Жетісу облысы әкімдігінің 2023 жылғы 8 маусымдағы "Жетісу облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы" № 170 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 180 қаулысы. Жетісу облысы Әділет департаментінде 2025 жылы 2 маусымда № 318-19 болып тіркелді

      Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жетісу облысы әкімдігінің 2023 жылғы 8 маусымдағы "Жетісу облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді белгілеу туралы" № 170 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 182809 тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімдігінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкімнің бірінші орынбасары А. Жаканбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
      министрлігі Санитарлық-эпидиемиологиялық
      бақылау Комитетінің Жетісу облысы бойынша
      санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті РММ
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы экология және
      табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің
      Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі
      Алакөл-Балқаш бассейндік инспекциясы РММ
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы экология және
      табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық
      реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы
      бойынша экология департаменті РММ

  Жетісу облысы әкімдігінің
  2025 жылғы 28 мамырдағы № 180
  қаулысына қосымша

Жетісу облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлері

Су объектісінің атауы

Халықтың жаппай демалу орындары

Елді мекен

Ескертпе

Талдықорған қаласы

1

Қаратал өзені

Қалалық жағажай

Талдықорған қаласы

Мемлекеттік
жер қоры

Алакөл ауданы

2

Алакөл көлі

Алакөл көлі жағалауының жағажайлары

Ақши ауылы

Мемлекеттік
жер қоры

3

Алакөл көлі

Алакөл көлі жағалауының жағажайлары

Көктұма ауылы

Мемлекеттік
жер қоры

Сарқан ауданы

4

Балқаш көлі

Балқаш көлі жағалауының жағажайлары

Лепсі ауылы

Мемлекеттік
жер қоры

Текелі қаласы

5

Ашық жүзу бассейні

Қалалық бассейн

Текелі қаласы

Мемлекеттік жер қоры


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады