"Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7- бабы 5-тармағының 6-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі №377 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17742 болып тіркелген) бекітілген Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу мен бекіту қағидаларының 35- тармағына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жетісу облысы бойынша тауарлық газды тұтыну нормалары осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. "Жетісу облысы бойынша тауарлық газды тұтыну нормаларын бекіту туралы" Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 24 маусымдағы №194 қаулысы жойылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Исабаев |
Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы "_____" _____ №____ қаулысына 1-қосымша |
Жетісу облысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алушылар үшін тауарлық газды тұтыну нормалары
№ | Тауарлық газды тұтыну сипаттамасы |
Жылыту маусымындағы айлық норма м3 |
Жылыту маусымынан тыс айлық норма м3 |
1. | Жылыту қазандығы, газ плитасы және су жылытқышы бар үй шаруашылығы | 775 | 148 |
Қысқартылған сөздердің толық жазылуы:
м3 – текше метр.
Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы "_____" _____ №____ қаулысына 2-қосымша |
Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін тауарлық газды тұтыну нормалары
№ | Тауарлық газды тұтыну сипаттамасы | Өлшем бірлігі |
Айлық тұтыну нормасы м3 |
1. | Газ плитасы және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болған кезде тамақ дайындау | 1 адамға | 11,0 |
2. | Газ плитасы мен газ су жылытқышы болған кезде суды жылыту | 1 адамға | 27,0 |
3. | Газ плитасы болған және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау және газды су жылытқышы болмаған кезде суды жылыту | 1 адамға | 16 |
4. | Тұрғын үй-жайларды жеке (пәтерлі) жылыту (жылыту маусымында) | бір шаршы метр жылыту алаңына | 7,0 |
Қысқартылған сөздердің толық жазылуы:
м3 – текше метр.