ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін, осы бұйрықпен бекітілетін қоса беріліп отырған кейбір бұйрықтар тізбесінің 2-тармағының он төртінші және он бесінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
А. Иргалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Бұйрықпен бекітілген |
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын және шығындардың орнын толтыру көздерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 23 ақпандағы № 24 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5604 болып тіркелген):
Концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын және шығындардың орнын толтыру көздерін айқындау әдістемесінде:
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Концессионердің инвестициялық шығындары өтемақысының сомасы концессия объектісін пайдалану кезеңі ішінде төлемдердің жиынтық шамасына тең.
Концессия объектісі бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын жеке, сол сияқты мемлекеттік қолдаудың және мемлекеттік бюджеттен төленетін төлемдердің өзге де шараларымен бірге ұсынған кезде:
инвестициялық шығындардың өтемақысы инфляция деңгейіне индекстелмейді;
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға сәйкес құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттар ескеріледі.
Инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеу концессия объектісін пайдалануға бергеннен кейін концессия шартына сәйкес кемінде 5 (бес) жылды құрайтын мерзім ішінде тең үлестермен жүзеге асырылады.
Бұл ретте концессия шартында белгіленген инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеу мерзімін неғұрлым ерте кезеңдерге ауыстыруға жол берілмейді.";
2. "Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген):
Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларында:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. МИЖ инвестициялық ұсынысының қажетті сараптамаларын жүргізу осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау және ББӘ-нің инвестициялық ұсыныстарына мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның экономикалық қорытынды әзірлеуі болып табылады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган ББӘ-нің инвестициялық ұсыныстарын экономикалық орындылығы, жоба мақсаттарының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларында және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларында белгіленген экономика саласын (аясын) дамыту басымдықтарына сәйкестігі тұрғысынан 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындыны ББӘ-ге жібереді.
Егер, ББӘ МИЖ-ді МЖӘ жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру арқылы ұсынса және МЖӘ жобасы, оның ішінде концессиялық жоба бойынша бюджеттен төленетін төлемдердің жалпы сомасы жергілікті атқарушы органның МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің ағымдағы жылға арналған лимитінің 2 (екі) пайызынан асатын болса мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды ББӘ инвестициялық ұсыныстарына ұсыным тұжырымдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлғаға жібереді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға ұсынылған деректерді бағалау негізінде 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ББӘ инвестициялық ұсынысына МИЖ-ды МЖӘ жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру арқылы іске асырудың негізділігі (МЖӘ қағмдаттарына және белгілеріне сәйкестігі) тұрғысынан ұсыным әзірлеп, олар бойынша ұсынымдарды осы Қағидаларға 50-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаның ұсынымын (бар болған жағдайда) ескере отырып, экономикалық қорытынды дайындайды.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаны іріктеу әдістемесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іске асыру үшін басқалардың арасында мемлекет үшін негізгі алғышарттар (өлшемшарттар) мынадай факторлардың жиынтығы болып табылады:
1) жоба халық үшін ұзақ мерзімді кезеңге құндылық жасау мақсатында жеке әріптестің (концессионердің) инвестициялар тартуына бағдарланады;
2) жобаның мақсаты көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру болып табылады және жоба кәсіпкерлік субъектілері үшін тартымды болып табылады;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелер (олар қажет болғанда) көлемі жекеше әріптес (концессионер) жобаны іріктеу сатысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаға немесе концессиялық жобаға тартатын ақша қаражатының, оның ішінде жекеше әріптестің (концессионердің) меншікті ақша қаражатының сомасынан аспауға тиіс.
Бұл ретте, жекеше әріптестің (концессионердің) меншікті ақша қаражатымен қатысуы мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі (концессия объектісі) құнының кемінде он пайызын құрайды;
4) жоба, республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын және концессиялық жобаларды қоспағанда, валюталық тәуекелдерді бюджет есебінен жабуды көздемейді.";
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 50-қосымшамен толықтырылсын.
3. "Концессиялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10122 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін (бұдан әрі – тізбе) Заңның 16-бабына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қалыптастырады.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу процесі мынадай өзара байланысты кезеңдерден тұрады:
1) әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысының не конкурстық құжаттаманы әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің оны алмастыратын тұлғасының конкурстық құжаттаманы айқындауы және бекітуі.
Мемлекеттік орган жобаны басқару сапасын қамтамасыз ету үшін ведомстволық бағынысты ұйымдарды, тәуелсіз сарапшыларды, жобалау, инжинирингтік, консалтингтік және басқа да компанияларды, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасын, кәсіпкерлік субъектілерін тарту жолымен Ведомствоаралық жобалау тобын құрады.
Ведомствоаралық жобалау тобы қызметінің мақсаты осы немесе өзге салада/аяда/өңірде концессиялық жобаны іске асырудың дәлелденген қажеттілігімен бірге конкурстық құжаттама әзірлеу болып табылады.
Ведомствоаралық жобалау тобы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
концессиялық жобаны іске асыру бойынша келіп түскен ұсыныстар мен бастамаларды зерделейді, іріктейді, бағалайды, олардың басымдылығын айқындайды, келісімшарттың, конкурстың түрін, жер учаскелерін бөлуге, инженерлік желілерге қосуға байланысты мәселелерді және концессиялық жобаның өзге де түйінді параметрлерін айқындайды;
хаттамаға қол қою арқылы концессиялық жобаны іске асырудың орындылығы не орынсыздығы туралы ұсынымдар қабылдайды;
жоспарланған концессиялық жоба бойынша маркетингтік және өзге де қажетті зерттеулерді жүргізеді;
барлық қажетті есептеулерді, оның ішінде концессиялық жобаның алдын ала есептеулерін әзірлеуді жүргізеді;
жобаны іске асыру тетіктері бойынша ұсыныстар мен бастамаларды зерделейді;
конкурстық құжаттамаға қосу үшін ұсыныстар қалыптастырады;
концессиялық жобаны жоспарлау кезеңінен бастап концессия шартын жасасу кезеңіне дейін концессиялық жобаны дайындауға тартылған тұлғалардың есептерін тыңдайды;
келісуші уәкілетті органдар мен ұйымдардан ескертулер алуына қарай концессиялық жобаны келісу және сараптама процестері барысында оның конкурстық құжаттамасын пысықтауды жүзеге асырады. Бұл ретте сараптама немесе келісу қорытындысы бойынша қорытындыларда, бар болған жағдайда Ведомствоаралық жобалау тобы үшін жобаларды басқару жөніндегі ұсынымдар көрсетіледі;
концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының қараудан, келісуден, сараптамадан және бекітуден өту мерзімдерінің және рәсімдерінің сақталуын қадағалайды;
2) концессиялық жобаны іске асырудың орындылығы туралы мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына экономикалық қорытындыны қоса бере отырып, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу мәселесін одан әрі тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін әзірлеуші мемлекеттік орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға өтінімді енгізеді;
3) республикалық жобалар бойынша конкурстық құжаттаманы әзірлеуші мемлекеттік органның өтінімі негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын, оның ішінде техникалық экономикалық негіздемелерді (бұдан әрі – ТЭН) әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізуге не әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалары (бұдан әрі – ЖСҚ) бар, сондай-ақ техникалық күрделі болып табылмайтын, концессия объектісінің нақты алаңына қолда бар ЖСҚ байланыстыра отырып, үлгі жобалар, үлгі жобалық шешімдер және қайта қолдану жобаларының негізінде іске асырылатын жобалар бойынша қорытындыны қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарады;
конкурстық құжаттаманы әзірлеуші мемлекеттік органның жергілікті жобалар бойынша өтінімі негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын, оның ішінде ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізуге не әзірленген ЖСҚ бар, сондай-ақ техникалық күрделі болып табылмайтын, концессия объектісінің нақты алаңына қолда бар ЖСҚ байланыстыра отырып, үлгі жобалар, үлгі жобалық шешімдер және қайта қолдану жобаларының негізінде іске асырылатын жобалар бойынша қорытындыны қалыптастырады және тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарады;
4) конкурстық құжаттаманы әзірлеу, түзету, қажетті сараптамалар жүргізу және бекіту:
екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізген жағдайларда:
конкурс ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы, оның ішінде концессиялық жобаның ТЭН-ін әзірлеуі.
Әзірленген ЖСҚ бар, сондай-ақ техникалық күрделі болып табылмайтын, үлгі жобалар, үлгі жобалық шешімдер және қайта қолдану жобаларының негізінде іске асырылатын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейді.
Конкурстық құжаттаманы әзірлеу немесе түзету қолда бар ЖСҚ-ны концессия объектісінің нақты алаңына байланыстыра отырып жүзеге асырылады.
Қолда бар ЖСҚ-ны концессия объектісінің нақты алаңына байланыстыру концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге бөлінген қаражат шеңберінде, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкестігі ескеріле отырып, жүзеге асырылады;
республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның, сондай-ақ концессиялық жоба табиғи монополиялар салаларына жататын жағдайда, табиғи монополия салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның келісімін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, тиісті сараптамалар мен келісулерді жүргізу үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес алдын ала қажетті сараптамалардан өткен конкурстық құжаттаманы, концессиялық жобаның ТЭН-ін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынуы;
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар осы жобаны бюджеттен қоса қаржыландыру мүмкіндігі туралы ұсынымды қамтитын конкурстық құжаттама сараптамасының оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалар бойынша қорытындылар қалыптастырады және тиісті бюджет комиссияларының қарауына енгізеді;
тиісті бюджет комиссиялары шешімінің негізінде конкурстық құжаттаманы конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның бекітуі;
екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізген жағдайларда:
конкурсты ұйымдастырушының техникалық тапсырманы қалыптастыруы, конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі және бекітуі;
республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның, сондай-ақ концессиялық жоба табиғи монополиялар салаларына жататын жағдайда, табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның келісімін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, конкурстық құжаттаманы тиісті сараптамаларды жүргізу және келісу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға не Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынуы;
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар осы жобаны бюджеттен қоса қаржыландыру мүмкіндігі туралы ұсынымды қамтитын конкурстық құжаттама сараптамасының оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалар бойынша қорытынды қалыптастырады және тиісті бюджет комиссияларының қарауына енгізеді;
тиісті бюджет комиссиялары шешімінің негізінде конкурстық құжаттаманы конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның бекітуі;
5) бюджет комиссияларының тиісті шешімдерін шығаруы;
6) егер объектілер республикалық меншікке жататын болса мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе егер объектілер коммуналдық меншікке жататын болса, облыстар, республикалық маңызы бар қала және астана мәслихаттарының Заңның 16-бабының 1-тармағына сәйкес тізбені қалыптастыруы және Заңның 1-бабының 24) тармақшасына сәйкес бекітуі.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген рәсімді өту туралы бюджет комиссияларының тиісті шешімдері шыққан күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде хабарлайды.";
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Концессиялық жобаны іске асыру туралы шешім Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары не актілері негізінде, сондай-ақ концессиялық жобаның басымдылығы мен жеделдігін ескере отырып қабылданады.
Концессиялық жобаның басымдылығын, жеделдігін айқындау кезінде уәкілетті тұлға:
Ведомствоаралық жобалау тобының ұсынымдарын назарға алады;
кәсіпкерлік субъектілерінен келіп түскен бастамалардың (осы бастамалар келіп түскен жағдайда) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларына не актілеріне сәйкестігін талдайды;
инвестициялық әлеуетті, республиканың және өңірлердің даму ерекшелігі мен проблемаларын ескере отырып, іске асыру жоспарланатын концессиялық жобалардың салалық басымдылығын айқындайды;
концессиялық жобаларға басымдық беруді пайдаланады.
Концессиялық жобаларға басымдық беру шеңберінде концессиялық жобаны іске асыру орындылығының дәрежесі қаралады. Бірінші кезекте халықтың негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз ететін жобаларды іске асыру қаралады.
Егер басым концессиялық жоба бірнешеу болса мұндай жобаларды іске асыру жеделдігінің дәрежесі айқындалады.
Бұл кезеңде концессиялық жобаның алдын ала экономикалық және әлеуметтік тиімділігі айқындалады.
Концессиялық жобалар халық үшін ұзақ мерзімді кезеңге құндылық қалыптастыруға, концессионердің инвестициялар тартуына, сондай-ақ концессиялық жобаның ерекшеліктеріне байланысты кемінде 5 (бес) жыл мерзімге концессионердің концессия объектісін пайдалануына бағдарланады.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсты өткізу шарттары мен тәртібін айқындау үшін конкурстық құжаттаманы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірлейді және оны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдармен, концессиялық жоба табиғи монополиялар салаларына тиесілі болған жағдайда, табиғи монополиялар салаларында реттеу және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен келіседі.
Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасына салалық қорытындыны дайындауды жүзеге асырады.
Концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасына салалық қорытынды:
1) саланың одан әрі дамуына ықпал ететін ағымдағы жай-күйінің проблемаларын;
2) концессиялық жоба мақсаттарының салада орын алған проблемаларды шешуге сәйкестігін;
3) концессионердің және концессионер ұсынатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылардың мүдделері теңдестірілімдігін қамтамасыз ету қағидатын негізге ала отырып, концессиялық жобаны іске асырудың балама нұсқаларын;
4) концессиялық жобаны іске асырған және мұндай іске асыру болмаған жағдайда саладағы ахуалды;
5) концессиялық жобаны іске асырудан түскен пайданы бөлуді;
6) концессиялық жобаны іске асырудың экономиканың сабақтас саласына (аясына) болжамды мультипликативті әсерін;
7) құрылыс қызметін болжайтын концессиялық жобалар бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысында қамтылмаған концессия объектісі құрамдауыштарының оңтайлылығын, жеткіліктілігін және құнын бағалауды қамтиды. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізу кезінде конкурстық құжаттаманың құрамында концессиялық жобаның ТЭН-і және концессиялық жобаның ТЭН-іне ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы болмаған жағдайларда, концессия объектісінің барлық құрамдауыштары бойынша оңтайлылықты, жеткіліктілікті және құнды қосымша бағалау жүргізіледі.
Концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасына салалық қорытындыны дайындау:
егер жоба республикалық болса, концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасын әзірлеу аяқталған күннен бастап;
облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасын енгізген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының қорытындысына тиісті саланың мемлекеттік органының бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қояды.
Конкурстық құжаттаманың мазмұны мен шарттары Заңның 17-бабына сәйкес айқындалады.
Табиғи монополиялар салаларында іске асырылатын концессиялық жобаның ТЭН-і құрамында тариф белгілеу тәртібі Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар саласындағы заңнамасының талаптарын ескере отырып әзірленеді.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларында:
19-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) әлеуетті концессионер конкурстық құжаттамаға сәйкес толтырған және қол қойған концессиялық өтінім мыналарды да қамтуы тиіс:
Концессия шартының жобасы;
Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың нәтижелерін қоса алғанда (концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты екі кезеңдік рәсімдерді пайдалану арқылы өткiзген жағдайда), 10-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, қажетті сараптамалар қорытындыларын қоса бере отырып, осы бұйрықпен бекітілген концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарға сәйкес жасалған, оның ішінде қосымша ретінде мыналарды:
объектілерге күрделі жөндеуді немесе жаңғыртуды жүргізуді қаржыландыру мерзімдері (кезеңдері) мен көздерін қамтитын "Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 наурыздағы № 171 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелу тізілімінде № 18470 болып тіркелген) сәйкес әзірленген инвестициялық бағдарламаны (болжанатын концессия объектісі табиғи монополиялар саласына жатқан жағдайда) қамтитын концессиялық жобаның ТЭН-і.
мыналарды:
тарифке (баға, алымдар мөлшерлемесі) қосылатын шығындарды қалыптастыру тәртібін;
шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормалары, сондай-ақ нормативтік техникалық шығындар шегіндегі шығыстардың баптарын қалыптастыруды;
тарифті (бағаны, алымдар мөлшерлемесін) қалыптастыру кезінде ескерілмейтін шығыстар тізбесін;
инвестициялар көлемі мен инвестицияланған капиталды қайтару тәртібін;
пайданы қалыптастыруды;
негізгі құралдардың әрбір түрі бойынша тозуын есептеу әдістерінің сипаттамасын;
негізгі құралдарды және тарифтік сметада көзделетін амортизациялық есептеу құралдарын пайдалану бағыттарын қайта бағалауды жүргізуді;
объектілерге күрделі жөндеу және жаңғыртуды жүргізудің мерзімдері (кезендері) және қаржыландыру көздері.
Әлеуетті концессионер конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттамасында келтірілген маркетингтік және (немесе) институционалдық және (немесе) әлеуметтік-экономикалық шешімдерді қабылдаған жағдайда, тиісті бөлімнің осы шешімдері концессиялық өтінімнің құрамында ТЭН әзірлеу кезінде пайдаланылады (екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау бойынша конкурс өткізілген жағдайда);";
63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"63. Концессиялық жобаларды іске асыру үшін концедент, концессионер және концессионердің кредиторлары арасындағы тікелей келісімді жасасу мынадай реттіліктегі кезеңдерден тұрады:
Заңның 26-2-бабына сәйкес концессионер және (немесе) концессионердің кредиторы концедентке тікелей келісімнің жобасын ұсынады;
концедент тікелей келісімнің жобасын қарайды және оны Заңның 19-бабының 4-тармағына сәйкес ерекше маңызы бар концессиялық жобалар бойынша Премьер-Министрдің өкімімен құрылатын Комиссияның отырысына шығарады.
Комиссия тікелей келісімнің жобасын қарайды және қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулығына сәйкес сарапшыларды тартады;
Комиссия тікелей келісім тараптарының келіссөздері қорытындысы бойынша тікелей келісімнің түпкілікті жобасын мақұлдайды;
тікелей келісімде мемлекеттік бюджеттен шығатын шығыстары бар ережелер болса, аталған мәселе Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарылады;
Концессиялар жөніндегі комиссия және Республикалық бюджет комиссиясының шешімдері негізінде тікелей келісім жасасу";
4. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 16.06.2025 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің (ББӘ) мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) жобасын іске асыру жолымен мемлекеттік инвестициялық жобаны (МИЖ) іске асыру туралы инвесциялық ұсынысына арналған ұсынымның құрылымы
Жобаның атауы | Жобаның атауы көрсетіледі |
ББӘ атауы | Уәкілетті тұлғаның (мемлекеттік әріптестің, бюджеттік бағдарлама әкімшісінің) атауы көрсетіледі |
Жобаның қысқаша сипаттамасы | Жобаның қысқаша сипаттамасы, ұсынылатын жобаны іске асыру шешетін мәселелер көрсетіледі |
Мақсаты | Жобаның мақсаты, сандық және сапалық көрсеткіштер көрсетіледі |
Түпкілікті нәтиже | Жобаны іске асырудың түпкілікті нәтижесі, сандық және сапалық көрсеткіштер көрсетіледі |
Тікелей нәтиже | Жобаны іске асырудың тікелей нәтижесі, сандық және сапалық көрсеткіштер көрсетіледі |
Жобаның құны | Жобаның құны: МЖӘ шартының мерзімі ішінде түрлендірілетін барлық шығыстар мен табыстар көрсетіледі |
Объектінің құны | Жобаның (құру, салу, реконструкциялау және т.б.) құны көрсетіледі |
Жобаның мерзімі | Жобаның мерзімі көрсетіледі |
Шығындарды өтеу және табыс алу көздері, мемлекеттік қолдау шаралары | Бюджеттен сұралатын төлемдердің, ақылы қызметтерің сомалары, түрлері және мерзімдері көрсетіледі |
Жобаны басқарудың болжамды институционалдық схемасы | Жобаға қатысушылардың өзара әрекеттесу; теңгерім ұстаушылардың пайдалары мен шығындарын бөлу схемасы; инвестициялық және инвестициялықтан кейінгі кезеңді басқару схемасы көрсетіледі |
Әлеуметтік-экономикалық әсер | Әлеуметтік-экономикалық әсерлер (бюджетке түрлері бойынша бөліністегі түсімдер, құрылатын жұмыс орындары және басқалар), олардың құны (бар болған жағдайда) көрсетіледі |
Ұсынылған құжаттардың заңнама талаптарына сәйкестігі | Осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін құжаттардың тізбесі көрсетіледі |
МЖӘ міндеттеріне, қағидаларына және белгілеріне сәйкестігі | Жобаның МЖӘ міндеттеріне, қағидаттарына және белгілеріне сәйкестігі көрсетіледі |
Ұсынымдар | Ұсынылған ақпарат негізінде ұсынымдар |
Салалық қорытынды
_________________________________
(оң не теріс қорытынды көрсетіледі)
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі - МЖӘ) жобасы бойынша қысқаша ақпарат.
1) Салалық сараптама жүргізетін салалық мемлекеттік органның атауы (құны төрт миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жергілікті МЖӘ жобалары бойынша не республикалық МЖӘ жобалары бойынша) не жергілікті салалық мемлекеттік органның атауы (жергілікті МЖӘ жобалары бойынша) көрсетіледі.
2) Жобаны іске асыру саласы (аясы) (экономиканың саласы (аясы) көрсетіледі).
3) Салалық сараптама объектісі (конкурстық құжаттама не МЖӘ жобасына бизнес-жоспар көрсетіледі).
4) МЖӘ жобасының атауы (жоспарланған жобаның мәнін көрсететін МЖӘ жобасының атауы көрсетіледі).
5) МЖӘ жобасының қуаты (тиісті өлшем бірліктерінде жобаның қуаты көрсетіледі).
6) Іске асыру орны (жобаны іске асыру орны көрсетіледі (мекенжайы не талаптары не орналасқан жерінің сипаттамасы).
7) МЖӘ объектісі (МЖӘ объектісінің атауы және ол туралы негізгі ақпарат көрсетіледі).
8) Іске асыру мерзімдері мен кезеңдері (жобаны іске асыру мерзімдері мен кезеңдері жылдармен көрсетіледі).
9) Жобаның құны (жобаның болжамды құны мың теңгемен, шығындарды өтеу және кірістер алу көздерінің жоспарланатын құны, Заңға сәйкес мемлекеттік қолдаудың болжамды шаралары және мемлекеттің қатысу нысандары көрсетіледі).
10) Жобаның нәтижесі (МЖӘ жобасының тікелей және түпкілікті нәтижесі көрсетіледі).
2. Негізгі бөлім (төменде көрсетілген кіші бөлімдердің әрқайсысы бойынша бағалау нәтижелерін (оң не теріс) қамтиды).
1) Саланың одан әрі дамуына әсер ететін ағымдағы жай-күйінің проблемаларын бағалау.
2) МЖӘ жобасы мақсаттарының саладағы бар проблемаларды шешуге сәйкестігін бағалау.
3) МЖӘ жобасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігін бағалау, оның ішінде тиісті салада (аяда, өңірде) тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктің болуын, сондай-ақ МЖӘ жобасының болжамды түпкілікті нәтижесінің болуын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларына не актілеріне сәйкестігін көрсету.
4) Ұсынылатын схема бойынша МЖӘ жобасын іске асырудың мүмкіндігі мен орындылығын бағалау.
5) МЖӘ жобасының техникалық күрделілігін және (немесе) бірегейлігін бағалау.
6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 710 қаулысымен бекітілген мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беруге жатпайтын объектілер тізбесіне МЖӘ объектісінің тиесілігін бағалау.
7) Жекеше әріптестің және жекеше әріптес ұсынатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылардың мүдделерінің теңгерімділігін қамтамасыз ету қағидатын негізге ала отырып, МЖӘ жобасын іске асырудың балама нұсқаларын бағалау.
8) МЖӘ жобасын іске асыру және мұндай іске асыру болмаған жағдайларда саладағы жағдайды бағалау.
9) МЖӘ жобасын іске асырудан түсетін пайданы, оның ішінде халық үшін құндылық қағидатын негізге ала отырып бөлуді бағалау.
10) Жобаны іске асырудан экономиканың аралас салаларына (аясына) болжамды мультипликативтік әсерді бағалау.
11) Шығындарды өтеу мен табыс алудың, мемлекеттік қолдау мен баға шешімдерінің ұсынылатын көздерін бағалау, оның ішінде инвестициялық және операциялық шығындардың барлық құрамдауыштары бойынша баға-сапа арақатынасының оңтайлылығын бағалау.
12) Конкурстық құжаттамада көзделген технологиялық, техникалық шешімдерді, оның ішінде іске асыру кестесін бағалау.
13) МЖӘ жобасын іске асыру нәтижесінде құрылатын объектінің жоспарланатын физикалық параметрлері мен техникалық сипаттамаларын бағалау.
14) Құрылыс қызметін көздейтін МЖӘ жобалары бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысында қамтылмаған МЖӘ объектісі құрамдауыштарының оңтайлылығына, жеткіліктілігіне және құнына қосымша бағалау жүргізіледі. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурсты өткізу кезінде конурстық құжаттама құрамында МЖӘ жобасының ТЭН-і және МЖӘ жобасының ТЭН-іне ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы болмаған жағдайда МЖӘ объектісінің барлық құрамдауыштары бойынша оңтайлылықты, жеткіліктілікті және құнды бағалау қосымша жүргізіледі.
3. Салалық қорытындының нәтижелері бойынша тұжырымдар (тұжырымдамаларда жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша МЖӘ жобасын қолдау туралы (оң қорытынды) не жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша МЖӘ жобасын қолдамау туралы (теріс қорытынды) салалық мемлекеттік органның ұстанымы көрсетіледі).
Әлеуетті жекеше әріптестердің өздерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растауы үшін ұсынатын құжаттар тізбесі:
1) өз шоттарында ақшаның болуын, әлеуетті жекеше әріптестің меншік құқығын және жылжитын және жылжымайтын мүліктің құнын растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариат куәландырған көшірмелері;
2) "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 2, 13, 14, 15, 16, 17, 18, және 19-баптарына не халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалған толық алдыңғы екі қаржы жылының қаржылық есептілігінің түпнұсқасы. Егер әлеуетті жекеше әріптес қызметін екі жылдан аз жүзеге асырса, қаржылық есептілік мемлекеттік тіркелген сәттен басталған кезеңге ұсынылады. Еншілес ұйымдары бар ұйымдар негізгі ұйым қызметі жөніндегі қаржылық есептілікке қосымша "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына не халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды және ұсынады. Ерекше маңызы бар МЖӘ жобаларына қатысты, егер әлеуетті жекеше әріптес МЖӘ жобасын іске асыру мақсатында жеке және (немесе) заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға болып табылса, онда мұндай құжаттаманы осындай әлеуетті жекеше әріптестің құрылтайшысы болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұсынады;
3) әлеуетті жекеше әріптестің бірінші басшысының немесе уәкілетті өкілінің қолы қойылған және әлеуетті жекеше әріптестің мөрімен куәландырылған соңғы есепті күнге (соңғы қаржы жылындағы) "Негізгі құралдар" бухгалтерлік балансының баптарының таратылып жазылуы;
4) әлеуетті жекеше әріптестің бірінші басшысының немесе уәкілетті өкілінің қолы қойылған және әлеуетті жекеше әріптестің мөрімен куәландырылған, олардың қалыптасқан күні мен болжамды өтеу күні, сондай-ақ берешектің мақсаты (не үшін берешек пайда болды), оларды құнсыздандыру бойынша есептелген резервтердің сомасы көрсетілген соңғы есепті күнге (соңғы қаржы жылындағы) дебиторлық және кредиторлық берешектің таратылып жазылуы. Банктік қарыздар болған жағдайда банктік қарыздар шарттарының көшірмелерін негізгі борышты және пайыздарды өтеу кестелерімен қоса беру қажет;
5) әлеуетті жекеше әріптестің төлем қабілеттілігі, оның таратылуға жатпайтыны, мүлкіне тыйым салынбағаны, оның қаржылық-шаруашылық қызметінің тоқтатылмағаны, әлеуетті жекеше әріптестің жасалған МЖӘ шарттары бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін соңғы үш жыл ішінде заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауапкершілікке тартылмағаны туралы кепілхат.
Ерекше маңызы бар МЖӘ жобалары бойынша әлеуетті жекеше әріптестің мұндай тұлға конкурс жеңімпазы болып танылған жағдайда, МЖӘ шартын жасасу мақсаты үшін мұндай тұлға, егер мұндай заңды тұлға МЖӘ жобасын іске асыру мақсатында конкурстық өтінім беру сатысында құрылмаса, конкурс жеңімпазы мемлекеттік әріптеске МЖӘ шартында айқындалған көлемде және талаптарда осындай жаңа заңды тұлғаның міндеттемелерін орындаудың банктік кепілдіктерін ұсынған жағдайда МЖӘ шартының тарапы болатын жаңа заңды тұлғаны құратыны туралы кепілхатының түпнұсқасы;
6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті түрде аудит өткізу белгіленген заңды тұлғалар да соңғы қаржы жылы үшін аудиторлық есепті ұсынады;
7) заңды тұлға қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға нотариат куәландырған жарғысының көшірмесін ұсынады. Қазақстан Республикасының резиденті еместер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аударылған сауда тізілімінен нотариат куәландырған заңдастырылған үзіндіні ұсынады;
8) тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама;
9) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін, жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, нотариат куәландырған жеке бас куәлігінің (төлқұжат) көшірмесін ұсынады;
10) әлеуетті жекеше әріптеске қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі қойылған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктер мен ипотекалық компаниялардағы Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес банк немесе банк филиалы алдындағы әлеуетті жекеше әріптес міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдында үш айдан астам мерзімі өткен берешегі жоқ екендігі туралы анықтамасының түпнұсқасы. Егер әлеуетті жекеше әріптес бірнеше екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болып табылса, аталған анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады.
"Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына сәйкес кредиттік бюро беретін кредиттік есепті ұсынуға рұқсат етіледі.
Банк анықтамасы (не кредиттік есеп) конкурсты ұйымдастырушыға құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы екі айдан аспайтын мерзімге беріледі.
Конкурсқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестіктері қарапайым серіктестік нысанында қатысқан жағдайда қарапайым серіктестіктің өкілі біліктілік талаптарын растау үшін осы Қағидаларда белгіленген құжаттардан басқа мынадай құжаттарды:
бірлескен қызмет туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесін;
қарапайым серіктестік мүшелері арасында жасалған ортақ жауапкершілік туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесін;
конкурс шеңберінде қарапайым серіктестік атынан келіссөздерді және басқа да іс-шараларды жүзеге асыратын оның өкіліне арналған сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесін қоса ұсынады.
Әлеуетті жекеше әріптестер өздерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды өз қалауы бойынша ұсынады.
Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті жекеше әріптес өздерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері ұсынатын құжаттарды не конкурстық құжаттаманың тілдеріне аударылған нотариат куәландырған аудармамен Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті жекеше әріптес біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттарды, сондай ақ резиденттіктің апостиль қойылған сертификатын (егер халықаралық шартпен өзгеше көзделмесе) ұсынады.
МЖӘ объектісі ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелер болған жағдайда әлеуетті жекеше әріптес ақпараттық ресурстарға және (немесе) ақпараттық жүйелерге меншік және (немесе) ие болу құқығы туралы құжаттарды ұсынады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 48 Бұйрыққа 4-қосымша |
Ескерту. 4-қосымшаның күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 16.06.2025 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.