"Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторингі агенттігінің (бұдан әрі-Агенттік) экономикалық тергеп-тексеру қызметі лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Агенттіктің Кадр жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың қазақ тіліндегі және орыс тіліндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолдауды;
2) осы бұйрықты Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.
| Төраға | Ж. Элиманов |
| Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасының 2021 жылғы 01 наурыз № 5-ж/қ бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің экономикалық тергеп-тексеру қызметі лауазымдары санаттарына қойылатын біліктілік талаптары
Ескерту. Біліктілік талаптары жаңа редакцияда – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 07.10.2025 № 11; өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 19.02.2026 № 5 бұйрықтарымен.
Санаты | Лауазымның атауы | Білімге қойылатын талаптар | Еңбек өтіліне қойылатын талаптар | Практикалық тәжірибе | Денсаулық жағдайы бойынша талаптар |
1. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі орталық аппаратының экономикалық тергеп-тексеру қызметі лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптары | |||||
В-FM-1 | Аппарат басшысы | Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім. |
1) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі он жылдан кем емес, соның ішінде осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағыты бойынша жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда бес жылдан кем емес, соның ішінде нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы немесе C-GP-2, C-OGP-3, C-AGP-3, C-KSGP-2, C-KAGP-2, C-VP-2, C-TP-3, C-SV-2, C-SVО-1, C-SVU-1, B-FM-2, B-FMО-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес; | Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті міндетті білімнің, іскерліктің және дағдылардың болуы. | Құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы. |
В-FM-2 |
Департамент басшысы | Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім. |
1) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі тоғыз жылдан кем емес, соның ішінде осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағыты бойынша жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда үш жылдан кем емес, соның ішінде нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы немесе C-GP-4, C-OGP-3, C-АGP-4, C-KSGP-3, C-ОKSGP-1, C-KАGP-3, C-VP-2, C-TP-3, B-FM-3, B- FMO-2, C-SV-3, C-SVO-2, C-SVU-2, C-SN-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес; | Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті міндетті білімнің, іскерліктің және дағдылардың болуы. | Құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы. |
В-FM-3 | Департамент басшысының орынбасары | Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім. |
1) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, соның ішінде осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағыты бойынша басшы лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы немесе C-GP-4, C-AGP-5, C-VP-3, C-TP-4, C-OGP-4, C-KSGP-4, C-KAGP-4, C-OKSGP-2, C-RVP-1, C-GVP-1, C-RTP-1, C-RGP-1, B-FM-4, B-FMО-3, C-SV-4, C-SVО-3, C-SVR-1, C-SVR-2 (C-SVО-2 санаты лауазымына орналасу үшін), C-SVU-3, C-SN-2, C-SGU-1, C-SGU-3, C-SGU-5 санаттарынан төмен емес басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес; | Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті міндетті білімнің, іскерліктің және дағдылардың болуы. | Құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы. |
В-FM-4 |
Басқарма басшысы | Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім. |
1) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, соның ішінде осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағыты бойынша жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы немесе C-GP-6, C-AGP-7, C-KSGP-4, C-KAGP-4, C-OKSGP-3, B-FM-5, B-FM-6 (B-FMО-3 санатындағы лауазымға орналасу үшін), B-FMО-4, C-SV-5, C-SV-8 (C-SVО-3 санатындағы лауазымға орналасу үшін), C-SVО-4, C-SVR-3, C-SVU-4, C-SN-3, С-SSP-2, C-SGU-6 санаттарынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес; | Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті міндетті білімнің, іскерліктің және дағдылардың болуы. | Құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы. |
В-FM-5 | Басқарма басшысының орынбасары | Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім. |
1) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, соның ішінде осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағыты бойынша жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы немесе C-GP-7, C-AGP-8, C-KSGP-5, C-KAGP-5, C-VP-5, C-TP-7, C-OGP-7, C-OKSGP-5, B-FM-6, B-FMО-5, C-SV-8, C-SVО-5, C-SVО-7 (C-SVR-3 санатындағы лауазымға орналасу үшін), C-SVR-4, C-SVU-5, C-SN-4, С-SSP-3, C-SGU-8 санаттарынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес; | Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті міндетті білімнің, іскерліктің және дағдылардың болуы. | Құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы. |
В-FM-6 |
Аса маңызды істер жөніндегі тергеуші | Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім. |
1) құқық қорғау не арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында қызмет өтілі үш жылдан кем емес; | Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті міндетті білімнің, іскерліктің және дағдылардың болуы (кезекші бөлімшелердің қызметкерлері үшін спорттық разрядтардың, жекпе-жек түрлері немесе практикалық атыс бойынша біліктіліктердің болуы талап етіледі). | Құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы. |
В-FM-7 |
Тергеуші, жедел уәкіл (анықтаушы) | Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім. |
1) құқық қорғау қызметінде не арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында қызмет өтілі екі жылдан кем емес; | Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті міндетті білімнің, іскерліктің және дағдылардың болуы (кезекші бөлімшелердің қызметкерлері үшін спорттық разрядтардың, жекпе-жек түрлері немесе практикалық атыс бойынша біліктіліктердің болуы талап етіледі). | Құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы. |
2. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі аумақтық органдарының экономикалық тергеп-тексеру қызметі лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптары | |||||
В-FMО-1 | Департамент басшысы | Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім. |
1) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі тоғыз жылдан кем емес, соның ішінде осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағыты бойынша жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда үш жылдан кем емес, соның ішінде нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы немесе C-GP-4, C-OGP-3, C-АGP-4, C-KSGP-3, C-ОKSGP-1, C-KАGP-3, C-VP-2, C-TP-3, B-FM-3, B- FMO-2, C-SV-3, C-SVO-2, C-SVU-2, C-SN-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес; | Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті міндетті білімнің, іскерліктің және дағдылардың болуы. | Құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы. |
В-FMО-2 | Департамент басшысының орынбасары | Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім. |
1) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, соның ішінде осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағыты бойынша басшы лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы немесе C-GP-4, C-AGP-5, C-VP-3, C-TP-4, C-OGP-4, C-KSGP-4, C-KAGP-4, C-OKSGP-2, C-RVP-1, C-GVP-1, C-RTP-1, C-RGP-1, B-FM-4, B-FMО-3, C-SV-4, C-SVО-3, C-SVR-1, C-SVR-2 (C-SVО-2 санаты лауазымына орналасу үшін), C-SVU-3, C-SN-2, C-SGU-1, C-SGU-3, C-SGU-5 санаттарынан төмен емес басшы лауазымдарда екі жылдан кем емес; | Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті міндетті білімнің, іскерліктің және дағдылардың болуы. | Құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы. |
В-FMО-3 | Басқарма басшысы | Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім. |
1) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, соның ішінде осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағыты бойынша жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы немесе C-GP-6, C-AGP-7, C-KSGP-4, C-KAGP-4, C-OKSGP-3, B-FM-5, B-FM-6 (B-FMО-3 санатындағы лауазымға орналасу үшін), B-FMО-4, C-SV-5, C-SV-8 (C-SVО-3 санатындағы лауазымға орналасу үшін), C-SVО-4, C-SVR-3, C-SVU-4, C-SN-3, С-SSP-2, C-SGU-6 санаттарынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес; | Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті міндетті білімнің, іскерліктің және дағдылардың болуы. | Құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы. |
В-FMО-4 |
Басқарма басшысының орынбасары | Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім. |
1) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, соның ішінде осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағыты бойынша жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы немесе C-GP-7, C-AGP-8, C-KSGP-5, C-KAGP-5, C-VP-5, C-TP-7, C-OGP-7, C-OKSGP-5, B-FM-6, B-FMО-5, C-SV-8, C-SVО-5, C-SVО-7 (C-SVR-3 санатындағы лауазымға орналасу үшін), C-SVR-4, C-SVU-5, C-SN-4, С-SSP-3, C-SGU-8 санаттарынан төмен емес лауазымдарда екі жылдан кем емес; | Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті міндетті білімнің, іскерліктің және дағдылардың болуы. | Құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы. |
В-FMО-5 |
Аса маңызды істер жөніндегі тергеуші | Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім. |
1) құқық қорғау не арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында қызмет өтілі үш жылдан кем емес; | Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті міндетті білімнің, іскерліктің және дағдылардың болуы (кезекші бөлімшелердің қызметкерлері үшін спорттық разрядтардың, жекпе-жек түрлері немесе практикалық атыс бойынша біліктіліктердің болуы талап етіледі). | Құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы. |
В-FMО-6 |
Тергеуші Жедел уәкіл (анықтаушы) Анықтаушы | Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары немесе ортадан кейінгі кәсіптік білім. | Жұмыс өтілінің болуы талап етілмейді. | Осы лауазымның функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті міндетті білімнің, іскерліктің және дағдылардың болуы (кезекші бөлімшелердің қызметкерлері үшін спорттық разрядтардың, жекпе-жек түрлері немесе практикалық атыс бойынша біліктіліктердің болуы талап етіледі). | Құқық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы. |
Ескертпе:
Кәсіби даярлығы жоғары, өзіндік ерекшелікті білімі немесе белгілі бір мамандықтар бойынша едәуір жұмыс тәжірибесі бар адамдар, Үлгілік біліктілік талаптарында белгіленген қажетті жұмыс өтілін ескерместен, құқық қорғау органының бірінші басшысының шешімі және (немесе) келісімі бойынша құқық қорғау органдарының лауазымдарына тағайындалуы мүмкін.
Кадр қызметтерінің басшылық лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін персоналды басқару (HR) саласында сертификаттың болуы талап етіледі.