Жетісу облысы бойынша тауарлық газды тұтыну нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 24 маусымдағы № 194 қаулысы

      "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7- бабы 5-тармағы 6-2) тармақшасына, "Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі №377 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17742 болып тіркелген) бекітілген Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу мен бекіту қағидаларының 35 – тармағына, Қазақстан Республикасы Премьер – Министрі Бірінші орынбасарының 2025 жылғы 25 сәуірдегі №21-19/3048 тапсырмасына, Қазақстан Республикасы Энергетика Вице- министрінің 2025 жылғы 27 мамырдағы "Әлеуметтік әмиян" пилоттық жобасын масштабтау жөніндегі хаттамалық тапсырмасына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жетісу облысы бойынша тауарлық газды тұтыну нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Исабаев

  Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы "_____" _____ №____ қаулысына қосымша

Жетісу облысы бойынша тауарлық газды тұтыну нормалары

Тауарлық газды тұтыну сипаттамасы

Жылыту маусымы, м3

Жылыту маусымынан тыс, м3

1.

Жылыту қазандығы, газ плитасы және су жылытқышы бар үй шаруашылығы

775

148

      Аббревиатура:

      м3 – текше метр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады