осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген, өтінімнің ажырамас бөлігі болып табылатын құжаттар қоса беріледі;

      2) уәкілетті орган өтінім келіп түскен күні оны тіркеуді жүзеге асырады.

      Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін немесе Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс немесе мереке күндері жүгінген жағдайда өтінімді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінімнің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі;

      3) өтінімдер тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толықтығы тексеріледі.

      Уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексеру барысында сұрау салулар жасайды және ақпараттық жүйелердегі қажетті мәліметтерді пайдаланады.

      Уәкілетті орган заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы алады.

      Өтініш беруші ақпараттық жүйелерде және ұсынылған құжаттарда қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді;

      4) өтінім беруші ұсынған тексеру барысында алынған құжаттар мен мәліметтер қоса беріле отырып, өтінім тіркелген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірілмей Комиссияның қарауына беріледі;

      5) қолданылу мерзімі өткен немесе осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін құжаттар қамтылған құжаттар топтамасы толық емес өтінімдер (толық жинақы емес өтінімдер), сондай-ақ мәтіні толық немесе ішінара оқылмайтын өтінімдер мен оларға қоса берілген құжаттар одан әрі қарауға қабылданбайды және олар бойынша Аккредиттеу жөніндегі комиссия аккредиттеуден бас тарту туралы шешім шығарады;

      6) 11-тармақтың талаптарына сәйкес келетін өтінімдер бойынша Комиссия тұлғаны аккредиттеу туралы шешім қабылдайды;

      7) уәкілетті орган Аккредиттеу жөніндегі комиссияның шешімі негізінде аккредиттеу туралы куәлікті не дәлелді бас тартуды ресімдейді, қол қояды және Аккредиттеу жөніндегі комиссияның отырысы өткізілген күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің "Жеке кабинетіне" жібереді;

      8) уәкілетті орган Аккредиттеу жөніндегі комиссияның отырысы өткізілген күннен кейін 1 жұмыс күнінен кешіктірмей аккредиттеу туралы шешім қабылданған тұлғалар туралы ақпаратты Аккредиттелген тұлғалардың тізіліміне енгізеді;

      8. Аккредиттелген тұлғаның қызметін үздіксіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету мақсатында осы тұлға аккредиттеу туралы ағымдағы куәлігінің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бір ай бұрын уәкілетті органға кейіннен аккредиттеуден өту үшін өтінім мен біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды береді.

      Кейінгі аккредиттеуді жүргізу тәртібі осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген бастапқы аккредиттеуді жүргізу тәртібіне ұқсас.

      9. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган көрсетілетін қызметті берушілерге, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторларына Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлайды, оның ішінде Бірыңғай байланыс орталығы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарға өзгерістер мен толықтырулар бекітілген немесе енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.

3-тарау. Біліктілік талаптары және біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар

      10. Аккредиттеуден өтуге үміткер тұлғалар мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келеді:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлға ретінде тіркелген және құқық қабілеттілігіне ие болу;

      2) төлемге қабілетті болу, банкроттық рәсіміне не таратуға жатпау, оның мүлкіне тыйым салынбауы тиіс, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрмауы тиіс;

      3) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын мерзімі өткен берешегі болмау;

      4) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеу;

      5) штатында халықаралық қаржы ұйымдары әзірлеген және/немесе таныған халықаралық сертификаттау бағдарламасы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы маман сертификаты бар кемінде 2 (екі) маманның болуы;

      6) штатында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында кемінде 3 жыл консультациялық немесе сараптамалық қызметтер көрсету тәжірибесі бар кемінде 3 (үш) маманның болуы, жобаларды консультациялық сүйемелдеу және (немесе) сараптау бойынша қызметтер көрсеткен ұйымдарда еңбек өтілінің болуы, осындай қызметтерді азаматтық-құқықтық шарттар негізінде көрсету, ұйымдарда еңбек өтілінің болуы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тарабы болған ұйымдарда еңбек өтілінің болуы мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында консультациялық немесе сараптамалық қызметтер көрсету тәжірибесі деп танылады.

      11. Өтініш беруші белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін аккредиттеуге арналған өтініммен бірге мынадай растайтын құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттелетін тұлға туралы мәліметтер;

      2) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы тиісті мемлекеттік кірістер органының үш айдан астам уақыт ішіндегі анықтамасы (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда);

      3) СР3Р халықаралық сертификаттарының, жоғары білім туралы дипломдардың электрондық (сканерленген) көшірмелері;

      4) өтініш беруші мен СР3Р халықаралық сертификаттары немесе халықаралық қаржы ұйымдары әзірлеген немесе таныған халықаралық сертификаттау бағдарламасы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында өзге де сертификаттары және мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлердің әрқайсысы арасындағы еңбек қатынастарын растайтын еңбек шарттарының (келісімдерінің) электрондық (сканерленген) көшірмесі;

      5) штат мамандарының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар.

      12. Уәкілетті орган өтініш берушілер мен олардың қызметкерлерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру мақсатында сұрау салулар жібере алады және ақпараттық жүйелерде қамтылған қажетті мәліметтерді пайдалана алады.

4-тарау. Аккредиттеу жөніндегі комиссияның отырысы және шешім қабылдау

      13. Аккредиттеу жөніндегі комиссияның отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі болған кезде онлайн форматта өткізіледі.

      14. Аккредиттеу жөніндегі комиссияның отырысы барысында Аккредиттеу жөніндегі комиссияның хатшысы отырыстың хаттамасын жүргізеді, оған Аккредиттеу жөніндегі комиссияның хатшысы, төрағасы және отырысқа қатысқан мүшелері қол қояды. Аккредиттеу жөніндегі комиссияның хаттамасы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.

      15. Шешімдер Аккредиттеу жөніндегі комиссия мүшелерінің отырысқа қатысып отырған жалпы санының жай көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Аккредиттеу жөніндегі комиссия төрағасының дауысы шешуші болып танылады.

      16. Аккредиттеуден бас тарту туралы шешім мынадай:

      1) осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өтінім немесе толық жинақы емес өтінім немесе қолданылу мерзімі өткен құжаттарды немесе мәліметтерді қамтитын өтінім берілген, сондай-ақ мәтіні толық немесе ішінара оқылмайтын өтінім немесе оған қоса берілген құжаттар ұсынылған;

      2) өтініш беруші аккредиттеуден өту үшін ұсынған құжаттардың анық еместігі анықталған және (немесе) ұсынылған құжаттарда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі немесе толық еместігі анықталған;

      3) өтініш беруші осы Қағидаларда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;

      4) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген аккредиттеуді алуға байланысты қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы сот шешімі (үкімі) болған;

      5) егер өтініш беруші немесе оның құрылтайшылары немесе басшылары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жағдайларда қабылданады.

      17. Аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімге осы Қағидалардың 11-тарауында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      Аккредиттеуден бас тартылған жағдайда өтініш беруші өтінімді қайта бере алады.

5-тарау. Аккредиттелген тұлғалардың тізілімін жүргізу

      18. Уәкілетті орган аккредиттеуден сәтті өткен өтініш берушілер туралы ақпаратты уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында электрондық нысанда жүргізілетін Аккредиттелген тұлғалар тізіліміне енгізеді.

      19. Аккредиттеу туралы куәлігі тоқтатылған немесе одан айырылған (кері қайтарып алынған) жағдайда тиісті тұлға Аккредиттелген тұлғалар тізілімінен шығарылады.

      20. Аккредиттеу туралы куәлік тоқтатыла тұрған, қайта басталған немесе қайта ресімделген жағдайда бұл туралы мәліметтер Аккредиттелген тұлғалардың тізіліміне дереу енгізіледі.

      21. Уәкілетті орган Аккредиттелген тұлғалар тізіліміндегі ақпараттың өзектілігін қамтамасыз етеді.

6-тарау. Аккредиттеу туралы куәлік

      22. Аккредиттеу туралы куәлік заңды тұлғаның куәлікте көрсетілген жобаларды консультациялық сүйемелдеу және (немесе) сараптау бойынша қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын ресми құжат болып табылады.

      Аккредиттеу туралы куәлік иеліктен шығарылмайтын болып табылады және басқа тұлғаға берілмейді.

      Қолданыстағы аккредиттеу туралы куәлігінсіз жобаларды консультациялық сүйемелдеу және (немесе) сараптау бойынша қызметтер көрсетуге жол берілмейді.

      23. Аккредиттеу туралы куәлік осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.

      Аккредиттеу туралы куәлік берілген күнінен бастап 3 (үш) жыл ішінде жарамды.

      24. Аккредиттеу туралы куәлік электрондық құжат түрінде беріледі және Аккредиттелген тұлғалар тізілімінде куәлік және оның иесі туралы тиісті мәліметтер болған кезде ғана жарамды болып табылады.

      25. Атауы өзгерген жағдайда аккредиттелген тұлға уәкілетті органға бұрын берілген аккредиттеу туралы куәлікті және заңды тұлғаның атауының өзгеру фактісін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтінішті еркін нысанда береді.

      Уәкілетті орган тиісті өтініш келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдейді және қайта ресімделген аккредиттеу туралы куәлікті өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жібереді. Қайта ресімделген куәлік соның орнына қайта ресімделген аккредиттеу туралы куәлік берілген аккредиттеу туралы куәліктің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейінгі қалған кезеңге беріледі.

      Қайта ресімделген куәлік соның орнына берілген аккредиттеу туралы бұрын берілген куәлік жарамсыз деп танылады және уәкілетті орган Аккредиттелген тұлғалар тізіліміне тиісті ақпаратты енгізеді.

      26. Аккредиттеу туралы куәлікте қателер анықталған жағдайда аккредиттелген тұлға уәкілетті органға оларды түзету туралы өтінішті еркін нысанда береді.

      Уәкілетті орган өтініш беруші тиісті өтінішті берген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Аккредиттелген тұлғалардың тізіліміне қажетті өзгерістер енгізеді және тиісті түзетулері бар аккредиттеу туралы куәлікті тұлғаның "жеке кабинетіне" жібереді.

      27. Уәкілетті орган берілген, қайта ресімделген, түзетілген, тоқтатыла тұрған, қайта басталған, тоқтатылған, кері қайтарып алынған аккредиттеу туралы куәліктердің тиісінше тіркеу есебін қамтамасыз етеді.

      28. Аккредиттелген ұйым аккредиттеу туралы куәліктің қолданылу мерзімі бойы осы Қағидалардың 10-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.

7-тарау. Жобаларды консультациялық сүйемелдеу және (немесе) сараптау бойынша қызметтер көрсетуге байланысты шектеулер

      29. Жобаларды консультациялық сүйемелдеу және (немесе) сараптау бойынша қызметтер көрсету кезінде аккредиттелген тұлға және оның қызметтер көрсетуге тікелей тартылған қызметкерлері объективті әрекет етуге және олардың бейтараптығы мен объективтілігіне қауіп төндіруі мүмкін кез келген коммерциялық, қаржылық немесе өзге де қысымнан азат болуға тиіс.

      30. Аккредиттелген тұлға сол бір жобаны консультациялық сүйемелдеу және сараптау бойынша қызметтер көрсетпейді.

8-тарау. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру және қайта бастау

      31. Мынадай жағдайларда, егер аккредиттелген тұлғада СР3Р халықаралық сертификаттары немесе халықаралық қаржы ұйымдары әзірлеген немесе таныған халықаралық сертификаттау бағдарламасы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында өзге де сертификаттары бар қызметкерлердің саны 2 (екі) маманнан кем болса немесе егер мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында 3 (үш) жылдан астам жұмыс өтілі бар мамандардың саны 2 (екі) адамнан кем болса, аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуы тоқтатыла тұрады.

      32. Қағидалардың 30-тармағында көзделген жағдайларда осы аккредиттелген тұлға бұл туралы уәкілетті органды дереу хабардар етеді.

      Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуы осы негіз бойынша аккредиттелген тұлғадан осы Қағидалардың 11-тармағының 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілген біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы хабарлама алынғанға дейін 6 (алты) айдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.

      Егер аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуы 6 (алты) айдан астам тоқтатыла тұрса, мұндай аккредиттелген тұлға аккредиттеу туралы куәліктен айырылуға тиіс.

      33. Аккредиттеу туралы куәлікті тоқтата тұру туралы шешімді Аккредиттеу жөніндегі комиссия осы Қағидалардың 33-тармағына сәйкес хабарлама алынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан мән-жайлар жойылған кезде уәкілетті орган Аккредиттеу жөніндегі комиссияның тиісті шешімі негізінде оның қолданылуын аккредиттелген тұлға аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан мән-жайлардың жойылғаны туралы мәліметтерді ұсынған күннен бастап есептелетін 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайта бастайды.

      34. Егер аккредиттелген тұлға осы Қағидалардың 30-тармағында көзделген аккредиттеу туралы куәлікті тоқтата тұру үшін негіздердің туындағаны туралы хабарлама жібермеген жағдайда, мұндай мән-жайлар туындаған кезден бастап 60 (алпыс) күн ішінде аккредиттеу туралы куәліктен айыру туралы шешім қабылданады.

9-тарау. Аккредиттеу туралы куәлікті тоқтату, одан айыру (кері қайтарып алу)

      35. Аккредиттеу туралы куәлік мынадай:

      1) аккредиттеу туралы куәліктің қолданылу мерзімі аяқталған;

      2) аккредиттелген тұлғаның қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы туралы шешімді аккредиттелген тұлға ұсынған;

      3) аккредиттелген тұлға аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтату туралы жазбаша өтініш берген жағдайларда қолданысын тоқтатады.

      36. Аккредиттеу туралы куәліктен айыру (кері қайтарып алу) мынадай жағдайларда:

      1) өтініш беруші аккредиттеуден өту үшін немесе тоқтатыла тұрған аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын қайта бастау үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) ұсынылған құжаттардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда;

      2) аккредиттелген тұлғаның сол бір жобаны консультациялық сүйемелдеу және сараптау бойынша қызметтер көрсетуі фактісі анықталғанда;

      3) осы Қағидалардың 33-тармағында көзделген жағдайда;

      4) егер аккредиттелген тұлға мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген болса;

      5) егер аккредиттелген тұлға немесе оның құрылтайшылары, басшылары терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген болса, жүзеге асырылады.

10-тарау. Аккредиттеу туралы куәлікті тоқтата тұру, қайта бастау, қолданысын тоқтату, одан айыру (кері қайтарып алу) туралы шешімдер қабылдау

      37. Аккредиттеу туралы куәлікті тоқтата тұру, қайта бастау, қолданысын тоқтату, одан айыру (кері қайтарып алу) мәселелерін Аккредиттеу жөніндегі комиссия уәкілетті органға аккредиттеу туралы куәлікті тоқтата тұру, қайта бастау, қолданысын тоқтату, одан айыру (кері қайтарып алу) үшін негіз болып табылатын мән-жайлар туралы белгілі болған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Аккредиттеу жөніндегі комиссияның отырысын өткізу және аккредиттеу туралы куәлікті тоқтата тұру, қайта бастау, қолданысын тоқтату, одан айыру (кері қайтарып алу) туралы шешімдер қабылдау тәртібі осы Қағидалардың 13, 14, 15 және 17-тармақтарында белгіленген тәртіпке сәйкес келеді.

      38. Аккредиттеу жөніндегі комиссияның аккредиттеу туралы куәлікті тоқтата тұру, қайта бастау, қолданысын тоқтату, одан айыру (кері қайтарып алу) туралы шешімдерінің негізінде Аккредиттелген тұлғалардың тізіліміне тиісті өзгерістер дереу енгізіледі.

      39. Уәкілетті орган аккредиттеу туралы куәлікті тоқтата тұру, қайта бастау, қолданысын тоқтату немесе одан айыру (кері қайтарып алу) туралы ақпаратты тиісті шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде аккредиттелген тұлғаның "жеке кабинетіне" жібереді.

11-тарау. Уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану

      40. Уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану уәкілетті орган басшысының атына электрондық форматта уәкілетті органның www.economy.gov.kz. интернет-ресурсында, веб-порталдағы "жеке кабинет" арқылы, сондай-ақ жазбаша нысанда поштамен не қолма-қол Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 7-кіреберіс мекенжайындағы уәкілетті органның кеңсесі арқылы шағым беру жолымен жүзеге асырылады.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетіле отырып, оның уәкілетті органның кеңсесінде тіркелуі (кіріс нөмірін беру және күнін көрсету) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағымға өтініш берушінің уәкілетті өкілі қол қояды.

      Уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап өтініш берушіге пошта арқылы жіберіледі не уәкілетті органның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Өтініш беруші көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда уәкілетті органға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен тұлғалардың шағымдары олар тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      41. Өтініш беруші уәкілетті органның шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда нәтижелерге сот тәртібімен шағымдануға құқылы.

12-тарау. Қорытынды ережелер

      42. Уәкілетті органдар жобаларды консультациялық сүйемелдеу және (немесе) сараптау бойынша заңды тұлғаны айқындау кезінде Аккредиттелген тұлғалар тізіліміне сәйкес аккредиттеу туралы куәлік мәліметтерінің өзектілігін тексереді.

      43. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында тұлғаларды аккредиттеу туралы куәлікті тоқтату, тоқтата тұру, одан айыру (кері қайтарып алу) туралы ақпарат орналастырылған жағдайда, уәкілетті органдар жобаларды консультациялық сүйемелдеу және (немесе) сараптау бойынша тиісті тұлғаларды айқындау туралы шешімдердің күшін жояды.

  Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын
консультациялық сүйемелдеуді,
сондай-ақ олардың
сараптамасын жүзеге асыратын
тұлғаларды аккредиттеу
қағидаларына
1-қосымша

"Жобаларды консультациялық сүйемелдеу және (немесе) сараптау бойынша тұлғаларды аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын талаптар

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

2.

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары)

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) куәлік беру – 10 (он) жұмыс күні;
2) тұлғаның атауы немесе орналасқан жері өзгерген кезде куәлікті қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні.

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электрондық (толық автоматтандырылған)

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Аккредиттеу туралы куәлікті беру немесе қайта ресімдеу не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

7.

Жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс немесе мереке болып табылатын күндерді қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін немесе Кодекске сәйкес демалыс немесе мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) куәлікті беру кезінде порталға:
а) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінім;
б) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес аккредиттелетін тұлға туралы мәліметтер;
в) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы тиісті мемлекеттік кірістер органының үш айдан астам уақыт ішіндегі анықтамасы (төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда);
г) СР3Р халықаралық сертификаттарының, жоғары білім туралы дипломдардың электрондық (сканерленген) көшірмелері;
д) өтініш беруші мен СР3Р халықаралық сертификаттары және мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлердің әрқайсысы арасындағы еңбек қатынастарын растайтын еңбек шарттарының (келісімдерінің) электрондық (сканерленген) көшірмесі;
е) мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы штат мамандарының жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар.
2) куәлікті қайта ресімдеу кезінде порталға:
а) еркін нысанда жасалған куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініштің электрондық (сканерленген) көшірмесі;
б) заңды тұлға атауының өзгергенін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелері.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өтінім немесе толық жинақы емес өтінім немесе қолданылу мерзімі өткен құжаттарды немесе мәліметтерді қамтитын өтінім, сондай-ақ мәтіні толық немесе ішінара оқылмайтын өтінім немесе оған қоса берілген құжаттар ұсыну;
2) өтініш беруші аккредиттеуден өту үшін ұсынған құжаттардың анық еместігінің анықталуы және (немесе) ұсынылған құжаттарда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің немесе толық еместігінің анықталуы;
3) өтініш берушінің осы Қағидаларда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
4) заңды күшіне енген аккредиттеуді алуға байланысты қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы сот шешімінің (үкімінің) болуы;
5) өтініш берушінің немесе оның құрылтайшыларының немесе басшыларының терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілуі.

10.

Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекетті қызметті көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде порталда "жеке кабинет" арқылы, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары уәкілетті органның www.economy.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.

  Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын
  консультациялық сүйемелдеуді,
сондай-ақ олардың
сараптамасын жүзеге асыратын
тұлғаларды аккредиттеу
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Кімге:______________________
(уәкілетті органның толық
атауы)
Кімнен______________________
  (басшының лауазымы, тегі, аты,
  әкесінің аты (бар болса)
  ____________________________
  ____________________________
  ___________________________
  ____________________________
  (өтініш берушінің толық
деректемелері, бизнес-
сәйкестендіру нөмірі)

Аккредиттеуге арналған өтінім

      __________________________________________________________________________

      (ұйымның орналасқан жері)

      мекенжайы бойынша орналасқан, бизнес-сәйкестендіру нөмірі:___________________

      (бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      __________________________________________________________________________

      (тұлғаның атауы)

      мынадай қызметтерді (қажетін көрсету):

      □ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын әзірлеуді қамтитын қызметтерді;

      □ мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын әзірлеуді қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қызметтерді, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері арасындағы келіссөздер процесінде консультациялық қызметтерді;

      □ жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына бизнес-жоспарларға сараптама, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасына сараптама жүргізу бойынша қызметтерді көрсетуге аккредиттеуді сұраймын;

      Осы арқылы мыналар:

      - өтініш берушінің төлемге қабілетті екендігі, банкроттық не тарату рәсіміне жатпайтындығы, оның мүлкіне тыйым салынбағаны, оның қаржы-шаруашылық қызметі тоқтатыла тұрмағаны;

      - өтініш берушінің мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде жоқ екендігі;

      - өтініш берушінің, сондай-ақ оның құрылтайшылары мен басшыларының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілмегені;

      - өтініш берушіге және оның мамандарына сот шешімімен (үкімімен) осы қызмет түрімен немесе аккредиттеуді алуға байланысты қызмет түрімен айналысуға тыйым салынбағаны;

      - өтініш берушінің ұсынған құжаттарында және (немесе) ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің мемлекеттік қызмет көрсету кезінде пайдалануына келісетіндігі расталады;

      - өтініш беруші Аккредиттелетін тұлға туралы мәліметтерге енгізілген мамандардың жобаларды консультациялық сүйемелдеу және (немесе) сараптау бойынша қызметтер көрсететін өзге де ұйымдарда еңбек қатынастарында тұрмайтынын растайды.

      Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі:

      1)

      2)

      3)

      4)

      …

      ________________ ____________ ___________________________

      (Ұйым басшысы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      20___ ж. "___" ___________

  Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын
консультациялық сүйемелдеуді,
сондай-ақ олардың
сараптамасын жүзеге асыратын
тұлғаларды аккредиттеу
қағидаларына
3-қосымша

Қазақстан Республикасының Елтаңбасы Ұлттық экономика министрлігі

Аккредиттелетін тұлға туралы мәліметтер

      Тұлғаның атауы ______________________________________________________

      Тұлғаның заңды және нақты мекенжайы __________________________________

      ______________________________________________________________________

      БСН _________________________________________________________________

      Филиалдар (өкілдіктер) _________________________________________________

      (орналасқан жері және деректемелері)

      Жобаларды консультациялық сүйемелдеу және (немесе) сараптау бойынша қызметтер көрсетуге тартылуы мүмкін қызметкерлер туралы мәліметтер:

Р/с№

Қызметкердің жеке сәйкестендіру нөмірі

Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

Қызметкердің лауазымы

Қызметкердің білімі (жоғары оқу орны, оқыған жылдары, алған мамандығы, біліктілігі)

Жоғары білім туралы дипломның нөмірі және берілген күні

Халықаралық мемлекеттік-жекешелік әріптестік маманы сертификатының нөмірі мен күні-Certified PPP Professional (СР3Р)

Өтініш беруші ұйымдағы жұмыс өтілі

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы жалпы жұмыс өтілі

Қызметкердің телефоны

Қызметкердің электрондық пошта мекенжайы












1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












      ________________ ____________

      ______________________________

      (Ұйым басшысы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      20___ ж. "___" ___________

  Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларын
консультациялық сүйемелдеуді,
сондай-ақ олардың
сараптамасын жүзеге асыратын
тұлғаларды аккредиттеу
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Аккредиттеу туралы куәлік 20 жыл " " №

      Аккредиттеу жөніндегі комиссияның 20___ ж. "___" ______ №_____ шешімі негізінде

      __________________________________________________________________________

      (атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметтер түрін көрсету)

      қызметтерін көрсету үшін аккредиттелді.

      Осы куәлік 20____ ж. "____" ______________дейін 3 (үш) жыл бойы жарамды.

      Аккредиттеу туралы куәлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұруы және (немесе) кері қайтарылуы мүмкін.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның басшысы

      ______________ ____________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      20___ ж. "___" ___________

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 16 маусымдағы
№ 52 Бұйрыққа
7-қосымша

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тәуекелдерін бөлу және бағалау әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тәуекелдерін бөлу және бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 11-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын бөлуге және олардың тәуекелдерін бағалауға қойылатын бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қолданылады.

      2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тәуекелдерін тиімді басқару мақсатында мынадай рәсімдер жүзеге асырылады:

      1) тәуекелдеді сәйкестендіру;

      2) тәуекелдерді бағалау;

      3) тәуекелдерді бөлу;

      4) тәуекелдерді басқару.

      Бұл ретте пайда болған жағдайда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының мақсаттарына, міндеттеріне және қаржы-экономикалық көрсеткіштеріне қол жеткізуге ықпал ететін белгісіз оқиға немесе шарт тәуекел болып табылады.

      3. Тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау және бөлу мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасында қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу мүмкіндігін талдау мақсатында жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тәуекелдерін сәйкестендіру

      4. Тәуекелді сәйкестендіру мынадай қадамдарды қамтиды:

      1) басталуы ықтимал тәуекелдердің тізбесін жасау;

      2) тәуекелдерді сипаттау;

      3) тәуекелдердің туындау себептерін сипаттау;

      4) тәуекелдер туындаған кезде орын алуы мүмкін салдарды сипаттау.

      5. Инвестициялық және пайдалану кезеңдеріндегі тәуекелдер мынадай типтерге бөлінеді:

      1) заңдық тәуекелдер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеу тәуекелі, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы құжаттамасының дұрыс жасалмау тәуекелі және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының құқықтары мен міндеттеріне байланысты өзге де тәуекелдер;

      2) коммерциялық тәуекелдер – жекеше әріптестің қаржы-шаруашылық қызметі көрсеткіштерінің және нарық конъюнктурасының өзгеруінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде кірістер алуға ықпал етуіне байланысты тәуекелдер;

      3) әлеуметтік тәуекелдер – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде халыққа, жекеше және (немесе) мемлекеттік әріптестің персоналына зиян келтірілуіне байланысты тәуекелдер;

      4) экономикалық тәуекелдер – Қазақстан Республикасы экономикасының көрсеткіштері өзгерістерінің ықпал етуіне байланысты тәуекелдер;

      5) техникалық тәуекелдер – мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің болжанбайтын және (немесе) бақыланбайтын жұмыс істеуіне, сондай-ақ жобалық құжаттама мен техникалық шешімдердің дұрыс болмауына байланысты тәуекелдер;

      6) қаржылық тәуекелдер – қаржы нарығының көрсеткіштері өзгерістерінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының қаржылық-экономикалық көрсеткіштеріне қолайсыз әсер етуіне байланысты тәуекелдер;

      7) саяси тәуекелдер – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасында ескерілмеген немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезінде өзгертілген заңнамаға байланысты тәуекел, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезінде саяси жағдайдың өзгеруіне байланысты өзге де тәуекелдер;

      8) экологиялық тәуекелдер – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде қоршаған ортаға, сондай-ақ үшінші тұлғалардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілуіне байланысты тәуекелдер;

      9) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ерекшеліктеріне байланысты өзге де тәуекелдер.

3-тарау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тәуекелдерін бағалау

      6. Тәуекелдерді сараптамалық бағалау әдісі бойынша бағалау мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) сарапшыларды іріктеу және сарапшылар тобын қалыптастыру;

      2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тәуекелдерін бағалау сауалнамасын қалыптастыру;

      3) сарапшылармен жұмыс;

      4) сараптамалық бағалау деректерін талдау және өңдеу.

      7. Сарапшылар тобы тәуекелдерді бағалауды жүргізу үшін тартылатын кемінде 3 (үш) сарапшыдан (мемлекеттік-жекешелік әріптестік /экономика/қаржы/инвестициялар, құқықтану, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру саласындағы мамандар және техникалық маман) тұрады.

      8. Конкурстық құжаттамаға немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының бизнес-жоспарына сарапшылардың жоғары білімінің, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігінің болуын растау мақсатында жұмыс орны мен кезеңі, атқаратын лауазымы туралы ақпаратты көрсете отырып, сарапшылардың түйіндемесі қоса беріледі.

      9. Тәуекелдерді бағалау үшін осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ықтимал тәуекелдер тізбесімен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тәуекелдерін бағалау сауалнамасы қалыптастырылып, сарапшыларға жіберіледі.

      10. Сарапшыларға бағалауды жүргізу үшін барлық қажетті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы туралы ақпаратқа рұқсат беріледі.

      11. Сарапшыларда сауалнамада көрсетілген жекелеген тәуекелдерді қосуға және (немесе) алып тастауға қатысты бірауыздан қабылданған шешім болған жағдайда, сауалнама түзетіледі және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тәуекелдеріне қайталап бағалау жүргізу үшін сарапшыларға жіберіледі.

      12. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тәуекелдерін бағалау сауалнамаларын сарапшылар қағаз жеткізгіште толтырады, әрбір парағына қол қойылады және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына конкурстық құжаттаманың немесе бизнес-жоспардың ажырамас бөлігі болып табылады.

      13. Тәуекелдерді бағалау кезінде сарапшылар тәуекелдердің басталу ықтималдығын және олар басталған кезде тәуекелдердің ықпал ету дәрежесін бағалайды.

      Тәуекелдің басталу ықтималдығы мынадай бағалау жүйесіне сәйкес сандық мәнде айқындалады:

      0-20% - тәуекелдің іске асырылмау ықтималдығы үлкен;

      21-40% - тәуекелдің іске асырылу ықтималдығы елеусіз;

      41-60% - тәуекелдің іске асырылу ықтималдығы орташа;

      61-80% - тәуекелдің іске асырылу ықтималдығы үлкен;

      81-100% - тәуекел толық сенімділікпен іске асырылады.

      Тәуекел басталған кезде оның ықпал ету дәрежесі мынадай бағалау жүйесіне сәйкес сандық мәнде айқындалады:

      1 балл - залал деңгейі елеусіз;

      2 балл - залал деңгейі төмен;

      3 балл - залал деңгейі орташа;

      4 балл - залал деңгейі елеулі;

      5 балл - залал деңгейі шекті.

      14. Тәуекелдердің құнын бағалауды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын әзірлеуші осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, электронды түрде формулалары ашылатын Excel форматында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының қаржы-экономикалық моделінің (бұдан әрі – ҚЭМ) деректерін пайдалана отырып, осы сауалнамалар негізінде жүргізеді.

      15. Тәуекел құны тәуекел басталған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының қаржылық-экономикалық көрсеткіштерінің ықтимал ең жоғары өзгерісін көрсетеді.

      16. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезеңіндегі n-ші тәуекелдің құны тәуекел салмағы мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезеңіндегі тәуекел құнын есептеу базасының туындысы ретінде есептеледі:

      Rcn = Rwn * Bn, (1), мұндағы:

      Rcn – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезеңіндегі n-ші тәуекелдің құны;

      Rwn – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезеңіндегі n-ші тәуекелдің салмағы;

      Bn – n-ші тәуекелдің құнын есептеуге арналған база.

      17. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезіндегі n-ші тәуекелдің салмағы басталу ықтималдығының орташа мәні мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік іске асыру кезеңіндегі n-ші тәуекелдің ықпал ету дәрежесінің орташа мәнінің туындысы ретінде есептеледі:

     


      Rwn – мемлекеттік-жекешелік әріптестік іске асыру кезеңіндегі n-ші тәуекелдің салмағы;

     

– мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезеңіндегі n-ші тәуекелдің басталу ықтималдығының орташа мәні;

     

– мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезеңінде басталған кезде n-ші тәуекелдің ықпал ету дәрежесінің орташа мәні.

      18. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезінде n-ші тәуекелдің басталу ықтималдығының орташа мәні сарапшылардың осы көрсеткіш бойынша бағалауларының орташа арифметикалық мәні ретінде есептеледі:

     


     

– мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезеңінде n-ші тәуекелдің басталу ықтималдығының орташа мәні;

     

– i-ші сарапшының бағалауына сәйкес n-ші тәуекелдің басталу ықтималдығының мәні;

      e – сарапшылар тобындағы сарапшылардың саны.

      19. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезеңінде пайда болған n-ші тәуекелдің ықпал ету дәрежесінің орташа мәні осы көрсеткіш бойынша сарапшылардың бағалауларының орташа арифметикалық мәні ретінде есептеледі:

     


     

– мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезеңінде ол басталған кезде n-ші тәуекелдің ықпал ету дәрежесінің орташа мәні;

     

– i-ші сарапшының бағалауы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезеңінде n-ші тәуекелдің ықпал ету дәрежесінің мәні;

      e – сарапшылар тобындағы сарапшылардың саны.

      20. Тәуекел құнын есептеу үшін база ретінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ҚЭМ-де көрсетілген түсімдер/шығарымдар, кірістер/шығыстар, қаржылық-экономикалық көрсеткіштердің қол жеткізілуіне немесе қол жеткізілмеуіне басталған тәуекел ықпал етуі мүмкін баптарының ақшалай мәні қабылданады.

      21. Тәуекелдің құнын есептеу үшін мыналар база бола алады:

      1) инвестициялық шығындардың жалпы сомасы немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезеңіндегі инвестициялық шығындардың белгілі бір бабының (-тарының) сомасы;

      2) операциялық шығыстардың жалпы сомасы немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезеңіндегі инвестициялық шығыстардың белгілі бір бабының (-тарының) сомасы;

      3) сыйақының жалпы сомасы немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезеңіндегі сыйақының белгілі бір бөлігі;

      4) өтемақының (-лардың) жалпы сомасы немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезеңіндегі өтемақының (-лардың) белгілі бір бөлігі;

      5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезеңіндегі коммерциялық кірістің жалпы сомасы немесе белгілі бір бөлігі;

      6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының таза келтірілген құны (NPV);

      7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша түсетін таза пайда;

      8) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ҚЭМ-де көрсетілген түсімдердің/шығымдардың, кірістердің/шығыстардың, қаржылық-экономикалық көрсеткіштердің өзге де баптары.

      22. Қажет болған кезде тәуекелдер құнын бағалау тиісті саладағы тәуекелдерді бағалау әдістемесін және (немесе) есептеулерді негіздей отырып, басқа да қолданылатын әдістерді реттейтін бекітілген салалық ұсынымдарға сәйкес жүзеге асырылады.

4-тарау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тәуекелдерін бөлу

      23. Тәуекелдерді бөлу мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына қол қойылған сәттен бастап мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін әрбір жекелеген тәуекелді басқаруға қабылдайтын мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тарабын айқындау мақсатында осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.

      24. Тәуекелдерді теңгерімделген бөлу әрбір жекелеген тәуекелді:

      1) тәуекелді ең жақсы басқаратын;

      2) тәуекелдерді басқару үшін жеткілікті тәжірибесі, біліктілігі бар;

      3) тәуекелді ең аз шығындармен басқаратын;

      4) тәуекелдың басталуынан болатын теріс салдарды мүмкіндігінше қысқа мерзімде жоятын және (немесе) жұмсартатын;

      5) тәуекелдерді басқару үшін қажетті қаржылық, материалдық, еңбек және басқа да ресурстарға ие мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тарапы (мемлекеттік әріптес немесе жекеше әріптес) қабылдаған жағдайда, тәуекелдерді бөлу болып саналады.

      Бұл ретте мемлекеттік әріптес немесе жекеше әріптес қабылдайтын тәуекелдердің саны мен құны тәуекелдерді теңгерімді бөлудің шарты болып табылмайды.

      25. Мемлекеттік әріптес барлық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларында, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында өзгеше көзделмесе, тәуекелдердің мына түрлерін басқаруға қабылдайды:

      1) мемлекеттік әріптестің кінәсі немесе бастамасы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын бұзу;

      2) мемлекеттік әріптестің жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін жеке меншіктен уақтылы алып қоймауы;

      3) мемлекеттік әріптеске тиесілі жер учаскесін және (немесе) қолданыстағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін (мүлікті немесе мүліктік кешенді) уақтылы бермеу;

      4) жергілікті жердегі тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін бұзу және оларға өзге де теріс ықпал ету;

      5) мемлекеттік әріптес жобалаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін сапасыз жобалау (құрылыс нормаларына, ережелеріне немесе стандарттарына сәйкес келмеуі);

      6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының шарттарын нашарлатуы немесе жақсартуы мүмкін мемлекеттік әріптестің бастамасымен жобалық шешімдерді өзгерту;

      7) инженерлік коммуникацияларды уақтылы жеткізбеу;

      8) саяси тәуекелдер, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының шарттарын нашарлатуы немесе жақсартуы мүмкін Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер;

      9) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін мемлекет меншігіне уақтылы қабылдамау;

      10) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін кейіннен пайдалану үшін меншік және пайдалану құқықтарын уақтылы бермеу;

      11) жекеше әріптестің кінәсінен мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің бүлінуі немесе жойылуы;

      12) жекеше әріптеске шығындарын өтеуге төлемдерді бермеу немесе уақтылы ұсынбау.

      26. Жекеше әріптес барлық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларында, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және (немесе) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында өзгеше көзделмесе, тәуекелдерді басқару кезінде тәуекелдердің мынадай түрлерін қабылдайды:

      1) жекеше әріптестің кінәсі немесе бастамасы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын бұзу;

      2) мемлекеттік әріптестің меншігіндегі жер учаскесін және (немесе) қолданыстағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін (мүлікті немесе мүліктік кешенді) уақтылы қабылдамау;

      3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалануға уақтылы енгізбеу;

      4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құруға, салуға, реконструкциялауға, жаңғыртуға немесе күрделі жөндеуге, сондай-ақ пайдалануға рұқсат беретін және өзге де құжаттарды уақтылы алмау;

      5) жекеше әріптестің банкроттығы;

      6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру, салу, реконструкциялау, жаңғырту немесе күрделі жөндеу үшін жекеше әріптесте білікті кадрлардың болмауы;

      7) тұрғындар үшін қолайсыздық пен қауіпсіздік;

      8) қызметкерлер мен жұмысшылар тарапынан өндірістік қақтығыс (Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін бұзу, жаппай жұмыстан босату, митингілер);

      9) инвестициялық шығындардың ұлғаюы немесе төмендеуі (мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру, салу, реконструкциялау, жаңғырту немесе күрделі жөндеу құны);

      10) айырбас бағамының өзгеруі, бұл жобаның шарттарын нашарлатуы немесе жақсартуы мүмкін;

      11) салық мөлшерлемелерінің ұлғаюы немесе төмендеуі;

      12) инвестициялық кезеңнің ұлғаюы немесе қысқаруы;

      13) жекеше әріптес жобалаған кезде сапасыз жобалану (құрылыс нормаларына, ережелеріне немесе стандарттарына сәйкес келмеу);

      14) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының шарттарын нашарлатуы немесе жақсартуы мүмкін жобалау шешімдерінің өзгеруі;

      15) жекеше әріптестің бастамасымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының шарттарын нашарлатуы немесе жақсартуы мүмкін жобалық шешімдердің өзгеруі;

      16) сапасыз жабдықты және (немесе) құрылыс материалдарын жеткізу;

      17) жекеше әріптестің кінәсінен мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің бүлінуі немесе жойылуы;

      18) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру, салу, реконструкциялау, жаңғырту немесе күрделі жөндеу үшін қаржы ресурстарын тартпау немесе уақтылы тартпау;

      19) жобаның шарттарын нашарлатуы немесе жақсартуы мүмкін капитал құнының (пайыз мөлшерлемесінің) өзгеруі;

      20) экологиялық стандарттар мен нормаларға сәйкес келмеу;

      21) тауарларға, жұмыстарға немесе көрсетілетін қызметтерге сұраныстың/тұтынудың төмендеуі немесе ұлғаюы;

      22) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының шарттарын нашарлатуы немесе жақсартуы мүмкін тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер құнының өзгеруі;

      23) объектінің пайдаланушылық қолжетімсіздігі;

      24) операциялық (пайдалану құны, мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне қызмет көрсету) шығындардың ұлғаюы немесе қысқаруы;

      25) нормаларға, ережелерге, стандарттарға сәйкес келмеу;

      26) жабдықтың ақауы немесе жұмыс істемеуі;

      27) сапасыз техникалық қызмет көрсету.

      27. Мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында өзгеше көзделмесе, барлық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша тәуекелдердің келесі түрлерін бірлесіп қабылдайды:

      1) форс-мажор;

      2) сақтандырылмайтын тәуекелдер;

      3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көрсетілген тәуекелдер тізбесіне қосылмаған тәуекелдер.

      28. Осы Әдістеменің 25, 26 және 27-тармақтарында көрсетілген тәуекелдер тізбесі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары үшін шектейтін болып табылмайды. Осы Әдістеменің 25, 26 және 27-тармақтарында көрсетілмеген барлық тәуекелдер мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының келісуі бойынша 24-тармаққа сәйкес бөлінеді.

5-тарау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тәуекелдерін басқару

      29. Әрбір тәуекелді басқару бойынша егжей-тегжейлі қадамдық іс-шаралар жоспары конкурстық құжаттамада немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының бизнес-жоспарында және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көрсетіледі.

      30. Тәуекелдердің басталу ықтималдығын төмендету бойынша шаралар қажет болған кезде мынадай іс-шаралар түрін қамтиды:

      1) тәуекелдің басталуы салдарынан туындаған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының күтпеген шығыстарын жабу үшін резервтер құру;

      2) тәуекелдерді сақтандыру шарттарын (хеджирлеу) жасасу;

      3) мердігер шарттары арқылы тәуекелдерді беру;

      4) персоналдың санын және (немесе) біліктілігін арттыру;

      5) бюджетті және жұмыс кестесін бақылау және мониторингтеу;

      6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру қағидаларын, стандарттарын және нормаларын регламенттейтін ішкі нормативтік құжаттарды дайындау;

      7) тәуекелдерді басқару бойынша өзге де іс-шаралар.

      31. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тәуекелдері басталған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының құқықтары мен міндеттері мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының тиісті ережелері арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көрсетіледі.

      32. Тәуекелдерді басқару басталу ықтималдығын төмендету және басталған тәуекелдердің теріс салдарын жою және (немесе) жұмсарту бойынша шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін әдістерді, тәсілдерді және іс-шаралар кешенін білдіреді.

      33. Тәуекелдерді басқаруда жауапты тарап оңтайлы шешімді анықтау жолымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасындағы бұзушылықтарды барынша азайтады.

      34. Тәуекел басталған кезде, осы тәуекелді басқаруға жауапты тарап үшін ең аз уақытты және оны іске асыру үшін қажетті шығындардың ең аз мөлшері қажет болатын шешім оңтайлы болып саналады.

      35. Мемлекеттік әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына қол қойылған сәттен бастап мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін тәуекелдерді мониторингтеуді жүзеге асырады.

      36. Тәуекелдерді мониторингтеу рәсімдері мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көрсетіледі және сәйкестендірілген тәуекелдер тізбесіне сәйкес тәуекелдерді қадағалау, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес тәуекелдерді басқару мақсатында жаңа тәуекелдерді анықтау процестерін қамтиды.

      37. Жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына қол қойылған сәттен бастап мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тәуекелдер тізілімін жүргізеді.

  Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларының
тәуекелдерін бөлу және
бағалау әдістемесіне
1-қосымша
Нысан

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тәуекелдерін бағалау сауалнамасы

1

Жобаның атауы


2

Сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)


3

Жоғары білімінің болуы


4

Экономика, қаржы, инвестиция саласындағы жұмыс тәжірибесінің болуы


5

Құқықтану саласындағы жұмыс тәжірибесінің болуы


6

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру саласында (аясында) жұмыс тәжірибесінің болуы


7

Ұқсас объектілерді құру, салу, реконструкциялау, жаңғырту немесе күрделі жөндеу саласында тәжірибесінің болуы


толтыру күні
________________

қолы/тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
_________________

      Ескертпе:

      1. 1-жолда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының атауы көрсетіледі;

      2. 2-жолда сауалнаманы толтыратын сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) көрсетіледі;

      3. 3-жолда жоғары білім, ғылыми дәреже, мамандық (мамандану) алған оқу орны көрсетіледі;

      4. 4-жолда экономика, қаржы, инвестиция саласындағы жұмыс тәжірибесінің (бар болса) жылдар саны көрсетіледі;

      5. 5-жолда құқықтану саласындағы жұмыс тәжірибесінің (бар болса) жылдар саны көрсетіледі;

      6. 6-жолда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру саласында (аясында) жұмыс тәжірибесінің (бар болса) жылдар саны көрсетіледі;

      7. 7-жолда ұқсас объектілерді (бар болса) құру, салу, реконструкциялау, жаңғырту немесе күрделі жөндеудегі жұмыс тәжірибесінің жылдар саны көрсетіледі.

Тәуекел типі

Тәуекел атауы

Басқаруға жауапты тұлға

Тәуекелдің басталу ықтималдығы

Басталған жағдайда ықпал ету дәрежесі

1

2

3

4

5

6



















толтыру күні
________________

қолы/тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
_________________

      Ескертпе:

      1. Тәуекелдің басталу ықтималдығы мынадай бағалау жүйесіне сәйкес сандық мәнде анықталады:

      0-20% - тәуекелдің іске асырылмау ықтималдығы үлкен;

      21-40% - тәуекелдің іске асырылу ықтималдығы елеусіз;

      41-60% - тәуекелдің іске асырылу ықтималдығы орташа;

      61-80% - тәуекелдің іске асырылу ықтималдығы үлкен;

      81-100% - тәуекел толық сенімділікпен жүзеге асырылады.

      Тәуекел басталған кезде оның ықпал ету дәрежесі мынадай бағалау жүйесіне сәйкес сандық мәнде анықталады:

      1 балл - залал деңгейі елеусіз;

      2 балл - залал деңгейі төмен;

      3 балл - залал деңгейі орташа;

      4 балл - залал деңгейі елеулі;

      5 балл - залал деңгейі шекті.

      2. 1-бағанда тәуекелдің реттік нөмірі көрсетіледі;

      3. 2-бағанда осы Әдістеменің 5-тармағына сәйкес тәуекел түрі көрсетіледі;

      4. 3-бағанда тәуекелдің атауы көрсетіледі;

      5. 4-бағанда осы Әдістеменің 25, 26, 27, 28 және 29-тармақтарына сәйкес тәуекелді басқаруға жауапты тарап (мемлекеттік әріптес немесе жекеше әріптес) көрсетіледі.

      6. 5-бағанда осы Әдістеменің 14-тармағына сәйкес бағаланған тәуекелдің басталу ықтималдығы көрсетіледі;

      7. 6-бағанда осы Әдістеменің 14-тармағына сәйкес бағаланған, тәуекел басталған кездегі ықпал ету дәрежесі көрсетіледі.

  Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларының
тәуекелдерін бөлу және
бағалау әдістемесіне
2-қосымша
Нысан

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тәуекелдерін бағалау

Тәуекел типі

Тәуекел атауы

Тәуекелдің жобаға ықпалы

Тәуекелдің басталу ықтималдығы

Тәуекелдің басталу ықтималдығының орташа мәні

Сарапшы1

Сарапшы2

Сарапшыn

Сарапшы1

Сарапшы2

Сарапшыn

1

2

3

4

5

Инвестициялық кезең


1-тәуекел











2-тәуекел





















n-ші тәуекел










Пайдалану кезеңі


1-тәуекел











2-тәуекел





















n-ші тәуекел










      Кестенің жалғасы

Тәуекелдің басталу ықтималдығының орташа мәні

Жобаға тәуекел ықпалыныңорташа мәні

Тәуекел салмағы

Тәуекел құнын есептеу базасы

Тәуекел құнын есептеу базасының мәні

Тәуекелқұны

5

6

7

8

9

10

Инвестициялық кезең

























Пайдалану кезеңі

























      Ескертпе:

      1. 1-бағанда осы Әдістеменің 5-тармағына сәйкес тәуекел түрі көрсетіледі.

      2. 2-бағанда инвестициялық және пайдалан укезеңдеріндегі тәуекелдердің толық тізбесі көрсетіледі.

      3. 3-бағанда осы Әдістемеге1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнамалар сәйкес сарапшылардың бағалары көрсетіледі.

      4. 4-бағанда осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнамаларға сәйкес сарапшылардың бағалаулары көрсетіледі.

      5. 5-бағанда осы Әдістеменің 19-тармағына сәйкес есептелген тәуекелдің басталу ықтималдығы бойынша сарапшылардың бағалауларының орташа мәндері көрсетіледі.

      6. 6-бағанда осы Әдістеменің 20-тармағына сәйкес есептелген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына тәуекелдің ықпал ету дәрежесі бойынша сарапшылар бағалауларының орташа мәндері көрсетіледі.

      7. 7-бағанда осы Әдістеменің 18-тармағына сәйкес есептелген тәуекелдің салмағы көрсетіледі.

      8. 8-бағанда осы Әдістеменің 21 және 22-тармақтарына сәйкес айқындалған тәуекел құнын есептеу үшін қабылданған базаның атауы көрсетіледі.

      9. 9-бағанда осы Әдістеменің 21 және 22-тармақтарына сәйкес айқындалған тәуекел құнын есептеу үшін қабылданған базаның құны көрсетіледі.

      10. 10-бағанда осы Әдістеменің 17-тармағына сәйкес есептелген тәуекелдің құны көрсетіледі. Тәуекелдің басталуы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы үшін теріс салдарға алып келетін болса, тәуекелдің құны "-" (алу) белгісімен теріс мәнде көрсетіледі. Тәуекелдің басталуы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы үшін оң салдарға алып келетін болса, тәуекел құны "+" (қосу) белгісімен оң мәнде көрсетіледі.

  Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларының
тәуекелдерін бөлу және
бағалау әдістемесіне
3-қосымша
Нысан

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тәуекелдерін бөлу және басқару

Тәуекел атауы

Тәуекелдерді басқаруға жауапты тұлға

Тәуекелқұны

Мемлекеттік әріптес үшін тәуекел құны

Жекеше әріптес үшін тәуекел құны

Тәуекелдің басталу ықтималдығын төмендету бойыншашаралар

Тәуекелдің басталу салдарынжою бойыншашаралар

1

2

3

4

5

6

7

Инвестициялық кезең

1-тәуекел







2-тәуекел













n-ші тәуекел







Пайдалану кезеңі

1-тәуекел







2-тәуекел













n-ші тәуекел







      Ескертпе:

      1. 1-бағанда инвестициялық және пайдалану кезеңдеріндегі тәуекелдердің толық тізбесі көрсетіледі.

      2. 2-бағанда тәуекелді басқаруға жауапты тұлға көрсетіледі: осы Әдістеменің 25, 26, 27, 28 және 29-тармақтарына сәйкес айқындалған жекеше әріптес және (немесе) мемлекеттік әріптес.

      3. 3-бағанда осы Әдістеменің 17-тармағына сәйкес (2-қосымшаға сәйкес) есептелген тәуекелдің құны көрсетіледі.

      4. 4-бағанда мемлекеттік әріптес үшін тәуекелдің құны (мемлекеттік әріптес тәуекелдерді басқаруға толық жауапты болған жағдайда тәуекел құнының 100%-ы; тәуекелдерді басқару жауапкершіліг імемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасында бөлінген кезде, тәуекел құнының 50%) көрсетіледі.

      5. 5-бағанда жекеше әріптес үшін тәуекелдің құны (жекеше әріптес тәуекелдерді басқаруға толық жауапты болған жағдайда тәуекел құнының 100%-ы; тәуекелдерді басқару жауапкершілігі мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасында бөлінген кезде, тәуекел құнының 50%) көрсетіледі.

      6. 6-бағанда тәуекелдің басталу ықтималдығын төмендету бойынша шаралар тізбесі көрсетіледі.

      7. 7-бағанда тәуекелдің басталу салдарын жою бойынша іс-шаралар тізбесі көрсетіледі.

  Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларының
тәуекелдерін бөлу және
бағалау әдістемесіне
4-қосымша
Нысан

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тәуекелдер тізілімі

Тәуекел типі

Тәуекел атауы

Тәуекелдің
басталу себептері

Тәуекелдің басталуынан болған салдарлар

Тәуекелдерді басқару үшін жауапты
тұлға

Шарт бойынша тараптардың жауапкершілігі

Басталу ықтималдығын азайту үшін алдын ала қабылданған шаралар

Басталу салдарын жоюбойынша алдын ала қабылданған шаралар

Тәуекелдерді басқаруға бағытталған ресурстар

қаржылық

еңбек

басқа

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

















































      Ескертпе:

      1. 1-бағанда тәуекелдің реттік нөмірі көрсетіледі.

      2. 2-бағанда осы Әдістеменің 5-тармағына сәйкес тәуекел түрі көрсетіледі.

      3. 3-бағанда тәуекелдің атауы көрсетіледі.

      4. 4-бағанда тәуекелдің басталу себептері көрсетіледі.

      5. 5-бағанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы үшін тәуекелдің басталуынан болған салдарлар көрсетіледі.

      6. 6-бағанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша жауапты тарап (мемлекеттік әріптес немесе жекеше әріптес) көрсетіледі.

      7. 7-бағанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес тәуекел басталған жағдайда тараптардың жауапкершілігі көрсетіледі.

      8. 8-бағанда тәуекелдің басталу ықтималдығын азайту үшін тәуекелді басқаруға жауапты тарап алдын ала қабылдаған шаралар көрсетіледі.

      9. 9-бағанда тәуекелді басқару үшін жауапты тұлғаның тәуекелдің басталу салдарын жою бойынша алдына ала қабылдаған шаралары көрсетіледі.

      10. 10-бағанда тәуекелдерді басқаруға бағытталған ресурстар (оның ішінде қаржылық, еңбек және басқа да ресурстар) көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 16 маусымдағы
№ 52 Бұйрыққа
8-қосымша

Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің әртүрлі кезеңдерінде туындайтын тәуекелдердің болжамды тізбесі

Инвестициялық кезең

Заңдық
тәуекелдер

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру, салу, реконструкциялау, жаңғырту немесе күрделі жөндеу жұмыстары басталғанға дейін бұзылуы

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру, салу, реконструкциялау, жаңғырту немесе күрделі жөндеу жұмыстары басталғаннан кейін бұзылуы

Мемлекеттiк әріптестiң жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшiн жеке меншiктен уақтылы алып қоймауы

Жер учаскесінің уақтылы берілмеуі

Жер учаскесінің уақтылы қабылданбауы

Қолданыстағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің (мүлікті немесе мүліктік кешенді) уақтылы берілмеуі

Қолданыстағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің (мүлікті немесе мүліктік кешенді) уақтылы қабылданбауы

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің пайдалануға уақтылы енгізілмеуі

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құруға, салуға, реконструкциялауға, жаңғыртуға немесе күрделі жөндеуге рұқсат беретін және басқа да құжаттардың уақтылы алынбауы

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалануға рұқсат беретін және өзге де құжаттардың уақтылы алынбауы

Инвестициялық кезеңнің басқа да заңдық тәуекелдері

Коммерциялық тәуекелдер

Жекеше әріптестің банкроттығы

Инвестициялық кезеңнің өзге де коммерциялық тәуекелдері

Әлеуметтік тәуекелдер

Жергілікті тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін бұзу және өзге де теріс ықпал ету

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру, салу, реконструкциялау, жаңғырту немесе күрделі жөндеу үшін жекеше әріптесте білікті кадрлардың жеткіліксіздігі

Тұрғындар үшін қолайсыздық пен қауіптілік

Персонал мен жұмысшылар тарапынан өндірістік жанжал (Қазақстан Республикасының еңбек кодексін бұзу, жаппай жұмыстан босату, митингілер)

Инвестициялық кезеңнің өзге де әлеуметтік тәуекелдері

Экономикалық тәуекелдер

Инвестициялық шығындардың ұлғаюы (мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру, салу, реконструкциялау, жаңғырту немесе күрделі жөндеу құны)

Инвестициялық шығындардың төмендеуі (мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру, салу, реконструкциялау, жаңғырту немесе күрделі жөндеу құны)

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының шарттарын нашарлатуы мүмкін валюта бағамының өзгеруі

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының шарттарын жақсартуы мүмкін валюта бағамының өзгеруі

Салықтық мөлшерлемелердің артуы

Салықтық мөлшерлемелердің төмендеуі

Инвестициялық кезеңнің өзге де экономикалық тәуекелдері

Техникалық тәуекелдер

Инвестициялық кезеңнің ұлғаюы

Инвестициялық кезеңнің қысқаруы

Объектіні сапасыз жобалау (құрылыс нормаларына, ережелерге, стандарттарға сәйкес келмеуі)

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының шарттарын нашарлатуы мүмкін жобалық шешімдерді өзгерту

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының шарттарын жақсарта алатын жобалық шешімдерді өзгерту

Инженерлік коммуникацияларды уақтылы жүргізбеу

Сапасыз жабдықтарды және (немесе) құрылыс материалдарын жеткізу

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің бүлінуі немесе жойылуы

Инвестициялық кезеңнің өзге де техникалық тәуекелдері

Қаржылық тәуекелдер

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру, салу, реконструкциялау, жаңғырту немесе күрделі жөндеу үшін қаржы қаражатын тартпау немесе уақтылы тартпау

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының шарттарын нашарлатуы мүмкін капитал құнының (пайыздық мөлшерлемелердің) өзгеруі

Жоба шарттарын жақсарта алатын капитал құнының (пайыздық мөлшерлемелердің) өзгеруі

Инвестициялық кезеңнің өзге де қаржылық тәуекелдері

Саяси тәуекелдер

Жобаның шарттарын нашарлатуы мүмкін Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер

Жобаның шарттарын жақсартуы мүмкін Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер

Инвестициялық кезеңнің өзге де саяси тәуекелдері

Экологиялық тәуекелдер

Экологиялық стандарттар мен нормаларға сәйкес келмеуі

Инвестициялық кезеңнің өзге де экологиялық тәуекелдері

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ерекшелігіне байланысты өзге де тәуекелдер

Пайдалану кезеңі

Заңдық тәуекелдер

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалануға бергеннен кейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын бұзу

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін мемлекет меншігіне уақтылы қабылдамау

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін кейіннен пайдалану үшін иелену және пайдалану құқықтарын уақтылы бермеу

Инвестициялық кезеңнің өзге де заңды тәуекелдері

Коммерциялық тәуекелдер

Тауарларға, жұмыстарға немесе көрсетілетін қызметтерге сұраныстың/тұтынудың төмендеуі

Тауарларға, жұмыстарға немесе көрсетілетін қызметтерге сұраныстың/тұтынудың артуы

Жобаның шарттарын нашарлатуы мүмкін тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер құнының өзгеруі

Жобаның шарттарын жақсартуы мүмкін тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер құнының өзгеруі

Объектінің пайдалануға қолжетімсіздігі

Жекеше әріптестің шығындарын өтеу төлемдерін ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау

Жекеше әріптестің банкроттығы

Операциялық кезеңнің өзге де коммерциялық тәуекелдері

Әлеуметтік тәуекелдер

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін басқару үшін жекеше әріптесте білікті кадрлардың жеткіліксіздігі

Тұрғындар үшін қолайсыздық пен қауіптілік

Персонал мен жұмысшылар тарапынан өндірістік жанжал (Қазақстан Республикасының еңбек кодексін бұзу, жұмыстан жаппай босату, митингілер және т.б.)

Пайдалану кезеңінің өзге де әлеуметтік тәуекелдері

Экономикалық тәуекелдер

Операциялық шығындардың ұлғаюы (пайдалану құны, мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне қызмет көрсету)

Операциялық шығындардың қысқаруы (пайдалану құны, мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне қызмет көрсету)

Жобаның шарттарын нашарлатуы мүмкін валюта бағамының өзгеруі

Жобаның шарттарын жақсартуы мүмкін валюта бағамының өзгеруі

Салықтық мөлшерлемелердің артуы

Салықтық мөлшерлемелердің төмендеуі

Пайдалану кезеңінің өзге де экономикалық тәуекелдері

Техникалық тәуекелдер

Нормаларға, ережелерге, стандарттарға сәйкес келмеуі

Жабдықтың ақауы немесе жұмыс істемеуі

Сапасыз техникалық қызмет көрсету

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің зақымдануы немесе жойылуы

Пайдалану кезеңінің өзге де техникалық тәуекелдері

Қаржылық тәуекелдер

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының шарттарын нашарлатуы мүмкін капитал құнының (пайыздық мөлшерлеменің) өзгеруі

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының шарттарын жақсартуы мүмкін капитал құнының (пайыздық мөлшерлеменің) өзгеруі

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне зақым келген жағдайда сақтандырушының сақтандыру төлемінің мүмкін болмауы

Пайдалану кезеңінің өзге де қаржылық тәуекелдері

Саяси тәуекелдер

Жобаның шарттарын нашарлатуы мүмкін Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер

Жобаның шарттарын жақсартуы мүмкін Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер

Пайдалану кезеңінің өзге де саяси тәуекелдері

Экологиялық тәуекелдер

Экологиялық стандарттар мен нормаларға сәйкес келмеу

Пайдалану кезеңінің өзге де экологиялық тәуекелдері

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ерекшелігіне байланысты өзге де тәуекелдер

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 16 маусымдағы
№ 52 Бұйрыққа
9-қосымша

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құнын айқындау әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 27-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру құнын, операциялық шығындарды, сондай-ақ жекеше әріптесті мемлекеттік қолдау мөлшерін, шығындарын өтеу және кірістер алу көздерін айқындау мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік қолдаудың болжамды мөлшерін, шығындарды өтеу және кірістер алу көздерін есептеуге қойылатын бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

      2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру құны осы Әдістеменің 2-тарауына сәйкес есептелген инвестициялардың болжамды мөлшері ретінде айқындалады.

      3. Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) мемлекеттік қолдау – Заңның 27-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген мемлекеттік-жекешелік әріптестікті мемлекеттік қолдау түрлері;

      2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің шығындарын өтеу көздері – Заңның 1-бабының 4), 9), 10) тармақшаларында және 9-бабының 2-тармағында көзделген бюджет қаражаты есебінен ақшалай төлемдер.

      4. Мемлекеттік қолдаудың болжамды мөлшерін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша шығындарды өтеу және кірістер алу көздерін есептеу қаржы-экономикалық модель пайдаланылып жүргізіледі.

      Мемлекеттік қолдаудың оңтайлы деңгейін, шығындарды өтеу және кірістер алу көздерін айқындау мақсатында қаржы-экономикалық моделдің екі нұсқасы:

      1) базалық қаржы-экономикалық модель;

      2) кеңейтілген қаржы-экономикалық модель әзірленеді.

      5. Базалық қаржы-экономикалық моделді әзірлеу кезінде:

      1) жоба мемлекеттік қолдау және шығындарды өтеу көздері болмаған кезде жүзеге асырылады;

      2) жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалану процесінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді іске асыруды, оның ішінде мемлекеттік тапсырысты орындауды көздейді;

      3) жоба қарыз алудың нарықтық құны (пайыздық мөлшерлеме) бойынша коммерциялық көздерден ғана қаржыландырылады;

      4) қаржылық қолдау шаралары берілмейді деген болжам пайдаланылады.

      Базалық қаржы-экономикалық модель шеңберінде қаржылық қолдау шараларын ескерусіз жобаның таза келтірілген құны (бұдан әрі – базалық NPV) есептеледі.

      Егер жобаның базалық NPV теріс болса, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының коммерциялық тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Заңның талаптарын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің белгіленген лимиттерін, пайда мен шығындардың арақатынасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының институционалдық схемасын және басқа да ерекшеліктерін сақтай отырып, базалық қаржы-экономикалық моделге мемлекеттік қолдау шараларын, шығындарды өтеу және кірістер алу көздерін енгізу жолымен кеңейтілген қаржы-экономикалық модель әзірленеді.

      6. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша ішкі кірістілік нормасының (IRR) жол берілетін шекті мөлшері жекеше әріптестің шығындарды өтеуі және кірістер алуы мемлекеттік әріптестің төлемдерімен өтелетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары үшін дисконттау мөлшерлемесіне + (қосу) 3 (үш) пайыздық тармаққа тең немесе жекеше әріптестің шығындарын өтеудің және кірістер алуының 50 (елу) пайыздан астамы тұтынушылардан алынатын төлеммен қамтамасыз етілетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары үшін дисконттау мөлшерлемесіне + (қосу) 5 (бес) пайыздық тармаққа тең.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының таза келтірілген құнының көрсеткіші (NPV) теріс мәнге ие бола алмайды.

2-тарау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша инвестициялық және операциялық шығындардың болжамды мөлшерін айқындау

1-параграф. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру кезінде инвестициялардың болжамды мөлшерін есептеу

      7. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жоспарлау кезеңінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру кезіндегі инвестициялардың болжамды көлемі жекеше әріптестің барлық шығындарының сомасы ретінде айқындалады:

     


      I – мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектiсiн құру кезіндегі инвестициялардың болжамды мөлшері;

      t – мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру кезеңі (жылы);

      n – мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру ұзақтығы;

      Ct – t кезеңінде жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құруға жұмсалған барлық шығындарының жиынтық мөлшері;

     


      1) Ct қржк – t кезеңінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін салуға жұмсалған шығыстар:

      жобалау-сметалық құжаттамалар (бұдан әрі – ЖСҚ), үлгілік жобалар, үлгілік жобалау шешімдері және қайта қолдану жобалары болған кезде байланыстыруды ескере отырып (қажет болған жағдайда) жиынтық сметалық құнға сәйкес айқындалады;

      ғимараттар мен құрылыстар салу құнының ірілендірілген көрсеткіштері, конструктивтердің көлемі туралы жобалық деректер мына формулаға сәйкес айқындалады:

     


      DСі ұқ – кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысы бар ТЭН-ге немесе ЖСҚ-ға сәйкес кемінде 3 (үш) ұқсас объектінің негізінде i-ші объектінің қуат бірлігіне шаққандағы құрылыс құнының орташа мәні;

      Sі – мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің құрамындағы i-ші ұқсас объектінің қуаты;

      i – мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің құрамындағы ұқсас объект;

      m – конструктивтер саны;

      n – мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің құрамындағы ұқсас объектілердің саны;

      Кі ұқ – i-ші ұқсас объектінің құрылыс құнын ағымдағы бағаларға келтіру коэффициенті;

      Pі нег – құн жөніндегі ақпарат көздерін (коммерциялық ұсыныстар, сілтемелер) келтіре отырып, i-ші объектіні қажетті жасақтау, оның ішінде жабдықтар, жиһаздар және құрал-саймандар құны;

      ғимараттар мен құрылыстарды салу құнының ірілендірілген көрсеткіштері болған кезде мына формулаға сәйкес айқындалады:

     


      Capi – мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің құрамындағы i-ші объектінің қуаты;

      Сiжк – ағымдағы баға деңгейінде нақты өңір үшін i-ші объектінің қуат бірлігіне шаққандағы құрылыстың (оның ішінде жабдықтардың, жиһаздардың және құрал-саймандардың) құны;

      Ржарақ – қосымша жарақтандыру құны нарықтың ұсынылған коммерциялық ұсыныстарына сәйкес айқындалады;

      Сіске қосу – іске қосу-реттеу жұмыстарына арналған шығыстар жабдық пен қосымша жарақтандыру құнының 1 (бір) пайызы мөлшерінде қабылданады;

      n – мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің құрамындағы объектілердің саны;

      i – мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің құрамындағы объект.

      конструктивтер мен жұмыс түрлерінің сметалық құнының ірілендірілген көрсеткіштері болған кезде мына формулаға сәйкес айқындалады:

     


      Voli – i-ші конструктивтің/жұмыс түрінің көлемі;

      Сiжк – ағымдағы баға деңгейінде нақты өңір үшін i-ші конструктив/жұмыс түрі көлемінің бірлігіне шаққанда конструктивтің/жұмыс түрі сметалық құны;

      Ржарақ – қосымша жарақтандыру құны нарықтың ұсынылған коммерциялық ұсыныстарына сәйкес айқындалады;

      Сіске қосу – іске қосу-реттеу жұмыстарына арналған шығыстар жабдық пен қосымша жарақтандыру құнының 1 (бір) пайызы мөлшерінде қабылданады;

      Синж – инжинирингтік көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстар;

      Сt инж = Ct басқ + Сt тех + Сt авт, (6), мұндағы:

      Ct басқ – жобаны басқаруға арналған шығыстар;

      Ct басқ = Ct қржк * SCt басқ, (7), мұндағы:

      SСt басқ – жобаны басқаруға арналған шығыстардың нормативі;

      Сt тех – техникалық қадағалауды жүзеге асыруға арналған шығыстар;

      Ct тех = Ct қржк * SСt тех, (8), мұндағы:

      SСt тех – техникалық қадағалауды жүзеге асыруға арналған шығыстардың нормативі;

      Сt авт – авторлық қадағалауды жүзеге асыруға арналған шығыстар;

      Ct авт = Ct қржк * SCt авт, (9), мұндағы:

      SСt авт – авторлық қадағалауды жүзеге асыруға арналған шығыстардың нормативі;

      Шығыcтар нормативтерінің мөлшері осы Әдістемеге 1-қосымшада келтірілген.

      Сжоба – жобалау жұмыстарына арналған шығыстар;

     


      а және b – жобаланатын объектінің негізгі көрсеткішінің белгілі бір интервалына арналған мың теңгемен берілген тұрақты шамалар;

      Х – жобаланатын объектінің негізгі көрсеткіші: қуат, өнімділік (өндірістік объектілер үшін), ұзындық (желілік объектілер үшін), сыйымдылық, аудан және басқа көрсеткіштер;

      Пki – мәндері құрылысқа арналған жобалау жұмыстарының құнын айқындау жөніндегі нормативтік құжатта, құрылысқа арналған жобалау жұмыстарының бағалар жинағында келтірілген жобалау шарттары мен жобалауды күрделілендіретін (жеңілдететін) факторлардың әсерін ескеретін дұрыстау (түзету) коэффициенттерінің туындысы;

      k1(2) – кезеңділік коэффициенті: k1 – жобаны әзірлеу құнының жұмыс құжаттамасын әзірлеу құнына қатынасы және k2 – жұмыс жобасын әзірлеу құнының жұмыс құжаттамасын әзірлеу құнына қатынасы.

      a, b, k1(2) мәндері құрылысқа арналған жобалау жұмыстары бағаларының жинағы бөлімдерінің кестелерінде келтірілген.

      Ссар – жобаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған шығыстар;

     


      kсв – осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес мәндер бойынша айқындалатын сараптамалық верификациялау коэффициенті;

      n – мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің құрамындағы конструктивтердің/жұмыс түрлерінің саны;

      i – мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің құрамындағы конструктив/жұмыс түрі;

      Ct қржк – мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін реконструкциялауға, жаңғыртуға немесе күрделі жөндеуге арналған t кезеңіндегі шығыстар объектіні техникалық зерттеу бойынша сараптамалық қорытындыда белгіленген жұмыстардың құрамы мен көлемі және реконструкциялау немесе жаңғырту құнының алдын ала есептемесі негізінде айқындалады.

      Ct қржк – инновациялық немесе ғылыми қызметті болжайтын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларындағы t кезеңіндегі шығыстар салалық заңнамаға сәйкес айқындалады;

      ғимараттар, құрылысжайлар мен олардың кешендерінің, коммуникацияларының жаңасын салуды, қолданыстағыларын өзгертуді (реконструкциялауды, кеңейтуді, техникалық қайта жарақтандыруды, жаңғыртуды, күрделі жөндеуді) көздемейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларында тиісті уәкілетті органның кемінде үш коммерциялық ұсынысы (медиана бойынша есептеледі) және (немесе) бағалау қорытындысы және бағаның негіздемесін растайтын ақпаратты қамтитын басқа да құжаттар негізінде айқындалады.

      Алдағы күнтізбелік жылға (жылдарға) жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құруға арналған шығыстар құрылыс үшін құн индекстерін ескере отырып, күнтізбелік жылдар бойынша инвестициялар көлемін бөлу жолымен айқындалады (қажет болған жағдайда);

      Қосылған құн салығы осы тармақта көрсетілген есептеулерге қосымша есептеледі және ескеріледі.

      2) Сt бас – мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру кезеңінде мына формулаға сәйкес айқындалатын компанияны басқаруға арналған t кезеңіндегі шығыстар:

     


      Рt жал – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға тартылған әкімшілік-басқару персоналы үшін үй-жайларды жалға алуға және/немесе ұстауға арналған шығыстар;

      Сt қызм – ақпарат көзіне тиісті сілтемелерді көрсете отырып, орташа нарықтық көрсеткіштерге сәйкес еңбекақы төлеу шығыстары, іссапар шығыстары, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезеңінде тартылған әкімшілік-басқару персоналын оқыту іс-шаралары;

      Сt сақ – компанияны басқару жөніндегі қызметпен байланысты сақтандыру шығыстары;

      Сt ағым – жекеше әріптестің ағымдағы шығыстары (банктік көрсетілетін қызметтер, байланыс қызметтері, күзет қызметі);

      Сt сал – салық шығыстары;

      3) Сt сый – мына формулаға сәйкес айқындалатын t кезеңіндегі сыйақы шығыстары:

     


      Rt қар – қарыз капиталы нарығында қалыптасқан, нарықтық сыйақы мөлшерлемесі бойынша есептелген тартылатын қарыздар бойынша есепке жазылатын сыйақы.

      Қазақстан Республикасының қарыз капиталы нарығына инвестициялар тартылған жағдайда қарыздар бойынша сыйақыларды төлеуге арналған шығыстар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсының (http://www.nationalbank.kz) "Статистика" бөлімінде статистикалық бюллетеньде соңғы есепті күндегі жағдай бойынша орналастырылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі (орташа алынған) жөніндегі статистика деректері негізінде айқындалады; шетелдік капиталды тарту кезінде – сыйақылар төлеу бойынша шығыстар LIBOR (London Interbank Offered Rate – Лондон банкаралық нарығында әртүрлі валюталарда және әртүрлі мерзімге қаражат ұсынатын банктер беретін банкаралық кредиттер бойынша орташа өлшенген пайыздық мөлшерлеме, бұдан әрі – LIBOR) мөлшерлемесін және қарыз капиталы нарығында белгіленген нарықтық сыйақы мөлшерлемесі бойынша есептелетін маржа ескеріле отырып есептеледі;

      Rt облиг – әлеуметтік-экономикалық дамудың тиісті мақұлданған болжамына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында (http://economy.gov.kz) орналастырылған бюджет параметрлеріне және сәйкес есептеулер кезінде облигациялардың бүкіл айналым мерзімі кезінде қолданылатын тіркелген маржаға сәйкес есептеулер кезінде қаржы-экономикалық моделде болжанатын инфляция деңгейі (тұтыну бағалары) ретінде айқындалатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру кезеңінде инфрақұрылымдық облигациялар (қажет болса оларды шығару) бойынша есептелетін сыйақы;

      EDt – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің макроэкономикалық пікіртеріміндегі деректерге сәйкес шетел валютасындағы кредиттер бойынша бағамдық айырмалар;

      4) Сt сақ – сақтандыру қызметтерінің нарығын зерттеу нәтижелері бойынша сақтандыру қызметтерінің нарықтық бағаларына сәйкес инфрақұрылымдық облигациялар (қажет болса, оларды шығару) бойынша мемлекет кепілгерлігімен сақтандыруды қоса алғанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құруға байланысты t кезеңінде барлық сақтандыру түрлеріне арналған шығыстар;

      5) Сt басқ – мына формулаға сәйкес айқындалатын t кезеңіндегі өзге де шығыстар:

     


      Сt тар – KazPrime индикаторын (KazPrime индикаторы қазақстандық банкаралық депозиттер нарығында ақшаны орналастыру мөлшерлемесінің орташа мәнін көрсетеді) қалыптастыру туралы KASE келісіміне ("Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының ресми тізімі) қатысушы банктердің көрсетілетін қызметтеріне орташа тарифтер ретінде айқындалатын қарыздарды тарту бойынша шығыстар. Тарифтер жалпыға қолжетімді ақпарат болып табылады және тиісті қаржы ұйымдарының интернет-ресурстарында орналастырылған;

      Сt облиг – нарықты зерттеу нәтижелері бойынша тиісті көрсетілетін қызметтердің нарықтық бағаларына сәйкес инфрақұрылымдық облигациялар шығаруды (қажет болса оларды шығару) ұйымдастыру;

      Сt ком – банктік кепілдік беру қызметтері нарығын зерттеу нәтижелері бойынша банктік кепілдік беру қызметтерінің нарықтық бағаларына сәйкес ақылы банктік көрсетілетін қызметтер мен банктік кепілдік беру бойынша комиссиялар;

      Сt лиц – мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалану басталғанға дейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес көзделген лицензияларды, патенттерді, рұқсаттарды және құжаттарды алу;

      Сt бюд – уәкілетті мемлекеттік органдар алатын міндетті алымдар мен төлемдер;

      Сt ауд – аудиторлық компаниялардың баға ұсыныстарына сәйкес аудиторлық тексерулер;

      Сt т.б. – мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құруға арналған жоғарыда аталған барлық шығыстар сомасының 1 (бір) пайызынан аспайтын көлемде мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құруға байланысты шығыстар.

      8. Инвестициялық шығындар өтемақысының жыл сайынғы мөлшері индекстелмейді. Инвестициялық шығындардың жекелеген баптары (салықтарға арналған шығыстарды, қарыздарға қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды қоспағанда) соңғы бес жылдағы инфляцияның нақты деңгейінің орташа мәніне индекстеледі.

      Инвестициялық шығындарды өтеу сомасына конкурстық (аукциондық) құжаттаманың ақпараттық парағының жобасын және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын әзірлеуге жеке бастамашының шығындарын өтеу сомасы енгізілмейді.

      Инвестициялық шығындарға өтемақы төлеу мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі пайдалануға берілгеннен кейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес кемінде 5 (бес) жылды құрайтын мерзім ішінде тең үлестермен жүзеге асырылады.

      Бұл ретте инвестициялық шығындарға өтемақы төлеудің жалпы мерзімін қысқартпай және Заңның 46-бабының 1-тармағының шарттарын сақтай отырып, инвестициялық шығындарға өтемақы төлеудің біркелкілігін сақтау арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін мерзімінен бұрын пайдалануға беру жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында белгіленген инвестициялық шығындарға өтемақы төлеу мерзімдерін анағұрлым ерте кезеңдерге ауыстыруға жол берілмейді.

2-параграф. Операциялық шығындардың болжамды мөлшерін есептеу

      9. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша операциялық шығындардың болжамды мөлшерін есептеу кезінде операциялық шығындардың мынадай топтары ескеріледі:

      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектiсiнiң инженерлiк және технологиялық жабдықтарын ұстауға және пайдалануға арналған шығындар;

      2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің ғимараттарын (құрылыстарын) және аумақтарын ұстауға арналған шығындар;

      3) әкімшілік шығындар (әкімшілік-басқару персоналының еңбегіне ақы төлеу; сақтандыру бойынша шығыстар; мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісінің ағымдағы шығыстары (банктік көрсетілетін қызметтер, байланыс қызметтері, күзет қызметтері);

      4) салық бойынша шығыстар;

      5) сақтандыру бойынша шығыстар;

      6) қарыздарға қызмет көрсету бойынша шығыстар (қарыз бойынша есептелетін сыйақы);

      7) басқа операциялық шығындар, оның ішінде: ағымдағы жөндеу; орташа жөндеу; материалдық шығыстар (мысалы мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалануға қажетті отын сияқты шикізат, жабдықтардың қосалқы бөлшектері, жабдықты ұсақ жөндеу); мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектiсiнiң жұмыс iстеуi үшiн қажеттi заттай нормалар немесе материалдық запастар, арнайы киім сияқты салалық шығыстар; республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектiлерiндегi тамақтану құны; мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілеріндегі қажетті инвентарлық мүлік; бірегей жабдықта жұмыс істеу үшін оқыту;

      8) осы тарауда көрсетілмеген операциялық шығындардың баптары халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес сәйкестендірілген жағдайда олар өтеледі.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша операциялық шығындардың өтемақысы қаржыландыруды ұйымдастыруға арналған шығыстарды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құруға байланысты емес қарыздар бойынша сыйақы шығыстарын өтемейді.

      10. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша операциялық шығындарды өтеу осы Әдістеменің 6-тармағына сәйкес айқындалған кірістіліктің ішкі нормасының жол берілетін шекті мөлшеріне қол жеткізу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес операциялық шығындардың белгілі бір көлемін өтеуге бағытталған бюджет қаражаты есебінен ақшалай төлемдерді білдіреді.

      11. Операциялық шығындар өтемақысының жыл сайынғы мөлшері индекстелмейді. Операциялық шығындардың жекелеген баптары (салықтарға арналған шығыстарды, қарыздарға қызмет көрсету бойынша шығыстарды қоспағанда) соңғы бес жылдағы нақты инфляция деңгейінің орташа мәніне индекстеледі.

3-тарау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік қолдау шараларының болжамды мөлшерін, шығындарды өтеу және кірістер алу көздерін есептеу

1-параграф. Қолжетімділік үшін төлемақының болжамды мөлшерін есептеу

      12. Қолжетімділік үшін төлемақы мыналардан тұрады:

      1) операциялық шығындарды өтеу сомасы;

      2) жекеше әріптеске мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің сапалық сипаттамаларын, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің жеке техникалық-экономикалық параметрлерін негізге ала отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің қолжетімділігін қамтамасыз еткені үшін сыйақы сомасы.

      13. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жоспарлау сатысында қолжетімділік үшін төлемақының болжамды мөлшері осы Әдістеменің 9 және 10-тармақтарында айқындалған операциялық шығындарды өтеу сомасы және жекеше әріптеске мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің сапалық сипаттамаларын қамтамасыз еткені үшін осы Әдістеменің 14-тармағына сәйкес есептелетін сыйақы сомасы ретінде айқындалады.

      14. Жекеше әріптеске мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің сапалық сипаттамаларын қамтамасыз еткені үшін сыйақының ең жоғары мөлшері осы Әдістеменің 6-тармағына сәйкес айқындалатын жобаның ішкі кірістілік нормасының (IRR) шекті жол берілетін мөлшеріне қол жеткізу үшін қажетті ақшалай төлемдер сомасынан аспауға тиіс.

      Жекеше әріптеске мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің сапалық сипаттамаларын қамтамасыз еткені үшін жыл сайынғы сыйақы мөлшері индекстелмейді.

      15. Дисконттау мөлшерлемесі капиталдың орташа өлшенген құны ретінде есептеледі (WACC – Weighted Average Cost of Capital):

     


      Re – меншікті капиталдың құны;

      E/V – жалпы салынған капиталдағы меншікті капиталдың құны;

      Rd – қарыз капиталының құны;

      D/V – жалпы салынған капиталдағы қарыз капиталының мөлшері;

      T – корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі.

      16. Дисконттау мөлшерлемесін есептеу кезінде жекеше әріптестің меншікті капиталының құны күрделі активтерді бағалау моделі (CAPM – Capital Asset Pricing Model) негізінде мына формула бойынша айқындалады:

     


      Re – меншікті капитал құны;

      RF– номиналды тәуекелсіз мөлшерлеме;

      ßp – бета жобаның салалық коэффициенті;

      ERP – елдің ерекшеліктері ескеріле отырып, жүйелі тәуекелдер үшін күтілетін сыйақы.

      Номиналды тәуекелсіз мөлшерлеме (RF) мына формула бойынша айқындалады:

      RF = GBY – ел CDS, (17), мұндағы:

      GBY – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің индекстелмеген мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша 5 (бес) жылдан астам мерзімге кірістілік индикаторы Қазақстан қор биржасының ресми интернет-ресурсында (https://kase.kz/ru/stock_market/KZGB/KZGB_Y/) орналастырылған деректерге сәйкес айқындалады;

      елдің CDS – валютасында ақша ағындары бағаланатын елдің облигациялары бойынша дефолт спреді (тәуекел). Асвата Дамодаранның Қазақстан Республикасына арналған деректері (Country Risk Premiums) негізінде соңғы есепті күнге айқындау ұсынылады.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына арналған салалық бета коэффициент (ßp) мына формула бойынша айқындалады:

     


      ße – меншікті капиталға арналған бета коэффициент.

      Меншікті капиталдың салалық бета коэффициенті (ße) мына формула бойынша айқындалады:

     


      ßa орт. – активтерге арналған бетаның орташа коэффициенті;

      D/V – жалпы салынған капиталдағы қарыз капиталының шамасы;

      E/V – жалпы салынған капиталдағы меншікті капиталдың шамасы;

      T – корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі.

      Активтерге арналған бетаның орташа коэффициенті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы іске асырылатын бета салаларға қатысты мына формула бойынша есептеледі:

     


      ßа – салалар бойынша активтерге арналған бета мәні;

      k – жобадағы саланың үлесі (мысалы құрылыс, білім беру, денсаулық сақтау, энергетика) мына формула бойынша айқындалады:

     


      Cn – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының қаржылық-экономикалық моделінің деректеріне сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша қызмет жүзеге асырылатын тиісті сала (-лар) шығындарының мөлшері.

      Активтерге арналған салалық бета коэффициентті (ßa) Асвата Дамодаранның дамушы елдерге арналған орташа салалық бета бойынша деректерінің негізінде соңғы есепті күнге айқындау ұсынылады.

      17. Корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес номиналды мәнде айқындалады.

      18. Елдің ерекшеліктері (ел тәуекелі) ескеріле отырып, жүйелі тәуекел үшін сыйақыны (ERP) Асвада Дамодаранның Қазақстан Республикасына арналған деректері (Country Risk Premiums) негізінде соңғы жаңарту күніне, бірақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жоспарлау басталғанға дейін бір жылдан кешіктірмей айқындау ұсынылады.

      19. Қолжетімділік үшін жыл сайынғы төлемақы мөлшері индекстелмейді.

2-параграф. Мемлекет меншiгiндегi мемлекеттiк-жекешелік әрiптестiк объектiсiн басқаруды жүзеге асырғаны үшiн сыйақының болжамды мөлшерiн есептеу

      20. Мемлекет меншігіндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақының ең жоғары мөлшері осы Әдістеменің 6-тармағына сәйкес айқындалатын жобаның ішкі кірістілік нормасының (IRR) шекті жол берілетін мөлшеріне қол жеткізу үшін қажетті ақшалай төлемдер сомасынан аспауға тиіс.

      21. Мемлекет меншігіндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақының жыл сайынғы мөлшері индекстелмейді.

3-параграф. Жалдау төлемақысының болжамды мөлшерін есептеу

      22. Жалдау төлемақысы мемлекеттік әріптестің жеке меншіктегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін мүліктік жалдауын көздейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарында қолданылады.

      23. Жалдау төлемақысының болжамды мөлшерін есептеу мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты шеңберінде мемлекеттік әріптестің жекеше әріптеске төлейтін төлемдерінің мөлшерін айқындау үшін қолданылады.

      24. Жалдау төлемақысының болжамды мөлшерін айқындау кезінде мемлекеттік әріптестің жалдайтын мүлікке қоятын параметрлері негізге алынады.

      25. Жалдау төлемақысының болжамды мөлшері мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың әрбір жылы үшін есептеледі.

      26. Әкімшілік-офистік мақсаттағы үй-жайларды жалдау кезінде жалдау төлемақысының жылдық мөлшерлемесінің болжамды мөлшері мына формула бойынша айқындалады:

     


      BRа – осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес үй-жайдың класына негізделген әкімшілік-офистік үй-жайларды жалдау кезіндегі жалдау төлемақысының 1 (бір) шаршы метрге шаққандағы базалық мөлшерлемесі;

      S – жобаның мақсаттары үшін жалданатын алаң;

      kтд – жалданатын жабдықтың тозу дәрежесін ескеретін коэффициент.

      Базалық мөлшерлеменің мөлшері Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ресми интернет-ресурсында орналастырылған "Қазақстан Республикасындағы коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасы мен баға индекстері" статистикалық деректеріне сәйкес айқындалады.

      27. Өзге де мақсаттағы үй-жайларды жалдау кезінде жалдау төлемақысының жылдық мөлшерлемесінің болжамды мөлшері мыналарды құрайды:

     


      BRин – тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Астана, Алматы және Шымкент қалалары үшін 1 айлық есептiк көрсеткiш, ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс үшін 0,6 айлық есептiк көрсеткiш, 1 шаршы метр үшін айына теңгемен;

      S – жалданатын алаң, шаршы метр;

      kжд – барлық инженерлік-техникалық құрылғылары (электр энергиясы, кәріз, сумен жабдықтау, жылу, телефондандыпу, интернет) бар үй-жайлар үшін жайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент – 1, қандай да бір коммуникация түрі болмаған кезде әрбір түр үшін 0,1-ге төмендейді;

      kтд – жалданатын жабдықтың тозу дәрежесін ескеретін, мына формула бойынша айқындалатын коэффициент:

     


      BSV – баланстық (қалдық) құн бойынша жалданатын негізгі құралдардың құны;

      OV – бастапқы құн бойынша жалданатын негізгі құралдардың құны.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасында тозу дәрежесі 50 (елу) пайыздан асатын жабдықты жалдауға жол берілмейді.

4-параграф. Тұтыну кепілдігінің болжамды мөлшерін есептеу

      28. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру барысында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтыну кепілдігі жекеше әріптеске (off-take келісімшарттары) салынған инвестициялардың қайтарымдылығын және жобаның дисконттау мөлшерлемесіне + (қосу) 3 (үш) пайыздық тармаққа тең мөлшерде жобаның ішкі кірістілік нормасына (IRR) қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік қолдау шарасы ретінде ұсынылады.

      29. Мемлекеттiң тұтыну кепiлдiгi халық тарапынан төлемақы талап етілмейтiн жобаларда беріледі.

      30. Мемлекеттің тұтыну кепілдігі салалар бойынша бөлінетін мемлекеттік тапсырысты (мысалы мемлекеттік білім беру тапсырысы, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) көздейтін жобаларда қолданылмайды.

      31. Мемлекеттiң тұтыну кепiлдiгiнiң болжамды мөлшерi жобаны iске асырудың әр жылы үшiн тіркелген көлемдi (100 (жүз) пайыз өндiрiстiк қуат) өткізудің кепiлдiк берiлген сомасы ретiнде мына формула бойынша айқындалады:

     


      pi – жобаны іске асырудың i-ші жылында тауарларды/жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді өткізу бағасы;

      PC – жобаның өндірістік қуаты.

      32. Тауарларды/жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді өткізу бағасын салалық мемлекеттік орган белгілейді.

5-параграф. Мемлекеттік қолдау шараларының болжамды мөлшерін есептеу

      33. Мемлекеттік заттай гранттарды бағалау Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 288-бабының 4-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      34. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары шеңберінде инфрақұрылымдық облигациялар (қажет болса, оларды шығару) бойынша мемлекеттік кепілгерліктің болжамды мөлшері кепілгерлікпен қамтамасыз етілген облигациялық қарыз бойынша негізгі борыштың және ол бойынша 1 (бір) есептеу кезеңіне және 6 (алты) айға есепке жазылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезеңіне болжанатын ең жоғары пайыздық мөлшерлеме бойынша сыйақы сомасы ретінде есептеледі:

      V = DP * (1 + r/p + 0.5 * r), (26), мұндағы:

      DP – негізгі борыш сомасы;

      r – қаржы-экономикалық моделде болжанатын инфляцияның ең жоғары деңгейі ретінде айқындалатын пайыздық мөлшерлеме + (қосу) облигациялардың бүкіл айналым мерзімі кезінде қолданылатын тіркелген маржа;

      p – күнтізбелік жылда купондық сыйақыны есепке жазу кезеңдерінің саны.

      35. Мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктің болжамды мөлшері мемлекеттік кепілгерлікпен қамтамасыз етілген қарыз бойынша негізгі борыштың және ол бойынша 1 (бір) есептеу кезеңіне және 1 (бір) айға не шарт талаптарына сәйкес кезеңге есепке жазылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезеңіне болжанатын ең жоғары пайыздық мөлшерлеме бойынша сыйақы сомасы ретінде есептеледі:

      G = DP * (1 + r/p + r/12), (27), мұндағы:

      DP – мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша негізгі борыш сомасы;

      r – қарыз туралы шарттың немесе конкурстық өтінімнің талаптарына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезеңінде мемлекет кепілдік беретін қарыз бойынша болжанатын ең жоғары жылдық сыйақы мөлшерлемесі. Конкурстық құжаттаманы әзірлеу кезеңінде LIBOR мөлшерлемесі + (қосу) 1 (бір) пайыздық тармақ (шетел валютасындағы қарыздар үшін), "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабына сәйкес белгіленген базалық мөлшерлеменің пайыздық дәлізінің жоғарғы шегі + (қосу) 1 (бір) пайыздық тармақ (шетел валютасындағы қарыздар үшін) ретінде айқындалады;

      p – күнтізбелік жылда мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша сыйақыны есепке жазу кезеңдерінің саны.

      36. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қоса қаржыландырудың болжамды мөлшері инвестициялық кезең ішінде мемлекеттік бюджеттен жұмсалған шығыстардың жиынтық шамасына тең, бірақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін құру мақсатында салынатын инвестициялар мөлшерінің 30 (отыз) пайызынан аспауға тиіс.

      37. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын бірлесіп қаржыландыру мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы тұтастай алғанда төменде көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келген кезде:

      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына орталық мемлекеттік орган не Заңда белгіленген құзыретіне сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы бастамашылық жасағанда;

      2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру құны кемінде бір жарым миллион айлық есептік көрсеткішті құрағанда қолданылады.

      38. Мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектiлерiне ерекше құқықтардың құны Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік және бағалау қызметі мәселелері жөніндегі заңнамасына сәйкес айқындалған құн болып табылады.

      39. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің құны 16 "Негізгі құралдар" халықаралық қаржылық есептілік стандартына (IAS) сәйкес айқындалады.

  Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік объектісін құру және
(немесе) реконструкциялау
құнын айқындау
әдістемесіне қосымша

Әкімшілік-офистік үй-жайларды жалдау кезінде базалық мөлшерлемені айқындау параметрлері

Өлшемшарт

"А" класындағы офистер

"В" класындағы офистер

"С" класындағы офистер

"D" класындағы офистер

Ғимараттың мақсаты

Мамандандырылған офистік ғимараттардағы офистік үй-жайлар, әрлеу сапасы жоғары, реконструкцияланған және қайта жарақталған әкімшілік ғимараттар

Әкімшілік-офистік ғимараттардағы тұрғын емес үй-жайлар, офиске бейімделген өзге мақсаттағы ғимараттар

Офистерді орналастыруға бейімделген тұрғын және тұрғын емес ғимараттардағы үй-жайлар (тұрғын үйлердің бірінші қабаттары мен жертөлелері)

Ғимаратты пайдалану мерзімі

Жаңадан салынған немесе реконструкцияланған ғимараттар

3 жылдан астам пайдалану, өзге мақсаттағы реконструкцияланған ғимараттар

5 жылдан астам пайдалану, өзге мақсаттағы реконструкцияланған ғимараттар

Орналасқан жері

Қаланың іскерлік аудандарында, басты көлік магистральдарында және кіреберісі ыңғайлы алаңдарда

Қаланың іскерлік аудандарынан, негізгі көшелерден шалғай, кіреберісі ыңғайсыз

Қаланың іскерлік аудандарынан, орталық көшелерден айтарлықтай қашық, кіреберісі ыңғайсыз

Инфрақұрылым және сервис

Жақсы дамыған инфрақұрылым; талшықты-оптикалық байланыс және телекоммуникация; конференц-залдардың, келіссөз залдарының, орталық Reception, тұрмыстық қызмет көрсету және демалыс құралдарының болуы

Дамыған инфрақұрылым; талшықты-оптикалық байланыс және телекоммуникация; конференц-залдардың, келіссөз залдарының, орталық Reception, тұрмыстық қызмет көрсету және демалыс құралдарының болуы

Бизнес және демалыс инфрақұрылымының жеткіліксіздігі

Ғимаратты басқару

Кәсіби басқару. Ғимарат мінсіз күйде ұсталады, өзінің қауіпсіздік, басқару және техникалық қызмет көрсету қызметтері бар

Кәсіби басқару. Ғимарат мінсіз күйде ұсталады.

Тәулік бойы күзет; жақсы пайдалану қызметі; тәжірибелі жалға беруші

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 16 маусымдағы
№ 52 Бұйрыққа
10-қосымша

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекттік-жекешелік әріптестік жобаларының әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалауға қойылатын бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қолданылады.

      2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) базалық әлеуметтік әсерлер – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру саласына қарамастан, барлық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына тән әлеуметтік сипаттағы өзгерістер;

      2) базалық экономикалық әсерлер – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру саласына қарамастан, барлық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына тән экономикалық сипаттағы өзгерістер;

      3) салалық әлеуметтік әсерлер – экономиканың тиісті салаларында іске асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына тән әлеуметтік сипаттағы өзгерістер;

      4) салалық экономикалық әсерлер – экономиканың тиісті салаларында іске асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына тән экономикалық сипаттағы өзгерістер.

      3 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың әлеуметтік-экономикалық пайдасы мен шығындарын көрсетеді және мыналарды қамтиды:

      1) саладағы, өңірдегі және Қазақстан Республикасындағы ағымдағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын есепке алмағанда, оның даму перспективаларын талдау;

      2) саладағы, өңірдегі, Қазақстан Республикасындағы ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы іске асырылған жағдайда, оны дамыту перспективаларын талдау;

      3) қажет болған кезде Қазақстан Республикасының шекаралас әкімшілік-аумақтық бірліктерін дамытуға ықпалын қоса алғанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың әсерін талдау;

      4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетінің өсуіне және импортты алмастыруға, инновацияларды дамытуға әсерін талдау;

      5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының пайдасы мен шығындарын талдау;

      6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының қоршаған ортаға әсерін талдау;

      7) тікелей, жанама және жиынтық әлеуметтік-экономикалық әсерді есептеу;

      8) экономикалық таза келтірілген құн (Economic Net Present Value – ENPV), экономикалық ішкі кірістілік нормасы (Economic Internal Rate of Return – EIRR) көрсеткіштерін есептеу.

      4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына қол қоюдың болжамды сәтінен бастап мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейінгі уақыт аралығын қамтитын кезең ішінде жүргізіледі.

      5. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының әлеуметтік-экономикалық тиімділігін есептеу мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының қаржылық-экономикалық моделінің деректерін пайдалана отырып жүргізіледі.

      6. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының әлеуметтік-экономикалық әсерлерінің болжамды тізбесі осы Әдістемеге 1-қосымшада келтірілген.

2-тарау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын әлеуметтік-экономикалық бағалаудың құрылымы

      7. Саладағы, өңірдегі, Қазақстан Республикасындағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық ахуалды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын есепке алмағанда, оны дамыту перспективаларын талдау мыналарды:

      1) ресми дереккөздердің соңғы 5 (бес) жылдағы қолда бар статистикалық деректері бойынша негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді (оның ішінде халықтың табыс деңгейін, жұмыссыздық, жұмыспен қамтылу, өлім-жітім, бала туу деңгейін, жалпы ішкі өнімді, жалпы өңірлік өнімді, инвестициялық ахуалды) талдауды;

      2) ресми дереккөздердің соңғы 5 (бес) жылдағы қолда бар статистикалық деректері бойынша негізгі салалық (өңірлік) көрсеткіштерін (оның ішінде өнім өндірісінің (тауарлардың/қызметтердің) көлемін, жалпы ішкі өнім құрылымындағы саланы (өңірдің) үлесін, салаға (өңірге) салынған инвестиция көлемін, олардың жоспарлы кезеңдегі үрдістерінің) талдауды қамтиды.

      8. Саладағы, өңірдегі, Қазақстан Республикасындағы қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы іске асырылған жағдайда, оның даму перспективаларын талдау мыналарды:

      1) Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезеңіндегі негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің (халықтың табыс деңгейі, жұмыссыздық деңгейі, жұмыспен қамту, өлім-жітім, туу, жалпы ішкі өнім, жалпы өңірлік өнім, инвестициялық ахуал) өзгерістерін талдауды;

      2) Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезеңіндегі негізгі салалық (өңірлік) көрсеткіштердің (оның ішінде өнім өндірісінің (тауарлардың/қызметтердің) көлемін, жалпы ішкі өнім құрылымындағы саланың (өңірдің) үлесін, салаға (өңірге) салынған инвестиция көлемін, олардың жоспарлы кезеңдегі үрдістерін) өзгерістерін талдауды қамтиды.

      9. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың аралас салаларды дамытуға ықпалын талдау, қажет болған кезде көрші өңірлердің дамуына ықпалын қоса алғанда, экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының қызметтің басқа түрлеріне ықпалын сипаттауды қамтиды.

      10. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың Қазақстан Республикасының экспорттық әлеуетінің өсуіне және импортты алмастыруға, инновацияларды дамытуға ықпалын талдау мыналарды:

      1) Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының халықаралық нарықта мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы шеңберінде өндірілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының Қазақстан Республикасы саласының (өңірінің) экспорттық әлеуетіне қолайлы әсерін талдауды;

      2) Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы шеңберінде өндірілген тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің олардың импорттық аналогтарын алмастыруын талдауды;

      3) өңірдегі және Қазақстан Республикасындағы инновациялық, ғылыми-техникалық әлеуетті дамытуға мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының әсерін талдауды қамтиды.

      11. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының пайдасы мен шығынын талдау мыналарды:

      1) алушылары мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері, халық, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырумен және (немесе) оның нәтижелерімен тікелей немесе жанама байланысты үшінші тұлғалар болып табылатын тікелей және жанама пайдалардың сандық көрсеткіштерін талдауды;

      2) алушылары мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері, халық, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырумен және (немесе) оның нәтижелерімен тікелей немесе жанама байланысты үшінші тұлғалар шеккен тікелей және жанама шығындардың сандық көрсеткіштерін талдауды қамтиды.

      12. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының қоршаған ортаға ықпалын талдау мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудан болатын қоршаған ортаға оң және (немесе) теріс әсерлердің сипаттамасын (оның ішінде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, қолданылатын халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкестігі; мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасында жаңартылатын энергия көздерін, энергияны тұтыну класы жоғары жабдықты қолдану және қоршаған ортаға әсер ететін басқа факторлардың болуы) қамтиды.

      13. Жанама пайданы есептеу:

      1) базалық әлеуметтік әсерлерді есептеу осы Әдістеменің 3-тарауының 1-параграфына сәйкес жүргізіледі;

      2) базалық әлеуметтік әсерлерді есептеу осы Әдістеменің 3-тарауының 2-параграфына сәйкес жүргізіледі;

      3) салалық әлеуметтік әсерлерді есептеу тиісті саладағы жобаны іске асырудан болатын әсерлерді есептеу әдістемесін және (немесе) есептеулерді негіздей отырып, басқа қолданылатын әдістерді регламенттейтін бекітілген салалық ұсынымдарға сәйкес жүргізіледі;

      4) салалық экономикалық әсерлерді есептеу тиісті саладағы жобаны іске асырудан болатын әсерлерді есептеу әдістемесін және (немесе) есептеулерді негіздей отырып, басқа қолданылатын әдістерді регламенттейтін бекітілген салалық ұсынымдарға сәйкес жүргізіледі.

      Жанама шығындар мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілеріне, халыққа, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға және (немесе) оның нәтижелеріне жанама түрде байланысты үшінші тұлғаларға теріс ықпал ететін сандық көрсеткіші ретінде айқындалады.

      14. Экономикалық таза келтірілген құнды (ENPV), экономикалық ішкі кірістілік нормасын (EIRR) есептеу осы Әдістеменің 4-тарауына сәйкес жүргізіледі.

      15. Мемлекеттік-әріптестік әріптестік жобасының әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау кезінде осы Әдістеменің 3-тармағында көрсетілген бөлімдердің әрқайсысында тиісті бөлім бойынша тұжырымдар көрсетіледі.

3-тарау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудан болатын базалық әлеуметтік және базалық экономикалық әсерлерді есептеу

1-параграф. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының базалық әлеуметтік әсерлерін есептеу

      16. Бюджеттен тыс қорларға ақшалай қаражат ағынының ұлғаюынан болатын әсер, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы шеңберінде жекеше әріптес пен оның жалданбалы қызметкерлерінің t уақыт кезеңінде зейнетақы, әлеуметтік, тұрғындарға міндетті медициналық қызмет көрсетуді жақсартуға бағытталған аударымдарды төлеуі түріндегі ақшалай қаражат түсімі ретінде есептеледі:

      SEt бюдж = ∑Ft ӘА + ∑Ft МӘМС + ∑Ft ЗҚ, (1), мұндағы:

      SEt бюдж – бюджеттен тыс қорларға ақша ағыны ұлғаюынан болатын әсер;

      Ft ӘА – t уақыт кезеңінде жекеше әріптестің жалданбалы қызметкерлері бюджетке төлеуге жататын әлеуметтік аударымдар;

      Ft МӘМС – t уақыт кезеңінде жекеше әріптестің және оның жалданбалы қызметкерлері бюджетке төлеуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөніндегі төлемдер;

      Ft ЗҚ – t уақыт кезеңінде жекеше әріптестің жалданбалы қызметкерлері бюджетке төлеуге жататын зейнетақы жарналары.

      17. Жаңа жұмыс орындарын құрудан болатын әсер t уақыт кезеңінде инвестициялық кезеңде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін жаңадан құрылған жұмыс орындарына тартылған қызметкерлерге берілетін еңбекақы сомасы ретінде есептеледі:

      SEt жұм = ∑EIt инв + ∑EIt пайд, (2), мұндағы:

      SEt жұм – жаңа жұмыс орындарын құрудан болған әсер;

      EIt инв – t уақыт кезеңінде инвестициялық кезеңде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға тартылатын қызметкерлерге төлеуге жоспарланған еңбекақы;

      EIt пайд – t уақыт кезеңінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін жаңадан құрылған жұмыс орындарына тартылаған қызметкерлерге төлеуге жоспарланған еңбекақы.

2-параграф. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының базалық экономикалық тиімділігін есептеу

      18. Мемлекеттік бюджетке ақшалай қаражат ағымының ұлғаюынан болатын әсер, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы шеңберінде t уақыт кезеңінде жекеше әріптес пен оның жалданбалы қызметкерлерінің мемлекеттік бюджетке бағытталатын салықтар баждар, алымдар мен өзге де төлемдерді төлеуі түріндегі ақшалай қаражат ағымының сомасы ретінде есептеледі:

      EEt бюдж = ∑Tt ҚТС + ∑Tt ҚҚС + ∑Tt ЖТС +∑Tt ӘС + ∑Tt бас, (3), мұндағы:

      EEt бюдж – мемлекеттік бюджетке ақша ағынының ұлғаюынан болатын әсер;

      Tt ҚТС – t уақыт кезеңінде, жекеше әріптес бюджетке төлейтін корпоративтік табыс салығы бойынша төлемдер;

      Tt ҚҚС – t уақыт кезеңінде жекеше әріптес бюджетке төлеуге жататын қосылған құн салығы бойынша төлемдер;

      Tt ЖТС – t уақыт кезеңінде жекеше әріптес қызметкерлері бюджетке төлеуге жататын жеке табыс салығы бойынша төлемдер;

      Tt ӘС – t уақыт кезеңінде жекеше әріптес бюджетке төлеуге жататын әлеуметтік салық төлемдері;

      Tt бас – t уақыт кезеңінде жекеше әріптес бюджетке төлеуге жататын өзге де салықтар, баждар, алымдар мен төлемдер.

      19. Қазақстандық тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізушілермен өзара әрекеттесуден болатын әсер жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін t уақыт кезеңінде сатып алатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер үшін қазақстандық жеткізушілерге түсетін түсімдердің сомасы ретінде есептеледі:

      EEt қз = ∑Int тау + ∑Int жұм + ∑Int қыз, (4), мұндағы:

      EEt қз – отандық тауар, жұмыс және көрсетілетін қызметтерді өндірушілермен өзара іс-қимыл жасасудан болатын әсер;

      Int тау – t уақыт кезеңінде жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін сатып алатын тауарлар үшін отандық жеткізушілерге түсетін түсімдер;

      Int жұм – t уақыт кезеңінде жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін сатып алатын жұмыстар үшін отандық жеткізушілерге түсетін түсімдер;

      Int қыз – t уақыт кезеңінде жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін сатып алатын көрсетілетін қызметтер үшін отандық жеткізушілерге түсетін түсімдер.

      20. Қазақстандық қаржы институттарымен өзара іс-қимыл жасасудан болатын әсер t уақыт кезеңінде жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін тартатын қарыздар бойынша есептелген сыйақы сомасы ретінде есептеледі:

      EEt қарж = ∑Int қарж , (5), мұндағы:

      EEt қарж – қазақстандық қаржы институттарымен өзара іс-қимыл жасасудан болатын әсер;

      Int қарж – t уақыт кезеңінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін тартылатын қарыздар бойынша қазақстандық қаржы институттары есептейтін сыйақы.

      21. Тікелей шетелдік инвестициялардан болатын әсер t уақыт кезеңінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін тартылатын тікелей шетелдік инвестициялардың сомасы ретінде есептеледі:

      EEt тши = ∑It тши , (6), мұндағы:

      EEt тши – тікелей шетелдік инвестициялардан болатын әсер тікелей шетелдік инвестициялардың сомасы ретінде есептеледі;

      It тши – t уақыт кезеңінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін тартылатын тікелей шетелдік инвестициялар.

4-тарау. Экономикалық таза келтірілген құнның (Economic Net Present Value – ENPV), экономикалық ішкі кірістілік нормасының (Economic Internal Rate of Return – EIRR) көрсеткіштерін есептеу

      22. Экономикалық таза келтірілген құнның (Economic net present value – ENPV), экономикалық ішкі кірістілік нормасының (Economic Internal Rate of Return – EIRR) көрсеткіштерін (таза қоғамдық пайда көрсеткіштерін) есептеуге арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының әлеуметтік-экономикалық моделі осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес есептеледі.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының әлеуметтік-экономикалық моделін есептеу формулалары ашылатын Excel бағдарламасында жүзеге асырылады.

      23. Дисконттау мөлшерлемесіне мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының қаржылық-экономикалық моделіндегі дисконттау мөлшерлемесіне тең капиталдың орташа сараланған құны (WACC – Weighted Average Cost of Capital) қабылданады.

      24. Экономикалық таза келтірілген құн (ENPV) ағымдағы уақыт кезеңінде келтірілген әлеуметтік-экономикалық ақша ағындарының дисконтталған мәндерінің сомасы ретінде есептеледі.

      25. Экономикалық ішкі кірістілік нормасы (EIRR) болашақ ақша түсімдерінің келтірілген құны мен бастапқы инвестицияның құны теңестірілетін пайыздық мөлшерлеме ретінде есептеледі.

      26. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының қаржылық-экономикалық моделіне сәйкес экономикалық ішкі кірістілік нормасының (EIRR) көрсеткіші жобаның ішкі кірістілік нормасынан (IRR) 1 (бір) немесе одан да көп пайыздық тармақтан асып кеткенде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының әлеуметтік-экономикалық тиімділігі жеткілікті болып саналады.

  Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларының
әлеуметтік-экономикалық
тиімділігін бағалау
әдістемесіне
1-қосымша
Нысан

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының әлеуметтік-экономикалық әсерлерінің болжалды тізбесі

Базалық әлеуметтік әсерлер

барлық салалардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары үшін

бюджеттен тыс қорларға ақша қаражатын ағымының ұлғаюынан болатын әсер

жаңа жұмыс орындарын құрудан болатын әсер

Салалық әлеуметтік әсерлер

денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары үшін

халықты медициналық-әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету деңгейін арттырудан болатын әсер

көрсетілетін медициналық-әлеуметтік қызметтердің сапасын арттырудан болатын әсер

науқастардың жедел сауығуынан болатын әсер

өлім-жітім деңгейін төмендетуден болатын әсер

өмір сүру ұзақтығын арттырудан болатын әсер

медициналық немесе әлеуметтік қызметтерді алу мақсатында өңірге (елге) шетелдік туристер ағынын арттырудан болатын әсер

білім беру саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары үшін

халықты білім беру қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейін арттырудан болатын әсер

білім сапасын арттырудан болатын әсер

Қазақстандық оқушылар алатын гранттар санын арттырудың әсері

халықтың әл-ауқатының деңгейін арттырудан болатын әсер

қылмыс деңгейін азайтудан болатын әсер

энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары үшін

облысты (елді) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету деңгейін арттырудан болатын әсер

халықтың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтеріне қанағаттану деңгейінен болатын әсер

абаттандыру саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары үшін

қалалық аумақтарды жасылдандырудан болатын әсер

атмосфераға зиянды заттардың шығарындыларын азайтудан болатын әсер

мәдениет және спорт саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары үшін

халықты спорт және мәдениет нысандарымен қамтамасыз ету деңгейін арттырудан болатын әсер

халықтың денсаулық жағдайын жақсартудан болатын әсер

халықтың салауатты өмір салтына қызығушылығын арттырудан болатын әсер

өңірдің (елдің) туристік тартымдылығын арттырудан болатын әсер

қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары үшін

қауіпсіздік деңгейін арттырудан болатын әсер

қылмыс деңгейін азайтудан болатын әсер

жол-көлік оқиғаларының ауырлығы мен зардаптарын азайтудан болатын әсер

цифрландыру саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары үшін

жаңа инновациялық технологияларды енгізуден болатын әсер

өңірдің, елдің ғылыми әлеуетін дамытудан болатын әсер

процестерді автоматтандырудан, оның ішінде халыққа қызмет көрсету сапасы мен жылдамдығын арттырудан, сыбайлас жемқорлықты азайтудан және т.б. болатын әсер

көлік саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары үшін

халықты қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету деңгейін арттырудан болатын әсер

жолаушыларды тасымалдау уақытын қысқартудан болатын әсер

халықтың қоғамдық көлікпен қанағаттанушылық деңгейінен болатын әсер

автомобиль жолдарын пайдаланушылардың қанағаттанушылық деңгейінен болатын әсер

жол төсеміне байланысты жол-көлік оқиғаларының санын азайтудан болатын әсер

туризм саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары үшін

өңірге (елге) шетелдік туристер ағынының ұлғаюынан болатын әсер

ішкі туристік ағынның ұлғаюынан болатын әсер

өңір (ел) халқының өмір сүру жағдайын жақсартудан болатын әсер

жалданбалы қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсартудың әсері

"гудвилл" әсері (іскерлік бедел)


өзге де әсерлер

Базалық экономикалық әсерлер

барлық салалардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары үшін

мемлекеттік бюджетке ақша түсімдерінің ұлғаюынан болатын әсер

отандық тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізушілермен өзара іс-қимыл жасасудан болатын әсер

қазақстандық қаржы институттарымен өзара іс-қимылдан болатын әсер

тікелей шетелдік инвестициялардан болатын әсер

Салалық экономикалық әсерлер

Әртүрлі салалардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары үшін

бюджет қаражатын үнемдеуден болатын әсер

өңір (ел) халқының қаражатын үнемдеуден болатын әсер

салаға қосымша инвестиция тартудан болатын әсер

өңір (ел) халқының табысын арттырудан болатын әсер

экспорттың ұлғаюынан болатын әсер

жаңа инновациялық технологияларды енгізуден болатын әсер

импортты алмастырудан болатын әсер


өзге де әсерлер

  Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік жобаларының
әлеуметтік-экономикалық
тиімділігін бағалау
әдістемесіне
2-қосымша
Нысан

Экономикалық таза келтірілген құн (Economic net present value – ENPV), экономикалық ішкі кірістілік нормасының (Экономикалық ішкі кірістілік нормасы – EIRR) көрсеткіштерін есептеу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының әлеуметтік-экономикалық моделі (таза қоғамдық пайда көрсеткіштері)

Атауы

Ескертпе (негіздеме)

1-кезең

2-кезең

3-кезең

n-кезең

1

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасының пайдасы, мың теңге
(1.1-жол + (қосу) 1.2-жол)







1.1

Тікелей экономикалық пайда (тікелей ақша ағындары), мың теңге
(1.1.1-жол + (қосу) 1.1.2-жол + (қосу)1.1.3-жол + (қосу) 1.1.4-жол + (қосу) 1.1.5-жол + (қосу) 1.1.6-жол + (қосу) 1.1.7-жол + (қосу) 1.1.8-жол + (қосу)1.1.9-жол)








оның ішінде:







1.1.1

мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын берлесіп қаржыландыру, мың теңге
(мемлекеттік-жекешелік әріптестік қаржылық-экономикалық моделіне сәйкес)







1.1.2

ҚР заңнамасында белгіленген жағдайларда мемлекеттен берілетін субсидиялар, мың теңге
(мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының қаржылық-экономикалық моделіне сәйкес)







1.1.3

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша инвестициялық шығындарды өтеу, мың теңге
(мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының қаржылық-экономикалық моделіне сәйкес)







1.1.4

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша операциялық шығындарды өтеу, мың теңге
(мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының қаржылық-экономикалық моделіне сәйкес)







1.1.5

мемлекет меншігіндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін басқарғаны үшін сыйақы, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдаланғаны үшін жалгерлік төлемі, мың теңге
(мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының қаржылық-экономикалық моделіне сәйкес)







1.1.6

қолжетімділік үшін төлем, мың теңге
(мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының қаржылық-экономикалық моделіне сәйкес)







1.1.7

мемлекеттік тұтыну кепілдігі, мың теңге
(мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының қаржылық-экономикалық моделіне сәйкес)







1.1.8

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалану кезінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу, мың теңге
(мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының қаржылық-экономикалық моделіне сәйкес)







1.1.9

өзге де тікелей ақша ағындары, мың теңге (оның ішінде, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша жеке әріптестің коммерциялық қызметінен түсетін түсімдер
(мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының қаржылық-экономикалық моделіне сәйкес)







1.2

Жанама әлеуметтік-экономикалық пайда (жанама ақша ағындары), мың теңге
(1.2.1-жол + (қосу) 1.2.2-жол + (қосу) 1.2.3-жол + (қосу) 1.2.4-жол + (қосу) 1.2.5-жол + (қосу) 1.2.6-жол + (қосу) 1.2.7-жол + (қосу) 1.2.8-жол + (қосу) 1.2.9-жол + (қосу) 1.2.10-жол + (қосу) 1.2.11- жол)








оның ішінде:







1.2.1

бюджеттен тыс қорларға ақшалай қаражаттың түсуін арттырудан болатын базалық әлеуметтік әсер, мың теңге
(осы Әдістеменің 14-тармағына сәйкес)







1.2.2

жаңа жұмыс орындарын құрудан болатын базалық әлеуметтік әсер, мың теңге
(осы Әдістеменің 15-тармағына сәйкес)







1.2.3

салалық әлеуметтік әсер, мың теңге
(осы Әдістеменің 11-тармағына сәйкес)







1.2.4

салалық әлеуметтік әсер, мың теңге
(осы Әдістеменің 11-тармағына сәйкес)







1.2.5

n салалық әлеуметтік әсер, мың теңге
(осы Әдістеменің 11-тармағына сәйкес)







1.2.6

мемлекеттік бюджетке қаражаттың түсуін арттырудан болатын базалық экономикалық әсер, мың теңге
(осы Әдістеменің 16-тармағына сәйкес)







1.2.7

отандық тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізушілермен өзара іс-қимыл жасасудан болатын базалық экономикалық әсер, мың теңге
(осы Әдістеменің 17-тармағына сәйкес)







1.2.8

қазақстандық қаржы институттарымен өзара іс-қимыл жасасудан болатын базалық экономикалық әсер, мың теңге
(осы Әдістеменің 18-тармағына сәйкес)







1.2.9

тікелей шетелдік инвестициялардан болатын базалық экономикалық әсер, мың теңге (осы Әдістеменің 19-тармағына сәйкес)







1.2.10

салалық экономикалық әсер, мың теңге
(осы Әдістеменің 11-тармағына сәйкес)







1.2.11

салалық экономикалық әсер, мың теңге
(осы Әдістеменің 12-тармағына сәйкес)







1.2.12

салалық экономикалық әсер, мың теңге
(осы Әдістеменің 12-тармағына сәйкес)







2

мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының шығындары, мың теңге
(2.1- жол + (қосу) 2.2 -жол)







2.1

Тікелей шығындар, мың теңге
(2.1.1- жол + (қосу) 2.1.2- жол)








оның ішінде:







2.1.1

инвестициялық шығындар, мың теңге
(мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының қаржылық-экономикалық моделіне сәйкес)







2.1.2

операциялық шығындар, мың теңге
(мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының қаржылық-экономикалық моделіне сәйкес)







2.2

Жанама шығындар, мың теңге
(2.2.1- жол + (қосу) 2.2.2 -жол)








оның ішінде:







2.2.1

жанама инвестициялық шығындар, мың теңге
(осы Әдістеменің 11-тармағына сәйкес)







2.2.2

жанама операциялық шығындар, мың теңге
(осы Әдістеменің 11-тармағына сәйкес)







3

мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тәуекелдері, мың теңге
(3.1- жол)







3.1

саланың (өңірдің) және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне әсер ететін тәуекелдер, мың теңге
(негіздемесі бар, таңдалған тәуекелді есептеу әдісіне сәйкес)







4.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының таза әлеуметтік-экономикалық ағынының жиыны, мың теңге
(1-жол – (алу) 2-жол – (алу) 3-жол)







5.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының жалпы таза дисконтталған әлеуметтік-экономикалық ағынының жиыны, мың теңге
(дисконтты ескее отырып, 4-жол)







6.

Экономикалық таза келтірілген құн (ENPV), мың теңге
(осы Әдістеменің 20, 21, 22-тармақтарына сәйкес)







7.

Экономикалық ішкі кірістілік нормасы (EIRR), мың теңге
(осы Әдістеменің 20, 21, 23, 24-тармақтарына сәйкес)







      Ескертпе:

      1. 1-жолда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тікелей экономикалық пайдасы мен жанама әлеуметтік-экономикалық пайдасының сомасы көрсетіледі;

      2. 1.1-жолда тікелей экономикалық пайданың сомасы (мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудан түсетін тікелей ақша ағындары) көрсетіледі;

      3. 1.2-жолда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының әлеуметтік-экономикалық пайдасының (әсерлерінің) сомасы көрсетіледі;

      4. 2-жолда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде келтірілген тікелей және жанама шығындардың сомасы көрсетіледі;

      5. 2.1-жолда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде келтірілген тікелей инвестициялар мен тікелей операциялық шығындардың сомасы көрсетіледі;

      6. 2.2-жолда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде келтірілген жанама инвестициялық және жанама операциялық шығындардың сомасы көрсетіледі;

      7. 3-жолда саланың (өңірдің) және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне әсер ететін тәуекелдер сомасы көрсетіледі;

      8. 3.1-жолда саланың (өңірдің) және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне әсер ететін сандық бағаланған тәуекелдер көрсетіледі;

      9. 4-жолда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тәуекелдері ескеріле отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының пайдасы мен шығындарының айырмасы көрсетіледі;

      10. 5-жолда тәуекелге түзету ескеріле отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының пайдасы мен шығындары арасындағы дисконтталған айырма көрсетіледі;

      11. 6-жолда экономикалық таза келтірілген құн (ENPV) көрсетіледі;

      12. 7-жолда экономикалық ішкі кірістілік нормасы (EIRR);

      13. Экономикалық таза келтірілген құн (ENPV) және экономикалық ішкі кірістілік нормасын (EIRR) есептеу үшін осы Әдістеменің 21-тармағына сәйкес дисконттау мөлшерлемесі қолданылады;

      14. Жанама әлеуметтік-экономикалық пайданы (жанама ақша ағындарын) және жанама шығындарды есептеу кезінде көрсеткіштер соңғы бес жылдағы нақты инфляция деңгейінің орташа мәніне индекстелуі мүмкін;

      15. Ақша ағыны болмаған жағдайда, кестеде көрсеткіштердің нөлдік мәндері көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 16 маусымдағы
№ 52 Бұйрыққа
11-қосымша

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталын пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталын пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 11-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталын пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттық көрсетілетін қызмет – пайдаланушыларға ақпараттық ресурстарды беру бойынша көрсетілетін қызмет;

      2) ақпаратқа санкцияланбаған әсер ету – ақпаратқа қол жеткізудің жария болуына, бұрмалануына, жасандылығына, жойылуына, бұғатталуына, сондай-ақ ақпаратты жеткізгіштің жоғалуына, жойылуына немесе жұмыс істеуінің іркілуіне әкеп соқтыратын қол жеткізудің белгіленген құқықтары және/немесе қағидалары бұзыла отырып, қорғалған ақпаратқа әсер ету;

      3) байланыс орталығы – пайдаланушының жүгіну сипатына қарай оператордың басқа бөлімшелеріне мәселені одан әрі корреляциялаумен оқыс оқиғаларды тіркеуді қамтамасыз ететін веб-портал операторының сервистік-диспетчерлік қызметі;

      4) веб-порталға қатысушы – веб-порталда тіркелген мемлекеттік-жекешелік әріптестік конкурсын ұйымдастырушы, әлеуетті жекеше әріптес, мемлекеттік әріптес, уәкілетті тұлға, уәкілетті орган, конкурстық комиссияның мүшесі;

      5) веб-порталға қызмет көрсету бойынша жоспардан тыс іс-шаралар – веб-порталдың күрделі осалдықтарын жою мақсатында бағдарламалық қамтылымның аса маңызды жаңартуларын орнатуға не істен шыққан жабдықтың ауыстырылуына байланысты техникалық және профилактикалық жұмыстар;

      6) веб-порталда тіркеу – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жүйесі субъектісін портал арқылы конкурстарға қатысуға жіберу;

      7) веб-порталды пайдаланушы (бұдан әрі – пайдаланушы) қатысушының лауазымды адамы не қатысушының өкілі;

      8) еңсерілмес күш мән-жайлары – тұтастай алғанда жүйенің жұмыс істеуін тоқтатуға немесе тиісінше жұмыс істемеуіне әкеп соқтыратын дүлей зілзалалар немесе болжау немесе алдын алу мүмкін емес өзге де мән-жайлар;

      9) жүйенің стандартты жұмыс істеуі – нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес ақпараттық жүйенің техникалық іркілістер болмаған кезде өңделетін ақпараттың берілген режимдері мен көлемінде жұмыс істеуі;

      10) компьютерлік шабуыл – ақпаратқа, электрондық ресурсқа, ақпараттық жүйеге санкцияланбаған әсер ету қатерін іске асырудың немесе бағдарламалық немесе бағдарламалық-аппараттық құралдарды (немесе желіаралық өзара іс-қимыл хаттамаларын) пайдалана отырып, оларға қол жеткізудің мақсатты әрекеті;

      11) көрсетілетін қызмет – веб-порталды пайдалану (қол жеткізу) бойынша көрсетілетін қызмет;

      12) құжаттың электрондық көшірмесі – төлнұсқа құжаттың түрін және ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат;

      13) мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталы – мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған жинауға, өңдеуге, сақтауға, жекеше әріптесті айқындауға, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын мониторингтеуге, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған ақпараттық-коммуникациялық платформа;

      14) оператордың құқыққа сыйымсыз әрекеттері – оператор мамандарының веб-порталдың жұмысының төмендеуіне, тоқтатылуына, онда мынадай:

      оператор мамандарының веб-порталдың жүйелік журналдарында тіркелген санкцияланбаған әрекеттерді орындауы;

      веб-порталдың аппараттық-бағдарламалық кешенін сүйемелдеу, әкімшілендіру және жүйелік-техникалық қызмет көрсету бойынша талаптардың бұзылуы және (немесе) талаптардың тиісінше орындалмауы себептерінен техникалық іркілістердің туындауына әкеп соққан әрекеттері;

      15) техникалық әкімшілендіру бөлімі (бұдан әрі – бөлім) – веб-порталдың бағдарламалық-аппараттық кешеніне мониторинг пен жүйелік-техникалық қызмет көрсетуге жауапты оператордың құрылымдық бөлімшесі;

      16) техникалық іркіліс – бір немесе бірнеше қатысушының Жүйені пайдалану мүмкіндігінің болмауына әкеп соққан Жүйенің аппараттық-бағдарламалық кешенінің немесе оның жеке құрауыштарының жоспарланбаған уақытша істен шығуы (авариялық тоқтау, жады мазмұнының бұзылуы, аппараттық-бағдарламалық қамтылым ресурстарының шамадан тыс жүктелуі және қабылданған технологияны елеулі түрде бұзатын және бағдарламалық қамтылымды жүйе жағдайында пайдалануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар, оның ішінде бағдарламалық қамтылым беретін дұрыс емес шығыс деректері (нәтижелері);

      17) техникалық және профилактикалық жұмыстар – есептеу техникасы құралдары мен телекоммуникациялық жабдықты жұмысқа қабілетті күйде ұстау жөніндегі, оның ішінде техниканың және (немесе) жабдықтың істен шығуын және олардың мерзімінен бұрын тозуын болдырмау мақсатында профилактиканы, ақауларды жоюды, жекелеген бөліктер мен блоктарды ауыстыруды, жабдықтың қуатын ұлғайту үшін жабдықты, бағдарламалық қамтылымды, қосымша құрылғылар мен платаларды орнатуды және баптауды, пайдаланушыларға көмек көрсетуді қамтитын іс-шаралар кешені;

      18) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

      19) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

      3. Пайдаланушылар веб-порталда электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланған кезде осы Қағидаларды және "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.

2-тарау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталын пайдалану тәртібі

1-параграф. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталында жұмыс істеу

      4. Пайдаланушылар веб-порталда жұмыс істеу үшін мынадай әрекеттер жиынтығын орындайды:

      1) электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттарын (ашық және жабық кілт) пайдалану мүмкіндігі үшін қажетті аппараттық-бағдарламалық қамтылымды орнатады;

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығында не Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің куәландырушы орталықтарында электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттарын (ашық және жабық кілт) алады;

      3) веб-порталда тіркеу рәсімдерінен өтеді.

      5. Веб-порталда Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы жеке және заңды тұлғалар үшін шығарған электрондық цифрлық қолтаңба сертификаттары қолданылады.

      6. Жекеше әріптесті айқындау мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік конкурсын ұйымдастыруға және өткізуге байланысты ұсынылатын құжаттар мен мәліметтерді веб-порталды пайдаланушы электрондық құжаттар немесе құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде орналастырады және веб-порталдың тиісті қатысушысының немесе пайдаланушының атынан әрекет етуге құқығы бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады.

      7. Веб-порталда барлық электрондық құжаттар мен құжаттардың электрондық көшірмелерін жасау, алу және жіберу уақыты Астана қаласының жергілікті уақытымен тіркеледі.

      8. Жүйеге жүктелетін файлдардың немесе файл архивтерінің мөлшері 20 мегабайттан асқан жағдайда оларды жүйеге әрқайсысының мөлшері 20 мегабайттан аспайтын бөліктермен жүктеу қажет.

2-параграф. Веб-порталды пайдалану кезінде техникалық іркілістер туындаған жағдайда пайдаланушылардың, оператордың және оператор мамандарының іс-әрекеттері

      9. Техникалық іркіліс туындаған кезде мынадай іс-шаралар жүргізіледі:

      1) пайдаланушы Астана қаласының уақыты бойынша техникалық іркілістің анықталған күні мен уақытын, сондай-ақ байланыс деректерін және растайтын құжаттарды қоса бере отырып, веб-порталда көрсетілген электрондық пошта арқылы байланыс орталығын 1 (бір) сағаттан кешіктірмей хабардар етеді.

      Техникалық іркіліс туралы ақпаратты электрондық пошта арқылы жіберу мүмкін болмаған жағдайда пайдаланушы байланыс орталығын телефон арқылы бір сағаттан кешіктірмей хабардар етеді;

      2) жұмыста немесе жүйенің конфигурациясында стандартты жұмыс істеуге сәйкес келмейтін өзгерістер анықталған жағдайда, оператордың маманы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-порталда туындаған техникалық іркілістер туралы пайдаланушылардың өтініштерін есепке алу журналында (бұдан әрі – есепке алу журналы) техникалық іркілістің пайда болу күні мен уақытын тіркейді.

      10. Веб-порталды пайдаланушылар мынадай:

      1) скриншоттар;

      2) веб-портал операторымен хат алмасудың көшірмелері;

      3) ресми жолданымдардың сканерленген және электрондық көшірмелері сияқты растайтын материалдарды сақтау және қоса беру жолымен техникалық іркіліс фактісін тіркеуге міндетті.

      Көрсетілген материалдар байланыс орталығына жолданымға қоса беріледі.

      11. Пайдаланушылар осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген тиісті растайтын материалдарды қоса бере отырып, жолданым жіберу арқылы туындаған техникалық іркіліс туралы веб-порталдың операторын дереу хабардар етуге міндетті.

      12. Пайдаланушының жолданымы жіберілген кезден бастап 48 (қырық сегіз) жұмыс сағаты ішінде оған оператор тарабынан реакция болмаған жағдайда пайдаланушы операторға жіберілген жолданымдардың көшірмелерін және өзге де растайтын құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті органға ресми хабарлама жолдауға құқылы.

      13. Байланыс орталығы жүгіну тәсіліне байланысты (телефон, электрондық пошта, ресми хаттар, интернет-форум арқылы) жұмыс күндері – Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен Жүйені пайдаланушылармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.

      Оператор байланыс орталығының жұмыс уақытын ұлғайтады, оның ішінде уәкілетті органмен келісу бойынша тәулік бойы қолдауға ауысуды жүзеге асырады.

      14. Байланыс орталығының операторы оператордың пайдаланушылары мен мамандарының жолданымдарын Астана қаласының уақыты бойынша жұмыс уақытында түскен сәтінен бастап 30 (отыз) минут ішінде есепке алу журналына тіркейді.

      Егер пайдаланушының техникалық іркіліс туралы жолданымы Астана қаласының уақыты бойынша түскі үзіліс кезінде электрондық пошта арқылы келіп түскен жағдайда, оператор хабарламаны түскі үзілістен кейін 30 (отыз) минут ішінде тіркейді.

      Егер пайдаланушының техникалық іркіліс туралы жолданымы Астана қаласының уақыты бойынша жұмыс уақытынан тыс электрондық пошта арқылы келіп түскен жағдайда, оператор хабарламаны келесі жұмыс күні тіркейді.

      Есепке алу журналын байланыс орталығының операторлары пайдаланушылардың жолданымдарын есепке алу бойынша оператордың ақпараттық жүйесінде электрондық түрде жүргізеді.

      15. Жолданым тіркелгеннен кейін пайдаланушылардың жолданымдарын есепке алу бойынша оператордың ақпараттық жүйесінде оқыс оқиғаның бірегей идентификаторы беріледі және 1 (бір) сағат ішінде пайдаланушының электрондық поштасына жіберіледі.

      16. Техникалық іркіліс туралы ақпарат болған кезде оператор ақпарат Астана уақыты бойынша жұмыс уақытында келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) сағат ішінде Жүйенің техникалық іркілісі фактісінің болуын растау немесе теріске шығару мақсатында алынған ақпаратқа немесе ұсынылған материалдарға (экрандық суреттер және өзге де ұсынылған электрондық құжаттар) талдау жүргізеді.

      17. Пайдаланушылардың конкурстарға қатысу мүмкіндігіне кедергі келтірмейтін техникалық іркілістерді қоспағанда, өтінімдерді қабылдау мерзімі техникалық іркілісті растау немесе теріске шығару уақытында аяқталатын конкурстарды оператор техникалық іркіліс фактісін ықтимал растау не теріске шығару сәтіне дейін ұзартады.

      18. Техникалық іркілісті теріске шығарған кезде оператор Жүйенің техникалық іркілісін теріске шығару туралы фактілердің бар-жоғын растағаннан кейін 30 (отыз) минут ішінде растайтын ақпаратты қоса бере отырып, техникалық қолдауға жүгінген пайдаланушыны техникалық іркілістің теріске шығарылғаны туралы хабардар етеді.

3-параграф. Веб-порталдың жұмысы және веб-портал жұмысының техникалық іркілістері расталған жағдайда оператордың іс-әрекеті

      19. Оператор техникалық іркілісті растаған кезде оның күрделілік деңгейі анықталады.

      20. Жүйенің бағдарламалық-аппараттық кешенінің жұмыс істеуіне және электрондық түрде өткізілетін конкурстық рәсімдерге әсер ету дәрежесі бойынша техникалық іркілістер мынадай күрделілік деңгейлеріне бөлінеді:

      1) төмен – конкурстық рәсімдерді өткізуге және оларға қатысу, шарттарды келісу немесе оларға қол қою, талқылау, шағымдар беру, хабарламалар, қарсылықтар мен қорытындылар жіберу рәсімдеріне кедергі келтірмейтін іркілістер;

      2) орташа – Жүйе пайдаланушыларының алдыңғы жұмысының нәтижесіздігіне әкеп соқтыратын немесе әкелген техникалық іркілістің әсеріне ұшыраған бір және (немесе) бірнеше қатысушының конкурстарға қатысу мүмкіндігінің болмауына не шартты келісу немесе оған қол қою, талқылау, шағымдар беру, хабарламалар, қарсылықтар, қорытындылар жіберу мүмкіндігінің болмауына әкеп соққан іркілістер;

      3) жоғары – веб-порталдың барлық пайдаланушыларының конкурстарға қатысу, шартты келісу немесе оған қол қою, талқылау, өтінімдер беру, хабарламалар, қарсылықтар, қорытындылар жіберу мүмкіндігі болмайтын Жүйенің бір және одан да көп модулінің тоқтап қалуына немесе қолжетімсіздігіне себеп болған іркілістер және (немесе) оқиғалар.

      21. Күрделілік деңгейі төмен техникалық іркілістер туындаған жағдайда оператор мынадай іс-шараларды орындайды:

      1) техникалық іркіліс расталған сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде техникалық қолдауға жүгінген пайдаланушыны техникалық іркілістің күрделілік деңгейі, техникалық іркілісті жоюдың жоспарлы уақыты және күні туралы хабардар етеді.

      Мұндай ақпарат өзгерген жағдайда Жүйенің пайдаланушысын қайта хабардар етеді;

      2) техникалық іркілістің себептерін жоюға дереу кіріседі;

      3) техникалық іркіліс жойылғаннан кейін техникалық қолдауға жүгінген пайдаланушыны жұмыстарды жүргізудің аяқталғаны және техникалық іркілістің жойылғаны туралы қайта хабардар етеді.

      Күрделілік деңгейі төмен техникалық іркіліс жойылған жағдайда конкурстардың мерзімдерін ұзарту жүргізілмейді.

      22. Күрделілік деңгейі орташа техникалық іркілістер туындаған жағдайда оператор мынадай іс-шараларды орындайды:

      1) егер бірнеше қатысушы іркілістің ықпалына ұшыраған болса, техникалық іркіліс расталған сәттен бастап 1 (бір) сағат ішінде веб-порталдың басты бетінде хабарландырулар мен лоттардың нөмірлерін көрсете отырып, техникалық іркіліс, оның маңызылық деңгейі, оны жоюдың жоспарлы уақыты және күні туралы ақпаратты орналастырады.

      Мұндай ақпарат өзгерген жағдайда ақпаратты қайта орналастырады;

      2) техникалық іркіліс расталған сәттен бастап 1 (бір) сағат ішінде техникалық қолдауға жүгінген пайдаланушыларды, сондай-ақ техникалық іркіліс туындаған конкурстарға қатысатын барлық әлеуетті өнім берушілерді техникалық іркіліс, оның күрделілік деңгейі, оны жоюдың жоспарлы уақыты және күні туралы хабардар етеді.

      Осы ақпарат өзгерген жағдайда техникалық қолдауға жүгінген пайдаланушыларды, сондай-ақ техникалық іркіліс туындаған конкурстарға қатысатын барлық әлеуетті өнім берушілерді қайта хабардар етеді;

      3) конкурстар бойынша, сондай-ақ оларда ұқсас техникалық іркілістер анықталған жағдайда, басқа конкурстар бойынша техникалық іркілістерді жоюға кіріседі;

      4) техникалық қолдауға жүгінген пайдаланушыларды, сондай-ақ техникалық іркіліс туындаған конкурстарға қатысатын барлық әлеуетті өнім берушілерді техникалық іркілістің жойылғаны, жоюдың нақты күні мен уақыты туралы қайта хабардар етеді, сондай-ақ осы ақпаратты хабарландырулар мен лоттардың нөмірлерін көрсете отырып, веб-порталдың басты бетінде орналастырады;

      5) конкурсты ұйымдастырушыны техникалық іркіліске жол бермеу жөніндегі ұсыныстарды көрсете отырып, техникалық іркіліс, туындау себебі және жою бойынша орындалған іс-шаралар, жою нәтижесі туралы жазбаша хабардар етеді.

      23. Күрделілік деңгейі жоғары техникалық іркілістер туындаған жағдайда оператор мынадай іс-шараларды орындайды:

      1) туындаған техникалық іркіліс туралы электрондық пошта арқылы жазбаша және телефон арқылы ұйымдастырушыны дереу хабардар етеді;

      2) техникалық іркіліс расталған сәттен бастап Жүйенің тиісті модуліндегі техникалық іркіліспен уақыты бойынша сәйкес келген барлық аяқталатын рәсімдерді техникалық іркілісті жою үшін жұмсалған уақытқа ұзартады;

      3) техникалық іркіліс расталған сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде пайдаланушыларды веб-порталдың басты бетінде техникалық іркіліс, оның күрделілік деңгейі, оны жоюдың жоспарлы уақыты және күні туралы ақпаратты орналастыру арқылы хабардар етеді, ал ақпаратты веб-порталдың басты бетінде орналастыру мүмкін болмаған жағдайда ақпаратты өз сайты арқылы және байланыс орталығы арқылы жолданымдар бойынша жеткізеді.

      Мұндай ақпарат өзгерген жағдайда Жүйе пайдаланушыларын қайта хабардар етеді;

      4) конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі сәйкес келген кезде өтінімдерді қабылдау рәсімдерінің уақытын ұзартады;

      5) әлеуетті жекеше әріптестің шартты келісу немесе оған қол қою мерзімі сәйкес келген кезде шартты келісу немесе оған қол қою уақытын тиісті күндер санына, бірақ кемінде күнтізбелік 1 (бір) күнге ұзартады;

      6) сұрау салуларды, келісулерді, сұрау салуларға жауаптарды жіберу, келісу мерзімі сәйкес келген кезде сұрау салуларды, келісулерді және сұрау салуларға жауаптарды жіберу, келісу мерзімін тиісті күндер санына, бірақ кемінде күнтізбелік 1 (бір) күнге ұзартады;

      7) техникалық іркіліс уақыты мен аукцион тәсілімен конкурста аукциондық сауда-саттық кезеңін өткізу уақыты сәйкес келген кезде аукциондық сауда-саттықты өткізу кезеңін техникалық іркілісті жою фактісі расталғаннан кейін келесі жұмыс күніне ұзартады.

      Жүйе аукционды өткізу нәтижелері туралы хаттаманы автоматты түрде қалыптастырған жағдайда, мұндай хаттама және берілген өтінімдер жойылады;

      8) егер конкурстық өтінімдерді қабылдаудың басталу күні техникалық іркіліс кезеңіне сай келетін болса, өтінімдерді қабылдаудың басталу мерзімі өтінімдерді қабылдау кезеңінің ұзақтығы қысқартылмай, проблеманы жою мерзіміне ауыстырылады.

4-параграф. Оператордың жоспарлы-профилактикалық жұмыстарды жүргізуі кезіндегі веб-порталдың жұмысы

      24. Жүйеде техникалық және профилактикалық жұмыстарды жүргізу бекітілген және веб-порталда жарияланған, уәкілетті органмен келісілген Жүйеде техникалық және профилактикалық жұмыстарды жүргізу жөніндегі жұмыс жоспары негізінде жүзеге асырылады.

      25. Жүйенің техникалық және профилактикалық жұмыстары жүргізілетін жағдайда оператор Жүйенің пайдаланушыларын техникалық және профилактикалық жұмыстар жүргізілгенге дейін күнтізбелік 2 (екі) күннен кешіктірмей хабардар етеді. Бұл ретте, өтінімдерді немесе өтінімдерге толықтыруларды қабылдаудың, конкурстар бойынша ашу, рұқсат беру және қорытындылау рәсімдерінің аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ күндері профилактикалық жұмыстарды жүргізу күндеріне сәйкес келетін веб-порталда шарттарды келісу және қол қою мерзімдерін оператор техникалық және профилактикалық жұмыстарды жүргізу мерзімін ескере отырып ауыстырады.

      26. Оператор алдыңғы күннің техникалық іркілістеріне күн сайын талдау жүргізеді және олардың барынша тез жойылуын қамтамасыз етеді.

  Мемлекеттік-жекешелік
әріптестік веб-порталын
пайдалану қағидаларына
қосымша
Нысан

Пайдаланушылардың веб-порталда туындаған техникалық іркілістер туралы жолданымдарын есепке алу журналы

Р/с №

Жүгінген ұйымның атауы

БСН, ЖСН

Жүгінген күні мен уақыты

Пайдаланушы хабарласқан байланыс деректері

Техникалық іркілістің сипаттамасы

Өтінімді қабылдаған маманның ТАӘ (бар болса)

Расталған / расталмаған









      Кестенің жалғасы

Растаудың/растамаудың күні мен уақыты

Қабылданған шешім

Оператор қолданған шаралар

Техникалық іркілісті жоюдың күні мен уақыты

Техникалық іркілістің туындау себептері

Күрделілік деңгейі

Техникалық іркілістің түрі

Техникалық іркіліске бұдан кейін жол бермеу бойынша ұсынымдар









      Техникалық әкімшілендіру бөлімінің жауапты адамы ________ (қолы)

      Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ТАӘ – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 16 маусымдағы
№ 52 Бұйрыққа
12-қосымша

Халықаралық қаржы институттарының қатысуымен ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын әзірлеуді үйлестіру және қорытындылар беру қағидалары

      1. Осы Халықаралық қаржы институттарының қатысуымен ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын әзірлеуді үйлестіру және қорытындылар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 26-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және халықаралық қаржы институттарының қатысуымен ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын әзірлеуді үйлестіру және қорытындылар беру тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы үйлестіру шеңберінде:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс (аукцион) және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мониторингін жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының (бұдан әрі – Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидалары) 24 және 25-тарақтарында көзделген тәртіппен халықаралық қаржы институттарын конкурстық құжаттаманы және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын әзірлеуге тарту мәселесі бойынша олармен келіссөздер жүргізуді жүзеге асырады;

      2) халықаралық қаржы институттары мен уәкілетті тұлға арасында конкурстық құжаттаманы әзірлеуге және қажет болған жағдайда жекеше әріптесті айқындаудың конкурстық рәсімдерін сүйемелдеуге келісім жасасу мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;

      3) халықаралық қаржы институттарының өкілдері мен консультанттарының салалық органдармен және мүдделі ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелерін, оның ішінде кездесулерді, келіссөздерді, жұмыс іс-шараларын ұйымдастыру, халықаралық қаржы институттарының консультанттарын жалдау үшін техникалық тапсырмаларды қалыптастыру, жобаның мақсаттары мен міндеттеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына, мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкестігі тұрғысынан конкурстық құжаттама құжаттарының алдын ала және қорытынды жобаларын талдау мәселелерін үйлестіруді жүзеге асырады;

      4) конкурстық құжаттаманы әзірлеу шеңберінде әзірленетін құжаттардың жобаларын Қазақстан Республикасының заңнамасына, жобаның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі тұрғысынан қарайды, ескертулер мен ұсынымдар береді, құжаттардың жобалары бойынша ұсыныстар енгізеді;

      5) уәкілетті тұлғаға және халықаралық қаржы институттары тартқан консультанттарға мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша конкурстық құжаттаманы әзірлеуге жәрдемдеседі;

      6) қоса берілетін материалдарымен бірге конкурстық құжаттаманың қорытынды жобасын қарайды, уәкілетті тұлғаға құжаттаманың уәкілетті тұлғаның бекітуіне дайын екендігі туралы қорытынды береді;

      3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының 93-тармағында белгіленген тәртіппен бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға мыналарды:

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын қоса алғанда, конкурстық құжаттаманың мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкестігін бағалауды;

      конкурсты ұйымдастырушыға мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын басқару сапасын арттыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының іске асырылу тиімділігін қамтамасыз ету және тәуекелдерді басқару жөніндегі ұсынымдарды;

      конкурстық құжаттаманы бекіту жөніндегі ұсынымы бар қарар бөлігін қамтитын құжаттаманың уәкілетті тұлғаның бекітуіне дайын екендігі туралы қорытындыны жібереді.

      4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік дамыту орталығы жыл сайын 30 маусымнан және 30 қарашадан кешіктірмей бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын әзірлеуді үйлестіру қызметтерінің көрсетілуі туралы есептерді жібереді.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 16 маусымдағы
№ 52 Бұйрыққа
12-қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12717 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 22 қарашадағы № 480 бұйрығының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 22 желтоқсанда № 14553 болып тіркелген).

      3. "Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № 14 бұйрығының 3-тармағы және 3-қосымшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 9 қазанда № 17508 болып тіркелген).

      4. "Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 34 бұйрығының 3-тармағы және 4-қосымшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 8 мамырда № 18651 болып тіркелген).

      5. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 14 тамыздағы № 74 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 14 тамызда № 19245 болып тіркелген).

      6. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 95 бұйрығының 4-тармағы және 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 26 желтоқсанда № 19770 болып тіркелген).

      7. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 21 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 1 сәуірде № 20266 болып тіркелген).

      8. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 66 бұйрығының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 24 қыркүйекте № 21266 болып тіркелген).

      9. "Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына және "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 89 бұйрығының 1-тармағының 2) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 9 желтоқсанда № 21738 болып тіркелген).

      10. "Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 48 бұйрығының 4-тармағы және 4-қосымшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2021 жылғы 28 сәуірде № 22648 болып тіркелген).

      11. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 15 маусымдағы № 62 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2021 жылғы 17 маусымда № 23057 болып тіркелген).

      12. "Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 және "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 35 бұйрығының 1-тармағының 2) тармақшасы және 3, 4, 5, 6 және 7-қосымшалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2022 жылғы 14 сәуірде № 27569 болып тіркелген).

      13. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 23 қарашадағы № 84 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2022 жылғы 25 қарашада № 30736 болып тіркелген).

      14. "Концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын және шығындардың орнын толтыру көздерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 23 ақпандағы № 24 бұйрығына және "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 120 бұйрығының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2022 жылғы 7 желтоқсанда № 30996 болып тіркелген).

      15. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 40 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2023 жылғы 31 наурызда № 32186 болып тіркелген).

      16. "Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына және "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 19 ақпандағы № 3 бұйрығының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2024 жылғы 20 ақпанда № 34014 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады