"Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екі және одан да көп мемлекеттердің аумақтары бойынша навигациялық пломбаларды қолдана отырып тасымалдарды қадағалау кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті операторлары (органдары) арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету" жалпы процесін іске асыру қағидаларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 14 қазандағы № 91 шешімі

      2022 жылғы 19 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімнің 12-бабы 2-тармағының екінші және үшінші абзацтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 9 сәуірдегі № 36 шешімімен бекітілген "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екі және одан да көп мемлекеттердің аумақтары бойынша навигациялық пломбаларды қолдана отырып тасымалдарды қадағалау кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті операторлары (органдары) арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету" жалпы процесін іске асыру қағидаларына өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының Төрағасы
Б. Сағынтаев

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Кеңесінің
2025 жылғы 14 қазандағы
№ 91 шешіміне
ҚОСЫМША

"Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екі және одан да көп мемлекеттердің аумақтары бойынша навигациялық пломбаларды қолдана отырып тасымалдарды қадағалау кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті операторлары (органдары) арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету" жалпы процесін іске асыру қағидаларына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мыналарды білдіретін ұғымдар пайдаланылады:

      "тасымалды аяқтау операторы" – аумағында қадағалау объектісін бақылауды тоқтату жөніндегі іс-қимылдар жүзеге асырылатын Одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті операторы;

      "тасымалды қадағалау операторы" – аумағында қадағалау объектісін бақылау басталған Одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті операторы;

      "бақылау шаралары мен нысандарын қолдану операторы" – аумағында бақылаушы органдар қадағалау объектісіне қатысты бақылау шаралары мен нысандарын қолданған Одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті операторы;

      "өткізу операторы" – аумағы бойынша қадағалау объектісін тасымалдау жүзеге асырылған не жүзеге асырылуы жоспарланып отырған Одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті операторы;

      "тіркеу операторы" – аумағында ақпараттық жүйесінде навигациялық пломба тіркелген ұлттық оператор орналасқан Одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті операторы;

      "нақты өткізу операторы" – аумағына қадағалау объектісі ауыстырылған, бұл ретте осы қадағалау объектісіне қатысты штаттан тыс жағдайдың туындауына байланысты іс-шаралар аяқталмаған Одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті операторы.

      Өзге де ұғымдар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта, Келісімде, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті операторлары (органдары) арасындағы навигациялық пломбаларды қолдана отырып тасымалдарды қадағалау кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл тәртібінде (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 139 шешіміне № 1 қосымша) және Одақ органдарының Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – интеграцияланған жүйе) құру және дамыту мәселелерін реттейтін актілерінде айқындалған мәндерде қолданылады.".

      2. 4-тармақтағы "мүше мемлекеттердің (бұдан әрі - уәкілетті операторлар)" деген сөздер "Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, уәкілетті операторлар)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 5-тармақтың "в" тармақшасында:

      а) "қолдану" деген сөзден кейін "ақпараттық өзара іс-қимыл үшін қажетті" деген сөздермен толықтырылсын;

      б) "және ақпараттық өзара іс-қимыл үшін қажетті (қажет болған жағдайда)" деген сөздер алып тасталсын.

      4. 6-тармақта:

      а) екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жалпы процесті іске асыру шеңберінде навигациялық пломбаларды қолдана отырып тасымалды қадағалау кезінде уәкілетті операторлар бір немесе бірнеше функционалдық рөлдерде әрекет ете алады:";

      б) алтыншы абзацтағы "нысандар мен шаралар" деген сөздер "шаралар мен нысандар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      в) мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "нақты өткізу операторы.".

      5. 7-тармақта:

      а) бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жалпы процесті іске асыру шеңберінде осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген қатысушылар өзара іс-қимыл процесінде олардың функционалдық рөлін ескере отырып, навигациялық пломбаларды қолданумен тасымалдарды қадағалау процесінде операциялар жасау кезінде мынадай хабарларды қалыптастыру және беру функцияларын іске асырады:";

      б) "а" тармақшасында:

      бесінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "тасымалды қадағалаудың басталуы туралы жол жүру операторына хабарлау;

      тіркеу операторына тасымалды қадағалаудың басталғаны туралы хабарлау;";

      алтыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "сұрау салу бойынша навигациялық пломбасы бар іс-қимылдардың нәтижелері туралы хабар;";

      сегізінші абзац алынып тасталсын;

      тоғызыншы абзацтағы "бірегей сәйкестендіру нөміріне" деген сөздер "сәйкестендіргішке" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "штаттан тыс жағдайдың пайда болуы туралы хабар;

      бұрын жіберілген хабарда қамтылған мәліметтердің күшін жою туралы хабар;";

      в) "б"тармақшасында:

      төртінші абзацтағы "әрекеттер" деген сөз "әрекеттер нәтижелері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "сұрау салу бойынша навигациялық пломбадан алынған технологиялық деректер туралы хабар;

      навигациялық пломба идентификаторы бойынша тасымалдаудың бірегей нөмірлері туралы хабар;

      навигациялық пломбадан алынған штаттан тыс жағдай туралы мәліметтерді қамтитын хабар;

      бұрын жіберілген хабарда қамтылған мәліметтердің күшін жою туралы хабар;";

      г) "в" тармақшасында:

      төртінші абзацтағы "бірегей сәйкестендіру нөміріне" деген сөздер "сәйкестендіргішке" деген сөзбен ауыстырылсын;

      төртінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "навигациялық пломбасы бар әрекеттер туралы хабар;";

      бесінші абзац "хабар" деген сөзден кейін "шешім қабылдау туралы" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "бұрын жіберілген хабарда қамтылған мәліметтердің күшін жою туралы хабар;";

      д) "г" және "д" тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "г) бақылау шаралары мен нысандарын қолдану операторы үшін: бақылау шаралары мен нысандары туралы хабар;

      бұрын жіберілген хабарда қамтылған мәліметтердің күшін жою туралы хабар;

      д) тасымалдауды аяқтау операторы үшін:

      навигациялық пломбамен әрекеттер жасауға сұрау салу;

      бұрын жіберілген хабарда қамтылған мәліметтердің күшін жою туралы хабар;

      навигациялық пломбасы бар әрекеттер туралы хабар.".

      6. 9-тармақ ", 2024 жылғы 20 ақпандағы № 12" деген сөздермен толықтырылсын

      7. 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Жалпы процесті іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл, егер мұндай өзара іс-қимылға қатысушылар әртүрлі мүше мемлекеттердің уәкілетті операторлары болып табылған жағдайда жүзеге асырылады.".

      8. V бөлім мынадай мазмұндағы 181 – 184-тармақтармен толықтырылсын:

      "181. Егер жол жүру операторына тасымал туралы ақпарат қажет болған жағдайда, ол тасымалды қадағалау операторына тасымалдың бірегей нөмірін қамтитын сұрау салуды жібереді.

      Тасымалды қадағалау операторы келіп түскен сұрау салуға жауап ретінде навигациялық пломбамен болған оқиғалар туралы ақпаратты қамтитын тасымалды қадағалау туралы мәліметтерді ұсынады.

      Егер ұқсас сұрау салуды жол жүру операторы жібермеген жағдайда, тасымалды қадағалау операторы осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген мәліметтерді ұсынбайды.

      182. Егер тасымалдың бірегей нөмірі белгісіз болған жағдайда, тасымалды бақылау мақсатында жол жүру операторы мәліметтерді ұсыну қажет кезеңді көрсете отырып, тіркеу операторына навигациялық пломбаның сәйкестендіргіші бар сұрау салуды жібере алады.

      Тіркеу операторы келіп түскен сұрау салуға жауап ретінде сәйкестендіргіші сұрау салуда көрсетілген навигациялық пломбаны қолдана отырып, сұрау салынған кезеңде қадағалануы жүзеге асырылған тасымалдардың барлық бірегей нөмірлері туралы мәліметтерді ұсынады.

      183. Тасымалды бақылауды жүзеге асыру кезінде тасымалды қадағалау операторы тіркеу операторына бір мезгілде навигациялық пломбаның сәйкестендіргіші мен тасымалдың бірегей нөмірін қамтитын сұрау салуды жібере алады.

      Тіркеу операторы келіп түскен сұрау салуға жауап ретінде сұрау салынатын тасымал бойынша мынадай хабарлардың бірін қалыптастырады және жібереді:

      егер келіп түскен сұрау салу тасымалды қадағалау операторынан алынған жағдайда, навигациялық пломбадан алынған технологиялық деректер және тасымалды жүзеге асыру барысында туындаған штаттан тыс жағдайлар туралы мәліметтер;

      егер келіп түскен сұрау салу тасымалды қадағалау операторы болып табылмайтын оператордан алынған жағдайда, сұрау салынатын мәліметтерді беруден бас тарту.

      184. Егер осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген хабарды жібергеннен кейін хабардың бастамашысы ретінде әрекет ететін уәкілетті оператор өзінің ақпараттық жүйесінде қамтылған мәліметтер мен жіберілген хабарда көрсетілген мәліметтер арасындағы сәйкессіздіктерді анықтаған жағдайда, осындай уәкілетті оператор осы Қағидаларға № 1 қосымшаға сәйкес:

      а) бұрын жіберілген хабарда қамтылған мәліметтердің күшін жою туралы хабарды қалыптастырады және оны бұрын хабарды жіберген уәкілетті операторларға жібереді;

      б) жаңа хабар қалыптастырады және оны бұрын жіберілген хабарламаны алушыларға жібереді (қажет болған жағдайда).".

      9. Көрсетілген Қағидаларға № 1 және 2 қосымшалар мынадай редакцияда жазылсын:

  "Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше екі және одан да
көп мемлекеттердің аумақтары
бойынша навигациялық
пломбаларды қолдана отырып
тасымалдарды қадағалау кезінде
Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттердің
уәкілетті операторлары
(органдары) арасындағы
ақпараттық өзара іс-қимылды
қамтамасыз ету" жалпы
процесін іске асыру
қағидаларына
№ 1 ҚОСЫМША

Навигациялық пломбаларды қолдана отырып тасымалдарды қадағалау кезінде ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде пайдаланылатын хабарлардың бастамашылары мен оларды алушыларының ТІЗБЕСІ

Бастамашы

Хабардың мазмұны

Алушы

Негіздеме

Хабардың күшін жою мүмкіндігі

1. Тасымалды қадағалау операторы

навигациялық пломба туралы ақпаратты сұрату

тіркеу операторы немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің уәкілетті операторлары (органдары)

Өзара іс-қимыл тәртібінің 8-тармағының бірінші абзацы* (көрсетілген Тәртіптің 9-тармағын ескере отырып)

күшін жоюға жатпайды

2. Тіркеу операторы немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің уәкілетті операторлары (органдары)

навигациялық пломба туралы ақпаратты іздеу нәтижелері туралы хабар

тасымалды қадағалау операторы

Өзара іс-қимыл тәртібінің 8-тармағының екінші абзацы

күшін жоюға жатпайды

3. Өткізу операторы

навигациялық пломба туралы ақпаратты сұрату

тіркеу операторы немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің уәкілетті операторлары (органдары)

Өзара іс-қимыл тәртібінің 8-тармағының бірінші абзацы
(Іс-әрекеттер жасау тәртібін ескере отырып**)

күшін жоюға жатпайды

4. Тіркеу операторы немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің уәкілетті операторлары (органдары)

навигациялық пломба туралы ақпаратты іздеу нәтижелері туралы хабар

өткізу операторы

Өзара іс-қимыл тәртібінің 8-тармағының екінші абзацы (Іс-әрекеттер жасау тәртібін ескере отырып)

күшін жоюға жатпайды

5. Тасымалды қадағалау операторы

навигациялық пломбаға ақпаратты жазуға сұрау салу

тіркеу операторы

Өзара іс қимыл тәртібінің 10-тармағының бірінші абзацы және 26-тармағының бірінші абзацы

күшін жоюға жатпайды

6. Тіркеу операторы

навигациялық пломбаға ақпаратты жазу нәтижелері туралы хабар

тасымалды қадағалау операторы

Өзара іс қимыл тәртібінің 10-тармағының екінші абзацы және 26-тармағының екінші абзацы

күшін жоюға жатпайды

7. Тасымалды қадағалау операторы

навигациялық пломбамен әрекеттер жасауға сұрау салу (белсендіру)

тіркеу операторы

Өзара іс қимыл тәртібінің 11-тармағының бірінші абзацы және 26-тармағының екінші абзацы

күшін жоюға жатпайды

8. Тіркеу операторы

сұрау салу бойынша навигациялық пломбамен іс-қимылдардың нәтижелері туралы хабар (белсендіру)

тасымалды қадағалау операторы

Өзара іс қимыл тәртібінің 11-тармағының екінші абзацы және 26-тармағының бірінші абзацы

күшін жоюға жатпайды

9. Тасымалды қадағалау операторы

тасымалды қадағалаудың басталуы туралы өткізу операторына хабарлау

өткізу операторы

Өзара іс қимыл тәртібінің 12-тармағының бірінші абзацы

мүмкін

10. Тасымалды қадағалау операторы

тіркеу операторына тасымалдауды қадағалаудың басталғаны туралы хабарлау

тіркеу операторы

Өзара іс қимыл тәртібінің 12-тармағының бірінші абзацы

мүмкін

11. Тіркеу операторы

навигациялық пломбадан алынған технологиялық деректер туралы хабар

тасымалды қадағалау операторы

Өзара іс-қимыл тәртібінің 13-тармағы

мүмкін

12. Тасымалды қадағалау операторы

тасымалды қадағалау туралы хабар

өткізу операторы

Өзара іс-қимыл тәртібінің 14-тармағы

мүмкін

13. Тасымалды қадағалау операторы

навигациялық пломбамен әрекеттер жасауға сұрау салу (навигациялық пломбадан хабарламалар жіберу кезеңділігін өзгерту)

тіркеу операторы

Өзара іс қимыл тәртібінің 15 тармағының бірінші абзацы

күшін жоюға жатпайды

14. Тіркеу операторы

сұрау салу бойынша навигациялық пломбасы бар іс-қимылдардың нәтижелері туралы хабар (навигациялық пломбадан хабарларды жіберу кезеңділігін өзгерту туралы сұрау салуға жауап)

тасымалды қадағалау операторы

Өзара іс қимыл тәртібінің 15 тармағының екінші абзацы

күшін жоюға жатпайды

15. Тасымалды қадағалау операторы

навигациялық пломбамен іс-әрекеттер туралы хабар (кезеңділіктің өзгергені туралы хабарлама)

өткізу операторы

Өзара іс-қимыл тәртібінің 16-тармағы

мүмкін

16. Өткізу операторы

бірегей тасымалдау нөмірі бойынша қадағалау туралы сұрау салу

тасымалды қадағалау операторы

Өзара іс қимыл тәртібінің 17 тармағының бірінші абзацы

күшін жоюға жатпайды

17. Тасымалды қадағалау операторы

бірегей тасымалдау нөмірі бойынша қадағалау объектісі туралы хабар

өткізу операторы

Өзара іс қимыл тәртібінің 17 тармағының екінші абзацы

күшін жоюға жатпайды

18. Өткізу операторы

навигациялық пломба сәйкестендіргіші бойынша тасымалдың бірегей нөмірлерін сұрату

тіркеу операторы

Өзара іс қимыл тәртібінің 18 тармағының бірінші абзацы

күшін жоюға жатпайды

19. Тіркеу операторы

навигациялық пломба сәйкестендіргіші бойынша тасымалдың бірегей нөмірлері туралы хабар

өткізу операторы

Өзара іс қимыл тәртібінің 18 тармағының екінші абзацы

күшін жоюға жатпайды

20. Тасымалды қадағалау операторы

навигациялық пломба идентификаторы бойынша ақпарат сұрату

тіркеу операторы

Өзара іс қимыл тәртібінің 19 тармағының бірінші абзацы

күшін жоюға жатпайды

21. Тіркеу операторы

навигациялық пломбадан сұрау салу бойынша алынған технологиялық деректер туралы хабар

тасымалды қадағалау операторы

Өзара іс қимыл тәртібінің 19 тармағының екінші абзацы

күшін жоюға жатпайды

22. Тасымалды аяқтау операторы

навигациялық пломбамен әрекеттер жасауға сұрау салу (активсіздендіру)

тасымалды қадағалау операторы

Өзара іс қимыл тәртібінің 20-тармағының бірінші абзацы және 32-тармағы

күшін жоюға жатпайды

23. Тасымалды қадағалау операторы

навигациялық пломбамен әрекеттер жасауға сұрау салу (активсіздендіру)

тіркеу операторы

Өзара іс қимыл тәртібінің 20-тармағының бірінші абзацы және 32-тармағы

күшін жоюға жатпайды

24. Тіркеу операторы

сұрау салу бойынша навигациялық пломбамен іс-қимылдардың нәтижелері туралы хабар (активсіздендіру)

тасымалды қадағалау операторы

Өзара іс қимыл тәртібінің 20-тармағының екінші абзацы және 32-тармағы

күшін жоюға жатпайды

25. Тасымалды қадағалау операторы

сұрау салу бойынша навигациялық пломбамен іс-қимылдардың нәтижелері туралы хабар (активсіздендіру)

тасымалды аяқтау операторы

Өзара іс қимыл тәртібінің 20-тармағының екінші абзацы және 32-тармағы

күшін жоюға жатпайды

26. Тасымалды қадағалау операторы

тасымалды қадағалауды аяқтау туралы хабар

өткізу операторы, тіркеу операторы

Өзара іс қимыл тәртібінің 21-тармағының бірінші абзацы және 32-тармағы

мүмкін

27. Тасымалды аяқтау операторы

навигациялық пломбамен әрекеттер жасауға сұрау салу (қашықтықтан ажырату)

тасымалды қадағалау операторы

Өзара іс қимыл тәртібінің 22-тармағының бірінші абзацы

күшін жоюға жатпайды

28. Тасымалды қадағалау операторы

навигациялық пломбамен әрекеттер жасауға сұрау салу (қашықтықтан ажырату)

тіркеу операторы

Өзара іс қимыл тәртібінің 22-тармағының бірінші абзацы

күшін жоюға жатпайды

29. Тіркеу операторы

сұрау салу бойынша навигациялық пломбамен іс-қимылдардың нәтижелері туралы хабар (қашықтықтан ажырату)

тасымалды қадағалау операторы

Өзара іс қимыл тәртібінің 22-тармағының екінші абзацы

күшін жоюға жатпайды

30. Тасымалды қадағалау операторы

сұрау салу бойынша навигациялық пломбамен іс-қимылдардың нәтижелері туралы хабар (қашықтықтан ажырату)

тасымалды аяқтау операторы

Өзара іс қимыл тәртібінің 22-тармағының екінші абзацы

күшін жоюға жатпайды

31. Тасымалды аяқтау операторы

навигациялық пломбамен әрекеттер туралы хабар (арнайы құрылғыны пайдалана отырып ашу)

тасымалды қадағалау операторы

Өзара іс-қимыл тәртібінің 23-тармағы

мүмкін

32. Тасымалды қадағалау операторы

навигациялық пломбамен әрекеттер туралы хабарлама (арнайы құрылғыны пайдалана отырып ашу)

тіркеу операторы

Өзара іс-қимыл тәртібінің 23-тармағы

мүмкін

33. Өткізу операторы

навигациялық пломбаны ауыстыру туралы шешім қабылдау туралы хабар

тасымалды қадағалау операторы

Өзара іс-қимыл тәртібінің 24 және 31-тармақтары

мүмкін

34. Тасымалды қадағалау операторы

навигациялық пломбамен әрекеттер жасауға сұрау салу (активсіздендіру)

тіркеу операторы

Өзара іс қимыл тәртібінің 25-тармағының бірінші абзацы және 31 тармағы

күшін жоюға жатпайды

35. Тіркеу операторы

сұрау салу бойынша навигациялық пломбамен іс-қимылдардың нәтижелері туралы хабар (активсіздендіру)

тасымалды қадағалау операторы

Өзара іс қимыл тәртібінің 25-тармағының екінші абзацы және 31 тармағы

күшін жоюға жатпайды

36. Тасымалды қадағалау операторы

навигациялық пломбаны ауыстыру туралы хабар

өткізу операторы

Өзара іс-қимыл тәртібінің 27 және 31-тармақтары

мүмкін

37. Өткізу операторы

навигациялық пломбамен әрекеттер жасауға сұрау салу (қашықтықтан ажырату)

тасымалды қадағалау операторы

Өзара іс қимыл тәртібінің 28-тармағының бірінші абзацы

күшін жоюға жатпайды

38. Тасымалды қадағалау операторы

навигациялық пломбамен әрекеттер жасауға сұрау салу (қашықтықтан ажырату)

тіркеу операторы

Өзара іс қимыл тәртібінің 28-тармағының бірінші абзацы

күшін жоюға жатпайды

39. Тіркеу операторы

сұрау салу бойынша навигациялық пломбамен іс-қимылдардың нәтижелері туралы хабар (қашықтықтан ажырату)

тасымалды қадағалау операторы

Өзара іс қимыл тәртібінің 28-тармағының екінші абзацы

күшін жоюға жатпайды

40. Тасымалды қадағалау операторы

сұрау салу бойынша навигациялық пломбамен іс-қимылдардың нәтижелері туралы хабар (қашықтықтан ажырату)

өткізу операторы

Өзара іс қимыл тәртібінің 28-тармағының екінші абзацы

күшін жоюға жатпайды

41. Өткізу операторы

навигациялық пломбамен әрекеттер туралы хабар (арнайы құрылғыны пайдалана отырып ашу)

тасымалды қадағалау операторы

Өзара іс-қимыл тәртібінің 29-тармағы

мүмкін

42. Тасымалды қадағалау операторы

навигациялық пломбамен әрекеттер туралы хабар (арнайы құрылғыны пайдалана отырып ашу)

тіркеу операторы

Өзара іс-қимыл тәртібінің 29-тармағы

мүмкін

43. Өткізу операторы

навигациялық пломбамен әрекеттер туралы хабар (тұйықталу)

тасымалды қадағалау операторы

Өзара іс-қимыл тәртібінің 30-тармағы

мүмкін

44. Тасымалды қадағалау операторы

навигациялық пломбамен әрекеттер туралы хабар (тұйықталу)

тіркеу операторы

Өзара іс-қимыл тәртібінің 30-тармағы

мүмкін

45. Тіркеу операторы

навигациялық пломбадан алынған штаттан тыс жағдай туралы мәліметтерді қамтитын хабар

тасымалды қадағалау операторы

Өзара іс-қимыл тәртібінің 33-тармағы

мүмкін

46. Тасымалды қадағалау операторы

штаттан тыс жағдайдың пайда болуы туралы хабар

өткізу операторы

Өзара іс-қимыл тәртібінің 34-тармағы

мүмкін

47. Өткізу операторы

бақылау объектісінің орналасқан жерін өзгерту туралы хабар

тасымалды қадағалау операторы

Өзара іс-қимыл тәртібінің 35-тармағы

мүмкін

48. Тасымалды қадағалау операторы

бақылау объектісінің орналасқан жерін өзгерту туралы хабар

фактический оператор проследования

Өзара іс-қимыл тәртібінің 35-тармағы

мүмкін

49. Тасымалды қадағалау операторы

навигациялық пломбамен әрекеттер жасауға сұрау салу (жою)

тіркеу операторы

Өзара іс қимыл тәртібінің 36-тармағының бірінші абзацы

күшін жоюға жатпайды

50. Тіркеу операторы

сұрау бойынша навигациялық пломбамен іс-қимылдардың нәтижелері туралы хабар (жою)

тасымалды қадағалау операторы

Өзара іс қимыл тәртібінің 36-тармағының екінші абзацы

күшін жоюға жатпайды

51. Бақылау шаралары мен нысандарын қолдану операторы

бақылау шаралары мен нысандары туралы хабар

тасымалды қадағалау операторы

Ақпарат алмасу тәртібінің 6-тармағы***

мүмкін

52. Тасымалды қадағалау операторы

бақылау шаралары мен нысандары туралы хабар

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің уәкілетті операторлары (органдары)

Ақпарат алмасу тәртібінің 6-тармағы

мүмкін

53. Тасымалды қадағалау операторы

бұрын жіберілген хабарламада қамтылған мәліметтердің күшін жою туралы хабар

өткізу операторы тіркеу операторы нақты өткізу операторы

Өзара іс-қимыл тәртібінің 61-тармағы

күшін жоюға жатпайды

54. Тіркеу операторы

бұрын жіберілген хабарламада қамтылған мәліметтердің күшін жою туралы хабар

тасымалды қадағалау операторы

Өзара іс-қимыл тәртібінің 61-тармағы

күшін жоюға жатпайды

55. Өткізу операторы

бұрын жіберілген хабарламада қамтылған мәліметтердің күшін жою туралы хабар

тасымалды қадағалау операторы

Өзара іс-қимыл тәртібінің 61-тармағы

күшін жоюға жатпайды

56. Бақылау шаралары мен нысандарын қолдану операторы

бұрын жіберілген хабарламада қамтылған мәліметтердің күшін жою туралы хабар

тасымалды қадағалау операторы

Өзара іс-қимыл тәртібінің 61-тармағы

күшін жоюға жатпайды

57. Тасымалды аяқтау операторы

бұрын жіберілген хабарламада қамтылған мәліметтердің күшін жою туралы хабар

тасымалды қадағалау операторы

Өзара іс-қимыл тәртібінің 61-тармағы

күшін жоюға жатпайды

      ___________________
      * Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті операторлары (органдары) арасындағы навигациялық пломбаларды қолдана отырып тасымалдарды қадағалау кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл тәртібі (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 139 шешіміне № 1 қосымша).
      ** Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша қадағалау объектісінің жүру (тасымалдау) жолында навигациялық пломбаны ауыстыру кезінде іске қосылған ұлттық операторлардың, уәкілетті операторлардың (органдардың) және бақылаушы органдардың іс – қимылдарын жасау тәртібі және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 20 ақпандағы № 12 шешімімен бекітілген қадағалау объектісінің жүру (тасымалдау) жолында навигациялық пломбаны ауыстыруға жол берілетін жағдайлар.
      *** Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 22 тамыздағы № 130 шешімімен бекітілген Навигациялық пломбаларды қолдана отырып, мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша тасымалданатын тауарларға (өнімдерге) қатысты тасымалдау процесінде қабылданған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бақылаушы органдары арасында бақылау шаралары мен нысандары туралы ақпарат алмасу тәртібі.

  "Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше екі және одан да
көп мемлекеттердің аумақтары
бойынша навигациялық
пломбаларды қолдана отырып
тасымалдарды қадағалау кезінде
Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттердің
уәкілетті операторлары
(органдары) арасындағы
ақпараттық өзара іс-қимылды
қамтамасыз ету" жалпы
процесін іске асыру
қағидаларына
№ 2 ҚОСЫМША

"Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екі және одан да көп мемлекеттердің аумақтары бойынша навигациялық пломбаларды қолдана отырып тасымалдарды қадағалау кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті операторлары (органдары) арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету" жалпы процесін іске асыру кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылдың ФУНКЦИОНАЛДЫҚ СХЕМАСЫ



      Осы функционалдық схемада пайдаланылатын белгілер және олардың навигациялық пломбаларды қолдана отырып, тасымалдарды қадағалау кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде пайдаланылатын хабарлардың бастамашылары мен оларды алушылар тізбесінің (бұдан әрі – тізбе) тармақтарымен байланысы ("Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екі және одан да көп мемлекеттердің аумақтары бойынша навигациялық пломбаларды қолдана отырып тасымалдарды қадағалау кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті операторлары (органдары) арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету" жалпы процесін іске асыру қағидаларына № 1 қосымша) 1-кестеде келтірілген:

      1-кесте

Схема элементінің №

Схема элементінің атауы

Тізбе тармағы

1

навигациялық пломба туралы ақпаратты сұрату

1, 3

2

навигациялық пломба туралы ақпаратты іздеу нәтижелері туралы хабар

2, 4

3

навигациялық пломбаға ақпаратты жазуға сұрау салу

5

4

навигациялық пломбаға ақпаратты жазу нәтижелері туралы хабар

6

5

навигациялық пломбамен әрекеттер жасауға сұрау салу

7, 13, 22, 23, 27, 28, 34, 37, 38, 49

6

навигациялық пломбамен әрекеттер туралы хабар

15, 31, 32, 41, 42, 43, 44

7

сұрау салу бойынша навигациялық пломбамен іс-қимылдардың нәтижелері туралы хабар

8, 14, 24, 25, 29, 30, 35, 39, 40, 50

8

тасымалды қадағалаудың басталуы туралы өткізу операторына хабарлау

9

9

тіркеу операторына тасымалдауды қадағалаудың басталғаны туралы хабарлау

10

10

навигациялық пломбадан алынған технологиялық деректер туралы хабар

11

11

тасымалды қадағалау туралы хабар

12

12

бірегей тасымалдау нөмірі бойынша қадағалау туралы сұрау салу

16

13

бірегей тасымалдау нөмірі бойынша қадағалау объектісі туралы хабар

17

14

навигациялық пломба сәйкестендіргіші бойынша тасымалдың бірегей нөмірлерін сұрату

18

15

навигациялық пломба сәйкестендіргіші бойынша тасымалдың бірегей нөмірлері туралы хабар

19

16

навигациялық пломба идентификаторы бойынша ақпарат сұрату

20

17

навигациялық пломбадан сұрау салу бойынша алынған технологиялық деректер туралы хабар

21

18

тасымалды қадағалауды аяқтау туралы хабар

26

19

навигациялық пломбаны ауыстыру туралы хабар

36

20

навигациялық пломбаны ауыстыру туралы шешім қабылдау туралы хабар

33

21

навигациялық пломбадан алынған штаттан тыс жағдай туралы мәліметтерді қамтитын хабар

45

22

штаттан тыс жағдайдың пайда болуы туралы хабар

46

23

бақылау объектісінің орналасқан жерін өзгерту туралы хабар

47, 48

24

бақылау шаралары мен нысандары туралы хабар

51, 52

25

бұрын жіберілген хабарламада қамтылған мәліметтердің күшін жою туралы хабар

53, 54, 55, 56, 57

      10. Мынадай мазмұндағы № 3 қосымшамен толықтырылсын:

  "Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше екі және одан да
көп мемлекеттердің аумақтары
бойынша навигациялық
пломбаларды қолдана отырып
тасымалдарды қадағалау кезінде
Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттердің
уәкілетті операторлары
(органдары) арасындағы
ақпараттық өзара іс-қимылды
қамтамасыз ету" жалпы
процесін іске асыру
қағидаларына
№ 3 ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екі және одан да көп мемлекеттің аумақтары бойынша навигациялық пломбаларды қолдана отырып тасымалдарды қадағалау кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыру шеңберінде қолданылатын анықтамалықтардың ТІЗБЕСІ

      1-кесте

Навигациялық пломбамен оқиғалар анықтамалығы

Р/с №

Код

Атауы

1

А02

навигациялық пломбаны қайта салу кезінде пломбалау элементінің тұйықталуы

2

А03

навигациялық пломбаны белсендіру

3

А04

навигациялық пломбаны сөндіру

4

А05

пломбалау элементінің ашылуы

5

А06

авигациялық пломбадан ақпаратты жою

6

А07

навигациялық пломбадан хабарламаларды жіберу кезеңділігін өзгерту

7

А08

навигациялық пломбаны ауыстыру

8

В01

штаттан тыс жағдайдың туындауы және (немесе) рұқсатсыз әрекетті жүзеге асыру

      2-кесте

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екі және одан да көп мемлекеттердің аумақтары бойынша навигациялық пломбаларды қолдана отырып тасымалдарды қадағалау кезіндегі ақпараттық өзара іс – қимылды іске асыру шеңберінде қолданылатын сұрау салуларды өңдеу нәтижелерінің анықтамалығы

Р/с №

Код

Атауы

1

000

сұрау салу қатесіз өңделді (тасымал (пломба) туралы мәліметтер табылды)

2

101

қате: ақпараттық жүйеде сұрауда көрсетілген нөмірі бар пломба туралы мәліметтер табылмады

3

102

қате: ақпараттық жүйеде сұрауда көрсетілген нөмірі бар пломба туралы мәліметтер табылмады

4

103

навигациялық пломба идентификаторы бойынша мәліметтер табылды, бірақ тек қадағалау операторына ұсынылуы мүмкін

5

104

тасымалдың бірегей нөмірі бойынша мәліметтер табылды, бірақ тек өткізу операторына ұсынылуы мүмкін

6

201

қате: навигациялық пломба әрекеттері орындалмады

7

202

қате: сұрауда көрсетілген нөмірі бар навигациялық пломба сұрауда көрсетілген нөмірмен тасымалды бақылау үшін қолданылмайды

8

203

қате: ақпараттық жүйеде сұрауда көрсетілген нөмірі бар навигациялық пломба тіркелген, бірақ тасымалды қадағалауды жүзеге асыру үшін пайдаланылмауы мүмкін

      3-кесте

Навигациялық пломбамен қашықтықтан жұмыс істеу анықтамалығы

Р/с №

Код

Атауы

1

D0

арнайы құрылғыны қолдана отырып операция жасау туралы хабар

2

D1

операцияны қашықтан жасауға сұрау салу

      4-кесте

Тасымалды қадағалау кезеңдерінің және тасымал процесінде туындайтын оқиғалардың анықтамалығы

Р/с №

Код

Атауы

1

01

қадағалауды бастау

2

02

қадағалауды аяқтау

3

03

тасымал туралы мәліметтер

4

04

штаттан тыс жағдай және (немесе) рұқсат етілмеген әрекеттер

5

05

навигациялық пломбаны қадағалауды тоқтатпай алу

6

06

навигациялық пломбаны ауыстыруға байланысты оны сөндіру

7

07

штаттан тыс жағдай және (немесе) санкцияланбаған әрекеттер жағдайында қадағалау объектісін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің шекарасы арқылы өткізу

8

08

қадағалауды бастау, тіркеу операторына арналған ақпарат

      5-кесте

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екі және одан да көп мемлекеттердің аумақтары бойынша тасымалдау кезінде навигациялық пломбаларды қолдана отырып қадағалауға жататын тауарлар санаттарының анықтамалығы

Р/с №

Код

Атауы

1

01

экспорттың кедендік рәсіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін немесе өзара сауда шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында өткізілетін Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 2203 00, 2204, 2205, 2206 00, 2207 және 2208 тауар позицияларында сыныпталатын алкоголь өнімі

2

02

экспорттың кедендік рәсіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін немесе өзара сауда шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында өткізілетін Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 2401, 2402 және 2403 тауар позицияларында сыныпталатын темекі, темекі өнімдері

3

03

Еуразиялық экономикалық одаққа бір немесе бірнеше мүше мемлекеттер өздеріне қатысты экспорттың кедендік рәсіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін немесе өзара сауда шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасында өткізілетін арнайы экономикалық шаралар қолданылатын тауарлар

4

04

экспорттың кедендік рәсіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 2404, 2939 79 00 00, 2939 80 00 00 тауар позицияларында сыныпталатын құрамында никотин бар өнімдер, никотин шикізаты

      6-кесте

Навигациялық пломба сәйкестендіргіші бойынша ақпарат сұрату түрлерінің анықтамалығы

Р/с №

Код

Атауы

1

Т0

навигациялық пломба сәйкестендіргіші бойынша тасымалдың бірегей нөмірлерін сұрату

2

Т1

навигациялық пломбаның технологиялық деректері туралы сұрау салу

      7-кесте

2022 жылғы 19 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімге сәйкес өз мемлекетінің бақылаушы органдарымен және басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті операторларымен (органдарымен) өзара іс-қимыл жасауға уәкілеттік берілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің операторларының (органдарының) тізбесі

Р/с №

Код

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің операторы

Навигациялық пломбаның уәкілетті операторларына жатқызу белгісі

Ұлттық навигациялық пломба операторларына жатқызу белгісі

1

ARM_GPS

"АрмДжиПиЭс" жауапкершілігі шектеулі қоғамы

1

1

2

BY_BTS

"Белтаможсервис" республикалық унитарлық кәсіпорны

1

1

3

KZ_ISTT

"Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы" акционерлік қоғамы" ғарыш техникасы және технологиялары институты" жауапкершілігі шектеулі еншілес серіктестігі

1

1

4

KG_CI

Қырғыз Республикасының Қаржы министрлігі жанындағы Мемлекеттік кеден қызметі жанындағы "Кеден инфрақұрылымы" мемлекеттік кәсіпорны

1

1

5

RU_CRCP

"Цифрлық платформаларды дамыту орталығы" жауапкершілігі шектеулі қоғамы

1

1

      ".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады