Жетісу облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы

Жаңартылған

Жетісу облысы әкімдігінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 170 қаулысы. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2023 жылы 9 маусымда № 40-19 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 94-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жетісу облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Жетісу облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Жетісу облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жетісу облысының әкімі Б. Исабаев
      "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
      министрлігі Санитарлық-эпидиемиологиялық
      бақылау департаменті РММ
      "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы экология және
      табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің
      Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі
      Алакөл-Балқаш бассейндік инспекциясы РММ
      "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы экология және
      табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық
      реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы
      бойынша экология департаменті РММ

  Жетісу облысы әкімдігінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 170 Қаулысына қосымша

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Жетісу облысы әкімдігінің 28.05.2025 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Жетісу облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлері

Су объектісінің атауы

Халықтың жаппай демалу орындары

Елді мекен

Ескертпе

Талдықорған қаласы

1

Қаратал өзені

Қалалық жағажай

Талдықорған қаласы

Мемлекеттік
жер қоры

Алакөл ауданы

2

Алакөл көлі

Алакөл көлі жағалауының жағажайлары

Ақши ауылы

Мемлекеттік
жер қоры

3

Алакөл көлі

Алакөл көлі жағалауының жағажайлары

Көктұма ауылы

Мемлекеттік
жер қоры

Сарқан ауданы

4

Балқаш көлі

Балқаш көлі жағалауының жағажайлары

Лепсі ауылы

Мемлекеттік
жер қоры

Текелі қаласы

5

Ашық жүзу бассейні

Қалалық бассейн

Текелі қаласы

Мемлекеттік жер қоры


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады