БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларында:
2-тармақтың 38) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"38) Қазақстан Республикасының немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын – 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 "Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы" және 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1056 "Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" АҚ немесе жергілікті атқарушы органның шешімімен айқындалатын заңды тұлға;";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. МИЖ инвестициялық ұсынысының қажетті сараптамаларын жүргізу осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау және ББӘ-нің инвестициялық ұсыныстарына мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның экономикалық қорытынды әзірлеуі болып табылады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган ББӘ инвестициялық ұсыныстарын экономикалық орындылығы, жоба мақсаттарының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларында және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына белгіленген экономика саласын (аясын) дамыту басымдықтарына сәйкестігі тұрғысынан 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындыны ББӘ-ге жібереді.
Егер, ББӘ МИЖ-сын бюджеттен төленетін төлемдер сомасы МЖӘ жобалары бойынша жергілікті атқарушы органның мемлекеттік міндеттемелерінің ағымдағы жылға арналған лимитінің 2 (екі) пайызынан асатын жергілікті МЖӘ жобасы, оның ішінде концессиялық жобаны жүзеге асыру арқылы ұсынылса, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды ББӘ инвестициялық ұсынысына ұсыным тұжырымдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлғаға жібереді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға ұсынылған деректерді бағалау негізінде 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде МИЖ-сын жергілікті МЖӘ жобасы, оның ішінде концессиялық жобаны жүзеге асыру арқылы ұсынылған ББӘ инвестициялық ұсынысына МИЖ-ны МЖӘ жобасы, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру арқылы негізділігі (МЖӘ принциптері мен сипаттамаларына сәйкестігі) тұрғысынан ұсыным тұжырымдап, жергілікті жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
Егер ББӘ инвестициялық ұсыныстары бойынша ұсыным тұжырымдау үшін осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарға сәйкес жетіспейтін ақпарат қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға жетіспейтін ақпаратты беру уақытын көрсете отырып, дербес түрде сұратады және алады.
Жетіспейтін ақпарат сұратылған жағдайда, ұсынымдарды тұжырымдау мерзімі олар ұсынылғанға дейін тоқтатылады.
Ұсынымдарды тұжырымдауға арналған жетіспейтін ақпарат уақтылы берілмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға ұсынылған деректерді инвестициялық ұсынысқа ұсынымды тұжырымдау мүмкін еместігін көрсете отырып ББӘ-не қайтарады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган экономикалық қорытындыны Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаның ұсынымын ескере отырып дайындайды.";
3 және 3-1 қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;
2) Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 16.06.2025 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 16.06.2025 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
Р. Даленов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды
1. | Жоба бойынша жалпы ақпарат |
1.1 | Мемлекеттік инвестициялық жобаның атауы |
1.2 | Жобаның қуаты (өлшем бірлігі) |
1.3 | Іске асырылу кезеңі (жыл) |
1.4 | Пайдаланылу кезеңі (жыл) |
1.5 | Жобаның іске асырылуын негіздеу (салалық сараптама қорытындысына сәйкес) |
1.6 | Қаржыландыру тетіктері және көлемі (пайдалануға берілгенге дейінгі барлық шығындар) (мың теңге) |
1) | Бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу (түзету) құны (мың теңге) |
2) | Жерді сатып алу құны (мың теңге) |
3) | Нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мемлекеттік міндеттемелер лимиттерінің шегінде мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мүмкіндігі (жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік ретінде іске асырылған жағдайда) |
1.7 | Бюджеттік инвестициялық саясаттың басымдықтарына сәйкестігі |
1.8 | Ұсынылған құжаттаманың болуы |
2. | Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының ережелеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларына, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына сәйкестігі (құжаттың деректемелерін көрсету) |
3. | Жобаны басқарудың институционалдық схемасы (іске асырылу барысында, сол сияқты инвестициялықтан кейінгі кезеңдегі барлық жобаға қатысушылар туралы ақпарат, олардың өзара іс -қимылдары) |
4. | Түпкілікті нәтиженің өлшенетін (сандық) көрсеткіштерінің болуы |
5. | Тәуекелдерді бағалау тұрғысынан жобаны іске асыру мүмкіндігі |
6. | Мемлекеттік инвестициялық жоба құнын есептеудің негізділігі |
7. | Мемлекеттік инвестициялардың қажеттілігіне байланысты мемлекеттік инвестициялық жобаны іске асыру тетігін басымдықпен таңдау негізділігі |
Тұжырымдар (Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаның ұсынымын ескере отырып мемлекеттік инвестициялық жобаларды бюджеттен қаржыландырудың ықтимал түрі мен тәсілдерін, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобаны іске асырудың орындылығын айқындау).
Мемлекеттік инвестициялық жобаны іріктеу әдістемесі
"1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іске асыру үшін басқалардың арасында мемлекет үшін негізгі алғышарттар (өлшемшарттар) жиынтығында мынадай факторлардың болуы болып табылады:
1) жоба халық үшін ұзақ мерзімді кезеңге құндылық жасау мақсатында жеке әріптестің (концессионердің) инвестициялар тартуына бағдарланады;
2) жобаның мақсаты көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру болып табылады және жоба кәсіпкерлік субъектілері үшін тартымды болып табылады;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелер көлемі (олар қажет болғанда) жекеше әріптес (концессионер) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаға немесе концессиялық жобаға тартатын (жобаны іріктеу сатысында) ақша қаражатының, оның ішінде жекеше әріптестің (концессионердің) меншікті ақша қаражатының сомасынан аспауы тиіс.
Бұл ретте, жекеше әріптестің (концессионердің) меншікті ақша қаражатымен қатысуы мемлекеттік-жекешелік әріптестік (концессия) объектісі құнының кемінде он пайызын құрайды;
4) жоба, концессиялық жобаларды қоспағанда, валюталық тәуекелдерді бюджет есебінен жабуды көздемейді;
5) жоба Қазақстан Республикасының аумағында өнім шығаруды және ресурстардың қазақстандық мазмұны 50% - дан кем емес құрайтын тиісті қызметтер көрсетуді көздейді.".
2. Бюджет кірістерін ұлғайту, бюджет шығыстарын қысқарту (ұлғайту емес) үшін салықтардың түсімін арттыру призмасы арқылы бюджет қаражатын тиімді басқару мемлекеттің МЖӘ жобаларына қатысуының негізгі өлшемшарттары, яғни, жобалардың бюджет тиімділігінің өлшемшарты, сондай-ақ МЖӘ тетіктері арқылы мемлекеттік инвестициялық жобаны (бұдан әрі – МИЖ) іске асырудың заңнамалық мүмкіндігі болып табылады.
3. Жобаларды алғашқы іріктеу инвестициялар объектісін МЖӘ-ге беру бойынша шектеулердің болмауы, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларға деген қажеттіліктің болу өлшемшарттары сияқты заң өлшемшарттары негізінде жүзеге асырылады.
Егер инвестициялар объектісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 710 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беруге жатпайтын объектілер тізбесіне енгізілсе, онда жобаның бюджеттік инвестициялар арқылы іске асырылуы қаралады.
Мемлекеттік инвестициялардың қажеттілігіне байланысты мемлекеттік инвестициялық жобалар мынадай басымдықпен қаралады:
1) МЖӘ жобасын іске асыру барысында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтыну кепілдігін көздейтін жобалардан басқа бюджет қаражаты есебінен ақшалай төлемді талап етпейтін жобаның МЖӘ арқылы іске асырылуы қаралады;
2) бюджет қаражаты есебінен ақшалай төлемді талап ететін жобаның бюджеттік инвестициялар арқылы іске асырылуы қаралады;
3) бюджет қаражаты есебінен ақшалай төлемді талап ететін жобаның МЖӘ арқылы іске асырылуы қаралады.
4. Экономикалық сараптама екі деңгейден тұрады:
экономикалық сараптаманың бірінші деңгейі МИЖ-дің Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігін, сондай-ақ жобаны іске асыру жеделдігін бағалаудан тұратын "МИЖ басымдығы" деген көрсеткішті бағалау тұрғысынан жүргізілетін болады. Жобаны іске асырудың жеделдігі болған жағдайда жобаны бюджеттік инвестициялар арқылы іске асыру қаралады.
Ойын-сауық қызметтерін көрсетуге, ойын бизнесіне, шаштараз бен косметикалық көрсетілетін қызметтер салондарына, монша-сауықтыру кешендеріне, сауда-ойын-сауық орталықтарына бағытталған жобалар мемлекеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы іске асырылмайды.
Егер құжаттаманы әзірлеуге және сараптама жасауға жұмсалатын шығындар жобаны іске асыру құнынан жоғары болса, онда МИЖ МЖӘ тетігі арқылы қаралмайды.
екінші деңгей, шығындар мен пайданы талдау әдісімен мынадай формула бойынша бюджет тиімділігінің коэффициентін айқындау:
, мұнда:
Кбэ – бюджет тиімділігінің коэффициенті;
ДБбиj – j кезеңінде бюджеттік инвестициялық жоба не мемлекеттің жарғылық капиталға қатысуы арқылы жобаны іске асырудан мемлекеттік (республикалық, сонымен бірге жергілікті) бюджетке түскен түсімдер;
РБбиj – j кезеңінде жобаны іске асыруға жұмсалатын қаражат (инвестициялық, сондай-ақ пайдалануға беру кезеңінде);
ДБгчпj – j кезеңінде МЖӘ арқылы жобаны іске асырудан мемлекеттік (республикалық, сонымен бірге жергілікті) бюджетке түскен түсімдер;
РБгчпj – j кезеңінде МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер;
Ст – дисконттау мөлшерлемесі.
Дисконттау мөлшерлемесінің мәнін инвестициялық ұсынысты әзірлеу күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің мәніне тең не Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес болжамдалған инфляцияның орташа мәніне тең таңдау ұсынылады.
Егер Кбэ > 0, онда МИЖ-ді бюджеттік инвестициялар ретінде іске асыру қаралады;
Егер Кбэ ≤ 0, онда МИЖ ең алдымен МЖӘ жобасы ретінде іске асыру қаралады.
Егер МИЖ бюджет тиімділігі коэффициентінің теріс мәні болса және МЖӘ жобасы арқылы қарау қажеттілігі туындаса, жобаның өтімділік мерзімі мына формула бойынша есептеледі:
ІC (Іnvest Capіtal) – жобадағы алғашқы инвестициялық шығындар;
CFі (Cash Flow) – таза пайда мен амортизация сомасы болып табылатын уақыттың і-ші кезеңінде жобадан түсетін ақша ағыны.
Ақша ағынын есептеу үшін мына формулаларды қолдану қажет:
немесе
CFі = Кіріс – Операциялық шығасылар – Салықтық төлемдер және қарыз капиталы бойынша төлемдер, мұнда:
А (Amortіzatіon) – амортизация, шығын болып табылмайтын ақша ағынының түрі;
NP (Net Profіt) – инвестициялық жобаның таза пайдасы.
Пруденциялық нормативтер не ковенанттар бойынша шектеулер болмаған кезде жоба бюджеттік кредит арқылы қаржыландырылады.
5. Егер МИЖ-ді МЖӘ жобасы ретінде іске асыру қаралмаса, онда қаржыландыру сызбасын айқындау мына алгоритм негізінде жүзеге асырылады:
егер инвестициялар объектісі квазимемлекеттік сектор субъектісінің балансында болса, онда жоба заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы не бюджеттік кредиттеу арқылы бюджеттік инвестициялар ретінде іске асырылуы қаралады;
егер инвестициялар объектісі мемлекеттік мекеменің балансында болса, онда жоба бюджеттік инвестициялық жоба ретінде іске асырылуы қаралады;
тікелей қаржы кірісі болмаған кезде не егер негізгі пайда алушы мемлекеттік мекеме болып табылса, МИЖ БИЖ ретінде іске асырылады;
егер жобаның инвестициядан кейінгі кезеңдегі (пайдалану) негізгі кірісі мемлекеттік бюджет есебінен қалыптастырылса, онда жоба заңды тұлғаның жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы (қатысу үлесінің ұлғаюы) арқылы іске асырылады;
егер негізгі кіріс мемлекеттік бюджет есебінен қалыптастырылмаса, бірақ заңды тұлғаның мемлекеттік кәсіпорынның не коммерциялық емес акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысаны болса, онда жоба заңды тұлғаның жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы (қатысу үлесінің ұлғаюы) арқылы іске асырылады;
жоғарыда аталғандарға сәйкес келмеген жағдайларда заңды тұлғаның қаржылық көрсеткіштеріне қосымша тексеру жүргізіледі.
Осылайша, егер заңды тұлғаның пруденциялық нормативтер не бұрын жүзеге асырылған, бірақ өтелмеген қарыздар ковенанттары бойынша шектеулері бар болса, онда жоба заңды тұлғаның жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы (қатысу үлесінің ұлғаюы) арқылы іске асырылады.
Пруденциялық нормативтер не ковенанттар бойынша шектеулер болмаған кезде жоба бюджеттік кредит арқылы қаржыландырылады.