"Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеуді, күтіп-ұстауды және жол қызметін басқаруды қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 маусымдағы № 705 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 4 тамыздағы № 255 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеуді, күтіп-ұстауды және жол қызметін басқаруды қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 маусымдағы № 705 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11928 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеуді, күтіп-ұстауды және жол қызметін басқаруды қаржыландыру нормативтері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін атқарушысы
М. Қалиақпаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 17 маусымдағы
№ 705 бұйрығымен
бекітілді

Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеуді, күтіп-ұстауды және жол қызметін басқаруды қаржыландыру нормативтері

  1-кесте


р/c

Облыстардың атауы

Ағымдағы жөндеу
(1 км
мың теңге)

Күтіп-ұстау
(1 км
мың теңге)

Жол қызметін басқару
(1 км
мың теңге)

Автомобиль жолдарын
диагностикалау

Автомобиль жолдарын паспорттау

1

2

3

4

5

6

1

Абай

1 108,14

2 032,92

140,56

100,49

2

Ақмола

1 021,42

2 385,84

140,29

105,99

3

Ақтөбе

971,03

2 193,62

135,92

98,31

4

Алматы

886,05

1 897,99

160,01

125,24

5

Атырау

522,04

1 747,39

139,71

99,77

6

Батыс Қазақстан

914,41

2 121,59

138,16

100,30

7

Жамбыл

865,3

2 031,81

149,74

114,56

8

Жетісу

886,05

1 897,99

154,54

120,84

9

Қарағанды

932,3

2 310,7

146,53

110,03

10

Қостанай

893,31

2 091,5

142,39

102,85

11

Қызылорда

588,41

1 848,84

138,61

102,49

12

Маңғыстау

487,76

1 791,02

167,88

121,83

13

Павлодар

928,56

2 057,58

134,60

93,41

14

Солтүстік Қазақстан

951,89

2 026,24

133,32

92,29

15

Түркістан

600,03

1 851,47

154,45

123,49

16

Ұлытау

932,3

2 310,7

135,83

97,35

17

Шығыс Қазақстан

1 108,14

2 032,92

149,35

111,10

      1. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеуді, күтіп-ұстауды және жол қызметін басқаруды қаржыландыру нормативтері (бұдан әрі - қаржыландыру нормативтері) күтіп-ұстаудағы автомобиль жолдарын көгалдандыру және қысқы күтіп-ұстау шығындарын қамтиды.

      2. Автомобиль жолдарын қаржыландыру нормативтері III техникалық санаттағы жолдың 1 км үшін келтірілген.

      3. Қажетті санаттың қаржыландыру нормативтерін есептеу үшін төменде келтірілген жол санаттары бойынша саралау коэффициенттері қолданылады:

  2-кесте

Жұмыстар түрі

Автомобиль жолдарының техникалық санаттары

Iа/Iб 8 жолақ

Iа/Iб 6 жолақ

Iа/Iб 4 жолақ

II

III

IV

V

Саралау коэффициенттері

Ағымдағы жөндеу

5,06/3,37

3,90/2,60

2,73/1,82

1,13

1

0,74

0,47

Жол қызметін басқару, күтіп-ұстау,

4,59/3,06

3,63/2,42

2,67/1,78

1,24

1

0,89

0,73

      4. Қаржыландыру нормативтері 2023 жылғы бағада ҚҚС-сыз келтірілген. ҚҚС тиісті жылға арналған "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген мөлшерде қабылданады.

      5. 2023 жылғы базалық бағадан ағымдағы деңгейге көшу АЕК өзгеру индексі арқылы жүзеге асырылады - жоспарланған жылдың АЕК-нің 2023 жылдың АЕК-не қатынасы. АЕК мөлшері бюджет заңнамасына сәйкес жыл сайын белгіленеді.

      6. Автомобиль жолдарының учаскелерінде нақты қозғалыс қарқындылығы нормативтен асатын жағдайда қаржыландыру нормативтеріне қосымша арттырушы коэффициенті қолданылады:

      II техникалық санатты автомобиль жолдары үшін 7000 көлік/тәуліктен жоғары - 1,5;

      I техникалық санатты автомобиль жолдары үшін 14 000 көлік/тәуліктен жоғары - 1,7;

      7. Құрылыстан/реконструкциялаудан, орташа/күрделі жөндеуден кейін кепілдікте тұрған автомобиль жолдарының учаскелерінде қаржыландыру нормативтеріне - 0,75 төмендету коэффициенті қосымша қолданылады. Жол киімдерінің конструкциясын қалпына келтіру жұмыстары құрылыс, реконструкциялау, орта, күрделі жөндеу мердігерінің есебінен орындалады.

      8. Қаржыландыру нормативтеріне автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды жарықтандыруға арналған электр энергиясының, сондай-ақ ақылы автомобиль жолдарында жол жүру ақысын алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін жөндеуге және күтіп-ұстауға, ақылы автомобиль жолдарындағы интеллектуалдық көлік жүйесін жөндеуге және күтіп-ұстауға арналған шығындар кірмейді.

      9. Жол қызметін басқарудағы қаржыландыру нормативтері мынадай кезеңділікпен жұмыстардың мынадай түрлеріне арналған шығындарды қамтиды: үш жылда бір рет диагностикалау, бес жылда бір рет паспорттау.

      10. Нормативтік-техникалық базаны жетілдіруге арналған қаржыландыру нормативтері "Көлік саласындағы мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушысының 2025 жылғы 20 маусымдағы № 195 бұйрығына және "Көлік саласындағы зерттеулердің және консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 16 шілдедегі № 217 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36483 болып тіркелген) сәйкес анықталады.

      11. Қаржыландыру нормативтерінде су тасқынынан бұзылу салдарын жою көзделмейді.

      12. Қаржыландыру нормативінің жылдық қажеттілік мөлшері шеңберінде тиісті облыстың автомобиль жолдарының учаскелері арасында жылдық ақша қаражатын қайта бөлуге жол беріледі.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      км – километр;

      ҚҚС - қосылған құн салығы;

      АЕК - айлық есептік көрсеткіш.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады