Жетісу облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 9 қыркүйектегі № 276 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жетісу облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Исабаев

  Жетісу облысы әкімдігінің
  2025 жылғы "_____"____________ № _____
  қаулысына қосымша

Жетісу облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" Жетісу облысы әкімдігінің 2023 жылғы 3 сәуірдегі № 89 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 179475 болып тіркелген).

      2. "Жетісу облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы" Жетісу облысы әкімдігінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 170 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 182809 тіркелген).

      3. "Жетісу облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы" Жетісу облысы әкімдігінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 170 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 180 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 210982 тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады