"Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 89 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 9 желтоқсанда № 21738 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларында:

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. МИЖ инвестициялық ұсынысының қажетті сараптамаларын жүргізу осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау және ББӘ-нің инвестициялық ұсыныстарына мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның экономикалық қорытынды әзірлеуі болып табылады.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган ББӘ инвестициялық ұсыныстарын экономикалық орындылығы, жоба мақсаттарының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларында және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына белгіленген экономика саласын (аясын) дамыту басымдықтарына сәйкестігі тұрғысынан 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындыны ББӘ-ге жібереді.

      Егер, ББӘ МИЖ-сын бюджеттен төленетін төлемдер сомасы МЖӘ жобалары бойынша жергілікті атқарушы органның мемлекеттік міндеттемелерінің ағымдағы жылға арналған лимитінің 2 (екі) пайызынан асатын жергілікті МЖӘ жобасы, оның ішінде концессиялық жобаны жүзеге асыру арқылы ұсынылса, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды ББӘ инвестициялық ұсынысына ұсыным тұжырымдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлғаға жібереді.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға ұсынылған деректерді бағалау негізінде 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде МИЖ-сын жергілікті МЖӘ жобасы, оның ішінде концессиялық жобаны жүзеге асыру арқылы ұсынылған ББӘ инвестициялық ұсынысына МИЖ-ны МЖӘ жобасы, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру арқылы негізділігі (МЖӘ принциптері мен сипаттамаларына сәйкестігі) тұрғысынан ұсыным тұжырымдап, жергілікті жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      Егер ББӘ инвестициялық ұсыныстары бойынша ұсыным тұжырымдау үшін осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарға сәйкес жетіспейтін ақпарат ұсыну мақсатында, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға қосымша ақпаратты, жетіспейтін ақпаратты беру уақытын көрсете отырып, дербес түрде сұратады және алады.

      Жетіспейтін ақпарат сұратылған жағдайда, ұсынымдарды тұжырымдау мерзімі олар ұсынылғанға дейін тоқтатылады.

      Ұсынымдарды тұжырымдауға арналған жетіспейтін ақпарат уақтылы берілмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға ұсынылған деректерді инвестициялық ұсынысқа ұсынымды тұжырымдау мүмкін еместігін көрсете отырып ББӘ-не қайтарады.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган экономикалық қорытындыны Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаның ұсынымын (бар болған жағдайда) ескере отырып дайындайды.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаны іріктеу әдістемесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іске асыру үшін басқалардың арасында мемлекет үшін негізгі алғышарттар (өлшемдер) мынадай факторлардың жиынтығы болып табылады:

      1) жоба халық үшін ұзақ мерзімді кезеңге құндылық жасау мақсатында жеке әріптестің (концессионердің) инвестициялар тартуына бағдарланады;

      2) жобаның мақсаты көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру болып табылады және жоба кәсіпкерлік субъектілері үшін тартымды болып табылады;

      3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелер көлемі (олар қажет болғанда) жекеше әріптес (концессионер) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаға немесе концессиялық жобаға тартатын (жобаны іріктеу сатысында) ақша қаражатының, оның ішінде жекеше әріптестің (концессионердің) меншікті ақша қаражатының сомасынан аспауы тиіс.

      Бұл ретте, жекеше әріптестің (концессионердің) меншікті ақша қаражатымен қатысуы мемлекеттік-жекешелік әріптестік (концессия) объектісі құнының кемінде он пайызын құрайды;

      4) жоба, республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын және концессиялық жобаларды қоспағанда, валюталық тәуекелдерді бюджет есебінен жабуды көздемейді;

      2) Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 16.06.2025 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 16.06.2025 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының он сегізінші және он тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
Р. Даленов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады