Қазақстан Республикасының Су кодексінің 27-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және "Елді мекендердің сумен жабдықтау жүйелерін ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізу өлшем шарттарын бекіту туралы" 2025 жылғы 22 тамыздағы №307 Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығының негізінде, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауыз су беру қызметтерінің құны субсидиялауға жататын Ұлытау облысының сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі бекітілсін.
2. "Ұлытау облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Ұлытау облысының әкімдігінің 2023 жылдың 21 шілдесінде бекітілген №36/01 "Ұлытау облысының ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды оқшау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қүнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ұлытау облысы әкімінің м. а | А. Ыдырысов |
| Ұлытау облысы әкімдігінің 2025 жылғы "25" қараша № 94/03 қаулысына қосымша |
Ауыз су беру қызметтерінің құны субсидиялауға жататын Ұлытау облысының сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі
№ | Сумен жабдықтау жүйелері |
Жезқазған қаласы | |
1. | Жезқазған қаласының сумен жабдықтау жүйесі |
Сәтбаев қаласы | |
2. | Сәтбаев қаласының сумен жабдықтау жүйесі |
Жәйрем кенті | |
3 | Жәйрем кентінің сумен жабдықтау жүйесі |
