"Жетісу облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту және "Жетісу облысы мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы" Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 16 мамырдағы № 153 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 336 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 38, 40, 41, 42-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес "Жетісу облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. "Жетісу облысы мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы" Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 16 мамырдағы № 153 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 12-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы", "Жетісу облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемелері заңнамамен белгіленген тәртіпте Ережелерді аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді жүргізсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Исабаев

  Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы "___" __________ № _____ қаулысына 1-қосымша

"Жетісу облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Жетісу облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Жетісу облысы аумағында туристік қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 040000, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, №26.

      10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      13. Мемлекеттік органның толық атауы: "Жетісу облысының туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері

      14. Мақсаттары:

      1) туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және оны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

      2) туристік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды қамтамасыз ету.

      15. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;

      Қазақстан Республикасына қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзгеде құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау

      өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру;

      өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын орындау;

      сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасауға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      16. Функциялары:

      1) Жетісу облысы аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;

      2) туристік қызметтер көрсету нарығына талдау жасайды және Жетісу облысы аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады;

      3) облыстық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді;

      4) Жетісу облысы аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;

      5) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне жәрдем көрсетеді;

      6) туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

      7) халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамытады және қолдайды;

      8) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілеріне мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұллғалар туралы ақпаратты береді;

      9) туристік ақпарат орталығын құрады және қызметін үйлестіреді;

      10) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;

      11) гидтерді кәсіптік даярлауды ұйымдастырады;

      12) уәкілетті органмен келісу бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі

      іс-шаралар жоспарын бекітеді;

      13) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;

      14) Жетісу облысының аумағында туризм инфрақұрылымын құрады, туристің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын объектілерді салу мен дамыту бойынша шаралар қабылдайды;

      15) туризмді дамытуға туристік қызмет субъектілері үшін жағдайлар жасайды;

      16) туризм саласындағы бірлескен қызметті іске асыру шеңберінде тікелей шарт жасасу арқылы туристік ақпараттық орталықтарды қаржыландырады;

      17) туристік қызмет объектілерін салу, қайта жаңарту кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтейді;

      18) уәкілетті органмен келісу бойынша күтіп-ұсталуы кезіндегі шығындардың бір бөлігі өтелетін санитариялық-гигиеналық тораптардың тізбелерін бекітеді;

      19) елді мекендерден тыс жердегі туристерді орналастыру орындарына дейін облыстық және аудандық маңызы бар кірме автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

      20) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтейді;

      21) кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялайды;

      22) туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргізушінің орнын қоспағанда, сегізден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтейді;

      23) жер пайдалану құқығын не жеке меншік құқығын бермей, жануарлардың өріс аудару жолдары ескеріле отырып, республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы туризм объектілеріне, сондай-ақ елді мекендерден тыс жердегі туризм объектілеріне және туристерді орналастыру орындарына дейін инженерлік инфрақұрылымды (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін және басқа да коммуникацияларды) жобалауды, салуды және оларға қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

      24) жетекшілік ететін салада цифрлық технологияларды дамыту;

      25) өз құзыреті шегінде Жетісу облысы бойынша жиынтық ашық деректерді ашық деректердің интернет-порталында орналастырады және өзектендіруді қамтамасыз етеді;

      26) мемлекеттік органның қызметінде жобалық басқаруды жүзеге асырады;

      27) жетекшілік ететін салалардағы көрсеткіштерге мониторингті, талдауды және болжауды жүзеге асырады;

      28) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарын әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

      29) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.

      18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) өз құзыреті шегінде Басқарма орынбасарлары мен қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін, басқарма қарамағындағы ұйым басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін, басқарма қарамағындағы ұйым басшыларын көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;

      4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады және құрылымдық бөлімшелердің Ережелерін бекітеді;

      5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Басқарманың мүддесін білдіреді;

      6) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілікте болады;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4-тарау. Басқарманың мүлкі

      20. Басқармада заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1) "Жетісу" туристік ақпараттық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы "___" __________ № _____ қаулысына 2-қосымша

"Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Жетісу облысының аумағында кәсіпкерлік, сауда, индустриялық-инновациялық даму және жер қойнауын пайдалану салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 040000, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, №26.

      10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      13. Мемлекеттік органның толық атауы: "Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері

      14. Мақсаттары:

      1) индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік саясатын іске асыру;

      2) Жетісу облысының инвестициялық ахуалын жақсарту үшін жағдайлар жасау;

      3) заңнамаға сәйкес жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргізу;

      4) мемлекеттік сауда саясатын жүргізуді қамтамасыз ету;

      5) жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік саясатты жүргізу, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарттардың орындалуын және қолданылуын тоқтатуды қамтамасыз ету.

      15. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;

      облыс бойынша арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыс істеуін үйлестіруді қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру;

      өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын орындау;

      сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасауға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      16. Функциялары:

      1) кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту саласындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыру;

      2) облыс экономикасын дамыту және қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, жаңа өндірістерді құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту мен жаңартуға инвестицияларды ынталандыру үшін инвестицияларды қолдау, қолайлы инвестициялық ахуал жасау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;

      3) өңірде шағын және орта бизнес үшін инфрақұрылым объектілерін, сондай-ақ индустриялық аймақтар мен өнеркәсіптік алаңдарды құруды және дамытуды қамтамасыз ету;

      4) өз құзыреті шегінде сауда қызметі субъектілерінің қызметін реттеуді жүзеге асыру;

      5) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;

      6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларын іске асыру;

      7) облыстың сыртқы сауда қызметі мәселелерін реттеуді қамтамасыз ету;

      8) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары белгіленген жағдайда, олардың мөлшерінің сақталуына мониторинг жүргізу;

      9) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту;

      10) стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту;

      11) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асыру;

      12) стандарт талаптарына сәйкес келтіру бойынша жол бойындағы сервис объектілерінің мониторингі;

      13) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестердің қызметін және өңірлік үйлестіру кеңесінің отырыстарын ұйымдастыру;

      14) өңірдің кәсіпкерлікті қолдау картасы жобаларының іске асырылуын мониторингілеу;

      15) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      16) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану және кен іздеушілік құқығын беру;

      17) жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге, кен іздеушілікке лицензиялар шарттарын сақтауын бақылау және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуді мемлекеттік бақылау;

      18) жер қойнауын пайдаланушылардың кен іздеушілік лицензиясында және Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодексінде көзделген кен іздеушілік шарттарын сақтауын бақылау;

      19) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге берілген лицензиялар және кен іздеушілікке берілген лицензиялар туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету;

      20) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестердің және Жетісу облысында кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобының отырыстарын ұйымдастыру;

      21) облыс аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін қалыптастыру, облыстың тауар өндірушілері имиджін ілгерілету;

      22) облыстың көмір қорлары, баға мен көмір базаларының мониторингі;

      23) облыс бойынша индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы салалық бағдарламалардың іске асырылуын үйлестіруді қамтамасыз ету;

      24) азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар іс-шараларын орындау бойынша облыстық сауда және тамақтану қызметінің жұмысын ұйымдастыру;

      25) заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру;

      26) кәсіпкерлік ортаға, инвестициялық ахуалға және жеке кәсіпкерлікті дамыту инфрақұрылымына талдау жүргізеді;

      27) құрылуына мемлекеттік емес заңды тұлға қатысатын арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясымен уәкілетті органмен келісу бойынша арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының функцияларын тиісінше орындауы жөніндегі шарт жасасу;

      28) құрылуына мемлекеттік емес заңды тұлға қатысатын республикалық маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясымен уәкілетті органмен келісу бойынша республикалық маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының функцияларын тиісінше орындауы жөніндегі шарт жасасу;

      29) жетекшілік ететін салада цифрлық технологияларды дамыту;

      30) өз құзыреті шегінде Жетісу облысы бойынша жиынтық ашық деректерді ашық деректердің интернет-порталында орналастырады және өзектендіруді қамтамасыз етеді;

      31) жетекшілік ететін салалардағы көрсеткіштерге мониторингті, талдауды және болжауды жүзеге асырады;

      32) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарын әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

      33) облыс бойынша ғылымды дамытудың басым бағыттарын үйлестіреді және айқындайды және өңірде іске асырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруды ұйымдастырады;

      34) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында ұсыныстар әзірлеуге және мемлекеттік саясатты іске асыруға, өңірде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіруге қатысады;

      35) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы мемлекеттік саясатты тиісті аумақта жүргізуді қамтамасыз етеді;

      36) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің гранттары мен инвестицияларын тарту бойынша жәрдем көрсетеді, оларды қоса қаржыландыруға қатысады;

      37) өнім шығаруды және (немесе) жаңа технологияларды ендіруді жүзеге асыратын бірлескен өндірістер құру мақсатында жеке кәсіпкерлік, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

      38) жеке кәсіпкерлік (оның ішінде шетелдік субъектілердің), квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету үшін облыстарда, республикалық маңызы бар қалалар мен астанада ғылым жөніндегі кеңестерді құрады;

      39) қызметі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру (практикада қолдану) болып табылатын заңды тұлғаларды, оның ішінде стартап-компанияларды құруға және (немесе) олардың жарғылық капиталына қатысады;

      40) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады;

      41) уәкілетті органмен және салалық уәкілетті органдармен бірлесіп, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды әдістемелік қамтамасыз етуге қатысады;

      42) ғылымды дамытудың басым бағыттары жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      43) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік тапсырысы шеңберінде қолданбалы ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар әзірлеуді және олардың іске асырылуын жүзеге асыруды ұйымдастырады;

      44) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік тапсырысы шеңберінде орындалған қолданбалы ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар жөніндегі есептерді бекітеді;

      45) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      17. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      18. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.

      19. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады.

      20. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) өз құзыреті шегінде Басқарма орынбасарлары мен қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін, басқарма қарамағындағы ұйым басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін, басқарма қарамағындағы ұйым басшыларын көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;

      4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады және құрылымдық бөлімшелердің Ережелерін бекітеді;

      5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Басқарманың мүддесін білдіреді;

      6) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілікте болады;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4-тарау. Басқарманың мүлкі

      21. Басқармада заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1) "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" өңірлік даму институты" акционерлік қоғамы;

      2) "Zhetysu Invest" Жетісу облысының инвестициялар тарту жөніндегі өңірлік орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      3) "Қорғас-Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағы басқарушы компаниясы" акционерлік қоғамы;

      4) "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" акционерлік қоғамы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады