ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда көзделген - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 29.07.2026 № 212-НҚ (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда көзделген - ҚР Оқу-ағарту министрінің 31.10.2025 № 248 (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 27.06.2024 № 162 бұйрығымен (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Кіріспе жаңа редакцияда көзделген - ҚР Оқу-ағарту министрінің 31.10.2025 № 248 (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3 тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 29.07.2026 № 212-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 29.07.2026 № 212-НҚ (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Оқу-ағарту министрінің 31.10.2025 № 248 (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 27.06.2024 № 162 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі |
А. Аймагамбетов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
2022 жылғы "__" _______
| Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 483 бұйрығымен бекітілген |
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қағидалар жаңа редакцияда көзделген - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 29.07.2026 № 212-НҚ (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда көзделген - ҚР Оқу-ағарту министрінің 31.10.2025 № 248 (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Ескерту. Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 27.06.2024 № 162 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 20.05.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және бастауыш білім беруді, негізгі орта білім беруді, жалпы орта білім беруді, мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді, діни білім беруді, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін, сондай-ақ, мамандықтар топтары бойынша әскери, арнайы оқу орындары ұсынатын заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) білім беру қызметімен айналысуына лицензияны беру тәртібін белгілейді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 29.07.2026 № 212-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 27.06.2024 № 162 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (бұдан әрі – Комитет) діни білім беру бойынша білім беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып табылады.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі – Департаменттер) бастауыш білім беру, негізгі орта білім беру, жалпы орта білім беру, мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім беру, сондай-ақ мамандықтар топтары бойынша әскери, арнайы оқу орындары, мамандықтар бойынша орта білімнен кейінгі білім беру бойынша, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері білім беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар болып табылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 27.06.2024 № 162 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-1. Білім беру қызметімен айналысуға лицензиялар және (немесе) лицензияға қосымшалар бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін, сондай-ақ, әскери, арнаулы оқу орындары үшін олардың қолданылу мерзімі шектелмей беріледі.
Кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынатын, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензиялар және (немесе) лицензияға қосымшалар 5 (бес) жыл қолданылу мерзімімен беріледі.
Ескерту. Қағида 3-1- тармақпен толықтырылды – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 29.07.2026 № 212-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтінішті, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Негізгі талаптардың тізбесі) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті (сұранысты) қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 27.06.2024 № 162 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 29.07.2026 № 212-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкеріне орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Мемлекеттік цифрлық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, медициналық қызметке лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды, ол көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 29.07.2026 № 212-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде лицензияны және (немесе) оған қосымшаны беру, лицензияны және (немесе) оған қосымшаны қайта ресімдеу кезінде заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде:
1) Комитетте:
жауапты қызметкер құжаттарды тіркеген сәттен бастап 22 (жиырма екі) жұмыс күні ішінде құжаттардың Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30721 болып тіркелген) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкестігін тексереді, көрсетілетін қызметті алушыға бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізеді, сараптама қорытындысын қалыптастырады және оны білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына ұсынады. Комиссия туралы ереже мен құрамы Комитет төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
Комиссия сараптама қорытындысын қарап, 2 (екі) жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды.
Комиссияның шешімі негізінде жауапты қызметкер 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына келісуге және тексеруге жіберілетін электрондық шешімді – лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қалыптастырады, ол көрсетілетін қызметті берушінің басшысына келісуге және тексеруге жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, заңды тұлға-лицензиаттың бөлініп шығу немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылуы кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешімді қабылдайды және 1 (бір) жұмыс күні ішінде оған электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы қол қояды. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.";
2) Департаменттерде:
жауапты қызметкер құжаттар тіркелген сәттен бастап 22 (жиырма екі) жұмыс күні ішінде олардың біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді, көрсетілетін қызметті алушыға бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізеді, сараптама қорытындындысын қалыптастырады және оны комиссияның қарауына ұсынады. Комиссия туралы ереже мен құрамы Департамент директорының бұйрығымен бекітіледі.
Комиссия сараптама қорытындысын қарап, 2 (екі) жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды.
Комиссияның шешімі негізінде жауапты қызметкер 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына келісуге және тексеруге жіберілетін электрондық шешімді – лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қалыптастырады, ол көрсетілетін қызметті берушінің басшысына келісуге және тексеруге жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, заңды тұлға-лицензиаттың бөлініп шығу немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастырылуы кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешімді қабылдайды және 1 (бір) жұмыс күні ішінде оған электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы қол қояды. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 29.07.2026 № 212-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
8. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша:
1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген;
2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;
3) заңды тұлға-лицензиат "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заң) 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес қайта ұйымдастырылған;
4) заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген (лицензияда мекенжайы көрсетілген жағдайда);
5) егер нақты лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-қосымшасында көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығарған;
6) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда қайта ресімделуге жатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 4) және 6) тармақшаларының күші дара кәсіпкер-лицензиаттың заңды мекенжайының, заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жері мекенжайының, "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілер көрсетіле отырып, лицензияға қосымшалар үшін объектісінің орналасқан жері мекенжайының өзгеруі "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес елді мекендер атауының, көше аттарының өзгеруіне байланысты болған жағдайларға қолданылмайды.
Лицензиаттар мен лицензия объектісі мекенжайларының өзгеруі мемлекеттік цифрлық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны және (немесе) оған қосымшаны қайта ресімдеуге өтініш берген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттардың қайта ресімдеу талаптары мен негіздеріне сәйкестігін қарайды.
Тексеру қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері екі жұмыс күні ішінде лицензияны қайта ресімдейді не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды, оған көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 29.07.2026 № 212-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 29.07.2026 № 212-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Қазақстан Республикасының білім саласындағы уәкілетті органы 3 (үш) жұмыс күні ішінде қызметті берушілерге, "цифрлық үкіметтің" операторына және Бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты олар бекітілген немесе өзгертілген күнінен бастап ұсынады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 29.07.2026 № 212-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне және Заңға сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 29.07.2026 № 212-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелері бойынша қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 29.07.2026 № 212-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті - лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаларды беру; |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауын |
1. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаларды беру; |
3. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері | "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал). |
4. |
Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету |
лицензияны және (немесе) оған қосымшаны беру – 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей; |
5. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны | Электрондық (ішінара цифрландырылған). |
6. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру, лицензияны және (немесе) оған қосымшаны қайта ресімдеу не осы негізгі талаптардың тізбесінің 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
7. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны жинау тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде және тегін көрсетіледі. |
8. | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және цифрлық объектілерінің жұмыс графигі |
1) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); |
9. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
"цифрлық үкімет" порталына: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті: |
10. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер: |
11. | Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса), оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы цифрлық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777. |
Педагог, оқытушы және басшы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер _______________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Туған жылы мен жері | Жоғары және/немесе техникалық және кәсіптік және/немесе орта білімнен кейінгі білімі туралы, педагогикалық қайта даярлау туралы мәліметтер, диплом бойынша мамандығы, біліктілігі, білім беру ұйымы, бітірген жылы, өндірістік оқыту шеберлері үшін–тағылымдамадан өткені туралы мәліметтер (ұйымның, өндірістің атауы, Оқу, тағылымдама кезеңі), маман сертификаты | Негізгі жұмыс орны (ұйым ның мекен жайы) | Оқытылатын пәндер бейіні бойынша практикалық жұмыс туралы мәлімет, жұмыс өтілі | Сотталмағандығы (сотталғандығы) туралы мәлімет* | Санаты, берілген күні, санат берілгені туралы бұйрықтың нөмірі* педагог - сарапшылар, педагог-зерттеушілер, педагог -шеберлер туралы мәлімет. Конкурстар мен жарыстардың жеңімпаздарын дайындаған педагогтер туралы мәліметтер | Медициналық тексеруден өткені туралы мәлімет (жеке медициналық кітапшаның болуы) * | Магистр дәрежесі туралы мәлімет (мамандығы, берілген жылы)* |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
кестенің жалғасы
"Философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы | "Философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы | "Ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы | "Қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағы туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы | Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттарымен және құрметті атақтары, "Еңбек сiңiрген жаттықтырушы" спорттық атақтары немесе жоғары мен бірінші дәрігерлік санаты туралы мәлімет, берілген жылы | Тану туралы куәліктің болуы туралы мәлімет | Оқытатын пәні |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
Ескертпе: * бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін.
Оқу, көркем және ғылыми әдебиет қорының болуы туралы мәліметтер _____________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)
Р/с № | Оқу пәні, кәсіп бойынша, даярланатын мамандық біліктілігі бойынша, кадрларды даярлау бағыты бойынша оқу пәні, қызмет түрі, тәрбиелеу және оқыту бағдарламасының бөлімі | Пәнді оқитын білім алушылардың саны (болжамды жинақталуы) | Оқу әдебиеті (атауы, басылып шыққан жылы, авторлары) | Оқу-әдістемелік, көркем, ғылыми әдебиеттер (атауы, басылып шыққан жылы, авторлары)* | Саны кемінде 1 дана |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Барлығы: | |||||
Ғимараттардың (оқу корпустарының) медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі және білім беру немесе денсаулық сақтау ұйымының медициналық қызметке лицензиясының болуы туралы мәліметтер
______________________________________________________________
(білім беру/денсаулық сақтау ұйымының атауы) (________ жағдай бойынша)
Білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы | Медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәлімет (нөмірі) | Ескертпе |
1 | 2 | 3 |
Лицензияның мәртебесі "e-license.kz" МҚ ЦЖ-ны пайдалана отырып тексеріледі.
Санитариялық қағидаларға сәйкес келетін тамақтандыру объектісінің және тамақтану объектісіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы туралы мәліметтер
_________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы) (_____________ жағдай бойынша)
Білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы | Тамақтандыру объектісінің атауы (асхана, буфет, дәмхана) | Тамақтандыру объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы (күні және нөмірі) | Ескертпе (тамақтандыру объектісін жалға берген жағдайда жалға алушылар туралы мәліметтерді көрсету) |
1 | 2 | 3 | 4 |
Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы, ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) үшін жасалған жағдайлар туралы мәліметтер
_________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)
Құрылыстың типі (типтік жоба, ыңғайластырылған, өзге) білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы | Материалдық-қаржылық активтердің болуы (меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығына тиесілі), материалдық активтерді жалға алу туралы мәлімет | Меншік үй-жайлардың түрі (кабинеттер, дәрісхана аудиториялары, практикалық сабақтарға арналған үй-жайлар, нақты мамандықтар, кәсіптер бойынша зертханалар мен шеберханалар, мәжіліс және спорт залдары), әлеуметтік-тұрмыстық (өткізу пункттерінің, санитариялық тораптардың болуы (унитаздар, қол жуғыштар), білім беру ұйымының үй-жайларында және іргелес жатқан аумақтарында бейнебақылаудың болуы, ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар (балалар) үшін жағдайлардың болуы | Жалпы алаңы (м2) |
1 | 2 | 3 | 4 |
Ескертпе: *жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары туралы ақпарат "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" МҚ ЦЖ-дан деректерді алу мүмкіндігі болған жағдайда ұсынылмайды.
Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлік сыныптардың, компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің, техникалық оқу құралдарының, білім беруді басқарудың цифрдық жүйесінің, ҰБДҚ-нің, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы туралы мәліметтер
Жалпы және пайдалы алаңының ауданы (м2) көрсетілген ғимараттың (құрылыстың) нақты мекенжайы | Жарақтандырылуы туралы мәлеметтер | |||||||
Атауы мен ауданы көрсетіл ген аудиториялар, пән кабинет тері* | Оқу-өндірістік шеберханалар, оқу-тәжірибелік учаскелер, оқу шаруашылыктары, оқу полигондары* | Атауы көрсетілген оқу зертханалары* (м2) | Түрі көрсетілген оқу және оқу-зертхана жабдықтарының, техникалық оқу құралдарының тізбесі | Мәжіліс залы, спорт залы (м2), кітапхана | Компьютерлік сыныптар, компьютерлер, жабдықтар, жиһаз, жеке қолдануға арналған шкафтар, бейнекамералар | Онлайн-оқыту бойынша жабдықтардың болуы туралы мәліметтер | Білім беруді басқарудың цифрлық жүйесінің және ҰБДҚ болуы, аймақтағы үшінші деңгейлі домендік атау edu. kz туралы мәліметтер. Интернеттің болуы туралы ақпарат | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Ескертпе: * техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін сұратылып отырған мамандық бойынша ақпарат ұсынылады.
Компьютерлік сыныптардың болуы туралы біліктілік талаптары шағын жинақталған мектептерге қолданылмайды.
Цифрлық тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттердің болуы туралы мәліметтер
___________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)
Р/с № | Кәсіп бойынша, кадрларды даярлау бағыты бойынша, даярланатын мамандық біліктілігі бойынша оқу пәні | Атауы, жасалған жылы | Авторлары | Халықаралық, ұлттық дерекқорларға жазылу туралы мәлімет | Сілтемелер |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Педагогтер мен басшы кадрлардың пәннің бейініне, білім беру бағдарламаларына сәйкес соңғы бес жылда біліктілігін арттырудан және қайта даярлаудан өткені туралы мәліметтер
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Тақырыптың атауы | Оқыған орны мен кезеңі | Оқыған ұйымның атауы | Сағаттар саны және жұмыс өтілі | Аяқталу нысаны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Білім беру ұйымының басшысы ________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)
